Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін дамыту. Моншақтың ерекшеліктерін ажырата отыра мүсіндеуге үйрету. Балалардың ұсақ моторикалық қабылетін дамыту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету, ойындар ойнату,әңгімелесу, , дәстүрлі емес әдіспен мүсіндеу Сабақ түрі: кіріктірілген Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: моншақтың суреттері, алдын-ала дайындалған тұзды қамыр, тақтайша, моншақтар, жіптер
Сөздік жұмысы: моншақ
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбер.
Біз ұқыпты баламыз
Айтқан тілді аламыз
Моншақтарды жинаймыз
Үлкендерге сыйлаймыз
Балалар, қараңдаршы бізге көптен күткен қонақтар келіпті.
Канекей, қонақтармен амандасып алайық.
Балалар, біз бүгін Мақта қызға қонаққа барамыз. Ол үшін пойызға отырып барамыз.
Пойызға отырады.
Пыш-пыш-пыш
Балалар шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Амандасады.
Тыңдайды.
Қуанады.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ізденушілік ұйымдастырушылық
Сөздік жұмыс
Сергіту сәті
Ғажайып сәт
Мақта қыз алдарынан шығады. Амандасады.
Мақта қыз саған не болған?
Сені кім ренжітті?
Мақта қыз: Мен әп-әдемі моншағымды үзіп алдым. Соған мұңайып тұрмын.
Балалар, Мақтақызға көмектесеміз бе?
(Балалар пойызға отырады)
Моншақпен таныстырады.
1 –тапсырма: Тұзды қамырды алақан арасына салып, домалату әдісі арқылы
моншақты мүсіндеу.
Шақ- шақ
Моншақ
2-тапсырма: Дайын тұзды қамырдан жасалынған моншақтарды жіпке өткізу.
Моншақтарды алайық
Мойнымызға тағайық.
Дөңгелене би билеп,
Көңілденіп алайық.
3- тапсырма: Моншақтарды түстеріне қарай біріктіру.
Міне, көрдің бе, Мақтақыз саған арнап моншақтарды жіпке тізіп бердік.
Мақта қыз: Рахмет, балалар.
Менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Сыйлықты береді.
Мақта қызбен қоштасып топқа қайтады.
Амандасады.
Таңданады.
-Ия. Көмектесеміз
Моншақпен танысады.
домалату әдісі арқылы
моншақты мүсіндейді.
Моншақтарды жіпке тізеді.
Қимылдар жасап орындайды.
Моншақтарды әр түсіне қарай біріктіреді.
Қуанады.
Қоштасады.
Рефлексивті түзетушілік
Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды. Тәрбиеші: Моншақты кімге жасадық? Балаларды жасаған жұмыстары үшін жеке-жеке мадақтайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнай білді.
Сауалдарға өз ойларымен жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Моншақ туралы біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Тәрбиешіні ұқыптылықпен тыңдай білу. дәстүрлі емес әдістермен қамырдан моншақтың мусінін жасауды.
Май ауданы әкімдігінің Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының
«Айгөлек» бөбектер бақшасы МҚКК
Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызмет: Жаратылыстану, мүсіндеу