Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып бір-біріне жылы тілектерін айтады. Балалардың назарын ауа райын бақылауға аударады.
Қарандар, қар көп жауыпты. Қар өте суық,түсі аппақ, жұмсақ. Қар жердің бәрін ақ көрпе сияқты басып жатыр. Ағаш, шыршалардың бәрі қар жамылған. Қыста күн суық болады.- Біз қыста қалай киінеміз?
Билингвальды компонент; марғау- котёнок, қыс- зима, қар-снег, аппақ- белый.
Жұмбақ;Еріксе, құйрығымен ойнайды,
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. (Мысық)
-Балалар бізге қонаққа жүні үлпілдеген марғау келді.Марғау мысықтын баласы.Марғау басынан өткізген қызықты бір оқиғаны айтып берейін,мұқият тындайық.
Бір күні марғау таңертен көзін ашып, керіліп,ұйқысынан оянады.Күндегі әдетінше далаға серуенге шықпақ болады.Ол есіктен шыға бергенде аяғы аппақ,жұмсақ,суық нәрсеге тиеді.Ол қатты қорқып, таңғалып, үйге кіріп, төсектың астына тығылып қалады.
Балалар, марғау қорқып таңғалды?Далада ол нені көрді?Қыста қандай қар болады?
Қар-аппақ, үлпілдек,мамық,жұмсақ,жеңіл.Қыста үйтқып боран соққанда у-у-у-у деген дыбыс шығарды.
- Балалар,кәне,бәріміз көрсетейікші боран қалай ұйтқып соғады?
-Балалар, марғау қарға үйреніп, қорықпас үшін, оны өзімізбен бірге серуенге алып шығайық.
СЕРГІТУ СӘТІ: Беті,қолын жуады,
Тышқандарды қуады.
Тазалықты сақтайды,
Ана оны мақтайды.
"МҰЗДАТАМЫН" дидактиқалық ойыны.
Сұрақ-жауап алып, оқу іс- әрекетін қорытындылайды.
- Далада не бар?
- Қардың түсі қандай?
- Балалар не істеп жүр?
- Қыста қалай киенеді?
- Өз аулаларында немен ойнайсындар?
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ.
ОРЫНДАЙДЫ: қысқы табиғатты сипаттауға берілген тапсырма.
ТҮСІНЕДІ:сөйлем құрастыру үшін сөздерді бір-бірімен мағынасы қарай байланыстыру керектігін.
ҚОЛДАНАДЫ: дыбыстарды дұрыс айта білу.