Әже: Балаларым, сердерге көп-көп рахмет. Қошақанымды тауып бердіңдер. Енді, балалар, менің үйіме қонаққа жүріңдер. Мен мына жақын жерде тұрамын.
Тәрбиеші: Балалар, әже біздің балабақшаға жақын тұрады екен. Жүріңдер, әженің үйіне қонаққа барып келейік.
(барады)
Әже: Келіңдер, балаларым, төрлетіңдер, отырыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, әженің үйі қандай әдемі. Әже көрпелерін әдемі оюлармен өрнектеп қойыпты.
Әже: Балалар, мен кеше базардан әдемі киім-кешек сатып алдым. Қазір сендерге көрсетейін.
(киім ілетін шкафын ашады)
Әже: Міне, балалар, мен мынадай әдемі көйлек, мынадай камзол, мынадай кимешек, мынадай мәсі сатып алдым. Сосын басыма орамал сатып алдым.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, әженің орамалында оюлар жоқ екен. Ендеше әженің орамалын ою жапсырып, әсемдеп береміз ба?
Балалар: Иә, әсемдеп берейік.
Тәрбиеші: Мен сендерді қазақтың ұлттық оюларымен таныстырайын. Мына суреттерге қараймыз. Мұнда бірнеше оюлар салынған: қошқар мүйіз, құс қанаты, өркеш, түйетабан.
Әже: Балалар, жаңа сендердің тауып берген менің қошақанымның мүйізін көрдіңдер ме? Оның мүйізі өте әдемі. Ендеше менің орамалыма қошқар мүйіз оюын жапсырып беріңдерші.
Тәрбиеші: Жақсы, әже, біздің балалар Сіздің орамалыңызға қошқар мүйіз оюын жапсырып береді. Балалар, қараңдаршы, қошақанның мүйізі қандай әдемі: дөңгеленіп, қайырылған. (қошақанды көрсетеді). Ендеше, мына үстелдерге отырайық. Сендердің алдарыңда орамал, дайын оюлар жатыр. Алдымен оюды аламыз, қылқаламды желімге батырып, оюдың астыңғы жағына жағамыз. Сосын оюды орамалдың бір бұрышына жапсырамыз. Содан соң қолымызға қағаз сүрткішті алып, ақырын оюдың үстінен басамыз. (жапсырып, көрсетеді). Келесі оюды екінші бұрышына жапсырамыз. Міне орамалымыз әдемі болып шыға келді. Түсіндіңдер ме, балалар?. Ендеше жапсыруға кірісеміз.
(балалар жапсырады)
Тәрбиеші: Балалар, болдыңдар ма ? Қане, көрейін.
(балалардың жұмыстарын талдап, мақтайды)
Тәрбиеші: Балалар, сендер біраз жұмыс атқардыңдар. Шаршаған боларсыңдар. Сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
Қой ізі, гүл бүршігі,
Құс қанаты, ирек су.
Қылқаламды алайық,
Сәнді өрнек салайық.
Тәрбиеші: Жақсы, балалар. Әже, сізге балалардың оюлары ұнады ма?
Әже: Әрине, ұнады. Рахмет, балаларым, орамалды өте әдемі етіп әсемдедіңдер.
Тәрбиеші: Әже, біз енді балабақшамызға қайтамыз. Сау болыңыз.