kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ода?айды? емлесі мен тыныс белгілері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:Ода?айды? емлесі  мен    тыныс белгілері.

 

  ІІ . ?й  тапсырмасын  тексеру .

  «Мен – са?ан,  сен – ма?ан»  ойыны .

Ойынны?  шарты : ?арама-?арсы  топ  о?ушылары  бір-біріне  с?ра?тар ?ояды.  С?ра?тарды  о?ушылар  ?йден  дайындалып  келеді.

 

 І  топ?а  с?ра? :

  1. К?мекші  с?здер  дегеніміз не ?
  2. К?мекші  с?здерге  нелер  жатады ?

ІІ  топ?а  с?ра? :

  1. К?мекші  етістіктер  ?з  ішінде  неше  т?рге  б?лінеді ?
  2. К?мекші  есімдер  мен  к?мекші  етістіктерді  атап  жібері?дерші ?

?ле?дегі  аты  атал?ан  дара  т?л?алар  туралы  к?мекші  с?здерді  ?олдана  отырып  ша?ын  шы?арма  жазы?дар .

 

1). Саба?ты  а?ын-жазушылар  шы?армаларынан  ?зінділер  даярлап,  м?нерлеп  о?ытудан  бастаймыз .

 

   ( Ереже ) .

   2) . Дербес  ма?ынасы  жо?,  адамны?  к??іл-к?йін  білдіретін  немесе  жануарлар?а  ?аратылып  айтылатын  с?з  табын  ода?ай  дейміз .                                                                     

 1-тапсырма

«Кім  жылдам»  ойыны

Зымыран  с?ра?

   Екі  топ?а  бір  уа?ытта  бірдей  с?ра?тар  ?ойылады .  ?рбір  топ  м?шелері  жылдам  жауап  беруі  ?ажет .  Б?л  тапсырмада  біліммен  ?атар  жылдам  ой  ?орытып,  на?ты  жауап  беруге  – 15  секунд .

  1. Ода?ай  ма?ынасына  ?арай  неше  т?рге  б?лінеді ?

(3  т?рге  б?лінеді)

  1. Ода?айды?  т?рлерін  ата .
  2. ( К??іл-к?й  ода?айы,  жекіру-б?йыру  ода?айы,  ша?ыру  ода?айы ).
  3. Ала?ай,  ?тте?,  шіркін – ода?айды?  ?ай  т?рі ?
  4.  ( К??іл-к?й  ода?айы ) .
  5. Т?йт,  ж?,  тек –  ода?айды?  ?ай  т?рі ?
  6.  ( Жекіру,  б?йыру  ода?айы ).
  7. Ш?ре-ш?ре,  ??рау-??рау,  мо?-мо? – ода?айды?  ?ай  т?рі ? (Ша?ыру  ода?айы) .

 2-тапсырма .

О?улы?пен  ж?мыс .О?улы?та?ы  87-жатты?уды  берілген  тапсырма  бойынша  орындатамын .

Ода?айларды?  тыныс  белгісін  ?ойып,  м?тінді  к?шірі?дер .

  • Шеше-ау,  ?сіп  ?ала  жаздапсыз  ?ой,  т?у,  пешке,  пешке  таман  отырмаса?ыз  болмайды  екен .
  • Шіркін,  не  керек,  ?тте?-?тте?,  естімедім-ау !
  • Апыр-ай,  енді  не  істеуім  керек,  ренжітіп  к??іліне  ?аяу  салып  алдым  ба,  ?ап ?
  • Уа,  енді  не  ?ыл  деп  отырсы? ? –  деді .
  • Ех,  мен  кетем  десем!
  • А?а,  б?л  к?ндіз  осы  ма?да  болады  екен .
  • ?ап,  мынаны?  баласын-ай !

Та?тамен  ж?мыс .

О?ушылар  орындап  жат?анда  2  топтан  2  о?ушыны  шы?арып,  та?тамен  ж?мыс  жасатамын . (Екеуіне  бір-бір  с?йлемнен  жаз?ызып,  тыныс  белгілерін  ?алай  ?ой?анын  тексеремін) .

 3-тапсырма .?зіндік  ж?мыс .

Мына  еркін  та?ырыптар  бойынша  ішінде  ода?айы  бар  ша?ын  шы?арма  жазы?дар . (5-6  с?йлем) .

  1. Т?уелсіздік –ел тілегі.
  2. ?аза?  тілі  – ?лтты?  ?лы  ?азынасы .
  3. Ауылым – алтын  бесігім.

4-тапсырма.

Поэзия стратегиясы.

Екі топ?а ?аза? а?ындарыны? ?лендерінен ?зінді дауыс ыр?а?ына келтіріп м?нерлеп о?ытамын.

?ле? о?ылып бол?аннан кейін ода?ай ?ойыл?ан орындар табылып,аны?талады.

     

5-тапсырма.

"Келісу–келіспеу"стратегиясы

6-тапсырма.

Ой ?оз?ау стратегиясы

Екі топ?а тапсырма беріледі.Жалпы та?ырып:?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігі.

I топ.РАФТ.Ой тол?аныс.

Роль-Елбасынан

Аудитория-8-сынып о?ушыларына

Форма-хат

Та?ырыбы-Аманат хат

II топ РАФТ.Ой тол?аныс.

Роль-8-сынып о?ушыларынан Аудитория- Елбасына

Форма-хат

Та?ырыбы-Ал?ыс  хат

VI.Жа?а саба?ты бекіту.

Жа?а саба?ты бекіту ?шін терме диктант алынады.

 

V.Жа?а саба?ты ?орытындылау.

«Топтастыру стратегиясы»бойынша саба?ты ?орытындылау.

Ода?айды ?олдана отырып,о?ушыларды? б?гінгі ?ткен саба?тан ал?ан ?серлері,ой-пікірлері ты?далады.

VI.О?ушыларды? білімін ба?алау.

VII.?йге тапсырма.Ода?айды ?атыстыра отырып,диалог м?тінін жазып келу

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ода?айды? емлесі мен тыныс белгілері »

Сабақтың тақырыбы:Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаты:Білімдік:Оқушыларға одағайдың түрлері,емлесі мен тыныс белгілері жөнінде түсінігін кеңейтуге жағдай тудыру,одағайдан алған білім,білік дағдыларын есте бекіту,сауаттылыққы үйрету.

Дамытушылық:Одағайды түрлеріне қарай талдай отырып,оқушыларды өзіндік пікірлерін еркін жеткізуге баулу,одағайды мәтіннен тауып ажырата білу,зерттеушілік,шығармашылық іс-әрекетпен шұғылдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Қазақ тіліндегі көңіл күйге қатысты көтермелеу қолданыстарын,ұлттық ерекшелігін бағалай отырып,оқушыларды тіл өнерін қастерлеуге үйрету,туған жерін сүюге,отансүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Шығармашылық-ізденіс сабағы(топпен жұмыс).

Сабақтың әдісі.Ой тудыру,сыни тұрғыдан ойлау,салыстыра зерттеу,ішнара ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет,тарих.

Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтиже үш түрлі құзіреттілік бойынша сараланады :

  1. Проблемаларды шешу құзіреттілігі :

а).Өздігінен шешімді қабылдайды.

ә).Сөздерді өз мақсатына, мазмұнға сәйкес қолдана алады.

б). Сөздік қорын өз бетінше толықтырады.

2. Ақпараттық құзіреттілігі :

а). Ақпаратты негізінде көздеген мақсатына сай мәтін құрайды .

ә). Шығармашылық жұмыстарды орындайды .

3. Коммуникативтік құзіреттілігі :

а). Сөз құрылымының барлық бөліктеріне тән дағдыларды меңгереді .

ә). Өз пікірін қорғай алады .

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі .

1. Оқушыларды түгендеп, олардың қаламы, дәптері және т.б. бар-жоғын тексеру .

2. Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау .

3. Оқушыларын назарын сабаққа аудару .

4. Оқушыларды 2 топқа бөлу .

Психологиялық дайындық .

  1. Балалар, бүгінгі сабақ – ерекше сабақ . Бізге қонақтар келір отыр . Сол кісілерге ілтипатымызды білдіріп кояйық .

  2. Одан соң оқушылар бір-біріне қарап, жақсы тілектер тілейді .

Сабақтың эпиграфы :

Жатқанда елдің еркін, азат болып,

Ешкімге жүрмеу үшін мазақ болып,

Өз халқыңның тілі мен тарихын біл, жұртын таны,

Сонда сен көгересің қазақ болып, –

дей отырып, сиқырлы әріптермен өріліп, кестелі сөздермен өрнектелген қазақ тілі сабағын бастаймыз .

  • Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деген ниетпен тақтағы жұлдызды іліп қойдым .

  • Сондықтан әрқашан да жұлдыздарың жанып, аңсаған армандарыңа жете беріңдер !

  • Жұлдыз болып жаныңдар, оқып-білім алыңдар !

Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпағы болыңдар !

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру .

«Мен – саған, сен – маған» ойыны .

Ойынның шарты : қарама-қарсы топ оқушылары бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақтарды оқушылар үйден дайындалып келеді.



І топқа сұрақ :

  1. Көмекші сөздер дегеніміз не ?

  2. Көмекші сөздерге нелер жатады ?

ІІ топқа сұрақ :

  1. Көмекші етістіктер өз ішінде неше түрге бөлінеді ?

  2. Көмекші есімдер мен көмекші етістіктерді атап жіберіңдерші ?

Өлеңдегі аты аталған дара тұлғалар туралы көмекші сөздерді қолдана отырып шағын шығарма жазыңдар .

Шығарама .

Алаштың арыстары

Алаштың арнап мақсаты мен раманын,

Қазақ үшін қиды қыршын жандарын .

Өтті өмірден Ахмет пен Әлихан,

Теңдік үшін төгіп қасық қандырын .

Жүсіпбек пен Мағжан сынды жасыңды,

Ақындарым жау боп елге танылды .

Ең ақыры арыстардың аттарын,

Атауға да қатаң тыйым салынды .

Империя қазағымды бұқтырды,

Алаш сөзін апиын деп ұқтырды .

Мен сияқты кейінгі жас ұрпақтың,

Алаш десе төбе шашы тік тұрды .

(А. Имантаев )

ІІІ. Жаңа сабақ .

  1. Ал енді дәптерлеріңе бүгінгі күннің атын, сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар .



Жаңа сабағымыздың тақырыбы :

« Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері » .

1). Сабақты ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер даярлап, мәнерлеп оқытудан бастаймыз .

... Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос ...

( Махамбет ) .

  • Әй, кемпір ! Ертең дәу саған қонаққа келеді .

  • Ойбай, немізді береміз ?

  • Тәйт ! Ойбайламай : – Үйде ет жоқ, нені асамыз ? – десең болады .

Келесі күні кемпір :

  • Ойпырым-ай, шал-ай, нені асамыз, үйде дым жоқ .

  • Түу, сол да сөз болып па, басқы дәудің басын ас, ортаңғы дәудің төсін ас, болмаса досым дәудің өзін ас !

Дәулер :

  • Астапыралла, қашайық !

( «Қаңбақ шал» ертегісінен ) .

( Ереже ) .

2) . Дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз табын одағай дейміз .

Ерекшелігі

Одағайларда дербес лексикалық мағына болмайды .

пәлі, әттең, ойпырмай т.б.

Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді .

Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді .

Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды .

Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой .



Мағынасына қарай 3 түрге бөлінеді :

  1. Көңіл-күй одағайлары (Адамның түрлі көңіл-күйін білдіреді)


Алақай (қуану), әттең (өкіну), шіркін (таңдану), т.б.

  1. Жекірі, бұйыру одағайы (Жекіру, тыйым салу мәнін білдіреді )

тәйт, жә, тек, т.б.

  1. Шақыру одағайы (Мал, ит-құсты шақыру не қууға байланысты айтылады).

шөре-шөре, құрау-құрау, моһ-моһ, т.б.

Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері

  1. Қайталану арқылы жасалған одағайлар дефис арқылы жазылады .

Мысалы : Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікте жат, бөпем («Бесік жыры») .

Сап-сап, көңілім, сап, көңілім (Абай) .

  1. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

Мысалы : Бәрекелді, батырым, осылай болатынын сезгем ( Ә. Әбішев ) .

  1. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады .

Мысалы : Сізге, тәйірі, сол да сөз боп па ?

  1. Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады .

Мысалы : Жүре берсең, көре бересің деген осы екен ғой, о, тоба-ай !

  1. Одағайлы сөйлемдердің соңына айтушының көңіл күйіне қарай нүкте, сұрау белгесі не леп белгісі қойылады .

1-тапсырма

«Кім жылдам» ойыны

Зымыран сұрақ

Екі топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады . Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет . Бұл тапсырмада біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беруге – 15 секунд .

  1. Одағай мағынасына қарай неше түрге бөлінеді ?

(3 түрге бөлінеді)

  1. Одағайдың түрлерін ата .

  2. ( Көңіл-күй одағайы, жекіру-бұйыру одағайы, шақыру одағайы ).

  3. Алақай, әттең, шіркін – одағайдың қай түрі ?

  4. ( Көңіл-күй одағайы ) .

  5. Тәйт, жә, тек – одағайдың қай түрі ?

  6. ( Жекіру, бұйыру одағайы ).

  7. Шөре-шөре, құрау-құрау, моһ-моһ – одағайдың қай түрі ? (Шақыру одағайы) .

2-тапсырма .

Оқулықпен жұмыс .Оқулықтағы 87-жаттығуды берілген тапсырма бойынша орындатамын .

Одағайлардың тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріңдер .

  • Шеше-ау, үсіп қала жаздапсыз ғой, түу, пешке, пешке таман отырмасаңыз болмайды екен .

  • Шіркін, не керек, әттең-әттең, естімедім-ау !

  • Апыр-ай, енді не істеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба, қап ?

  • Уа, енді не қыл деп отырсың ? – деді .

  • Ех, мен кетем десем!

  • Аһа, бұл күндіз осы маңда болады екен .

  • Қап, мынаның баласын-ай !

Тақтамен жұмыс .

Оқушылар орындап жатқанда 2 топтан 2 оқушыны шығарып, тақтамен жұмыс жасатамын . (Екеуіне бір-бір сөйлемнен жазғызып, тыныс белгілерін қалай қойғанын тексеремін) .

3-тапсырма .Өзіндік жұмыс .

Мына еркін тақырыптар бойынша ішінде одағайы бар шағын шығарма жазыңдар . (5-6 сөйлем) .

  1. Тәуелсіздік –ел тілегі.

  2. Қазақ тілі – ұлттың ұлы қазынасы .

  3. Ауылым – алтын бесігім.

4-тапсырма.

Поэзия стратегиясы.

Екі топқа қазақ ақындарының өлендерінен үзінді дауыс ырғағына келтіріп мәнерлеп оқытамын.

Өлең оқылып болғаннан кейін одағай қойылған орындар табылып,анықталады.

Жүрегім,ойбай,соқпа енді,

Бола берме тым күлкі.

Көрмейсің бе,тоқта енді,

Кімгі сенсең,сол шикі.

(Абай).

Түтігіп,қап-қара боп тұрды Батыраш,

Жалғыз-ақ"Қап!Қап!" болып айтқан сөзі.

А,Құдай-ай!Бере көр!-деп ұмтылды.

Ұйытқып кеп соқты өкпеден жел сықылды.

Не болды-ай,бай-бай саған,Құлагерім?!

Суалдың,сорлы иеңнің бұлағы едің.....

(І.Жансүгіров).

5-тапсырма.

"Келісу–келіспеу"стратегиясы

6-тапсырма.

Ой қозғау стратегиясы

Екі топқа тапсырма беріледі.Жалпы тақырып:Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі.

I топ.РАФТ.Ой толғаныс.

Роль-Елбасынан

Аудитория-8-сынып оқушыларына

Форма-хат

Тақырыбы-Аманат хат

II топ РАФТ.Ой толғаныс.

Роль-8-сынып оқушыларынан Аудитория- Елбасына

Форма-хат

Тақырыбы-Алғыс хат

VI.Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту үшін терме диктант алынады.

Терме диктантың мәтіні.

1.Апыр-ай,әніңіз неткен тамаша еді.

2.О,Алмас,сені де көретін күн бар екен-ау!

3.Е,болғанда қандай!Жігіт болған азаматым бар.

4.Есім жаңа кірді ғой,туу!

5.Пай-пай!Мынау нағыз азамат екен ғой!

6.Әттен,тонның келтесі-ай!

7.Шөре-шөре,лағым,тентек болма,шырағым!

V.Жаңа сабақты қорытындылау.

«Топтастыру стратегиясы»бойынша сабақты қорытындылау.

Одағайды қолдана отырып,оқушылардың бүгінгі өткен сабақтан алған әсерлері,ой-пікірлері тыңдалады.

VI.Оқушылардың білімін бағалау.

VII.Үйге тапсырма.Одағайды қатыстыра отырып,диалог мәтінін жазып келу


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ода?айды? емлесі мен тыныс белгілері

Автор: Берден ?айрат ??нда?бай?лы

Дата: 21.01.2015

Номер свидетельства: 159222


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства