kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің сүйікті үй жануарларым (Өз тәжірибесінен әңгіме құрастыру)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үй жануарларын ажыратуға үйрету.Балаларға үй жануарын таныстарып, төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру; жұмбақтар жасыру, мақал - мәтелдер, төлдер туралы тақпақтарды жатқа айтқызу. Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; Тіл байлығын дамыту. Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;Үй жануарларын ажыратуға үйрету.Балаларға үй жануарын таныстарып, төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру; жұмбақтар жасыру, мақал - мәтелдер, төлдер туралы тақпақтарды жатқа айтқызу. Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; Тіл байлығын дамыту. Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің сүйікті үй жануарларым (Өз тәжірибесінен әңгіме құрастыру)»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы «Жұлдыздар» ортанғы тобы.

Күні: 01.02.17.

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті үй жануарларым

Мақсаты: Үй жануарларын ажыратуға үйрету.Балаларға үй жануарын таныстарып, төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру; жұмбақтар жасыру, мақал - мәтелдер, төлдер туралы тақпақтарды жатқа айтқызу. Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; Тіл байлығын дамыту. Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Қолданылатын көрнекі құралдар: Төрт – түлік, олардың төлдері туралы суреттер, үнтаспа, слайд.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ - жауап, топтастыру, әңгімелеу, сергіту жаттығулары, ойын, көнекілік әдісі.

Іс-әрекет кезеңдері:

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар қатармен топ бөлмесіне келеді, шеңберленіп тұрып төрдегі апайлармен амандасады.)
Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем берміз!

Сәлеметсіздер ме?
• Балалар далада ауа - райы қандай?
• Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
• Қардың түсі қандай?

Шаттық шеңберіне тұрып амандасады.









Суық – холодно – It is cold

Қыc – зима – winter

Ақ – белый – white

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сурет арқылы үй жануарларын таныстыру, әр жануардың ерекшелігін түсіндіру.
• Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?

• Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?

• Олар немен қоректенеді?

• Түйе, жылқы, сиыр, қой туралы не білесіңдер?
• Олардың бізге берер пайдасы бар ма?


Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы. Ненің суретін көріп отырмыз?


Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында тоқталамыз.

Биллингвалды компонент: Үй жануарлары – домашние животные – Pets; Түйе – верблюд – Camel; Жылқы – лошадь – Hors; Сиыр – корова – Сow; Қой – баран – Sheep; Ешкі – коза – She – goat;




Балалар, үйлеріңде қандай жануарлар бар?

Оларды қалай жақсы көресің?

Ең сүйікті жануарың не?

(өз тәжірибесінен әңгіме құрастыру)


Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?








• Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?








Енді балалар жұмбақ жасырғым келіп тұр, кім тез табады екен?

  • Кішкене ғана бойы бар,
    Айландырып киген тоны бар

  • Кезікті бір жануар,
    Үстінде екі тауы бар.

  • Айран берген, құрт берген,
    Шелек - шелек сүт берген.

Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал кім білген?

  • Екеуі елеңдеп келеді, төртеуі төбелесіп келеді.
    Ол не?

Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр».
(әр балаға суреттер беріледі сызық арқылы төлдерін қосу.)






Төрт түлік төлдері туралы тақпақ айту.




















Сергіту сәті:
Үнтаспадан төрт түліктің дауысы шығады.


Төрт – түлік туралы мақал – мәтел айту.



Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйелер жатады екен.

Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.

Шөп, жем, сумен қоректенеді;

Әрине, біз олардың сүтін, етін, жүнін пайдаланып яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.







Түйе, сиыр, қой, жылқы, ешкі.










Үй жануарлары – домашние животные – Pets; Түйе – верблюд – Camel; Жылқы – лошадь – Hors; Сиыр – корова – Сow; Қой – баран – Sheep; Ешкі – коза – She – goat;


Балалар өз сүйікті жануарлары жайында әңгімелеседі.




Сиырды - аухау - аухау дейміз.
Түйені - көс - көс дейміз.
Жылқыны - қырау - қырау дейміз.
Қойды - пұшайт - пұшайт Ешкіні - шөре - шөре дейміз.


Сиырдың баласын - бұзау дейміз.
Түйенің баласын - бота дейміз.
Жылқының баласын - құлын дейміз.
Қойдың баласын - қозы дейміз.
Ешкінің баласын - лақ дейміз.



Қой

Түйе




Сиыр



Жылқы




Шөре - шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секендеме, деміңді ал, 
Селтең демей құлағың.
Ботақаным - бөбегім,
Қара көзің мөлдіреп.
Қызықтырмай қоймайды,
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.
Әукім - әукім, әукешім,
Қасиыншы әукесін.
Енең, әуке, келеді,
Ақ мамасын береді. 
Құлыншағым - құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған - жұлдызым,
Құстай қанат қағады
Кіп - кішкене момақан,
Қошақанды ұнаттам.
Сүйеді апам «қозым» деп,
«Қошақаным - өзің» деп!
Үнтаспадан төрт түліктің дауысын естіп бірге қайталайды.

  • Мал өсірсең қой өсір
    Өнімі оның көл көсір
    Малика

  • Мал төлімен жарасты
    Жер гүлімен жарасты
    Алмаз

  • Малды баға біл
    Бабын таба біл
    Салтанат

  • Ер қанаты - ат
    Сөз қанаты - хат
    Әділжан

  • Жылқы - малдың патшасы
    Түйе - малдың қасқасы

Амина

Рефлексивтік-коррекциялаушы:

Қорытынды:
• Біздер немен таныстық?
• Үй жануарларына нелер жатады екен?
• Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
• Жануарлар қалай дыбыстайды?
Балаларды сұрақ - жауап арқылы, үй жануарлар суреттері арқылы марапаттау.
Сау болыңыздар!


Үй жануарларымен.

Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

Балалар атап көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар үй жануарымен танысып, төрт түліктің төлдері жайында біледі;

Игереді: Жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігі оянып, олардың адам өміріндегі маңызды рөл атқаратындығын игерді;

Меңгереді: Төлдерін дұрыс атай білуді, төрт түлікті күтіп бағуды, оларға қамқорлық жасауды меңгерді;




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің сүйікті үй жануарларым (Өз тәжірибесінен әңгіме құрастыру)

Автор: Ідірісова Айгерім Қаржаубайқызы

Дата: 05.02.2017

Номер свидетельства: 388249

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "А?ылшын тілінен ба?дарламасы  4-6  жас аралы?ында?ы балалар?а  арнал?ан "
    ["seo_title"] => string(77) "ag-ylshyn-tilinien-bag-darlamasy-4-6-zhas-aralyg-yndag-y-balalarg-a-arnalg-an"
    ["file_id"] => string(6) "171103"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423642403"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Т?бір мен ?осымша" "
    ["seo_title"] => string(22) "tubir-mien-k-osymsha-2"
    ["file_id"] => string(6) "174071"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424086118"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Мектап жа?дайында?ы мектепалды даярлы?ты? сапасын ба?алау шы?армашылы?ын дамыту "
    ["seo_title"] => string(92) "miektap-zhag-daiyndag-y-miektiepaldy-daiarlyk-tyn-sapasyn-bag-alau-shyg-armashylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "194131"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427729725"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Коучинг.Работа с одаренными детьми.(на казахском языке)"
    ["seo_title"] => string(60) "kouchingh-rabota-s-odariennymi-diet-mi-na-kazakhskom-iazykie"
    ["file_id"] => string(6) "288645"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454660739"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Жас маманның бейімделуі» Тренинг"
    ["seo_title"] => string(32) "zhas_mamannyn_beiimdelui_trening"
    ["file_id"] => string(6) "506968"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1555177660"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства