kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? маманды?ым туралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Не керек та?ы бізден! – деп с?йікті а?ынымыз М??а?али жырла?андай, талай ?рпа??а арман  бол?ан азат елде ?мір с?ріп, е?бек етіп жат?ан  ба?ытты ?рпа?пыз. Б?гінгі елімізді?  болаша?ы ?шін аянбай е?бек ететін алуан т?рлі маманды?  берілген елімізде ?р адамны? ?зі та?да?ан маманды?ын игеруге ???ы?ы бар.

О? мен солын танып, жеке ?мірге ?адам бас?ан жас адам ?шін ?зі ?нат?ан маманды?ты та?дау, ?рі ме?геруді? ма?ызы ерекше. Маманды? та?дау – ?о?амды?  ?ндірістік ?рдісте ?з орны?ды та?дау, елімізді? ?міріне ?атысуда?ы ?з жолы?ды на?ты  аны?тау. ?рине, ?о?амда с?раныс?а ие,  жала?ысы жо?ары маманды?тарды игеруге талпынатындар к?п. Ешкімге жа?сы ?мір с?руге  тыйым салынбайды. Дегенмен, ?о?ам?а аса ?ажет бала т?рбиесімен тікелей байланысты, ?аншама ?рпа?ты? ал?ысына б?ленген маманды?тарды? ма?ызы ерекше. ?кінішке орай, к?п елене бермейтін, біра? ?о?амны? ?рбір м?шесіні? т?л?а болып ?алыптасуына ?сері ерекше сол маманды?арды? бірі – балаба?ша  т?рбиешісі. Мен та?да?ан б?л маманды?ты? та?ы бір ерекшелігі – адам ?з ?міріні? бар ?ызы?ы-  балаларым осы маманды? иелеріне сеніп тапсырады. Бала ?міріні? ал?аш?ы 6-7 жылдары оны? денсаулы?ы мен а?ыл  - ой, адамгершілік, е?бектену, эстетикалы?  дамуыны? ?алыптаса баста?ан жауапты кезе?і болып саналады. Жалпы, б?л кезе? – баланы? ?орша?ан айналасын белсенділікпен тани бастайтын мезгілі. Ая?ына ны? т?ра баста?ан с?тінен-а? бала ?зі ?шін жа?алы? аша бастайды. Ол ?рт?рлі заттармен танысып, шы??ан дыбыстарды ты?дайды да, оны? к?рнекілік – ?имылды?, к?рнекілік – бейнелілік ойлауы ?алыптаса бастайды. Баланы? назары ай?ын бояулы заттар?а ерекше ауады, сонды?тан балаларды т?рбиелеу процесінде т?рбиешілер алуан т?рлі суреттер мен ойыншы?тарды пайдаланады. Кішкене балалар ?лемі  т?рбиешіден ?те сергек ?рі елгезек болуды талап етеді. ?р баланы? ?зіндік жеке ерекшелігін танып-білген, балалармен   ж?мыс істеуді? ?дістемесін ме?герген т?рбиеші ?ана балаларды топтан-топ?а апарып,  оларды даму мен т?рбиелеуді? ?мірлік баспалда?тарына  к?тере алады. Осылайша, т?рбиеші ?зіні? к?рделілігі мен ?семдігі жа?ынан ешн?рсемен те?естіруге болмайтын, ?айталанбайтын баланы? жеке т?л?а болып ?алыптасу  процесіне басшылы? жасайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? маманды?ым туралы»

Менің мамандығым

(эссе)


.... Әкелер салып кеткен іздерменен,

Келеміз анық басып біздер деген.

Біздер деген – қоғамның қолқанаты,

Біздер бөлек жандармыз сіз көрмеген!

... Өз дәуірін өзгеге билетпейтін,

Күрескерміз.

Не керек тағы бізден! – деп сүйікті ақынымыз Мұқағали жырлағандай, талай ұрпаққа арман болған азат елде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бүгінгі еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ететін алуан түрлі мамандық берілген елімізде әр адамның өзі таңдаған мамандығын игеруге құқығы бар.

Оң мен солын танып, жеке өмірге қадам басқан жас адам үшін өзі ұнатқан мамандықты таңдау, әрі меңгерудің маңызы ерекше. Мамандық таңдау – қоғамдық өндірістік үрдісте өз орныңды таңдау, еліміздің өміріне қатысудағы өз жолыңды нақты анықтау. Әрине, қоғамда сұранысқа ие, жалақысы жоғары мамандықтарды игеруге талпынатындар көп. Ешкімге жақсы өмір сүруге тыйым салынбайды. Дегенмен, қоғамға аса қажет бала тәрбиесімен тікелей байланысты, қаншама ұрпақтың алғысына бөленген мамандықтардың маңызы ерекше. Өкінішке орай, көп елене бермейтін, бірақ қоғамның әрбір мүшесінің тұлға болып қалыптасуына әсері ерекше сол мамандықардың бірі – балабақша тәрбиешісі. Мен таңдаған бұл мамандықтың тағы бір ерекшелігі – адам өз өмірінің бар қызығы- балаларым осы мамандық иелеріне сеніп тапсырады. Бала өмірінің алғашқы 6-7 жылдары оның денсаулығы мен ақыл - ой, адамгершілік, еңбектену, эстетикалық дамуының қалыптаса бастаған жауапты кезеңі болып саналады. Жалпы, бұл кезең – баланың қоршаған айналасын белсенділікпен тани бастайтын мезгілі. Аяғына нық тұра бастаған сәтінен-ақ бала өзі үшін жаңалық аша бастайды. Ол әртүрлі заттармен танысып, шыққан дыбыстарды тыңдайды да, оның көрнекілік – қимылдық, көрнекілік – бейнелілік ойлауы қалыптаса бастайды. Баланың назары айқын бояулы заттарға ерекше ауады, сондықтан балаларды тәрбиелеу процесінде тәрбиешілер алуан түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдаланады. Кішкене балалар әлемі тәрбиешіден өте сергек әрі елгезек болуды талап етеді. Әр баланың өзіндік жеке ерекшелігін танып-білген, балалармен жұмыс істеудің әдістемесін меңгерген тәрбиеші ғана балаларды топтан-топқа апарып, оларды даму мен тәрбиелеудің өмірлік баспалдақтарына көтере алады. Осылайша, тәрбиеші өзінің күрделілігі мен әсемдігі жағынан ешнәрсемен теңестіруге болмайтын, қайталанбайтын баланың жеке тұлға болып қалыптасу процесіне басшылық жасайды.

Мектепке дейінгі мекемелер – мемлекетіміздің білім беру жүйесінің бірінші сатысы болып есептеледі. Бұл мекемелер маңызды әлеуметтік мәселелерді шешеді. Отбасыларға бала тәрбиесінде көмек көрсетеді және әйел – аналардың өндірістік және қоғамдық өмірге белсене қатысуларына нақты жағдайлар жасайды. Барлық мекемелерде балалардың топтық жас ерекшеліктеріне қарай мақсатқа бағдарланған тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Баланың туған тілін, математика, бейнелеу өнерін меңгеруінің алғашқы білім, білік, дағдылары да бала бақшада қалыптасады. Бүгінгі жан-жақты дамыған өміріміздің қатаң талаптарын ескерсек, менің мамандығымның да ізденіске толы мамандық екені белгілі. Балабақшада еңбек еткен жылдарымда өз мамандығымның қыр-сырына қанығып келемін. Балабақша менің өмірімнің ажырамас бөлігіне айналып та үлгерді. Тобымдағы әр баланың тағдырына алаңдау, олардың көңілін табуға тырысу – менен дамылсыз ізденісті, қайрат-жігерді талап етеді. Жан-жақты, мол ақпаратқа ие бүгінгі балабақша баласының жоғары талаптарын қанағаттандыру үшін тәрбиеші қандай болу керек? Өз мамандығын сүйетін, алдымен балаларды сүйетін тәрбиешіні осы сұрақ мазалары анық. Әрбір тәрбиеші үшін әр баланың жүрегіне жол тауып, сеніміне ие болып, олардың ықыласына бөленуден артық бақыт болмаса керек. Ата-аналар мен ұжым құрметіне бөленудің алғы шарттары тобындағы балалардың қабылдауынан бастау алады. Таза, пәк бала сезіміне, сеніміне ие болу – тәрбиеші мамандығының қиындығы мен қызығының дәлелі. Өз басым тәрбиешіні балаларды қараушы, бақылаушы деп бағалайтын көзқарасқа қарсымын. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бұл мамандыққа бүгінгі күн тұрғысынан, ғылыми-педагогикалық тұрғыдан былайша анықтама берген болар едім.

Тәрбиеші – балаларды сүйетін, оларды тәрбиелеу жолында шыдамдылық пен рухани күш-жігерге ие мамандық иесі.

Тәрбиеші – өз Отанының патриоты, әрі өз мемлекетінің білім мен тәрбие беру саясатын ақыл, жүрегімен қабылдаушы.

Тәрбиеші – әлемдік педагогика ғылымының жетістіктері мен озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырушы мамандық иесі.

Тәрбиеші – қазіргі заман баласының білім құмарлық талабын қанағаттандыру, оның қоршаған әлемді тануына көмектесу үшін жан-жақты білімді мамандық иесі.

Тәрбиеші – балалар мен ата-налар үшін беделі ерекше, ата-аналары бала тәрбиесінің маңызды мәселелерін шеше алатын мамандық иесі.

Ата-аналар үкілі үміттерін, балаларын, ал мемлекет болашағын сеніп тапсыратын осындай мамандық иесі болғаныма мақтанамын.


Тәрбиеші – мамандығым сүйікті,

Әр баламен таңы оның арайлы

Риясыз сәби бала көңілінен,

Бойына оның күн шуағы тарайды

Игі істері бастау алар баладан

Ерекше ол мамандықтың иесі

Шыдам, қуат-жігерімен аянбай,

Іргетасын болашақтың қалайды.


Өзімнің сүйікті мамандығым туралы толғанысымды, осы мамандықтың өзіне ғана тән ерекшеліктерін айқындайтын, шын көңілімнен буырқанып шықан мына өлең жолдарыммен аяқтаймын. Бұл мамандық – менің өмірдегі орным, мақсатым, ізденіс – жетістіктерім, рухани дамуым, ұлттық мүддем...












27 «Сәт» бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші: Жанысбекова Жанар Амирқызы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мені? маманды?ым туралы

Автор: Жанысбекова Жанар ?мір?ызы

Дата: 14.02.2016

Номер свидетельства: 293276


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства