kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен сурет саламын" сурет сабағынан сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепалды даярлық сыныбына арналған сурет сабағынан сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен сурет саламын" сурет сабағынан сабақ жоспары»

1-ҰОҚ. Мен сурет саламын!

Мектеп/МҰ:Қаратерек ЖОББ мектеп

Күні:

Педагогтің аты-жөні:Омарова Алтын Амангельдыевна

Сынып: мектепалды даярлық

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

0.1.1.1. Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу. 0.2.1.2. Жіңішке сызықтарды сызганда қылқаламды қағазға көлбеу нүктелерді салғанда тік ұстау.

О.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

  • түрлі сызықтарды пайдаланып, қарапайым заттарды салады;

  • жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу, нүктелерді салғанда тік ұстайды;

  • жеке бас гигиенасының ережелерін орындайды.


Көпшілік тәрбиеленушілер:

  • қылқаламмен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтайды;

  • ұзын сызықтарды салу кезінде бүкіл қолымен қозғалыс жасайды;

  • алдағы әрекеттерін айтады.


Кейбір тәрбиеленушілер:

  • сызықтардың бірқалыптылығына бірігуіне, олардың жіңішкелігі мен көркемдігіне қол жеткізеді;

  • өз ойларын шығармашылықпен жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

  • сабақ мақсаттарын және оларға жету ұмтылысын түсінеді;

  • пішінді бейнеге өзгерту жөнінде идеялар ұсынады;

  • затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;

  • өзінің және құрдастарының жұмыстарын талқылайды және пікір білдіреді;

  • сызық түрлерін, олардың сипаттық ерекшеліктерін ауызша формада анықтайды.

Көптілділік: сызық - линия - Ііпе.


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

• сызық түрлері, ирек, түзу, үзік, қисық, әліппе-альбом, жұмыс орны, жеке гигиена.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Сызық дегеніміз не?

Сызықтың қалыңдығы неге байланысты? Қандай сызық түрлерін білесің? Шеңберді неге айналдыруға болады? Сенің бүгінгі көңіл-күйің қалай?

Сен мұны қандай түспен жеткізе аласың?

Бастапқы білім

Қылқаламмен жұмыс істеудің техникалық дағдылары, зат сұлбасын дұрыс жеткізу, оның нышандары туралы түсініктер.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Оң көңіл күй қалыптастыру.

0-1 минут

(¥) ҰОҚ-де оң көңіл күй қалыптастыру.

«Мен күнмін» (қол ұстасып, өз сезімдерін айтады). «Мен кішкентай күнмін. Мен оянамын, жуынамын. Сәулелерімді тараймын және көкжиекке көтерілемін.

Мен үлкен шармын. Менің жылуым мен жарығым көп. Мен жер бетіне және барлық адамдарға жылу сыйлаймын. Мен жылу таратамын, жер бетімен ұшамын және оны жарықтандырамын».

Музыкалық сүйемелдеу, жіптерге байланған алуан түсті әуе шарлары.

II. Өмірлік

тәжірибені

жандандыру.

Мақсатты

тұжырымдау.

2-5 минут

(¥) Педагог алуан түсті әуе шарларымен Сурет еліне ұшуды ұсынады.

Педагог Сурет елінде балаларға суреттер көрсетеді және олардан қандай сурет салуды ұнататындықтары туралы әңгімелеуін сұрайды. Сурет салу кезінде нені пайдалануға болады?

Белгілі қазақ

суретшілерінің

(Ә.Қастеев, Н.Г.Хлудов,

К.Телжанов,

Н.Крутильников)

көшірмелері.

III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс.

6 - 25 минут

(¥) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Қуаныштың шарларының жіптеріне назар аударыңдар, Қуаныштан сыйлыққа қандай шарларды алғанды қалар едіңдер?

Әрбір шардың жібі не түрінде салынған? (Сызық түрінде.)

Сызықтар түзу, қисық, ирек, үзік, т.б. болады. Жіңішке сызық болу үшін қылқаламды қағаз бетінде қалай жүргізуді көрсетіңдер? Жуан сызық үшін ше? Үзік сызық үшін ше?

Бүгін біз қарапайым шеңберді түрлі заттарға айналдырамыз. Бұған бізге сызықтар көмектеседі. Проблемалық жагдаят: шеңберді неге айналдыруға болатынын ойластыр. Бүгін біз қандай құралдарды қолданатын боламыз? (Қылқалам.)


Бізге акварельді бояулар да қажет болады

\

(¥) Сергіту сәті

Сурет салу талабы,

Шабыттандырар баланы! (Жұдырықтарын ашып, саусақтарын ауада қимылдатады.)

Ашып альбом-дәптерді,

Бастаймыз сурет салуды: (Алақандарын ашады.) Алдымен түзу сызамыз,

(Қолдарымен түзу сызық салады.)


Әліппе-альбом.






















Музыкалық сүйемелдеу.








Содан соң, достым,

Кішкентай шеңбер саламыз. (Білезігін қозғамай, саусақтарымен кішкентай шеңбер салады.)

Міне, біз салған шеңберлерден дөңгелек ауа шары пайда болды.

(Қолдарымен үлкен шеңбер салады.)

Ол жоғары қарай көтеріліп, бізге қол бұлғағандай болады. (Білезіктерімен жоғары қарай ирек тәріздес қозғалыстар жасайды.)

(¥) Қауіпсіз жұмыс техникасы.

Педагог заттарды парта бетінде орналастыру ережелерін еске салады. Балалардан білезіктерін қалайша дұрыс ұстау керектігін көрсетуін сұрайды.

Қылқалам, бояумен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін еске салады.

Балаларға «жеке гигиена» ұғымын түсіндіреді. Тәрбиеленушілерді жұмыс орындарын тазалықта сақтау қажеттілігіне ынталандырады.

(¥, Ө) Жұмыстың орындалу технологиясы.

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.) Педагог балаларға шеңберді белгілі бір затқа айналдыруды ұсынады. Балалар суретті жасауда қандай сызықтарды пайдаланатындығын анықтауы тиіс. Қолданатын қылқаламды таңдаулары қажет. Әліппе-альбоммен жұмыс.

Балаларға шеңберді үзік сызықпен айналдырып шығып, артынан толық салу керектігін түсіндіреді. Оған белгілі бір бейне, сюжет, ым-ишара, т.б. көрсетеді.

Соңынан балалар сызықтар туралы алынған ақпаратты қолдана отырып, шеңберге күн бейнесін беру үшін суретке ирек сызықтарды, бет, күлкі, т.б. жасау үшін үзік сызықтарды қосады.

Әліппе-альбом. Түрлі өлшемдегі қылқаламдар №3, №6, акварель, су төгілмейтін стақан, мақта майлықтар.

IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Рефлексия.

26 -30 минут

(¥, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Жасалған бейне туралы әңгімелейді. Педагог тәрбиеленушілерден өз жұмыстарын бағалауды сұрайды:

Кімге өз жұмысы ұнады?

Салғысы келген затты сала алды ма?

Сенің ойыңша, жұмыс мұқият, жақсы орындалды ма, әлде онша емес пе?

Не жүзеге аспады?

Кімнің суреті ең көп ұнады? Неліктен?

Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.

Балалардың жұмыстарын орналастыруға арналған стенд, әліппе- альбом.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мен сурет саламын" сурет сабағынан сабақ жоспары

Автор: Омарова Алтын Амангельдыевна

Дата: 28.09.2017

Номер свидетельства: 430070

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Маманды?ты? б?рі жа?сы" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(41) "mamandyk-tyn-b-ri-zhak-sy-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "245488"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446134330"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ересек окушы. ?міртай Б?реиев "
    ["seo_title"] => string(33) "ieriesiek-okushy-mirtai-borieiiev"
    ["file_id"] => string(6) "180622"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425218543"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Түстер әлем"(мектеп алды даярлық тобы"
    ["seo_title"] => string(40) "tustier_liem_miektiep_aldy_daiarlyk_toby"
    ["file_id"] => string(6) "454399"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517637034"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства