kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработки занятии

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Мені? Отаным - ?аза?стан

Ма?саты:

    1.  Балаларды? Отан, ту?ан жер туралы білімдерін тияна?тап, пысы?тау.

    2.  Балаларды? тілін дамыта отырып, диалог, монолог ??растыра      білуін дамыту.

    3.  Балаларды   мемлекеттік тілге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру. Отан?а, ту?ан жерге с?йіспеншілікпен ?арай білуге т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар: Елбасыны? портреті, ?аза?стан картасы, мемлекеттік р?міздер, та?па?тар, ма?ал-м?телдер, дидактикалы? ойын, та?ырып бойынша суреттер.

?ажетті ??рал жабды?тар: ?лестірмелі материалдар.

С?здік ж?мысы:

Билингвальды компонент: Отан-родина, Мені? Отаным-?аза?стан, Елорда-столица,ту,      елта?ба, гимн, бейбітшілік, байлы?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«разработки занятии»

Сабақтың тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

Көкшетау қаласы

№37 «Аленушка» балабақшасы

Махметова Альмира Қадырбайқызы,

қазақ тілі мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Жаңа  сабақты  меңгерту.

Біліктілік: Балалардың елтану туралы  білімдерін кеңейту, алған білімін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру. 

Дамытушылық: Қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен терендете таныстыру.

Тәрбиелік:Қазақ ұлтының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.

 

Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел сабағы.

Сабақтың типі: аралас.

Көрнекілігі: ұлттық ыдыстар, тағамдар, суреттер, плакат.

 

Сабақтын әдістері: сұрақ- жауап, жатқа айту, әңгімелеу, заттардың көмегіне сүйену.

 

Сабақтың барысы: дөңгелек үстел үстінде ұлттық тағамдар. Дөңгелек үстел басына балалар жиналады. Дастарханға ұлттық тағамдар қойылған.

Мұғалім: /дастарханның иесі/

-Біз бүгін қазақтың ұлттық дастарханына қонаққа келіп тұрмыз. Қазақтың киелі ақ дастарханы біздің алдымызға жайылып, тағамдарын  сыйлап тұр. Бірақ бұл дастарханға отырар алдында біз жұмбақ шешуіміз керек.

/Тақтада әшекейленіп жазылып тұрады./

 

«Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды».

                                                            /Дастархан/.

«Дос үйіне түстің бе,

Түгел соның үстінде».

                                                            /Дастархан/.

Мұғалім: -Ал, енді, өздерің жұмбақ білесіндер ме?

Балалар: /Қонақтар жұмбақ жасырады/

«Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас »

                                                             /Таба нан/.

«Арқасында азығы,

Бауырында қазығы».

                                                               /Үстел/.

«Онсыз астың дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ».

                                                                 /Тұз/.

«Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртымда.

Бәрі содан шығады

Ірімшік, май, құртың да».

 

                                                                      /Сүт/.

 

«Бір дария қайнайды екі көбік,

Ішінде жайын да жүр михнат атып, тартып,

Өткелі бар дарияның аралы жоқ,

Келе ме білсе жайын оған қайтып».

/Қазанда асқан ет/.

«Сары ағаштан сарайым,

Ішіне жаққан қалайым,

От пенен су бір жерде,

Табылып тұр әрдайым».

/самауыр/.

Дастарханның иесі: - Рахмет, сендер жасырған жұмбақтар өте ұнады. Дастархан, ұлттық тағамдар туралы жұмбақ көп біледі екенсіздер. Енді дастарханның басына отырайық.

Балалар жайланып дастарханның басына отырады.

Дастархан иесі: - Осы киелі дастарханның үстінде қандай тағамдар бар?

Қонақтар: - Бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, алма, шай, қант, сары май.

Дастарханның иесі: -Осы дастарханға барлық тағамдар сыймай қалыпты. Сондықтан, балалар, айтыңдаршы қазақ халқында тағы қандай ұлттық тағамдар бар?

