kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?ым -ма?танышым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Маманды?ым ма?танышым»

Баймолдина Алтынай Болатбековна,

№ 49 орта мектепті? педагог-психологі,

Тал?ар ?аласы

Ма?саты: О?ушылар?а болаша? маманды? ж?не о?у ба?дарын та?дау?а к?мектесу,

                    маманды? ?лемі ж?не оны? ерекшеліктері туралы д?ниетанымын ке?ейту.

Міндеті:1 Маманды?тарды талдай ж?не та?дай білуге ?йрету.

                2.О?ушыны ?зіні? ?абілетін, бейімін, ?ызы?ушылы?ын маманды??а сай тани    

                  білуге ?йрету.

                3.Маманды? ?лемі туралы а?парат алу ар?ылы ж?не ?зін тану шекарасын  

                   ке?ейту ар?ылы маманды? ба?ытын та?дауда жауапты шешім ?алыптастыру.

К?рнекілігі: интербелсенді та?та, с?ра?, игуралар, ?а?аз

Барысы:

      ?айырлы к?н, ??рметтті ?она?тар, ?стаздар, о?ушылар! Б?гінгі ?йымдастырылып отыр?ан  іс-шарамызда маманды? туралы ??гімелеспекпіз.

   ?лемде 50 мы??а жуы? маманды? бар екенін ж?не жыл сайын о?ан 500-ге тарта жа?а т?рі ?осылып отырады екен. Маманды? та?дау жас?спірімша?та?ы е? ма?ызды шешімдерді? бірі. ?лкен ?мірге енді ?ана ая? бас?ан жас ?ланны? алдында маманды?ты? ?зіне лайы?ты біреуін та?дау міндеті т?рады. Маманды?ты? жаманы жо?, біра? м?ны? кез-келгеніне икемділік ?ажет, б?л жай к?нелту,тама? асырауды? жолы ?ана емес, ?лкен ?нерді, зор шеберлікті ?ажет ететін н?рсе.

   Кейбір жастар маманды? та?дау ережесін білмегендіктен ?зі ?ызы?пайтын маманды?ты та?дайды. Осыдан ?з маманды?ына ?ана?аттанбаушылы?, реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар ??р?ысы келмейді. ?рбір адам ?зін-?зі дамыта алу ?шін білім алып, сол біліміне сай маманды??а машы?тану керек.

       Б?гінгі іс-шарамызды? ма?саты  болаша? маманды?ты та?дауда жауапкершілікті ?алыптастырып, к?сіби ба?дарыны? табандылы?ын аны?тау, психологиялы?-педагогикалы? к?мек беру.

Маманды? дегеніміз не?
О?ушыларды? пікірлері с?ралады
• - Бізді? болаша?ымыз – бізді? маманды?ымызда;
• - адамны? болаша??а апаратын жолы;
• - адамны? алда?ы уа?ыт?а ?ой?ан ма?сатыны? бірі;
• - маманды? бойынша адам ж?мыс істейді;
• - о?уды бітіргеннен кейін та?дайтын маманды?;
• - ол белгілі бір к?сіпке ие болу бейіндігі, ?нату, та?дау, арманы?ды іске асыру;
• - маманды? с?зі ол ж?мыспен сипатталады;
• - келешекке ?ой?ан жоспары, маманды?ын ойда?ыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны ?ала?ан ?абілеті бар к?сіпкерлік ж?мыспен айналысады.
 

    «Маманды?» с?зіне аны?тама беру
      Профессия - латын с?зінен шы??ан, “professio”- аны?тал?ан іс, маманды? дегенді білдіреді.
    Маманды? - ?арапайым ?мір с?ру к?зі болып табылатын ж?не ?андай да бір дайынды?ты, жауапкершілікті талап ететін е?бек ?ызметіні? ма?ызды б?лігі.
Маманды? та?дау - та?дыры?ды та?дау деген с?з. Кейінгі ?мірде ?кінбейтіндей, ?з ?абілеті мен бейімділігіне сай к?сіп т?рін та?дау. Б?л ?те жауапкершілікті ж?не ма?ызды іс. Маманды? та?дауда ?р адам ?зіні? ?ызы?ушылы?ына, ?абілетіне, бейімділігіне, ?алауына с?йену керек. Сондай - а? ?з маманды?ыны? 10 - 20 жыл?а дейін ?з с?ранысын жо?алтпауына к??іл б?леді. Б?л маманды?тар?а деген бір?алыпты т?ра?ты с?раныс деп аталады. ?зіні? с?ранысын, ?ызы?ушылы?ын жойма?ан ке? тара?ан маманды?тар?а д?рігер, м??алім ж?не ??рылысшы маманды?тарын атап ?туге болады. Ал, ?зекті маманды?тар ?атарына жо?ары технология, байланыс, коммуникация, ?леуметтік орта, экономиканы бас?ару маманды?тары ж?не е?бек с?ранысына ?ажетті жа?а маманды?тары жатады.    

Тренинг: «?ол-миды? жал?асы»

     ?лемде сан алуан маманды?тар бар. Ал біз, ?зімізді? таби?и бейімділігімізге ??ілейік:

 Ол ?шін ала?ан бойынша ?ай маманды? саласына  жа?ын екендіктері?ізді аны?таймыз. Сауса?тарымызды ке?ірек ашып, а? пара??а ала?анымызды т?сірейік, бас барма?пен шынаша?ты? ортасын О н?ктесімен белгілеп, ?рбір сауса??а т?зу сызы? ж?ргіземіз. О н?ктесін білезікті? сол жа?, о? жа? жа?тарын да ?амтимыз. Осы ж?ргізілген сызба б?ліктерін сыз?ышпен ?лшейміз.

?орытынды:

1.Егер сізді? ала?ан сызы?ы?ызда бас барма? пен О н?ктесі арасында сызба б?лігі ?зын болса, сіз-бас?арушысыз.

2. О н?ктесімен с?? сауса? н?ктесіні? арасында сызы? бас?аларынан ?зын болса, сізді?-?ор?аушы ?скери ?абілеті?із мол.

3. Ортан ?ол сызы?ы ?зыныра? болса, сіз- саясаткер болу?а бейімсіз.

4. Аты жо? сауса? сызы?ы ?лкенірік болса, сіз ?нерге бейімі?із мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болу?а ?абілеттісіз.

5. Шынаша? сызы?ы ?лкенірік болса, сіз-д?рігерлік шипагарлікке бейімсіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?ым -ма?танышым!»

«Мамандығым мақтанышым»


Баймолдина Алтынай Болатбековна,

49 орта мектептің педагог-психологі,

Талғар қаласы


Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесу,

мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.


Міндеті:1 Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету.

2.Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани

білуге үйрету.

3.Мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын

кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.


Көрнекілігі: интербелсенді тақта, сұрақ, игуралар, қағаз

Барысы:

Қайырлы күн, құрметтті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс-шарамызда мамандық туралы әңгімелеспекпіз.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екенін және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Мамандық таңдау жасөспірімшақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мамандықтың өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту,тамақ асыраудық жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты болашақ мамандықты таңдауда жауапкершілікті қалыптастырып, кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық-педагогикалық көмек беру.


Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

«Мамандық» сөзіне анықтама беру
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.


Тренинг: «Қол-мидың жалғасы»

Әлемде сан алуан мамандықтар бар. Ал біз, өзіміздің табиғи бейімділігімізге үңілейік:

Ол үшін алақан бойынша қай мамандық саласына жақын екендіктеріңізді анықтаймыз. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік, бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің сол жақ, оң жақ жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшейміз.

Қорытынды:

1.Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз-басқарушысыз.

2. О нүктесімен сұқ саусақ нүктесінің арасында сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің-қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- саясаткер болуға бейімсіз.

4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірік болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

5. Шынашақ сызығы үлкенірік болса, сіз-дәрігерлік шипагарлікке бейімсіз.



Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың . Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Әңгімелесу
1) Егер сенің таңдаған оқуыңа түсуіңе ата - анаң келіспесе не істейсің?
2) Егер сен таңдаған мамандығың бойынша оқуға барып, бірақ қажетті балл жинай алмай, оқуға түсе алмай қалсаң не істейсің?
3) Оқуға түскен соң оқуың ұнамай қалса не істейсің?
4) Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
5) Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалу керек деп ойлайсыз?
6) Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
7) Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
8) Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
9) Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?


«Ойыңды дәлелде» Тұжырымдаманы оқып, өз ойларын ортаға салады.

  • Мамандық бір-ақ рет, біржола таңдалады.

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

  • Отбасы және достарының ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

  • Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек.

  • Ақша болса, мамандық қажет емес.

  • Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет.

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем-қызығу мен сұраныстың сәйкестігі.

  • Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.

  • Мамандық таңдау- күн көріс қамы.


Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер:


- мамандыққа бағыт - бағдар берушілерге ауып кету;
- бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру;
- достарынан қалмау үшін мамандық таңдау;
- мектептегі таңдаған пәннің мамандыққа сәйкес келмеуі;
- өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу


«Ең жақсы» ойыны

Қатысушылар екі топқа бөлініп, әрбір топқа мынадай нұсқау беріледі. Оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы: Ең ақшасы көп мамандық-бухгалтер, экономист.

Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті- аспазшы,кондитер.

Ең күлкілі-клоун, карикатуршы

Ең жауапты- сот, бухгалтер.

Ең салмақты- мұғалім, заңгер.

Ең қарым-қатынасы күшті- бизнесмен, менеджер.


«Мамандықта ойнау» ойынының шарты бойынша қатысушылардың бірі мамандықты айтса, келесі оқушы айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықтар түрін айтты. Мысалы: ұстаз-заңгер, эколог-географ.


«Мамандықты жасыр» ойынының шарты бойынша әр топ бір-біріне бір мамандықты жасырып, бейнеледі.Мамандықтарды бейнелеу барысында оқушылар сөйлескен жоқ. Тек қана ым мен ишараның көмегімен мамандықтарды бейнелеп көрсетті. Оқушылар бір-біріне сот, заңгер, депутат, дәрігер, мұғалім және т.б мамандықтарды жасырды.



Релаксация: «Бір минут»


Тренинг: «Сиқырлы карандаш». Менің қолымдағы сиқырлы карандаш кімнің қолына түссе, сол оқушы бүгінгі сабақтан алған әсерін, кемшіліктер мен ерекшелігін айтады.


Талдау: 1. Осы күннен не алдыңыз?

2.Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

Қазақ халқы «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: Бірі-жар таңдағанда, екіншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаған. Сондықтан да болашақ мамандығымызды дұрыс таңдағанымыз, өміріміздің кірпішін дұрыс қалағанымыз!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Маманды?ым -ма?танышым!

Автор: Баймолдина Алтынай Болатбековна

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281478


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства