Мектепке дейінгі ?йымдарды? ересектер мен мектепалды топтарына арнал?ан «?зін -?зі тану» п?ніні? ба?дарламасына т?сінік
?азіргі та?да білім беру мен т?рбие ж?йесін ?о?ам с?раныстарына с?йкес жа?арту мен дамыту м?селелері ?зекті болып отыр. Осы орайда, мектепке дейінгі білім беру ?йымдарында о?ыту мен т?рбиелеу ж?йесін ізгілендіру басты ба?ыт болып, жал?асын табуда. Атал?ан м?селеде «?зін -?зі тану» п?ні ма?ызды роль ат?аруда.
Елімізді? ?здіксіз білім беру ж?йесіндегі «?зін -?зі тану» рухани – адамгершілік білім беру алдында мынандай жалпы ма?саттар ?ояды:
?зіні? ?мірлік ай?ындамасын аны?тау;
т?рлі м?селелерді адамгершілік ?а?ида?а с?йкес сындарлы т?рде шешу;
?з ойын, с?зі мен ісін адамгершілік т?р?ысынан тану?а дайын болу ж?не о?ан жауапты болу;
?о?ам?а ?ызмет ету да?дыларын іс ж?зінде дамыту.
?зін - ?зі тану ба?дарламасыны? мектепке дейінгі кезе?дегі негізгі
ма?саты мынандай:
мейірімділік, махаббат, сыпайылы?, адалды?, Отан, ?мір, денсаулы?, адам, отбасы, досты?, таби?ат сия?ты рухани – адамгершілік ??ндылы?тар туралы бастап?ы т?сінік беру;
жа?сы мен жаманны? не екенін т?сіндіріп, жа?сы мен жаман ?рекеттерді ажырата алу?а, ?лкенді сыйлап, мейірімділік таныта
Мектепке дейінгі білім берудегі п?н мазм?ныны? ??рлымы т?менде берілген
«?зін -?зі тану» п?ніні? Мемлекеттік жалпы?а міндетті стандартында?ы к?тілетін н?тижелер де?гейлеріне с?йкес та?ырыпты? ж?йеде топтастырылады. Жалпы п?н мазм?ныны? логикалы? ??рылымын ?зін - ?зі тану бойынша к?тілетін н?тижелер ж?йесі негізінде аны?тау?а жалпыадамзатты? ??ндылы?тар ж?йесі, жеке т?л?аны? негізгі ?асиеттері, адамзат жина?та?ан ?леуметтік т?жірбиені? ??рамдас компоненттері негіз болып, т?рт б?лімді ?амтыды.
Мектепке дейінгі білім беру ж?йесіндегі ересектер тобы ж?не мектепалды топтарында?ы п?н мазм?ныны? ??рылымын атал?ан кезе?дегі т?рбиелеу мен о?ыту мазм?ны, балаларды? жас ерекшеліктері мен жалпы ?зін - ?зі тану п?ніні? базалы? білім беру мазм?нын аны?тауды? ба?дарлары негізінде, о?у жетістіктеріні?
бірініші, екінші де?гейіндегі к?тілетін н?тижелерге с?йкес, т?рт негізгі б?лімге топтастырылды.
1. Мен адаммын
Адамгершілік ?ліппесі
?арым – ?атынас ?уанышы
Мен ж?не мені? ?лемім
1 - де?гей (ересектер тобы)
Бес жаста?ы бала:
мейірімділік, махаббат, сыпайылы?, адалды? сия?ты рухани – адамгершілік ?асиеттер туралы т?сініктерді білуі;
жа?сы мен жаманны? не екенін т?сініп, жа?сы мен жаман ?рекеттерді ажырата алуы;
?орша?ан таби?ат?а ??ыпты ?атынас жасау ?ажеттілігін білуі ж?не т?сінуі;
сурет салу, м?сіндеу, ??растыру ар?ылы ?з к??іл к?йін жеткізе алуы;
с?з бен мінездегі жаман – жа?сыны ажырата алуы, ?йдегі, балалар ба?шасында?ы, ?о?амды? орындарда?ы жалпы ?абылдан?ан нормалар мен ережелерді са?тай білуі керек.
2 – де?гей (мектепалды тобы)
Алты жаста?ы бала:
Отан, ?мір, денсаулы?, махаббат, адам, отбасы, досты?, таби?ат сия?ты адамгершілік ??ндылы?тар туралы бастап?ы т?сініктерді білдіру;
мейірімділік, сыйласты?, ?ам?орлы?, адалды?, ма?таныш, патриотты? адамгершілік ??ндылы?тары, сондай – а? жа?ымсыз ?асиеттер туралы т?сініктерді білуі;
?орша?ан таби?ат с?лулы?ын ?уанышты ?абылдай алуы, о?ан ?ам?ор бола білуі;
?зін тану?а ?ызы?ушылы? к?рсете білуі;
адамдарды сыйлап, тілектестік, жанашырлы? таныта алуы;
салауатты ?мір салты ережелерін т?сінуі ж?не ?олдана білуі;
балалар ?жымында ?арым – ?атынас жасай алуы, ?зара ?рекеттесе білуі;
ойын кезінде ?з ?ызы?ушылы?тарын ?згелерді? ?ызы?ушылы?тарымен ?йлестіре алуы;
отбасында ж?не ??рбыластарыны? арасында ?зара к?мекке, ынтыма?тасты??а даярлы?ын таныта алуы;
бейнелі т?рде ойлай, ?иялдай білуі, шы?армашылы? іс - ?рекеттер кезінде (музыка, ойын, би, ?ойылымды? к?ріністер) ?з ?абілеттері мен м?мкіндіктерін к?рсете алуы тиіс.
Ба?дарламада ?зіндік ?згермейтін, міндетті бірнеше негізгі м?селелер бар.
?р бала?а жеке дара т?л?а ретінде жеке басына сыйласты?пен, т?сінікпен ?арау;
балалар?а ?з іс - ?рекетін жоспарлау ж?не дамыту орталы?тарын ?йымдастыру ар?ылы та?даулары мен дамуын іске асыру?а к?мектесу;
о?у – т?рбие ?рдісіне отбасын ?атыстыру.
АНЫ?ТАМА
«Мен адаммын» - атты бірінші тарау да мектепке дейінгі балалар ?шін рухани – адамгершілік білім беруді? ал?аш?ы кіріспесі болып танылды, со?ан байланысты «?зін - ?зі тану ?леміне» саяхат саба?ынан басталды. Оларды? ?р?айсысыны? ?айталанбас дара т?л?а екендіктері есепке алына отырып саба?тарда ?р баланы? есіміне, жеке бас ерекшеліктеріне назар аударды – п?нні? ма?саты, міндеттеріне орай оларды? тек ?з бастарыны? ?ана емес, жалпы адамдар туралы ??ым ?алыптастырап, топта ерекше атмосфера орнатылды. ?р саба?ты? мазм?нында мектепке дейінгі балаларды? психо – физиологиялы? ерекшеліктеріне орай ?зіндік «Менімен» ?атар ?згелермен де санаса білу, жа?сы к?ру, ?ам?орлы?, ?згелерге ?уаныш сыйлау, эмоциялы? ?серлену, орынсыз ?ылы?тарына ?ялу, ?апалану, ренжу сия?ты сезімдерін ?алыптастыру да с?з болды, ол ?асиеттер ?р саба? мазм?ндарында жа?а сипат?а ие болып отырды. Берілген саба?тар мазм?ны ар?ылы балалар ?зін - ?зі тану?а, ?з іс - ?рекеттерін бас?ара білуге, бас?алар?а жанашарлы? таныту?а, ?зге адамдар?а жа?сылы? тілеп к?мек к?рсете алу?а ?йренді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««?зін -?зі тану» п?ніні? ба?дарламасына т?сінік »
Мектепке дейінгі ұйымдардың ересектер мен мектепалды топтарына арналған «Өзін -өзі тану» пәнінің бағдарламасына түсінік
Қазіргі таңда білім беру мен тәрбие жүйесін қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселелері өзекті болып отыр. Осы орайда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ізгілендіру басты бағыт болып, жалғасын табуда. Аталған мәселеде «Өзін -өзі тану» пәні маңызды роль атқаруда.
Еліміздің үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін -өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру алдында мынандай жалпы мақсаттар қояды:
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаға сәйкес сындарлы түрде шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілік қарым – қатынас жасау;
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
өзімен - өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс - әрекеттерінде шынайы болу;
жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан тануға дайын болу және оған жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Өзін - өзі тану бағдарламасының мектепке дейінгі кезеңдегі негізгі
мақсаты мынандай:
мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық, Отан, өмір, денсаулық, адам, отбасы, достық, табиғат сияқты рухани – адамгершілік құндылықтар туралы бастапқы түсінік беру;
жақсы мен жаманның не екенін түсіндіріп, жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алуға, үлкенді сыйлап, мейірімділік таныта
алуға, достарына, туыстары мен жақындарына шамасына қарай көмек көрсетіп, қамқор болуға, мейірімді болуға үйрету.
Мектепке дейінгі білім берудегі пән мазмұнының құрлымы төменде берілген
«Өзін -өзі тану» пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес тақырыптық жүйеде топтастырылады. Жалпы пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін - өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі, жеке тұлғаның негізгі қасиеттері, адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірбиенің құрамдас компоненттері негіз болып, төрт бөлімді қамтыды.
Адамның өзін - өзі тануы
Адам және қоршаған орта
Адам және қоғам
Адамзаттың рухани тәжірибесі
Бұл тараулар мазмұны өзін - өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тану сияқты мазмұндық желілер арқылы құрылады. Аталған мазмұндық желілір оқу материалын оңайлы орналастыруға және талқыланатын мәселені жүйелі, бірізді қарастыруға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі ересектер тобы және мектепалды топтарындағы пән мазмұнының құрылымын аталған кезеңдегі тәрбиелеу мен оқыту мазмұны, балалардың жас ерекшеліктері мен жалпы өзін - өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұнын анықтаудың бағдарлары негізінде, оқу жетістіктерінің
бірініші, екінші деңгейіндегі күтілетін нәтижелерге сәйкес, төрт негізгі бөлімге топтастырылды.
Мен адаммын
Адамгершілік әліппесі
Қарым – қатынас қуанышы
Мен және менің әлемім
1 - деңгей (ересектер тобы)
Бес жастағы бала:
мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық сияқты рухани – адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерді білуі;
жақсы мен жаманның не екенін түсініп, жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алуы;
эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлау, мейірімділік таныта алуы;
достарына, туыстары мен жақындарына шамасына қарай көмек көрсету және қамқор бола алуы;
салауатты өмір салты туралы қарапайым білімдерді игеруі және алғашқы дағдыларды білуі;
қарама –қарсы жыныстағы адамдарға құрмет көрсете алуы;
қоршаған табиғатқа ұқыпты қатынас жасау қажеттілігін білуі және түсінуі;
сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алуы;
сөз бен мінездегі жаман – жақсыны ажырата алуы, үйдегі, балалар бақшасындағы, қоғамдық орындардағы жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді сақтай білуі керек.
2 – деңгей (мектепалды тобы)
Алты жастағы бала:
Отан, өмір, денсаулық, махаббат, адам, отбасы, достық, табиғат сияқты адамгершілік құндылықтар туралы бастапқы түсініктерді білдіру;
мейірімділік, сыйластық, қамқорлық, адалдық, мақтаныш, патриоттық адамгершілік құндылықтары, сондай – ақ жағымсыз қасиеттер туралы түсініктерді білуі;
қоршаған табиғат сұлулығын қуанышты қабылдай алуы, оған қамқор бола білуі;
өзін тануға қызығушылық көрсете білуі;
адамдарды сыйлап, тілектестік, жанашырлық таныта алуы;
мінез – құлық нормаларының қарапайым түрлерін ұстана білуі, өзін - өзі қызмет етудің бастапқы дағдыларын игере алуы;
салауатты өмір салты ережелерін түсінуі және қолдана білуі;
балалар ұжымында қарым – қатынас жасай алуы, өзара әрекеттесе білуі;
ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре алуы;
отбасында және құрбыластарының арасында өзара көмекке, ынтымақтастыққа даярлығын таныта алуы;
бейнелі түрде ойлай, қиялдай білуі, шығармашылық іс - әрекеттер кезінде (музыка, ойын, би, қойылымдық көріністер) өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсете алуы тиіс.
Бағдарламада өзіндік өзгермейтін, міндетті бірнеше негізгі мәселелер бар.
әр балаға жеке дара тұлға ретінде жеке басына сыйластықпен, түсінікпен қарау;
балаларға өз іс - әрекетін жоспарлау және дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы таңдаулары мен дамуын іске асыруға көмектесу;
оқу – тәрбие үрдісіне отбасын қатыстыру.
АНЫҚТАМА
«Мен адаммын» - атты бірінші тарау да мектепке дейінгі балалар үшін рухани – адамгершілік білім берудің алғашқы кіріспесі болып танылды, соған байланысты «Өзін - өзі тану әлеміне» саяхат сабағынан басталды. Олардың әрқайсысының қайталанбас дара тұлға екендіктері есепке алына отырып сабақтарда әр баланың есіміне , жеке бас ерекшеліктеріне назар аударды – пәннің мақсаты, міндеттеріне орай олардың тек өз бастарының ғана емес, жалпы адамдар туралы ұғым қалыптастырап, топта ерекше атмосфера орнатылды. Әр сабақтың мазмұнында мектепке дейінгі балалардың психо – физиологиялық ерекшеліктеріне орай өзіндік «Менімен» қатар өзгелермен де санаса білу, жақсы көру, қамқорлық, өзгелерге қуаныш сыйлау, эмоциялық әсерлену, орынсыз қылықтарына ұялу, қапалану, ренжу сияқты сезімдерін қалыптастыру да сөз болды, ол қасиеттер әр сабақ мазмұндарында жаңа сипатқа ие болып отырды. Берілген сабақтар мазмұны арқылы балалар өзін - өзі тануға, өз іс - әрекеттерін басқара білуге, басқаларға жанашарлық танытуға, өзге адамдарға жақсылық тілеп көмек көрсете алуға үйренді.