kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Сөйлем түрлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілеріне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Сөйлем түрлері"»

Қысқамерзімді жоспар

3

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Күні:

ТАҚЫРЫБЫ: Біз – өнерлі баламыз. Сөйлем түрлері


Мектеп/МДҰ Абай атындағы ЖОББМ

Педагогтің аты-жөні:

Абенова Ж

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. 0.1.2.3. Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер: -өнер түрлері туралы біледі; -əртүрлі балалардың өнері туралы əңгімелейді; -берілген сұраққа толық жауап береді; - коллаж жасайды.

Көпшілік тəрбиеленушілер: -Сұраққа жауап береді. -Сөйлем интонациясына қарап түрлерін анықтайды. - Тыныс белгілері мен сызба бойыншасөйлем түрлерін құрастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер: -Сөйлем құрастырады. Көңіл күйін білдіреді. Өз өнері туралы əңгімелейді.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

-Сурет бойынша берілген сұраққа жауап береді.

- Өнер туралы пікірлеседі.

- Сөйлем түрлерін əртүрлі интонациямен жеткізеді. Сұрақ бойынша «Мен өнерлі баламын» тақырыбында əңгіме құрастырды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шахмат, футбол, тыныс белгі.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.

- Саған балалардың қандай өнерлері ұнады?

-Өзің не істей аласың?

- Сен шахмат ойнайсың ба?

- Сіріңке шырпысынан шаршы құрастыру білесің бе?

-Саған қандай түс ұнайды?

Өткен ҰОҚ алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөйлемнің құрамын анықтайды. Жолды таба алады, жоларалық кеңістікті сақтайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар І.

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут








ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут








ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут


Балалар көңілді күйде шаттық шеңберіне тұрады. Өлеңді қимылымен айтып, қайталайды.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

, Қайырлы таң, қайырлы таң, достарым!

(Ұ,Ө)Педагогтің сұрағы бойынша əңгіме жүргізіледі: Өнерлі балалардың əртүрлі өнерлері туралы əңгімелейді. Коллаж жасайды. Балалардың өнерлеріне қарап болашақта қандай маман иесі болатыны туралы əңгімелесу. Балалар өз қолынан қандай өнер келетінін айтады.

Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Оқу құралында берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы суреттер арқылы ҰОҚ-ның тақырыбы ашылады.

– Саған қай баланың өнері ұнайды?

– Мұндай өнерлі балалар араларыңда бар ма? – Саған немен айналысқан ұнайды?

– Сен қай тілде əн айта аласың? Балалар сұраққа жа

уап береді. Шағын əңгіме құрастырады. Сурет арқылы ҰОҚ-ның тəрбиелік мəні ашылады. Əр баланың өнерлі болуға ұмтылуы туралы əңгімеленеді. 2-тапсырма.

Сен шахмат ойнайсың ба?

Педагог балалар назарын сұрақ белгісіне аудартады. Айсұлу мен Қуаныштың жауабын естиді. Олар балаларға ережені түсіндіреді. Сұрақ қою мақсатында айтылғандықтан, оның сұраулы сөйлем деп аталатындығын біледі. Мен шахмет ойнаймын. Педагог сөйлем соңындағы нүктеге көңіл аударып түсіндіреді. Бір нəрсе жайында хабарлай айтылса, ол хабарлы сөйлем деп аталады. Мен жеңдім, алақай! Педагог балалар назарын леп белгісіне аударып, түсіндіреді. Қуанышты, ренішті көңіл күйді білдіріп тұрған сөйлемнің лепті сөйлем деп аталатындығы түсіндіреледі. Балалар сөйлем түрлеріне өз мысалдарын келтіреді. Ол үшін көңіл күйді білдіретін əртүрлі сурет түрлерін қолдануға болады

. (Ұ) Сергіту сəті.

Күлімде күн күлімде,

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі, бүгінде,

Достығымыз жарасқан.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз күлеміз!

Балалар өлең жолдарын, көтеріңкі көңіл күймен, қимылымен орындайды. 3-тапсырма. 1-сурет бойынша балалардан педагогке қақпаға доп кіргізген кезде көңіл күйлерін қалай білдіретінін сұрайды. Балалар өз көңіл күйлерін көтеріңкі дауыспен білдіреді. Педагог олардың дауыс мəнеріне назарларын аударады. 2-сурет бойынша балалар сұрақ қойған кезде де дауыс интонациясын келтіріп айтуына назар аудару керек.Содан соң сөйлем түрлеріне берілген мысалдардың соңындағы тыныс белгісін көрсетеді. Балалар дауыс интонациясына қарай əртүрлі белгілер қойылатынын байқайды. Ол белгілер не үшін қойылатыны туралы балалардың болжамын білу. Педагог əрбір сөйлемді дауыс мəнерін келтіре отырып айтады. Балалар педагогтің дауыс интонациясына қарай отырып, сөйлемнің қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын анықтайды. Сөйлемнің айтылуына қарай үш түрі болатындығы туралы қорытынды жасалады. 4-тапсырма. Ойын түрінің бірі шахмат туралы қысқаша балалардың не білетіндігі анықталады. Шахмат тастарын орналастыратын оның тақтасын көретіп, олардың ақ, қара шаршыларға бөлінгеніне назарларын аударады. Балалар қара мен ақ түстің кезектесіп отыратынын байқайды. Шаршы құрастыру үшін неше шырпы қажет екенін санайды. Оған жалғастыра отырып, екінші шаршыны құрастырады, ол үшін неше шырпы қажет екенін айтады. Балалар 7 шырпы қажет екенін айтады. Екінші шаршыға неге 1 шырпы кем қолданылғанын өздері қорытындылап айту керек. Педагог өз қалауынша ары қарай шаршыны жалғастыруға тапсырма беруіне болады. 5-тапсырма. Қол икемділіктерін дамыту. Қолын үзбей шарларды үстінен бастырып сызып шығады. Өзіне ұнаған түспен шарларды бояйды.













Əліппе-дəптер.


Сұрақ белгісі жазылған плакат.


Нүкте жазылған плакат.



Леп белгісі жазылған плакат.


IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.


(Ө)Рефлексивті бағалау. Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.


Түрлі түсті қарындаштар, əліппе-дəптер.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Сөйлем түрлері"

Автор: Абенова Жансая Жакановна

Дата: 21.12.2020

Номер свидетельства: 567970

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "С?йлемнен  ?ткенді ?айталау. ?ыс?а мерзімді саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(63) "soiliemnien-otkiendi-k-aitalau-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "170479"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423563358"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?ыс?а мерзімді саба? жоспары  Ана тілі "
    ["seo_title"] => string(41) "k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary-ana-tili"
    ["file_id"] => string(6) "152760"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420901637"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?ыс?а мерзімді саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(34) "k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary-1"
    ["file_id"] => string(6) "167548"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423116863"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Етістік"  ?ыс?а мерзімді саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(41) "ietistik-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "202270"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429202442"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Ана тілі пәнінен 1 сыныпқа арналған " Көктем" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "ana_tili_p_ninien_1_synypk_a_arnalg_an_koktiem_tak_yrybyndag_y_k_ysk_a_mierzimdi"
    ["file_id"] => string(6) "457947"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518843067"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства