Ізденістер. Ұйымдастыру. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. | -Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ол шығыс халықтарының ортақ мейрамы, ұлыстың ұлы күні деп аталады. Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін оқу Күн менен түн теңелді: Жер шуаққа кенелді, Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы салтымыз: «Көгерсін!»-деп, халқымыз Көшеге, аулаға тал егеді. Балаларға жылдың басы наурыз болып саналатынын, бұл кезде күн мен түннің теңелетінін, наурыз көктем мерекесі екенін, наурызда бүкіл табиғат оянатынын әңгімелеп беру. Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер. Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып достауға ұмтылады. Қазіргі кездегі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде қоршаған ортаны көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі, аулалар мен көшелерді тазалайды және оны дәстүрлі іске айналдырған. Сондай-ақ бүгінгі таңда наурыз мерекесін «Экологиялық мереке» деп атап жүр. Берілген суреттегі жақсы және жаман істерді ажыратып көр. Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес келетін кілем түрін көрсет. | Көктем плакаты, Әліппе дәптер Наурыз мерекесі картинкасы, суреттер ленталар | Наурыз мерекесінің мағынасын ұғынады. Өлеңді зейін қоя тыңдайды. Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды. Мұқият тыңдайды. Тапсырмаларды орындайды. |