Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастырту. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету.адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Балалалдың сөздік қорларын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
алмас едім,бұйырған дәмге сөз жоқ!Енді сені жеймін,-дейді.
Қой:
Жейтін болсаң ажалым жеткен еен.Бірақ,өзің де мал
танығыш едің ғой,қарыны қампиған,бұты тыртыған ,аузында бір тісі,іліп алар еті жоқ,тұла бойы шандыр мені қайтесің.Мені босат,қоралы қойға қайтайын,қозымды саған әкеліп тартайын.Жылы-жұмсақты сен жемегенде ,кім жейді?-дейді.
Жылы-жұмсақ деген сөз қасқырды қызықтырады.Қойды босатып қоя береді.
Қасқыр жұтынып қойдың бағланын күтеді.Қой да ,бағлан да жоқ.Қасқыр түңіледі. “Қой баласы момын ғой,алдауды білмеуші еді.Сірә,оны ешік антұрған азғырған шығар.Барып көрейін”-деп жорта жөнеледі.
Бір белеске шығып,төңірекке қараса,алдында қызылшаны күрт-күрт шайнап,бір ешкі жүр екен.Көп қой да,қойшы да алста екен.Іздегенім сен едің!-деп ,қасқыр ешкіні бас салады. “Жанымды алып қалуға себеп болар ма екен”,-деп ешкіні мынаны айтады:
-Атаң да,анаң да жақсы еді.Қой тұрғанда ,олар ешкіні жемеуші еді.Мен қарпайым ешкі емеспін,тойда билеп,торқа киген ешкімін!-деп судыратады.
-Ешкі билейді дегенді естіген емеспін.Ондай өнерің болса ,көрсте,ддйі қасқыр.
Ешкі:
-Ендеше көз аудармай, аяғыма қара да тұр, мен бір билеп көрсетейін,-дейді де, ешкі олай-бұлай секіре-секіре,жалт беріп, көп қойдың арасына кіріп кетеді.
Көрнеккілік: Балабақша мен ауласының,қызмтекерлердің және ойыншықтардың суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс- әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
1.Шаттық шеңбер.
Тәрбиеші балалармен бірге «Бала,бала,баламыз» өлеңін бірігіп айтады.
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
2.Әңгімелесу
- Балалар, бүгін сүйікті балабақшамыз туралы әңгімелесеміз.
Біз балабақшада әдепті, қамқор, ұқыпты, мейірімді, тату болуға үйреніп, көптеген достар таптық. Тәрбиеші апайымыздын көмегімен ән салап, би билеп, сурет салуға үйрендік. Айнала табиғаттың сан алуан сырларымен таныстық . Сондықтан « Балабақша – өз үйіміз»» деп біз айта аламыз.
-Қалай ойлайсыңдар, «Балабақша» деген атау не үшін
берілген .
Балабақшада не үйренесіңдер ?
Сендерге балабақша несімен ұнайды ? ( Балалардың жауаптары.)
Көрнекілік: үй жануарларының суреті, төлдер суреті,жайлау көрінісі
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
1.Шаттық шеңбер жасау.
Мысалы: Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
2. Балалармен әңгімелесу.
-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
-Күзде ауа райы қандай болады?
-Аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның қай күні?
3.Үнтаспаны қосу.
-Балалар,бұл ненің дыбысы естіледі?
-Қандай жануарлардың дыбысын естідіңдер?
-жылқы,сиыр,қой,дейді балалар.
-Олар бізде қандай жануарлар: үй жануарлары ма,әлде жабайы жануарлар?
4. Жаңа тақырыпты хабарлау.
-Балалар ,бүгін біз тіл дамыту сабағында үй жануарлар жайында әңгімелесеміз.
-Үй жануарлардың ішінен біз төрт түлік малға ерекше тоқталамыз.
-Төрт түлік мал дегеніміз, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
-Суретпен жұмыс жасау.Жануарларды атау.
-Жылқы,сыр,қой,ешкі,ит,мысық.
-Төлдерін атау.
-Жылқының баласын-құлыншақ дейміз,
-Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
-Қойдың баласын-қозы дейміз.
-Ешкінің баласын –лақ дейміз.
-Иттің баласын-күшік дейміз.
-Мысықтың баласын-мысықпай дейміз.
5. а).Дидактикалық ойын: Үй жануарларды тауып,қоршап сыз.
Мақсаты:Балалардың үй жануарлары жайында түсініктерін кеңейту.
б).Дидактикалық ойын: Үй жануарлардың төлдерін тауып,қос.Мақсаты:үй жануарлардың төлдерін бір-бірінен ажырата алуды үйрету.
6.Сергіту сәті: Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созамыз.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазамыз.
Отырамыз,тұрамыз
Бір тынығып аламыз.
7.Жұмбақтар шешу.
Мысалы: а)Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.( Қой).
б) Екі айнасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр).
в)Туа сап жүріп кеткен,
Енесін қуып кеткен. (Жылқы).
8.Дидактикалық ойын: Жануарлардың суретін құрастырып жинау.
Мақсаты: Баланың танымдық қабілеттерін дамыту.
9. Төрт түлік малдың пайдасы жайлы әңгімелеу.
-Балалар,осы төрт түлік мал -Халқымыздың байлығы да берекесі де осы малдар боп саналады. Адамға пайдасы өте көп.Балалар осы малдар адамға не береді?
-балалар: сүт,ет,жүн береді.
-Түйенің сүтінен не жасайды?
-балалар: шұбат.
-Жылқының сүтінен не жасайды?
Балалар: қымыз.
-Сиыр,қойдың,ешкінің сүтінен не жасайды?
Балалаар: май, құрт, айран,ірімшік.
-Қойдың,ешкінің, түйенің жүнінен не жасайды?
Балалар: жіп,киім тоқиды,көрпе жасайды.
-Дұрыс айтасыңдар,адамдар да оларға көп қамқорлық жасайды. Оларды бағады, шөп,жем,су береді,көптеген күтім жасайды.Үй жануарлар өздері күн көре алмайды.
10.Төрт түлік мал туралы мақал мәтел айту.
а) Ат-адамның қанаты.
б) Сиырдың сүті тілінде.
в)Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.
11.Қорытындылау. Балалар,бүгін бізде қандай сабақ болды? Сабақта не жайында әңгімелстік Балаларды бағалау,мадақтау.
Өлең шумағын қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді
Үнтаспаны тыңдайды,ненің
дыбысы екенін айтады.
Жаңа тақырыппен танысады.
Төлдерді атайды.
Дидақтикалық ойынға қатысады.
Сергіту сәтін жасайды
Жұмбақтың шешемін табады.
Жануардың бейнесін құрастырып жинайды.
Төрт түлік малдың пайдасы туралы әңгімелейді.
Мақал-мәтелдерді қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Бала үй жануарларды танып білуі тиіс;
Игеру: Төрт түлік малдың төлдерін бір-бірінен ажыратып, атауларын атап игерілуі тиіс;
Меңгеру: Бала төрт түлік малдың пайдасысын меңгерілуі тиіс;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен қасқыр »
Мақсаты: Әр малдың төлдерімен таныстырп, оларды жаттап алуға баулу.
Көрнекілік: үй жануарларының суреті, төлдер суреті,жайлау көрінісі
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивация
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
1.Шаттық шеңбер жасау.
Мысалы:
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң балалар! Сәлеметсіз бе, балалар?
2.Жаңа тақырып хабарлау.
Ертегіні оқып беру.Түлкі мен қасқыр.
Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты:
— Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, — дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: — Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын! — дейді. Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қоя қойып еді, көк мұзға жабысып қалады, сонымен қасқыр сол жерде қалады.
Сұрақтар қою:
-Ертегі қалай аталады?
-Ертегіде қаңдай аңдар дос болды?
-Неліктен қасқыр мен түлкінің араларын ашылды?
-Қасқыр түлкіге не деді?
-Түлкі қасқырға не деп айтты?
3.Дидактикалық ойын: Жабайы аңдарды ата.
Мақсаты: Балаларды жабайы аңдарды ажыратуға үйрету.
4.Сергіту сәті:
Ал,балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары-төмен қарасақ,
Қолымызды созамыз.
Жел сияқты қалықтап,
Белімізді жазамыз.
Отырамыз,тұрамыз
Бір тынығып аламыз
5. Ертегіні мазмұндау. Балалар ертегінің мазмұнын әңгімелейді.
6.Дидактикалық ойын: Қай ертегінің кейіпкері екені тап.
Мақсаты: Балалардың ертегілерді еске түсіру қабілеттерін арттыру.
7.Қорытындылау.Балалар, бүгін сабқата қай ертегімен таныстық? Ертегі кейіпкерлерін атаңдар?-Түлкі мен қасқырдың арасында қандай жағадай болды?
Балаларды Бағалау,мадақтау.
Өлең жолын айтады.
Ертегіні тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Ертегіні мазмұндайды.
Дидактиалық ойынға қатысады.
Күтілетін нәтиже: Білу: Жабайы аңдарды танып білуі ;Игеру: Ертегі кейіпкерлерін атап игерілуі ;Меңгеру: Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі ;
- Ия,дұрыс айтасыңдар. Құстар қай мезгілде жылы жақтан бізге ұшып келе бастайды?
- балалар: Көктем мезгілінде ұшып келеді.
- Дұрыс айтасыңдар.
-Ендеше, қазір бізде қандай жыл мезгілі?
- Көктемде табиғат қандай болады?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Көктемде қар не істейді?
Балалар: қар ериді,табиғат оянады,құстар ұшып келеді, күн жарқырап, жаңбыр жауады.
2.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Сөздік жұмыс:
Құлпыртып – жарқырау,жайнау мағынада;
Гүл ектік - гүлді отырғызу дегенді білдіреді.
Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.
Тақпақты оқу. А.Бақтыгереева
Мысалы: «Анаға сыйлаймыз» Көктемде көңілді Құстар кеп жатқанда, Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтарға. Гүл ектік аулаға Көктемде көңілді. Бақта да, бауда да Ақ гүлдер өрілді. Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден Анаға сыйлаймыз.
3.Сергіту сәті: Күркіреді күн-күн,
Терезелер шың-шың.
Жауды жаңбыр топ-топ,
Шелек –шелек көп-көп.
4.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.
5.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)
6.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.
7.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?
-Қазіл жылдың қай мезгілі?
-Тақпақ кім жайында айтылған?
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Үнтаспаны тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тақпақты тыңдайды.
Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Тақпақты жаттайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;
Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;
Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;
Күні _____айы___________ жылы______
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “ Қазақстан-көп ұлтты мемлекет”
Мақсаты: Балаларға патриоттық тәрбие бере отырып,тілдерін дамытып,сөздік қорларын молайту.Грамматикалық тұлғада анық сөйлеуге дағдыландыру.
1.Балаларды жылы шеңберде тұрып,бір-біріне тілектер айтады. Мысалы: ақылды бол, аман бол,тіл алғыш бол, сымбатты бол,т.б
2.Балалар,мен бүгін балабақшаға келе жатқанда, ағаштың қасында бір хат тауып алдым.Соны сендерге қазір оқып беремін.Бұл хатта “Бір тал шөп” атты ертегі жазылған.Ертегі не туралы білгілерің келе ме?
-Ия,дейді балалар.
-Ендеше тыңдайық.
Балалармен әңгімелесу. Сурет бойынша әңгіме құру.
-Жылдың қай мезгілі?
-Күзде ауа-райы қандай болады?
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.Ертегіні оқу.
Сұрақтар қою.
-Ертегі не туралы болды?
-Бұтақ нені көруді армандады?
4.Сергіту сәті: Тербелейді ағаштар,
Алдымнан жел есейді.
Кіп-кішкентай ағаштан,
Үлкен болып өседі.
5.Дидактикалық ойын: Күз мезгілінің құбылыстарын тауып ата.Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру.
6. Сабақты қорытындылау.
- Балалар,бүгін сабақта не туралы әңгімеледік?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
Жылы сөздер айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
\
сергіту сәтін бірге жасайды.
Күзгі белгілерді атайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Табиғатты танып білуі;
Игеру:Ертегінің мазмұнын игерілуі;
Меңгеру: Табиғаттың құбылыстары жайлы білімді меңгерілуі;
Балаларды шеңберге тұрғызу. Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады
«Ізгі сөздер» Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға, «Қайырлы таң!»- деймін мен. Күндіз де елді елеймін: «Қайырлы күн!»- тілеймін. Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін: «Кеш жарық!»- деп кіремін.
2.Балаларға жұмбақ жасыру.
Қар жауады, Күн тез батады, Бұл қай кезде болады? (Қыста).
Бетінен суық сүйеді,
Қыста жер бетін басады, Ерніне суық тиеді.(Аяз)
Жазда сайға қарай қашады. (Қар)
Тікен, тікен тік пісте Қысы- жазы бір түсте.(Шырша)
Балаларға сұрақ-жауап қою.
-Қай мезгілде қар жауады? - Қай мезгілде аяз терезеге ою салады? - Балалар, қыс мезгілінде неше ай бар? - Қыс мезгілінде біз қандай мейрамды қарсы аламыз? - Жаңа жыл мейрамын.
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
М: Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды,тауды да
Бояған ақ түспенен. А.Асылбеков
Сөздік жұмыс: Құлақшын- бас киімнің түрі.
Ақ түс- қарды жауғанын айтады.
4.Сергіту сәті:
Көкке қарай шығамыз Шанамызбен Төмен қарай құлдилап, Біз сырғанақ тебеміз.
5.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.
6.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)
7.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.
8.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?
-Қазіл жылдың қай мезгілі?
-Тақпақ кім жайында айтылған?
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Жұмбақтарды шешеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
тақпақты тыңдайды.
сергіту сәтін бірге жасайды.
Тақпақты жаттайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;
Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;
Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “ Ұлттық салт-дәстүр”
Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлер туралы мәліметтер беру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Наурыз, уыз, ұршық т.б
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III. Рефлексия
1.Балаларды шеңберге тұрғызу:
Мысалы: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Мен қаламын қарайлап.
2.Балалармен әңгімелесу.
- Біздің тұратын қаламыз қалай аталады?
- Қандай ұлттар тұрады?
-Қандай мерекелерді білесіңдер?
Жақында Наурыз мерекесі болады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі- “ Нау”- жаңа, “руз”- күн деген сөздерінен алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.
Салт –дәстүр туралы мәлімет беру.
- Балалар,сендер ұлттық –дәстүр деген не екенін білесіңдер ме?Халқымызда мынадай сөз бар.
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады “надан” деп.
Қазақ-қонақжай, зерделі де ойшыл,кеңпейіл,достықты ,әділдікті бағалайтын халық. Ата-салтың-халықтық қалпың дегендей біз салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ халқының рухани тіршілігінде,қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау,жастарға қамқорлық жасау, ата-ананды ардақтау ізгі дәстүрге айналған.Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт-дәстүрлер бар.Олар: шілдехана, тұсау-кесу, ашамай,т.б.
3.Дидактикалық ойын: “Сен білесің бе?”
Мақсаты: Балалардың кереге, уық, шаңырақ,т.б туралы түсініктерін тереңдету.
4.Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
6. Жұмбақтар жасыру:
а)Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. Киіз үй.
б) Кіруге адам батпайды,
Суға салса жатпайды.
Ішіне кірген заттарды,
Аман-есен сақтайды. Сандық.
Қазір ,мына сан жалыған асықтарды аласыңдар.Бұл жай асық емес, сиқырлы асық. Асықтар мына сұраққа жауап беріңдер,-дейді.
Жеті атаңды атап бер.
Ұлттық ойындарды ата.
Қандай ұлттық тойларды білесің?
Ұлттық киімдерді ата.
Ұлттық тағамды ата.
Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап толықтырылады.
Наурыз күні не пісіріледі?
Наурыз көжеге қандай дән салынады?
7.Сабақты қорытындылау. Қандай салт-дәстүрді білеміз?
Балаларды бағалау және мадақтау.
Өлең жолдарын қайталайды.
сұраққа жауап береді.
тәрбиешіні тыңдайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Жұмбақты шешеді.
Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:Наурыз жыл басы екенін білуі тиіс;
Игеру : Ұлттық салт-дәстүр туралы түсініктерін игерілуі ;
Меңгеру:Наурызда бүкіл табиғат оянып,тазалық жұмыстары жүргізілетінін меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Автобуста”.
Мақсаты: Балаларға әңгіменің мазмұнын ұғындырып,сөйлеу тілдірін жаттықтыру.