Қонақтар: - Бешбармақ, сорпа, қуырдақ, құыйрық бауыр, жал-жая, тоқаш, қоспа, шұбат, қаймақ, қатық, палау, самса, кеспе, балқаймақ, шелпек.  

Дастархан иесі:- Өте жақсы! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы – сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін ақ /сүт тағамдары/, қызыл/ ет/ және жасыл /көкөніс, жеміс/ деп үшке бөлген.

       Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп те, отқа қақтап та әзірлеген. Олардың атауы: қазы, қарта, шұжық, жал, жая, т.б. ет тағамдары.

        Сүттен құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, айран, май, қаймақ, қатық, ежегей сияқты ішетін, жейтін әр түрлі тағам әзірлеген.

        Қазақ халқы табиғат байлығына ертеден- ақ жақын, ол байлықты тиімді пайдалана білген. Ет тағамдарының тұздығы мен сорпасын дәмдендіру үшін түрлі өсімдік түрлерін пайдаланған: пияз, сарымсақ, атқұлақ,/ қымыздық/, шалқан, қызан,/ жаужұмыр/, т.б.

Ал енді осы аты аталған тағамдардың ішінде, қай тағам ең қасиетті, киелі деп аталатын тағам?

Қонақтар: Наннан істелген тағамдар/ таба нан, бауырсақ, тоқаш, т.б./

      Қазақ халқының басты асы нан, нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады.

Мұғалім: Нан туралы қандай тиым сөздер білесіндер?

Балалар: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды.

Мұғалім: -Неге нанды киелі деп атайды?

Балалар:- Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою  керек.

Таңертен нан ауыз тимей үйден шықпау керек.

Мұғалім: - Енді нан туралы өлең тындайық.

Бала: - Нан- ардақты адал ас

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Ей, балалар, балалар,

Болмандар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы-

Нан қиқымын шашпандар,

Теріп алып, қастерлеп.

Торғайларға тастандар. /Ө. Тұрманжанов/.

Дастархан иесі: нан, басқа тағамдар туралы мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтайық.

Қонақтар: 1. Нан болса – ойнап күлеміз,

 Нан болса – еркін жүреміз.

2. Нан –қасиет,

Нан береке, 

Нан- мереке.

3.Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан – осы.

4.Тұз  - мұнадй,

Мүз – тұндай.

5. Сорпа іштік,

Сорпа ыстық, 

Сондықтан қорқа іштік.

 

6.Жылқының еті – төсек салып жатқанша,

Сиырдың еті- таң сарғайып атқанша,

Қойдың еті – келесі күн батқанша деген екен.

7.Ет тәп-тәтті –ақ,

Тәп-тәтті –ақ,

Тәп-тәтті еттен

Дәм келіп тат.

8.Қазы, қарта, жал, жая,

Сүр ет, шұжық, балдай-ә?

Қақтыратын тандайды,

Қуырдағы қандай-ды!

Дастархан иесі:

-Рахмет! Ал енді, тағамдарды түр-түрімен топтастырайық.

1.Сүт  тағамдары

 2. Ет  тағамдары

3. Ұн  тағамдары

Дастархан иесі: -Ал, қазір  дастарханда  тұрған  тағамдардың  дәмін  татыңыздар.

Дастархан иесі:- Кім  қандай  тағамның  дәмін  татты?

Қонақтар: - қай  тағамның  дәмі  қандай ,неден  істелгенін  айтпайсыздар ма?

Мұғалім:Балалар , кәне  қымыз  сақтайтын  ыдыс  қалай  аталады?Ол  қалай  жасалады? Соны  қонақтарға  айтып  берейік.

1-бала:  қымыз  ыдысы  туралы  айтады.

2-бала  қымыз  туралы  әңгімелеп  береді.

Мұғалім: Қазақтың ұлттық  тағамдарын татқанда  қандай  әсер  аламыз.?

Балалар: Қазақтың ұлттық  тағамдарын  ішіп  жегің  келе береді. Тоймайсың. Өте  дәмді, аузыңнан  керемет  тәтті  дәм  кетпейді. Сондықтан  қазақ  халқына  риза  боласың.Қазақ  халқын  мақтаныш  етіп  алғыс  айтқым  келеді.

 

Дастархан басында тағамдарды татып, әңгімелесіп болғаннан кейін бата беріледі. Сабақ «Нан бар жерде ән бар»- деп« Дастарқан» әнімен аяқталады.



























Көкшетау қаласы

№37 «Аленушка» балабақшасы

Махметова Альмира Қадырбайқызы,

қазақ тілі мұғалімі



Менің Отаным – Қазақстан



Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты:

1. Балалардың Отан, туған жер туралы білімдерін тиянақтап, пысықтау.

2. Балалардың тілін дамыта отырып, диалог, монолог құрастыра білуін дамыту.

3. Балаларды мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Отанға, туған жерге сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Елбасының портреті, Қазақстан картасы, мемлекеттік рәміздер, тақпақтар, мақал-мәтелдер, дидактикалық ойын, тақырып бойынша суреттер.

Қажетті құрал жабдықтар: үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмысы:

Билингвальды компонент: Отан-родина, Менің Отаным-Қазақстан, Елорда-столица,ту, елтаңба, гимн, бейбітшілік, байлық

Оқу іс-әрекетінің

кезендері

Әдіс-тәсілдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық




















Іздену-ұйымдастыру-

шылық

Амандасу, шеңбер ұйымдастыру










Сыйлық кезеңі


































































Сергіту сәті

Балалар бүгін бізге қонақтар келген екен. Қонақтармен амандасайық!

Қалдарың қалай? Ал енді шеңберге тұрып, көңіл күйімізді көтерейік


Үлкенді тыңдаймыз

Кішілерді сыйлаймыз

Жүректердің жылуын

Бір-бірімізге сыйлаймыз


Балалар, бүгін бізге Англиядан қонаққа Джейн келген екен. Джейнмен амандасады.

-Балалар, Джейн біздің ел туралы білгісі келеді екен.

-Не істейміз?

-Көмектесеміз бе?


-Енді балалар, Джейнге біздің еліміз қандай екенін айтып берейік.


-Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап беріңдер.

-Балалар мұқият тыңдаңдар!

Қараймыз!

Сұраққа толық, анық жауап береміз!

Қонаққа келген Джейн де мұқият тыңдап отыр.

-Біз қай елде тұрамыз?

-Біздің Отанымыз қалай аталады?





-Отанымыз туралы кім тақпақ біледі?

-Елбасшымыз кім? Елордамыз қай қала? Елордамыз туралы кім тақпақ біледі.




-Балалар, мынау қандай карта?


Осы картадан Қазақстан елінің қандай қалаларын көріп тұрсыңдар?


-Жарайсыңдар, балалар!

-Біздің еліміз қандай мемлекет?

-Балалар, әр елдің өзінің рәміздері бар. Джейн, сіз өз еліңіздің рәміздерін білесіз бе?

-Иә, білемін.

-Балалар, біздің мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

Елтаңба туралы кім тақпақ біледі?


-Джейн, сізге балалардың тақпақтары ұнады ма?

-Иә, маған ұнады.


Дөңгеленіп тұрамыз

Уықтарды құрамыз.

Айналамыз, айналамыз

Киіз үйді құрамыз.


-Енді Джейнге туда, елтаңбада нелер бейнеленгені туралы айтып берейік.











-Гимн дегеніміз не?

Енді барлығымыз бірге Гимнді жатқа әнімен орындайық.

Амандасады



«Жақсы» деп бас бармақтарын көрсетеді


Балалар көтеріңкі күйде, қимыл қозғалыс жасап, бір-бірімен жылу сезімдерін береді


Балалар амандасады.






Көмектесетіндерін айтады.








Балалар тыңдайды.







Балалар Қазақстан Республикасында тұратындарын айтады. Біздің Отанымыз-Қазақстан.


Тақпақтарын оқиды.


-Н.Ә.Назарбаев. Астана қаласы.

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

-Қазақстан Республикасының картасы.

Балалар жауап береді.




Біздің еліміз егеменді, тәуелсіз, бай мемлекет.






Ту, елтаңба, гимн.










Қолдарын жоғары көтеріп, екі жаққа қозғайды.



Тудың түсі көк, ортасында күн сәулесі, сол жағында ою өрнектелген. Елтаңба дөңгелек пішінді, екі шетінде қос тұлпарлар, жоғарыда жұлдыз бар. Шаңырақтың астында «Қазақстан» деген жазу бар. Балалар жауап береді.


Рефлексия

Бәйге ойыны

Қазақ халқының ұлттық ойындарының бір түрі «Бәйге» ойыны. Ол шапшандықты қажет етеді. Мен сендерге сұрақ қоямын. Кім сұраққа толық, анық, тез жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.

-Біздің еліміз қандай?


-Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады.

-Гимннің авторлары кім?





-Елтаңбаның алтын түсі нені білдіреді?

-Тудың көк түсі нені білдіреді?

-Жарайсыңдар балалар!

-Енді Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?







-Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі күнімізді қорыта келе, елімізге, жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер?



-Джейн, сізге біздің еліміз ұнады ма?

-Иә, ұнады.










Өте әдемі, үлкен, таза, бай ел.

-Ту, елтаңба, гимн.


ҚР мемлекеттік гимнінің авторлары Н.Назарбаев, Ж:Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов.

Байлықты білдіреді.


Бейбітшілікті білдіреді.


*Отан-отбасынан басталады.

*Туған жерге туыңды тік.

*Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

*Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.


-Елімізде тыныштық болсын!

-Еліміз бай болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Бейбітшілік болсын!



Балалар Джейнмен қоштасып, ризашылықтарын білдіреді, сыйлықтарын ұсынады.





Күтілетін нәтиже:

Білу: Отан, Қазақстан, Елбасы, елорда, ту, елтаңба, гимн, бейбітшілік, байлық сөздерін білуі.

Меңгеруі:Қазақстан-біздің Отанымыз, туған жеріміз, еліміз екенін біліп, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық анық жауап бере алуы.

Қолданады: Отанына, туған жеріне, еліне, сүйіспеншілікпен қарай алуы. Картадан еліміздегі қалалардың аттарын тауып, көрсете алады, суреттерге қарап, өз еркімен сөйлем құрастырып,әңгімелеп қолдана алуы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
разработки занятии

Автор: Махметова Альмира Кадырбаевна

Дата: 15.01.2016

Номер свидетельства: 277375

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Методическая разработка занятия "Письмо Деду Морозу" "
    ["seo_title"] => string(57) "mietodichieskaia-razrabotka-zaniatiia-pis-mo-diedu-morozu"
    ["file_id"] => string(6) "235326"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443676794"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Методическая разработка занятия на тему: «Создание фантазийных цветов в технике «Квиллинг»»"
    ["seo_title"] => string(80) "metodicheskaia_razrabotka_zaniatiia_na_temu_sozdanie_fantaziinykh_tsvetov_v_tekh"
    ["file_id"] => string(6) "512764"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1559155531"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) ""Путешествие в сказку" разработка занятия кружка "Хореография""
    ["seo_title"] => string(63) "putieshiestviievskazkurazrabotkazaniatiiakruzhkakhorieoghrafiia"
    ["file_id"] => string(6) "300131"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456669326"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(160) "Методическая разработка занятия-игры "Животные" для дошкольников по английскому языку "
    ["seo_title"] => string(96) "mietodichieskaia-razrabotka-zaniatiia-ighry-zhivotnyie-dlia-doshkol-nikov-po-anghliiskomu-iazyku"
    ["file_id"] => string(6) "150347"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420468012"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Методическая разработка занятия по электротехнике на тему "Трансформаторы" "
    ["seo_title"] => string(83) "mietodichieskaia-razrabotka-zaniatiia-po-eliektrotiekhnikie-na-tiemu-transformatory"
    ["file_id"] => string(6) "217484"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433360674"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства