Просмотр содержимого документа
«Конспект занятия по экологии Тема: "Домашние животные" »
Білім беру саласы: Социум.
Бөлімі: әлеуметтік орта (экология)
Сабақтын тақырыбы: Үй жануарлары.
Тобы: 2 сәбилер тобы.
Жүргізу тәсілі: Саяхат.
Мақсаты: Үй жануарлары туралы балалардың білімдерін арттыру.
Міндеттері:
Білімділік: үй жануарлар атауларымен олардың ерекшеліктері туралы білімдерін ажырату.
Даму: балалардың психологиялық процесстерін, назарын, еске алу және ойлай қабілеттерін даму.
Тәрбиелеу: адамгершілік сезімге тәрбиелеу.
Сабақтын барысы:
«Жануарлар қандай дыбыс береді» дидактикалық ойын.
«Енесін тап» ойын.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгінгі сабақ саяхат арқылы жүргіземіз. Сендер саяхатқа баруға ұнатасындар ма?
Ия, ұнатамыз!
Сонда, қазір біз автобусқа мініп саяхатқа баруға дайындаймыз!
Ән-күй орындалады.
- Міне, балалар, біздің саяхатымыз кең даладан басталады. (Сиырдың дауысы естіледі). Балалар, мынау кім мөнірейді?
- Сиыр!
- Дұрыс, балалар, сиыр бізге қандай өнім береді, оны мысық жақсы көреді?
- Сүт береді!
Дұрыс, балалар, жарайсындар!
(жылқының дауысы естіледі)
Ой, балалар, ал мынау кімнің дауысы естіледі?
Жылқының!
Дұрыс, балалар, жарайсындар!
Үй жануарларына жақындаймыз.
Тәрбиеші балаларға үй жануарлар жөнінде сұрақтар қойып, анасына баланы жақындауды ұсынады.
- Балалар, мынау жайлап тұрған жануарларды білесіндер ме?
- Ия, білеміз!
- Кәне кім оларды атап шығады маған.
- Сиыр, жылқы, қой.
- Сиырдың баласын қалай айтамыз?
- Бұзау.
- Дұрыс, балалар, жарайсындар!
- Жылқының баласын қалай айтамыз?
- Құлын.
- Дұрыс, балалар, жарайсындар!
- Қойдын баласын қалай атаймыз?
- Қозы.
- Дұрыс, балалар, жақсы!
- Балалар, мынау жылқыда отырған кім өзі?
- Адам.
- Ол адам не істеп жүр?
- Жануарларды күтеді.
- Дұрыс, балалар, адам жануардарды күтеді, сондықтан мынау жануарларды үй жануарлары деп аталады.
«Жануарлар қандай дыбыс береді» дидактикалық ойын.
Тәрбиеші сурет арқылы балалардан жануарлардың дауысы туралы сұрақтар қояды.
- Балалар, осымен біздің саяхатымыз аяқталады.
Тәрбиеші балаларға автобусына мініп, қайталауды ұсынады. (Ән-күй орындалады).
- Балалар, қарандаршы, жануарлар балаларын жоғалтып алды!
- Жануарларға көмек жасайық, балалар. Аналарға балаларды көрсетеміз. балалар сурет бойынша сиырға бұзауды, жылқыға құлынды, қойға қозыны сызықпен көрсетеді.
Рефлексті зерттеуші кезеңі:
Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Ия, ұнады!
Сабақта қандай жұмыс жасадық?
Саяхатта болдық.
Саяхатта не көрдік?
Үй жануарларды көрдік.
Жарайсындар! Оларды неге үй жануарлары деп атайды?
Өйткені оларды адам күтеді.
Дұрыс , балалар, адам күтетін жануарларды үй жануарлары деп атайды.