kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "?ыстырма с?здер.Тыныс белгілері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 "?" сыныбына ашы? саба? ?ттім.Ашы? саба?ымны? та?ырыбы:?ыстырма с?здер.Тыныс белгілер.Саба?ымны? ма?саты:О?ушылар?а ?ыстырма с?зіні? пайдалану реті мен тыныс белгілерді  ашырата білуге ?йрету.Саба?ты? типі:жа?а білім беру.Саба?ты? т?рі:ашы? саба?.?йымдастыру барысында сыныпты 3 ?атар?а б?ліп ?й тапсырмасын с?радым.О?ушылар белсене ?атысты.Ба?алау пара?ы кретилер бойынша таратыл?ан.Осы?ан байланысты о?ушылар ?з-?здерін ба?алап отырды.Саба??та ?олдан?ан ?дістерім. АКТ о?ыту технологиясын пайдаландым. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?ыстырма с?здер.Тыныс белгілері"»

Өтілетін күні: 20.11.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздің тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөздің тыныс белгілерін дұрыс өз орнына қойып, сауатты жазуын қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:1) Оқушыларға тақырып туралы кеңінен түсінік беру.

2) Сауатты, таза, көркем жазуға машықтандыру.

Ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту.

3) Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалықа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ- жауап әдісі

Сабақтың көрнекілігі:Ереже жазылған плакат,қима қағаз, постер

Сабақтың техникалық көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Бүгінгі күн терезеден

Бізге міне, тұр қарап

Сондай жақсы көңіл-күймен

Басталады бұл сабақ.

Қазақ тілі- бал тілім,

Өзің барда шалқыдым

Тілімнен нәр табармын

Тіліме кім тағар мін.

ә)Сынып ұраны:

Білім алып бүгін алтын ұяда

Ертең әлі шарықтаймыз қияда

Болашақтың ақылды ұл-қызымыз

Көркейтеміз Қазақстан елін біз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

5-жаттығу 85 бет. Дұрыс жазып, ережеге толық жауап берген оқушыларды бағалау.

«Менің Отаным- Қазақстан» туралы қысқа бейнеролик.(слайд көрсету)

ІІІ.Өткенді пысықтау.

Топпен жұмыс:
Қима сұраққа жауап беріп,
Қазақстанның облыс орталықтарын өз бағытына тауып ілу.

Ой шақыру:

Бірыңғай мүшелерге сөйлем құра, тыныс белгілерін дұрыс ажырат.

ІҮ. Жаңа сабақ.Қыстырма сөздердің тыныс белгілері

Тақырып туралы толық түсінік беру.

Ереже: Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы бөлінеді.

а) сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін,

ә) ортасында келсе, екі жағынан,

б) соңында келсе одан бұрын қойылады.

Мысалы:

Шынында, ол кезде бәріміз жас едік.

Осының бәрін, әрине, өзі жалғыз істеген жоқ.

Жақып түсінігі бар бала, меніңше.

Ү.Дәптермен жұмыс
Көркем жазу Ққ
Терме диктант
Тұрлаулы мүшені теріп жаз.(жеке оқыту, ережесін айтызу)

ҮІ.Оқулықпен жұмыс

2-жаттығуда қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгісін қой.

Әрине, ол шаттанып айқайлаған жоқ,айқайлап жүгірмеді де.Керісінше, көнетоз күпәйкісінің жеңімен көзін сүртіп, қорсылдап жылап келе жатты.Неге екенін өзі де білген жоқ.Тек, әйтеуір, туған ауылды көргенде жүрегі елжіреп, көңілі босап сала бергені анық. Туған жерін көп жыл көрмегеннен шығар, бәлкім. ( ерте орындаған бала өзен, көлді атайды)

Қазақстанның өзен, көлдерін атап,өз орнына ілеміз.

ҮІІ.Сергіту сәті: іс-қимылмен

3-жаттығу: Қыстырма сөзді тауып, тыныс белгісін қойып көшіріп жаз
Шығармашылық жұмыс
1-топ: бір сөзбен айтқанда, ІІ-топ: менің ойымша,
ІІІ-топ: дұрысын айтқанда.
Осы берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құра, тиісті жеріне қойылған тыныс белгісінің себебін түсіндір.
Осы тапсырманы дұрыс, ерте орындаған топ Қазақстандағы пайдалы қазбаларды атап өз орнына іледі.

ҮІІІ.Сабақты қорыту:
Постер қорғау

Сурет бойынша қыстырма сөз қатыстырып сөйлем құрау және тыныс белгісінің қойылатын жерін анықтау.

Жаңа сабақты бекіту. Өз пікірін жазып ілу

Білемін

Білдім

Білгім келеді







Сонымен қатар Қазақстан - біздің Отанымыз екендігін мақтан тұту
жайлы айту.

Қорытынды сөз:

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

ІХ. Бағалау: Жақсы жауап берген оқушыларды бағалау.

Х.Үйге тапсырма: 5-жаттығу.87 бет


«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

10 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Ашық сабақ


Пәні: Қазақ тілі


Тақырыбы: «Қыстырма сөздердің тыныс белгілері»















Сыныбы: 4«Ә»

Өткізген: Майрова Б.С.




Тараз қаласы-2015ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? "?ыстырма с?здер.Тыныс белгілері"

Автор: Майрова Береке Смановна

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299131


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства