Еліміздегі мемлекеттік де?гейдегі балаларды о?алту орталы?ы б?гінгі к?нде барлы? талап пен с?раныс?а сай о?алту шараларын ж?ргізіп келеді. Барлы? ж?ргізіліп отыр?ан о?алту шаралары бірін-бірі толы?тырып, кешенді т?рде ж?ргізіледі. Орталы?ты? негізгі ма?саты физиологиялы?, психологиялы? ауыт?ушылы?тары бар «ерекше балаларды» о?алту бол?анды?тан, осы орайда т?зету-педагогикасыны? ж?мысы ж?зеге асырылуда, оны? ішінде Монтессори-педагогикасы толы? бір педагогикалы? ж?йені ж?зеге асырады. Б?л ?дісті? негізгі ма?саты- бала?а еркіндік беру ар?ылы ?леуметтік орта?а бейімделген, ?з-?зіне сенімді, белсенді т?л?аны ?алыптастыру. Осы негізде Монтессори-педагогикасыны? ?зіндік принциптері бар:
Та?дау еркіндігі;
Зейінін шо?ырландыру;
Арнайы дайындал?ан о?ыту ортасы;
Т?ртіп пен шектеу ?ою принциптері.
Орталы??а т?скен 6 жас?а дейінгі балаларды? барлы?ы Монтессори-педагогикасы кабинетінде бастап?ы тексеруден ?ткізіледі. Ата-аналар?а Монтессори-педагогикасы кабинетіне келген к?ні кабинетті? негізі принциптері туралы толы? т?сінік беріледі.
Та?дау еркіндігі принципі деген не? Монтессори-педагогикасы кабинетінде баланы? ?зіндік ішкі т?йсігі негізінде дамуына жа?дай жасал?ан. Б?л баланы? ?зіндік «МЕНіні?» ?алыптасуына м?мкіндік береді,сондай-а? балада жауапкершілік, сенімділік, ?зін-?зі бас?ару ?абілетері ?алыптаса бастайды. Мысалы, бала ?лкендерді? ?сын?ан материалын алу?а келіспей, ?зі та?дау жасауы м?мкін. Монтессори-педагогикасыны? негізгі ?раны: «М?ны мен, ?ЗІМ орындау?а к?мектес!». Саба? ?стінде балалар еркін ж?ріп та?дау жасай алады. Бала ?зіне д?л ?азір ?ажет материалды ?зі та?дайды, о?ан оны? ішкі т?йсігі к?мектеседі. Б?л кезе?- бала дамуыны? сензитивті кезе?і. Латын тілінен аудар?анда «сензитивті» с?зі «сезімтал» деген ??ымды білдіреді. Бала ?з ?міріні? ?р кезе?дерінде ?р-т?рлі іс-?рекетке ?абілетті болады. Сензитивті кезе?дер туралы Мария Монтессриді? е?бектерінде толы?ыра? баяндал?ан. М.Монтессориді? т?жырымы бойынша « Егер бала?а сензитивті кезе?ді ескермей ?андай да бір ?рекетті м?жб?рлі т?рде орындататын болса, онда бала лайы?ты бір н?тижеге кешеуілдеп немесе м?лдем еш?андай н?тижеге келмеуі де м?мкін». Орталы??а келген ата-аналар баласыны? ал?аш?ы к?ннен математиканы, жазуды, о?уды та?да?анын ?алайды. Педагогтар б?л жерде ата-ана?а д?рыс ке?ес беріп, бала та?дауына кедергі келтірмеуді? д?рыс екенін, бала дамуыны? сензитивті кезе?дерін мысал?а ала отыра т?сіндіріп береді. Сонымен ?атар, баланы? к?нделікті ?мір жатты?уларын, сенсорлы? даму айма?ыны? жатты?уларын ?йренбестен бас?а айма?тар?а баруы еш н?тижеге ?келмейді.
Зейінін шо?ырландыру принципі.
Монтессори ортасында?ы саба?тар барысында балада ?зіндік іс-?рекеттерді орындау?а ?ажетті да?дылар ?алыптаса бастайды. Мысалы, ж?мыс барысында балалар зейінін шо?ырландырып ?за? уа?ыт ж?мыс жасап, баста?ан ісін ая?тау?а да?дыланады. Педагогты? материалмен ж?мыс жасау к?рсетілімін со?ына дейін ты?дап, кейін ?здігінен ж?мыс жасау барысында ?з ?ателіктерін аны?тау?а ?йренеді. Сонымен ?атар балада шыдамдылы?, іжда?аттылы?, ынталылы? ?абілеттері ?алыптаса бастайды. Б?л ?асиеттерді? барлы?ы баланы? ?здігінен та?дау жасауы, ішкі ?ажеттіліктерін сезінуі негізінде ж?зеге асады. Я?ни, Монтессори принциптері бір-бірімен ты?ыз байланысты, бірін-бірін толы?тырып отырады.
Арнайы дайындал?ан о?ыту ортасы принципі.
Дайындал?ан орта Монтессори-педагогикасыны? ажырамас негізі б?лшегі болып саналады. Б?л орта баланы? ?здігінен та?дау жасауына м?мкіндік береді. Монтессори ортасында ?олданылатын барлы? материалдар баланы? м?мкіншілігіне лайы?талып ?йымдастырылады. Барлы? материалдар баланы? к?з алдында, бойы жететін с?релерде орналастырылады. Барлы? материалдар бір данадан ?ана ?ойылуы шарт. Б?л -баланы жина?ылы??а, ??ыптылы??а т?рбиелеуге о?тайлан?ан ?діс. Та?дап ал?ан материалымен бала ?стел басында, кілемшеде ж?мыс жасай алады. Сонымен ?атар баланы? ?зіне серіктес та?дау?а м?мкіндігі бар. Материалмен ж?мыс жасау уа?ытыны? ?за?ты?ын да ?зі та?дайды. Материалдар тікелей ма?саттарына байланысты ?р-т?рлі айма?тарда орналасады.Олар:
К?нделікті ?мір жатты?улары айма?ы.
Сенсорлы? даму айма?ы.
Математика айма?ы
Тіл айма?ы.
?арыш айма?ы.
Шы?арашылы? айма?.
Балалар орталы??а аз уа?ыт?а келетіндіктен барлы? айма?тарды ?амтып ?лгере алмайды. ?сіресе, к?нделікті ?мір жатты?улары айма?ына ерекше ?ызы?ушылы? танытады. Мысалы: шынайы ?тікпен ?тіктеу, ыдыс жуу, елеуішпен жарманы елеу, монша?тарды т?с бойынша пробирка?а іріктеп салу, жіпке монша?тар тізу, пинцетпен ?ысып салу жатты?уларын орындайды. Б?л жатты?улар баланы? ?са? моторикасын, зейінін, с?здік ?орыны? дамуына ы?пал етеді. Балалар материалдармен бірнеше рет ж?мыс жасау ар?ылы ал?ан білімдерін бекіте т?седі. Егер орталы?та бірінші рет бол?ан болса, онда к?нделікті ?мір жатты?уларыны? материалдарына ?ана ?ызы?ушылы? танытуы м?мкін. Мысалы: Амина 3 жаста, диагнозы психикалы? с?йлеу ?абілетіні? тежелуі, ?са? монша?тарды пробиркалар?а т?стері бойынша жинау жатты?уын ?р саба?та бір рет орындайтын, я?ни ?ш жаста?ы баланы? ?са? заттар?а ?ызы?ушылы? таныту кезе?і. Сонымен ?атар б?л жатты?у оны? ?са? моторикасын ж?не тіліні? дамуына ?лкен септігін тигізді. Амина айналым со?ына ?арай 2-3 с?зден т?ратын ?ыс?а с?йлемдер ??растыра бастады. Та?ы бір мысал Н?рислам 3 жаста диагнозы БЦС, спастико-гиперкинетикалы? т?рі, айналым басында ?олына затты ?стауы ?иынды? тудыратын, айналым со?ында жеміс-жидектерді? муляждарын ?здігінен ыдыс?а жинайтын болды.
Сенсорлы? даму айма?ында цилиндрлер блоктары, дыбыс цилиндрлары, т?рлі-т?сті та?тайшалар, геометриялы? денелер, ?ыз?ылт м?нара, ?о?ыр баспалда? т.б материалдар бар. Балаларды? кейбірі тек ?ана цилиндрлер блоктарымен бірнеше к?н бойына ж?мыс жасап, бас?а материалдар?а ?ызы?ушылы? танытпа?ан кездері де бол?ан. Мысалы: Асылбек 2 жаста, диагнозы спастикалы? диплегия, он цилиндрдан т?ратын блогты 2 жасынан бастап блог?а жинау жатты?уын ?иынды?сыз орындай бастады. Б?л жатты?уды? к?мегімен к?збен к?лемді ажырату, салыстыру, сонымен ?атар ?ш сауса?пен цилиндрды т?т?асынан д?рыс ?стау ар?ылы ?са? моторикасын дамытты.
Математика ж?не тіл айма?ы уа?ытты? ты?ызды?ына байланысты толы?ымен ?амтылмайды. Алайда, математика айма?ыны? бірінші топ материалдарына ?ызы?ушылы? танытатын балалар болады. Мысалы: сан ж?не оны? ??рамы, ж?п ж?не та? сандар, цифларды жарма?а жазу. Динур 5 жаста, диагнозы с?йлеу ?абілетіні? тежелуі. ?немі математика айма?ында ж?мыс жаса?анды ?алайтын. Веретена тая?шаларын ?орапты? ?р б?лігіне санап салу жатты?уын орындауды ?нататын. Б?л жатты?у о?ан санны? м?лшері туралы білімін ?алыптастырды ж?не н?л санымен танысу?а м?мкіндік берді. Тимур 5 жаста, диагнозы психикалы? с?йлеу ?абілетіні? тежелуі тіл айма?ында жылжымалы алфавитті? к?мегімен кез-келген с?зді еш?андай ?иынды?сыз жазатын. Мысалы: крокадил, магнитафон, жираф ж?не ?зі жаз?ан с?здерді? суретін с?здік ?орын ке?ейтуге арнал?ан карточкалардан тауып ?келіп ?ойып отырады.
Т?ртіп пен шектеу ?ою принципі.
Монтессори кабинетінде еркіндікпен ?атар, т?ртіпке де ?атты к??іл б?лінеді. Себебі, ?р материалды? с?реде ?з орны бар. Барлы? материалдар тікелей ма?сатына ?арай ?з айма?ында орналасады. Сонымен ?атар, бас?а біреуге б?гет болмау, егер материалмен бас?а бала ж?мыс жасап отырса, к?те т?ру, а?ырын с?йлеу сия?ты кабинетті? ?зіндік ережелері са?талады. Б?л жатты?уларды? к?мегімен бала ?леуметтік ?мірге бейімделе бастайды. Бала ?зі т?ртіпті бол?анымен ?атар ?згелерден де соны талап етеді.
Айналым со?ына ?арай балада ?з-?зіне деген сенімділік ?алыптаса бастайды. Бала материалды ?зі та?дап, ж?мыс со?ында орнына жинауды да?ды?а айналдырады. Зейіні т?ра?сыз балалар ше?бердегі сауса? ойындарын ?айталап, ?арым-?атынас?а т?се бастайды. Балаларды? к?пшілігі Монтессори-педагогика саба?ына ?ызы?ушыл?пен ?атысады.
Азимханова А.М.
Монтессори-педагог.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Монтессори-педагогикасыны? о?алтуда?ы ма?ызы.»
Монтессори-педагогикасының оңалтудағы маңызы.
Еліміздегі мемлекеттік деңгейдегі балаларды оңалту орталығы бүгінгі күнде барлық талап пен сұранысқа сай оңалту шараларын жүргізіп келеді. Барлық жүргізіліп отырған оңалту шаралары бірін-бірі толықтырып, кешенді түрде жүргізіледі. Орталықтың негізгі мақсаты физиологиялық, психологиялық ауытқушылықтары бар «ерекше балаларды» оңалту болғандықтан, осы орайда түзету-педагогикасының жұмысы жүзеге асырылуда, оның ішінде Монтессори-педагогикасы толық бір педагогикалық жүйені жүзеге асырады. Бұл әдістің негізгі мақсаты- балаға еркіндік беру арқылы әлеуметтік ортаға бейімделген, өз-өзіне сенімді, белсенді тұлғаны қалыптастыру. Осы негізде Монтессори-педагогикасының өзіндік принциптері бар:
Таңдау еркіндігі;
Зейінін шоғырландыру;
Арнайы дайындалған оқыту ортасы;
Тәртіп пен шектеу қою принциптері.
Орталыққа түскен 6 жасқа дейінгі балалардың барлығы Монтессори-педагогикасы кабинетінде бастапқы тексеруден өткізіледі. Ата-аналарға Монтессори-педагогикасы кабинетіне келген күні кабинеттің негізі принциптері туралы толық түсінік беріледі.
Таңдау еркіндігі принципі деген не? Монтессори-педагогикасы кабинетінде баланың өзіндік ішкі түйсігі негізінде дамуына жағдай жасалған. Бұл баланың өзіндік «МЕНінің» қалыптасуына мүмкіндік береді,сондай-ақ балада жауапкершілік, сенімділік, өзін-өзі басқару қабілетері қалыптаса бастайды. Мысалы, бала үлкендердің ұсынған материалын алуға келіспей, өзі таңдау жасауы мүмкін. Монтессори-педагогикасының негізгі ұраны: «Мұны мен, ӨЗІМ орындауға көмектес!». Сабақ үстінде балалар еркін жүріп таңдау жасай алады. Бала өзіне дәл қазір қажет материалды өзі таңдайды, оған оның ішкі түйсігі көмектеседі. Бұл кезең- бала дамуының сензитивті кезеңі. Латын тілінен аударғанда «сензитивті» сөзі «сезімтал» деген ұғымды білдіреді. Бала өз өмірінің әр кезеңдерінде әр-түрлі іс-әрекетке қабілетті болады. Сензитивті кезеңдер туралы Мария Монтессридің еңбектерінде толығырақ баяндалған. М.Монтессоридің тұжырымы бойынша « Егер балаға сензитивті кезеңді ескермей қандай да бір әрекетті мәжбүрлі түрде орындататын болса, онда бала лайықты бір нәтижеге кешеуілдеп немесе мүлдем ешқандай нәтижеге келмеуі де мүмкін». Орталыққа келген ата-аналар баласының алғашқы күннен математиканы, жазуды, оқуды таңдағанын қалайды. Педагогтар бұл жерде ата-анаға дұрыс кеңес беріп, бала таңдауына кедергі келтірмеудің дұрыс екенін, бала дамуының сензитивті кезеңдерін мысалға ала отыра түсіндіріп береді. Сонымен қатар, баланың күнделікті өмір жаттығуларын, сенсорлық даму аймағының жаттығуларын үйренбестен басқа аймақтарға баруы еш нәтижеге әкелмейді.
Зейінін шоғырландыру принципі.
Монтессори ортасындағы сабақтар барысында балада өзіндік іс-әрекеттерді орындауға қажетті дағдылар қалыптаса бастайды. Мысалы, жұмыс барысында балалар зейінін шоғырландырып ұзақ уақыт жұмыс жасап, бастаған ісін аяқтауға дағдыланады. Педагогтың материалмен жұмыс жасау көрсетілімін соңына дейін тыңдап, кейін өздігінен жұмыс жасау барысында өз қателіктерін анықтауға үйренеді. Сонымен қатар балада шыдамдылық, іждағаттылық, ынталылық қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл қасиеттердің барлығы баланың өздігінен таңдау жасауы, ішкі қажеттіліктерін сезінуі негізінде жүзеге асады. Яғни, Монтессори принциптері бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірін толықтырып отырады.
Арнайы дайындалған оқыту ортасы принципі.
Дайындалған орта Монтессори-педагогикасының ажырамас негізі бөлшегі болып саналады. Бұл орта баланың өздігінен таңдау жасауына мүмкіндік береді. Монтессори ортасында қолданылатын барлық материалдар баланың мүмкіншілігіне лайықталып ұйымдастырылады. Барлық материалдар баланың көз алдында, бойы жететін сөрелерде орналастырылады. Барлық материалдар бір данадан ғана қойылуы шарт. Бұл -баланы жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеуге оңтайланған әдіс. Таңдап алған материалымен бала үстел басында, кілемшеде жұмыс жасай алады. Сонымен қатар баланың өзіне серіктес таңдауға мүмкіндігі бар. Материалмен жұмыс жасау уақытының ұзақтығын да өзі таңдайды. Материалдар тікелей мақсаттарына байланысты әр-түрлі аймақтарда орналасады.Олар:
Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.
Сенсорлық даму аймағы.
Математика аймағы
Тіл аймағы.
Ғарыш аймағы.
Шығарашылық аймақ.
Балалар орталыққа аз уақытқа келетіндіктен барлық аймақтарды қамтып үлгере алмайды. Әсіресе, күнделікті өмір жаттығулары аймағына ерекше қызығушылық танытады. Мысалы: шынайы үтікпен үтіктеу, ыдыс жуу, елеуішпен жарманы елеу, моншақтарды түс бойынша пробиркаға іріктеп салу, жіпке моншақтар тізу, пинцетпен қысып салу жаттығуларын орындайды. Бұл жаттығулар баланың ұсақ моторикасын, зейінін, сөздік қорының дамуына ықпал етеді. Балалар материалдармен бірнеше рет жұмыс жасау арқылы алған білімдерін бекіте түседі. Егер орталықта бірінші рет болған болса, онда күнделікті өмір жаттығуларының материалдарына ғана қызығушылық танытуы мүмкін. Мысалы: Амина 3 жаста, диагнозы психикалық сөйлеу қабілетінің тежелуі, ұсақ моншақтарды пробиркаларға түстері бойынша жинау жаттығуын әр сабақта бір рет орындайтын, яғни үш жастағы баланың ұсақ заттарға қызығушылық таныту кезеңі. Сонымен қатар бұл жаттығу оның ұсақ моторикасын және тілінің дамуына үлкен септігін тигізді. Амина айналым соңына қарай 2-3 сөзден тұратын қысқа сөйлемдер құрастыра бастады. Тағы бір мысал Нұрислам 3 жаста диагнозы БЦС, спастико-гиперкинетикалық түрі, айналым басында қолына затты ұстауы қиындық тудыратын, айналым соңында жеміс-жидектердің муляждарын өздігінен ыдысқа жинайтын болды.
Сенсорлық даму аймағында цилиндрлер блоктары, дыбыс цилиндрлары, түрлі-түсті тақтайшалар, геометриялық денелер, қызғылт мұнара, қоңыр баспалдақ т.б материалдар бар. Балалардың кейбірі тек ғана цилиндрлер блоктарымен бірнеше күн бойына жұмыс жасап, басқа материалдарға қызығушылық танытпаған кездері де болған. Мысалы: Асылбек 2 жаста, диагнозы спастикалық диплегия, он цилиндрдан тұратын блогты 2 жасынан бастап блогқа жинау жаттығуын қиындықсыз орындай бастады. Бұл жаттығудың көмегімен көзбен көлемді ажырату, салыстыру, сонымен қатар үш саусақпен цилиндрды тұтқасынан дұрыс ұстау арқылы ұсақ моторикасын дамытты.
Математика және тіл аймағы уақыттың тығыздығына байланысты толығымен қамтылмайды. Алайда, математика аймағының бірінші топ материалдарына қызығушылық танытатын балалар болады. Мысалы: сан және оның құрамы, жұп және тақ сандар, цифларды жармаға жазу. Динур 5 жаста, диагнозы сөйлеу қабілетінің тежелуі. Үнемі математика аймағында жұмыс жасағанды қалайтын. Веретена таяқшаларын қораптың әр бөлігіне санап салу жаттығуын орындауды ұнататын. Бұл жаттығу оған санның мөлшері туралы білімін қалыптастырды және нөл санымен танысуға мүмкіндік берді. Тимур 5 жаста, диагнозы психикалық сөйлеу қабілетінің тежелуі тіл аймағында жылжымалы алфавиттің көмегімен кез-келген сөзді ешқандай қиындықсыз жазатын. Мысалы: крокадил, магнитафон, жираф және өзі жазған сөздердің суретін сөздік қорын кеңейтуге арналған карточкалардан тауып әкеліп қойып отырады.
Тәртіп пен шектеу қою принципі.
Монтессори кабинетінде еркіндікпен қатар, тәртіпке де қатты көңіл бөлінеді. Себебі, әр материалдың сөреде өз орны бар. Барлық материалдар тікелей мақсатына қарай өз аймағында орналасады. Сонымен қатар, басқа біреуге бөгет болмау, егер материалмен басқа бала жұмыс жасап отырса, күте тұру, ақырын сөйлеу сияқты кабинеттің өзіндік ережелері сақталады. Бұл жаттығулардың көмегімен бала әлеуметтік өмірге бейімделе бастайды. Бала өзі тәртіпті болғанымен қатар өзгелерден де соны талап етеді.
Айналым соңына қарай балада өз-өзіне деген сенімділік қалыптаса бастайды. Бала материалды өзі таңдап, жұмыс соңында орнына жинауды дағдыға айналдырады. Зейіні тұрақсыз балалар шеңбердегі саусақ ойындарын қайталап, қарым-қатынасқа түсе бастайды. Балалардың көпшілігі Монтессори-педагогика сабағына қызығушылқпен қатысады.