I.Оң көңіл күйқалыптастыру. 0–1 минут II. Өмірлік тәжірибеніжандандыру. Мақсаттытұжырымдау. 2–5 минут | (Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру.Музыкалық сүйемелдеумен педагог өз қалауы бойынша ақындардың өлеңінен үзінді оқиды. (Ұ) Педагог балалардан бүгін не салатындарын біліп/білмейтіндігін сұрайды. (Кемпірқосақ). Кемпірқосақтың бейнесін түрлі иллюстрацияларда көрсетеді. Оған қонаққа барып, оның түстері туралы көбірек білуді ұсынады. | Музыкалық сүйемелдеу. Кемпірқосақтың бейнесі бар 2–3 сюжетті сурет. |
III. ҰОҚ-нің тақырыбыбойынша жұмыс 6 – 25 минут | (Ұ) Әліппе-альбомдағы материалменжұмыс. Педагог балалардан кемпірқосақтың аспанда қашан пайда болатындығын біліп/ білмейтіндігін сұрайды. (Жазда, жауыннан кейін.) Кемпірқосақ түстерінің әрқашан да белгілі бір ретпен (қызыл, сарғылт,сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) орналасатындығын нақтылайды. (Ж) Түстерді жылы және суық реңдерге бөлуді ұсынады. Ақ және қара түстердің кемпірқосаққа жатпайтындығын нақтылайды. Балаларға түстердің негізгі (қызыл, сары, көк) және екінші түстерге бөлінетіндігін түсіндіреді. Негізгі түстерді палитрада араластыруды ұсынады. Мысалы: жұптағы бір бала сары түсті, екіншісі көк түсті алады, артынан бір түске араластырады. Балалар қандай түстердің пайда болғанын әңгімелейді. (Ұ) Сергіту сәті Аспанда найзағай ойнап тұр ( саусақтарынжұмады және ашады), Көзіңді жұм! (көздерін алақандарыменжабады, сосын ашады), Жаңбыр өтті, шөптер жалтырап тұр, (саусақтарымен үстелді соғады),Кемпірқосақ шықты (ауада жарты шеңберсалады). (Ұ) Қауіпсіздік ережесі Педагог гуашьпен жұмыс істеу ережелерін еске салады. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды таза ұстауды, бояумен үнемдеп жұмыс жасауды және оны қылқаламның ұшымен алуды ескертеді. | Әліппе-альбом. Палитра, қылқалам, гуашь. |