Ересектер «Қарлығаш» тобындағы арналған вариативтік компонент
«Қызықты граматика»
Өткізу күні:24.04.19
Тәрбиеші:Абенова М.К
Өтпелі тақырып: «Бір шаңырақ астында»
Тақырыбы: «Мен тыныс белгісімін» (Хабарлы сөйлем.)
Мақсаты: Хабарлы сөйлем туралы түсінік бері,баланың сөздік қорын,тіл байлығын дамыту,жан-жақты ойлауға үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Билингвалдық компонент: сөйлем-предложение
Просмотр содержимого документа
««Мен тыныс белгісімін»»
Ересектер «Қарлығаш» тобындағы арналған вариативтік компонент
«Қызықты граматика»
Өткізу күні:24.04.19
Тәрбиеші:Абенова М.К
Өтпелі тақырып: «Бір шаңырақ астында»
Тақырыбы: «Мен тыныс белгісімін» (Хабарлы сөйлем.)
Мақсаты: Хабарлы сөйлем туралы түсінік бері,баланың сөздік қорын,тіл байлығын дамыту,жан-жақты ойлауға үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Билингвалдық компонент: сөйлем-предложение
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Жылулық шеңбері
Балалар біздің сабағымызға қоңақтар келіп отыр.Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен,зеректігімізді көрсетуіміз
керек.Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімізді жетілдіріп,сұраулы сөйлем туралы мағұлымат аламыз.
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем нелерден тұрады?
-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Мысал келтіру.
2.Негізгі бөлімі:
Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлем.Бірденеңің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді.
Хабарлы сөйлемнің соңынан нүкте (.) қойылады.:
-Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылдаы?
-Сөйлемнің соңында нүкте қойылса ол қандай сөйлем екен?
«Кім жүйрік?» дидактикалық ойын.
Сөйлемді толықтыр
1.Аспанда............қалықтап ұшып жүр.
2.Мектеп жақтан........сыңғырлап қоя берді.
3.Қоян қорыққаннан.....жөнелді.
4.Күзде орман іші........кетеді.
«Мен тыныс белгісімін» ойыны.
-мен әр іске көңіл күйін білдіріп ,
Табысымызға таңданып,
Шаттана күлемін!
-Мен Дымбілмеске ұқсаймын
Ақылды боламын,жауап аламын деп сұраймын?
-Мен сөйлемнің соңында тұрамын,
Бірдененің жайын хабарлаймын.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдік
Жерге қарап күн көрдік
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
«Құрастыра біл»ойыны
Тыныс белгісне қарап,сөйлем құрастрыа біл хабарлы сөйлемнің белгісі
Сұраулы сөйлемнің белгісі
Лепті сөйлемнің белгісі
3.Қорытынды:
-Сонымен балалар хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Хабарлы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
Сұрақ жауап арқылы сабақты бекіту.Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.