kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамандықдың ерекшелігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Мамандықдың ерекшелігі

Мақсаты:

1.Сурет арқылы ауызша сөйлеуде сөздердің граматикалық дұрыс  айтуға үйрету

  (жекеше- көпше, септеп-тәуелдеп, жіктеп)

2.Байланыстыра сөйлеуге үйрету.

3. Мамандықтарды құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: мамандық биелерінің суреттері, Буратино қуыршағы, автобус билеттері

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

          +

       -

Мотивациалық-қозғаушы

Буратино келіп, балаларды «Мамандық әлеміне»  саяхатқа шақырады.

Тәрбиеші: Ал, қандай көлікпен саяхатқа барамыз?

Буратино: Менің поездпен барғым келеді. 

Автобус, поезд, ұшақпен - балалардың жауабы,

поездпен баруға балалар келіседі.

Ұйымдастыру- іздестіру

Сергіту сәті

Ал ендеше мендегі билеттерді алып поездқа отырыңдар.

Тәрбиеші билеттің артындағы суреттерге көңіл аударады. Онда әр түрлі мекеменің суреттері салынған.

«Мамандық әлемі»  станциясына тоқталады. Бұл жерден суреттелмеген құрал жабдықтар суреттері мен шатасқан құрал –жабдықтар суретін тауып осы бойынша екі топқа барып бөлінеді.

І топ -өнер орталығына барады, берілген суреттерді мамандар бойынша бейнелейді,

ІІтоп- шатасқан құралдарды алып ол құралдар кімдікі екенін талдауға көшеді.

Д/ойын «Кімнің құралы?»

Құрылысшының, шекарашының, қойшының, дәрігердің, аула тазалаушының,  хаттасушының,  аспазшының,тәрбиешінің  құрал жабдықтары шатасқан суреттерінен неше мамандық иесінің құралдары бар екенін анықтау.

Жұмбақ жасыру: «Қай маман»

1. Алып жатқан жан- жақты,

Үйлерді кім тұрғызды? 

2. Шекарада сақ тұрып,

Көз ілмей кім шығады?  

3. Ерте өріске ат мініп,

Қой жайып кім шығады? 

Слайд бойынша балаларға мамандардың кажеттіліктері және олардың қызметі бойынша айтып берулерін сұрау. (жекеше- көпше, септеп-тәуелдеп, жіктеп) қолдануларын талап ету.

-Жұмыс дәптері

«Кім қайда жұмыс істейді? »

Буратино «Біз қайда болдық айтпаймыз, бірақ  көрсетеміз»  ойынын жүргізеді.

Д/ойын «Мен бастаймын,  сен аяқта»

Мақсаты: Мамандықтарды ажыратуға үйрету

Керекті  көрнекі құралдар: Слайдқа мамандықтардың қажетті құрал жабдықтарының   суреті.

«Қөнілді доп»

Шеңбер бойымен тұрып, тәрбиеші допты лақтырып маманды атайды.

Балалар билеттерді алып поездқа отырады.

Билеттің артындағы мекемелер қандай ғимараттар екенін тауып, онда кімдер жұмыс істейтінін айтады.

Суреттелмеген суретті алып балалар өнер орталығына ал, шатасқан суреттерді алып балалар әдебиет орталығына бөлінеді.

Суретке қарап маманның құралын таба отырып көрсетілген слайдпен салыстырады.

(құрылысшы)

(шекарашы)

(қойшы) слайд суретімен салыстыру.

Балалар сөйлем, әңгіме құрастырады.

Слайд- жұмыс дәптері. Суретке қарап сызып қосады.

Балалар қимылдарын жасайды.

Слайдттағы мамандықтардың қажетті құрал жабдықтары  суретін көріп тәрбиешінің бастаған жұмбағын аяқтау.

Балалар  допты ұстап алып, не істейтінін айтады.

Рефлексивті-түзетуші

Д/ойын «Мен кім боламын?»

Балалар Буратинаға  өздерінің кім болатынын    бір біріне жібереді.

«Мен үлкен боп өскенде –ғарышкер боламын».

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Балалар мамандық түрлері туралы толық білуі қажет.

Нені игереді:

Мамандықтарға қажетті құрал жабдықтарының және ол мамандықтардың не үшін қажеттілігін игеру қажет.

Нені біледі:

Жекеше- көпше, септік-тәуелдік, жіктіктерді сөйлем құрастыруда қолдана біледі.

Қорытынды:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мамандықдың ерекшелігі»

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

«Ғажайып заттар»

Мақсаты:

Көне тұрмыстық заттардың атауын меңгере отырып, сөздік қорларын дамыту

Міндеттері:

Жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, тұрмыстық құралдардың қауіпті болуы мүмкін екендігін үйрету

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

құралдардың суреті, текшелер, ойыншық тұрмыстық заттар


Кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

кезең















Ұйымдастырушы

кезең





Сөздік жұмыс

Тәрбиеші басына орамал тағып алады. Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен үйдің- Отанасымын. Мен тазалық пен тәртіпті жақсы көремін, сондықтан да күнделікті үй шаруасымен айналысамын: кір жуамын, үй жинаймын. Кейде жақсылап дем алғанды, және ойнағанды ұнатамын. Ал сендер менімен ойнағыларың келеді ме? Мына жерде шашылып жатқан не нәрсе? (Текшелерді көрсетеді) Мұны дереу жинамай мен ешқандай ойын ойнай алмаспын. (Балалардың жартысын құрастыру орталығына отырғызады. Тапсырма береді)

Менің үйімде таңғажайып құралдар бар, олар менің көмекшілерім. Олар шулайды, ызылдайды,тарсылдайды.

Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар жасырады.

-Үйімде ақылды роботым бар

Тұмсығы оның ұзын сонар

Ұшақ дерсің гуілдеген

Тазалыққа жаны құмар

Түшкірмей-ақ пысқырмай

Жалықпай ол шаң сорар

-Дұрыс айтасыңдар ол менің көмекшім- шаңсорғыш.Ал мынау менің (сыпыртқының суретін көрсетіп) бұрынғы өткен заманда қолданған сыпырғышым ғой. Ол туралы да көптеген жұмбақтар бар болатын.Мен онымен үйімнің еденін сыпыратынмын.Ал қазір шаңсорғышты пайдаланамын. Кімнің үйінде шаңсорғыш бар? Ол не үшін қажет?

Ал мынау болса (кір жуғыш машинасының суретін көрсетіп) не? Дұрыс, бұл да менің көмекшім. Ал ол жоқ болғанда кірді мен мынадай ыдыста жуғанмын. (Суреттен кір жуатын үлкен легенді көрсетеді)Мұның аты леген.

Ал мына зат(келсаптың суретін көрсетіп)-келсап болады. Бұл бұрын маған неге қажет болды деп ойлайсыңдар?

Ендеше, мен сендерге көмектесейін ол ас үй комбайны сияқты болды. Барлық дәнді, кесек тағамды осы келсаппен тұқ-тұқ –тұқ деп ұрып отырып ұсататынмын. Қане қайталап айтыңдаршы дауысын сағынып қалыппын-тұқ-тұқ-тұқ.(қолдарымен қимыл келтіреді)



Балалар жауап береді.

-Текше

Балалардың жартысы құрастыру орталығына барып тұрмыстық заттарды қоятын сөрелер, тоңазытқыш құрастыруға отырады.













Жұмбақтарды тыңдайды, айрықша белгілері мен түр сипатына тән сөздерге көңіл аудара отырып шешуін табады.,





Өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп тұрмыстық заттар туралы айтады.


Сыртқы пішіні мен құрылымына қарап өз ойларын айтады.


Тәрбиеші жасаған қимылды көрсетіп қайталап айтады.

Сергіту сәті






Қане, барлығың менің қасыма келіңдер, менімен бірге бұрын кірді қалай жуғанымды еске түсірейік:

Кірді салып суға,

Дайындаламын жууға

(екі жеңін түреді)

Ысқылаймын-ысқылаймын(ысқылайды)

Өзім сондай пысықаймын,

Қысамын тым қатты(алақандарымен қысады)

Суы оның көп ақты

Қағып-қағып киімді

Ілеміз толтыра біз жіпті(киімді жайған қимылды келтіреді)






Сөздерді қайталап, қимылдарды белсенді жасайды.







«Затты сипаттап тауып ал» дидактикалық ойын.Балаларға заттарға мұқият қарауларын өтінеді. (ойыншық тұрмыстық заттар қойылады) Заттарды асықпай, мәнерлі дауыспен сипаттайды:

-бүйірі томпиған, ұзын тұмсықты.

- көп қалташалы, ішінде суық ауа бар, өзі биік, т.б

-умаждалған киімді тегістейді, табаны темірден жасалған.

Жұмыс дәптерінен тапсырма береді.Шартын түсіндіреді.

«Құралдарын ауыстыр» дидактикалық ойыны. (фланель тақта қолданады) Тақтада адамдардың үйдегі еңбегі.(үй сыпырған әйел, кір жуып тұрған қыз, келсаппен дән түйіп отырған ер адам)

-Осы адамдардың жұмысын қандай құралдармен жеңілдете аламыз? Онымен балалар қолдануына болады ма?








Заттардың өзіндік белгілеріне қарай табады.





Тапсырманы өздігінен орындайды, талқылайды.



Балалар суреттер арасынан тиісті тұрмыстық құралдарын таңдап алады, өз таңдауларын атап кімге сыйлағысы келетінін айтады, заттың тұрмыстағы қолданыс аясын түсіндіреді (шаңсорғыш, шаңды сорады, қоқысты сорады)

Рефлексивті-түзетуші




-Біздің үімізде қандай заттар бар?

-Олармен не істейміз?

-Бұрын немен кір жуған?

-Дәнді немен ұнтақтадық?

-Шаңсорғыш болмаса немен еденді сыпыруға болады?

Балалар өздері үйренген,білген білімдерін бекітеді, ойларын жинақтайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

қарапайым себеп –салдар байланыстарын анықтай біледі

Нені игереді:

құралдарға қатысты етістіктерді ауыз-екі сөйлеуде қолдануды игереді

Нені біледі:

көне тұрмыстық заттар мен жаңа заттар арасындағы байланысты айта біледі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мамандықдың ерекшелігі

Автор: Салықбаева Гүлнұр Қозыкөрпешқызы

Дата: 09.05.2018

Номер свидетельства: 468876

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Маманды? - ?мір та?дауы " атты т?рбие са?аты."
    ["seo_title"] => string(35) "mamandykomirtandauyattytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "284443"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453983405"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Мені? маманды?ым туралы"
    ["seo_title"] => string(22) "mieninmamandygymturaly"
    ["file_id"] => string(6) "293276"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455449668"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Маманды?ым -ма?танышым!"
    ["seo_title"] => string(21) "mamandygymmaktanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "281478"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453540243"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Конспект урока на тему: "Маманды?тар""
    ["seo_title"] => string(32) "konspiekturokanatiemumamandyktar"
    ["file_id"] => string(6) "292916"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455372639"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "« Етістік. Маманды?тар» "
    ["seo_title"] => string(21) "ietistik-mamandyk-tar"
    ["file_id"] => string(6) "171663"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423710089"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства