kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Махаббат пен ізгі сезімдер әлемі" ұйымдастырылған оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларға махаббат және ізгі сезімдер әлемі деген ұғымды ашу, туыстарына, жақындарына, Отанға деген махаббатын, сүйіспеншілігін білдіруге ынталандыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Махаббат пен ізгі сезімдер әлемі" ұйымдастырылған оқу қызметі»

Бөлім: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Махаббат пен ізгі сезімдер әлемі

Сабақтың мақсаты: балаларға махаббат және ізгі сезімдер әлемі деген ұғымды ашу, туыстарына, жақындарына, Отанға деген махаббатын, сүйіспеншілігін білдіруге ынталандыру.

Әдістер: әңгіме, түсіндіру, ойын, сахналау.

Құрал-жабдықтар: презентация, желім, суреттер, жүрек тәрізді ойыншық, күн көзінің макеті.

Шаттық шеңбері:

Балабақшам арманым,

Сені қатты сүйемін.

Достарым аман бармысың,

Шеңберге кел тұрайық.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз.

Өзіммен-өзім: (Тыныштық сәті)

(Әуен ойналады.)

- Балалар, кәне, өз жүректеріміздің дүрсілін тыңдап көрейікші. Көздеріңді жұмып, жүректеріңнің махаббат сезімін елестетіп көріңдерші. Ол мейірімді, мөлдір таза, ақкөңіл, шынайы бола алады.

(Әуен тоқтайды.)

- Кәне, бір сәт тыныштықта отырайықшы. Ойланып, жүрегімізді тыңдап көрейік...

Әңгімелесейік:

-Махабат дегеніміз не?

-Махаббат ол жүрегіміздегі шаттықтың, татулықтың, мейрімділіктің, қуаныштың, сүйіспеншіліктің орны.

  • Балалар, кім жүрегіндегі махаббат сезімімен бөліскісі келеді?

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, тек адамға деген махаббат қана бола ма?

  • Тағы да неге деген махаббат болады?

  • Табиғатқа деген махаббат болады.

  • Отбасына деген махаббат болады.

  • Балабақшаға деген махаббат болады.

  • Жан-жануарға деген махаббат болады.

  • Отанына деген махаббат болады.

- Балалар, өткен сабақта мен сендерге үй тапсырмасын берген едім. Жүректеріңдегі сезімдерің жайлы әңгіме құрастыру.

(Слайдпен жұмыс.)

Аружан:

Менің Отанға деген махаббатым өте зор. Отаным – Қазақстан Республикасы, Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Елордамыз – Астана қаласы деп үлкен мақтанышпен айта аламын. Қазақстан - бірлігі жарасқан, егеменді ел. Отанымыз – жері бай, кең байтақ өлке. Табиғаты мейлінше алуан түрлі. Оның байтақ жеріңде жазықтар да, қыраттар да, таулар да бар. Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін жүз елуден астам мемлекет таныды.


Ж.Аделя:

Менің отбасыма деген махаббатым ерекше. Мынау менің отбасым. Менің әкем, анам, әпкем және мен. Анам демалыс күндері бізге тәтті бәліш пісіреді. Әкем екеуіміз саябаққа, аквапаркқа жиі барамыз. Ал әпкем маған әрдайым ұйықтар алдында қызықты ертегілер оқып береді. Біз отбасымызбен ойын-сауық орталығына барғанды ұнатамыз. Менің отбасым тату-тәтті өмір сүреді.

Малика:

Бұл біздің «Балдәурен» балабақшамыз. Менің оған деген сүйіспеншілігім шексіз. Балабақшада достарым көп. Олармен серуен кезінде қызықты ойындар ойнаймыз. Сабақтарымыз әрдайым қызықты өтеді. Дене тәрбиесі сабағында түрлі жаттығулар жасап, денемізді шынықтырамыз. Басейінде шомыламыз. Көптеген қызықты мерекелер өтеді.

Альбина:

Мынау менің бөлмем. Бөлмемде кітаптар мен ойыншықтар сөресі бар. Ал мынау менің сүйікті тасбақам. Оының аты - ... . Мен оны жан тәніммен жақсы көремін. Онымен сырласқан өте қызықты. Мен оны шомылдырамын, тамақтандырып, далаға серуенге шығарамын. Менің табиғат тіршілігінің жан-жануарлар әлеміне деген сүйіспеншілігім, махаббатым шексіз.

Н.Алихан:

Біздің табиғатымыздың сұлулығы менің жүрегімді толғандырады және қуантады. Мен табиғаттағы күннің мейірімділігін, құстардың ән салғаның, жердің төзімділігін және судың тазалығын сүйемін. Және табиғатпен сырласқанды ұнатамын.

Сергіту сәті:

Махаббат, махаббат,

Махаббат барлық жерде! (қолды алға созып, жаю)

Махаббат, махаббат,

Махаббат менде, (қолды төске қою)

Махаббат, махаббат,

Махаббат сенде!(қолды алға созу)

Тыңдайық-ойланайық:

Сухомлинскийдің «Бір ананың жеті қызы» әңгімені сахналап, тамашалайық.

(әңгімені сахналау)

Әңгімелесейік.

-Балалар, сендерге қыздардың көрсеткен көріністері ұнады ма? Әңгіме не туралы? Қыздардың анасы қайда барыпты? Үйге қашан оралды? Ал қыздары анасын сағынып па? Қалай?

-Бір қызы күн сәулесін күткен көк нәр гүліндей сағыныпты.

  • Екіншісі бір тамшы суды ансаған шөлдей күтті.

  • Үшіншісі анасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жылапты.

  • Төртінші қызы гүл таппаған ара сияқты күтіпті.

  • Бесінші қызы раушан гүлінің түсіне еңген шық тамшыларындай болып көрініпті.

  • Алтыншы қызы шие бағын іздеген бұлбұлдай жолын қараумен болыпты.

  • Ал маған жетінші қыз ұнады, себебі ол анасына өз сүйіспеншілігін, махаббатын еңбек пен іспен көрсетті. Ол анасының аяқ киімін шешіп аяқ жууға су әкелді.

  • Сонымен, балалар, сүйіспеншілік адам бойындағы жақсылықтың белгісі, асыл қасиеті.

Ойнайық: Махаббат деген – әрқайсымыздың жүрегіміздегі кішкентай күн. Біз осы кішкентай күніміздің сәулелері арқылы махаббат нұрын төгеміз. Ал енді мен сендерді ойынға шақырамын. Әрқайсымыз бір-бір сәуле болып, «күнімізді» қоршап, тұра қалайық. Енді қолдарымыздағы мына жүрекше арқылы сезімдерімсізді жеткізейік. (Кішкене жүрекшені қолдану)

Махаббат нұрын төгемін,

Бәріңе саулық тілеймін!

Махаббат нұрын төгемін,

Әжеме сау бол дер едім!

Махаббат нұрын төгемін,

Анама бақыт тілеймін!

Махаббат нұрын төгемін,

Әкеме шаттық тілеймін!

Махаббат нұрын төгемін,

Ағама қайрат тілеймін!

Махаббат нұрын төгемін,

Отанымды сүйемін!

Махаббат нұрын төгемін,

Бахытты өмір сүремін!

Махаббат нұрын төгемін,

Балабақшама келемін!

Махаббат нұрын төгемін,

Ініме көмек беремін!

Махаббат нұрын төгемін,

Досыммен күнде ойнаймын!

Махаббат нұрын төгемін,

Жер-ананы сыйлаймын!

Махаббат нұрын төгемін,

Бәріне жақсылық ойлаймын!

Шығармашылық жұмыс:

- Махаббат сөздерін біз кімдерге айтамыз?

- Туыстарымызға, достарымызға, ата-әжемізге, ата-аналарымызға, Отанымызға, т.б.

- Ендеше, біз қазір ақ параққа әрқайсымыз мынау суреттер арқылы жүректен шыққан сезімімізді білдірейік.

- Балалар, мына сурет белгілері нені білдіреді?

Жүрек – біз сізді жақсы көреміз.

Күн – күн сияқты мейрімдісіз.

Гүл – сіз өте әдемісіз.

Көгершін – бейбітшілік тілеймін.

Бүркіт – қыран құстай биікке самғай беріңіз.

Қорытындылайық:

-Балалар, бүгін біз махаббат пен ізгі сезімдер жайында әңгімелестік. Мен сендерді сол сезімдеріңді, бір-бірлеріне сыйлау үшін жүректен-жүрекке шеңберіне шақырамын.

«Жүректен жүрекке» шеңбері: (Суреттер арқылы)

Асқар таудай мықты бол,

Күндей жарқырап жүр.

Мөлдір судай таза бол.

Айдай сұлу бол.

Гүлдей құлпырып жүр.

Ағаштай берік бол.

Жылқыдай жүйрік бол.

Түйедей төзімді бол.

Аспандай ашық бол.

Қыран құстай биікке самғай бер.

Жолбарыстай қайратты,

Арыстандай айбатты бол.

- Балалар, мен сендердің әрқашан мейрімді, жанашыр, қамқор болатындарыңа сеннемін. Жақсы көңілмен сабақты аяқтайық.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Махаббат пен ізгі сезімдер әлемі" ұйымдастырылған оқу қызметі

Автор: Бектенова Назгуль Кенесовна

Дата: 30.10.2018

Номер свидетельства: 482686

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Сыныптан тыс о?уды ?йымдастыру жолдары"
    ["seo_title"] => string(35) "synyptantysokudyuiymdastyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "313009"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459424473"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Ту?ан тілім."
    ["seo_title"] => string(14) "tug-an-tilim-1"
    ["file_id"] => string(6) "258226"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448464747"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) ""Атамекен-алтын бесік" ?зін ?зі тану п?нінен ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(58) "atamiekien-altyn-biesik-ozin-ozi-tanu-p-ninien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "211286"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431597577"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ш.Сариев. "Т?уелсіздік монументі" "
    ["seo_title"] => string(34) "sh-sariiev-t-uielsizdik-monumienti"
    ["file_id"] => string(6) "152115"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420807665"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "«?зін -?зі тану» п?ніні? ба?дарламасына т?сінік "
    ["seo_title"] => string(45) "ozin-ozi-tanu-p-ninin-bag-darlamasyna-tusinik"
    ["file_id"] => string(6) "179343"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424976624"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства