kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?ат тылсым д?ние

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 5 «А»

П?н м??алімі: Бисенова Индира

Та?ырыбы: Таби?ат тылсым д?ние

??ндылы?: С?йіспеншілік

?асиеттер: Ізгілік, мейірімділік, ?ам?орлы?;

Саба? ма?саты: О?ушыларды? таби?ат туралы т?сінігін ке?ейту;

Міндеттері:

  • Ізгілік т?сініктерін ?алыптастыру;
  • Мейірімділік ?асиеттерін дамыту;
  • ?ам?орлы? жасау?а, мейірімділікке т?рбиелеу;

Ресурстар

Слайдтар,таби?атты? тылсымк?штері суреттері

Саба?  барысы:

1.     ?йымдастыру кезе?i.С?лемдесу. О?у ??ралдарына назар аудару. 5 Т ?дісін ?олдана отырып саба?ты бастау

2.      Тынышты? с?тi. «Су асты патшалы?ына саяхат»

Су асты патшалы?ына ойша саяхат. (О?ушылардан ше?бер ??рып отыруды, ?олдарын тізесіне немесе ?стел ?стіне ?оюды, ая?тарын ай?астырмауды ?тіні?із. Ар?аларын тік ?стауын ?ада?ала?ыз. Жайлы, баяу музыка ?ойы?ыз).

М??алім: К?зі?ізді ж?мы?ыз ж?не бірнеше рет  тере? тыныста?ыз; денеі?ізді босаты?ыз. Бірнеше секундтан со? те?із т?біне саяхат жасаймыз.

Те?із жа?асымен келе жат?аны?ызды елестеті?із. Тол?ындарды? же?іл шалпылына, ша?алаларды? шуылына ??ла? т?рі?із. Жала? ая?тары?ызбен ??мды сезіні?із. Шал?айдан ?ара н?кте к?ріп т?рсыз: ол жа?ында?ан кезде дельфин екенін т?сінді?із. Ол сізді те?із т?біне алып кету ?шін келді. Ол ?те ?депті ж?ндік, сізді шыдамдылы?пен к?тіп т?р. Жайлап оны? ар?асына отыры?ыз, мы?тап ?стап, жол?а шы?ы?ыз. Дельфинні? ар?асында жайланып отырып, ?зі?ді ?ауіпсіз сезіну, су астында ж?зу ?андай керемет. Жан-жа?ы?ыз?а ?ара?ыз: м?нда кемпір?оса? т?різді арлы-берлі жар?ырай ?ал?ы?ан ?сем балы?тар ?аншама. Те?із т?біне бойла?ан сайын айнала ?алайша ?згереді, суда тербелген ?аншама ?ажайып балдырлар. ?ара?ызшы, ?андай орасан зор балы?тар, ал енді анау жа??а к?з таста?ыз. б?л орасан зор сегізая?. Су асты неткен ?ызы?ты ?рі ?ажап ?лем. Сіз бір н?рсені бай?ады?ыз ба? М?нда неткен т???иы?, толы? тынышты?. Осы тынышты? к?йде болы?ыз.(М??алім бірнеше секунд ?нсіз ?алады).

Ал ?азір жо?ары?а,  ?з ?лемімізге кері ?айту?а дайындалы?ыз. Айнала?а жіті ?ара?ыз. ?ажап т?стерге та?ы бір рет ?ара?ыз ж?не тынышты??а ??ла? т?рі?із. Осындай тынышты? сізге самалдай ?сер береді. Енді дельфин кері ?арай жол?а шы?ты. Сіз су бетіне шы?ты?ыз, жа?а?а жа?ындады?ыз. Дельфинні? ар?асынан т?сі?із, оны сипала?ыз ж?не осындай ?ажап саяхат?а апар?аны ?шін ризашылы? білдірі?із.

Сынып?а оралы?ыз ж?не ?з орны?ыз?а келі?із. Бірнеше секундтан со? к?зі?ізді ашы?ыз, осы т?йсінген тынышты?ты ?з бойы?ызда са?тау?а тырысы?ыз.

  • ?андай ?сер алды?ыздар?

(бірнеше о?ушы ?здеріні? ал?ан ?серлерімен б?ліседі)

  1. ?й тапсырмасын тексеру.

?.Ыс?абаев «Беса?аш б?ла?ы»

1. ?асымбек Беса?аш б?ла?ына не ?шін келді?

2. ?арияны? б?ла? к?зін ашуда?ы ма?саты неде?

3. Жолаушылар?а б?ла?ты? ?андай шарапаты тиді?

 Ескертулер

4.     Д?йек с?з.

Таби?атты? ?зінде ?згеше бір с?йсінерлік, жан?а жайлы бір н?рсе бар.

                                      Ш.У?лихан?лы

Д?йекс?зді талдау

Жер бетіні? к?ріктенуіне басты н?рсе?

5.     ??гiмелеу ( М??алім сыйы)

«Таби?ат тамашасы» бейне таспа к?рсету

?орша?ан орта?а ?атысты тыйымдар

А??у-киелі ??с, оны ату?а, ??с салу?а болмайды.

Ба?аны ?лтіруге ьолмайды, жа?быр жауады.

Жылан ?йге кіріп кетсе ?лтірмейді, басына а? ??йып шы?арады.

К?кті ж?лса? «к?ктей соласы?» деп жаманды??а жориды.

6.     Шы?армашылы? ж?мыс, топты? ж?мыс.

3 топ?а «Таби?ат тылсым д?ние» та?ырыбында постер ?ор?ау беріледі.

7.     Топпен ?н айту.

«Жас д?уірді? т?легіміз»

С?зін жаз?ан: Е.?тетілеуов

 ?нін жаз?ан: И.Н?сіпбаев

8.     ?й тапсырмасы.

28-саба? 102- бет «А??улар мекені» м?тінді о?ып келу

9.     Со??ы тынышты? с?тi. 

-Енді к?зімізді ж?мып осы саба?та айтыл?ан жа?сы ойларды, таби?ат?а деген с?йіспеншіліктері?ді, махаббаттары?ды ж?ректері?е са?та?дар!

-Жайлап к?здері?ізді аша ?ойы?ыздар. Саба? ая?талды. Б?гінгі к?ндері? ?уаныш ?келсін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?ат тылсым д?ние »

Сыныбы: 5 «А»

Пән мұғалімі: Бисенова Индира


Тақырыбы: Табиғат тылсым дүние

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Ізгілік, мейірімділік, қамқорлық;



Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы түсінігін кеңейту;

Міндеттері:

  • Ізгілік түсініктерін қалыптастыру;

  • Мейірімділік қасиеттерін дамыту;

  • Қамқорлық жасауға, мейірімділікке тәрбиелеу;


Ресурстар

Слайдтар,табиғаттың тылсымкүштері суреттері

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5 Т әдісін қолдана отырып сабақты бастау

  2. Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына саяхат»

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  • Қандай әсер алдыңыздар?

(бірнеше оқушы өздерінің алған әсерлерімен бөліседі)



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ә.Ысқабаев «Бесағаш бұлағы»

1. Қасымбек Бесағаш бұлағына не үшін келді?

2. Қарияның бұлақ көзін ашудағы мақсаты неде?

3. Жолаушыларға бұлақтың қандай шарапаты тиді?



Ескертулер

  1. Дәйек сөз.

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.

Ш.Уәлиханұлы

Дәйексөзді талдау

Жер бетінің көріктенуіне басты нәрсе?



  1. Әңгiмелеу ( Мұғалім сыйы)

«Табиғат тамашасы» бейне таспа көрсету

Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар

Аққу-киелі құс, оны атуға, құс салуға болмайды.

Бақаны өлтіруге ьолмайды, жаңбыр жауады.

Жылан үйге кіріп кетсе өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.

Көкті жұлсаң «көктей соласың» деп жамандыққа жориды.



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

3 топқа «Табиғат тылсым дүние» тақырыбында постер қорғау беріледі.


  1. Топпен ән айту.

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Сөзін жазған: Е.Өтетілеуов

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев



  1. Үй тапсырмасы.

28-сабақ 102- бет «Аққулар мекені» мәтінді оқып келу




  1. Соңғы тыныштық сәтi.

-Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған жақсы ойларды, табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді, махаббаттарыңды жүректеріңе сақтаңдар!

-Жайлап көздеріңізді аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін.

















Тақырыбы: Адалдық пен әділдік

Құндылық: Дұрыс –іс әрекет

Қасиеттер: Адалдық, әділдік,шыншылыдық

Мұғалім: И.Бисенова Сынып: 5 а Оқушы саны 23

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Ресурстар: оқулық, оқушы дәптері, әуен, көгершіндер,аудио таспа.

Сабақтың міндеттері:

  • Адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру;

  • Оқушылардың шындықты түсіне біліп,адалдық,ар-ұждан дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың бойына қамқорлық,жанашырлық қасиеттерін дамыту; Сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тыныштық сәті (Нұрға бөлену)

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз,қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдың түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза,әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмотцияңызды тілек қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызынын ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тілге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздерді ғана айтады.

Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді.Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды ата-анамызға, туысқандарымығза,мұғалімдеріңізге,достарыңызға таныстарыңызға бағыттаңыз.

Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жұрген адамдарға да бағыттаңыз.

Олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бұкіл әлемге, барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын»

Осындай Нұр, махаббат және Тыныштық күйінде отыра түрыңыз... Енді осы нұрды жүрегімізге орналастырамыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.


Сабақ барысын талдау:

3.Үй тапсырмасын талқылау

Үйге оқып келуге берілген «Адал бала» (Корей ертегісі) мәтіні бойынша сұрақ.

  • Бала неліктен алтын,күміс балталардан бас тартты?

  • Оларды бірден алса, не болар еді?

  • Ақсақал қабылдаған шешімді қалай бағалауға болады?

  • Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?

  • Сіздердің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?


4. Дәйексөз

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Ш. Уалиханов



  • Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?

  • Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

  • Әділ болу оңайма?

  • Өз адалдығыңды дәлелдеген кездерің болды ма?

  • Адалдық қандай әрекетен қандай жағдайда көрінеді?


5. Әңгімелеу

«Адал бағбан» (оқиға)

Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қызының көңілінен шыға қоймады. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша кұтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді аузына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да:

  • Неге жүзімнің тәттісін алып келмейсің? – деп сұрады. Сонда бағбан:

  • Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайссы тәтті екенін білмеймін.

Қазы таңғалып:

-Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп,бағып келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің?

- Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де аузыма салып көрген емеспін,-депті.

Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып:

-Біз іздеп жүрген күйеу бала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке ,-деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді.

  • Не себепті қазы қызын бағбан балаға тұрмсықа берді?

  • Қазының шешімі әділ деп ойлайсыңдар ма?

  • Адал және әділ адам қандай болады?


6. Шығармашылық жұмыс

1-топ. Адалдық тобы (Өлең шығару)

2-топ.Әділдік тобы (Эссе жазу)

3-топ. Шындық тобы (Жағдаяттарың шешімін табу)

4-топ. Ақиқат тобы (Мақал-мәтел)



Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

Төмендегі сөздерге өз ойыңша анықтама беріп көр.

Адалдық, әділдік.


7. Топпен ән айту

Ақ көгершін

Әні.Ө.Н Баймұхамедов

Сөзі. Ә.А.Жұбанов

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар,кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Қ/С

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.






8. Үйге тапсырма

83-беттегі «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» (Аңыз әңгіме) мәтінін оқып келу.


9. Сабақ соңындағы тыныштық сәті

(Баяу музыка қосылады). Көзімізді жұмып,тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік.Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп,сақтайық. Біз де әрқашан жақсылық жасауға ұмтылайық. Енді көздеріңізді ашсаңыздар да болады. Келесі кездескенше сау болыңыздар.



















Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің рөлі мен мәні

Түрі: Дөңгелек үстел

Мақсаты: өзін-өзі тану пәнінің рөлі мен мәні туралы түсінік беру және жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалай білу түсініктерін кеңейту.

Ресурстар: Слайдтар,үнтаспалар,плакаттар,маркерлер

І Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану пәнінің рөлі мен мәні» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер! «Өзін-өзі тану-өмірді тану» деп көне грек философы Сократ айтқандай басты мақсат-әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы мен қызы болуға, нағыз адам деген атқа лайық болуға жастайынан үйрету.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

  • Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз,қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдың түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза,әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмотцияңызды тілек қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызынын ашады.

  • Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тілге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздерді ғана айтады.

  • Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді.Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды ата-анамызға, туысқандарымығза,мұғалімдеріңізге,достарыңызға таныстарыңызға бағыттаңыз.

  • Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жұрген адамдарға да бағыттаңыз.

  • Олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бұкіл әлемге, барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын»

  • Осындай Нұр, махаббат және Тыныштық күйінде отыра түрыңыз... Енді осы нұрды жүрегімізге орналастырамыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  • Рахмет!

  • Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.



Өзін-өзі тану пәні психологиямен тығыз байланысты болғандықтан әр түрлі тақырыптарда тренингтер өткізіп келеміз.



1. «Лабиринт» ойыны қасиеттер (мейірімділік, сүйіспеншілік, адамгершілік, сыйластық, кішіпейілділік, қамқорлық, бақыт, сыпайылық, махаббат, татулық, құрмет, әдептілік, адалдық т.б) ұстаздар осы қасиеттерге тоқталып өз ойларын білдіреді.

Өзін-өзі тану пәнінің ерекшелігі –оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарастары кез –келген іс-әрекетке қарсы өз ойын немесе пікірін білдіре алады.

2. «Өзін-өзі тану рухани- адамгершілік білім беру» тақырыбын талқылау

3. Тест тапсырмаларын беру. «Ия» және «жоқ» жауаптары арқылы белгілеу

  1. Сiз өзiңiзге таныс, бiрiнеше рет қайталанған тақырыпқа көпшiлiктiң алдында сөйлеуге мұқият дайындық жасауды қажет етесiз бе?

  2. Эмоциялық сөйлеуде логиканы ендiрудi жөн көресiз бе?

  3. Аудиториямен, оқшылармен бетпе-бет кездесерде қобалжып, мазасызданасыз ба?

  4. Сөйлеу кезiнде стол, трибуна және микрафон алдында тұрғанды қалайсыз ба?

  5. Бұған дейiн сөйлеу барысында (сабақта, педкеңесте) сәттi қолданған және қолайлы нәтижеге берген әдiстемелiк тәсiлдерiңiздi жиi қолданасыз ба?

  6. Алдын-ала жоспарланған сөйлеу жобасына сүйенесiз бе?

  7. Сөйлеу барысында ойыңызға келген, өзiңiз куә болған жағдайлардан жиi мысал келтiресiз бе?

  8. Оқушылардың сұрақтарын талқылауда сол кезеңдегi мәселелерге ене аласыз ба?

  9. Оқушылардың көңiл-күйiне қарамай, тақырып бойынша мүмкiндiгiнше ұзағырақ әңгiмелеуге тырысасыз ба?

  10. Сабақта сiзге сәттi әзiлдесу мүмкiндiгi жиi бола ма?

  11. Мәтiннен ауытқымай сөйлеудi қалайсыз ба?

  12. Оқушылардың арасында аяқ астынан пайда болған шу мен қозғалыс сiздi әбiгерге түсiре ме?

  13. Бұзылған байланысты қалпына келтiрiп, өзiңiзге оқушылардың назарын аударуға бiршама уақытты (5-8 мин) қажет етесiз бе?

  14. Егер оқушылардың тыңдамай отырғанын сезсеңiз, даусыңызды көтерiп, пауза жасайсыз ба?

  15. Пiкiр-талас тудыратын (полемикалық) сұрақтарды қойып, оқушылардың өз бетiнше жауап беруiне мүмкiндiк бересiз бе?

  16. Сөйлеп тұрғанда, сөзiңiздi бөлiп, сiзге сұрақ қойғанды қалайсыз ба?

  17. Сөйлеп тұрғанда тыңдаушылардың кiм екенiн ұмытып кетпейсiз бе?

  18. Сiзде тыңдаушылардың арасынан 2-3-еуiн таңдап алып, олардың эмоциялық реакцияларын қадағалап отыратын әдетiңiз бар ма?

  19. Оқушылардың келбетiндегi мысқыл күлкiлер сiзге әсер ете ме?

  20. Сөйлеп тұрғанда оқушылардың көңiл-күйiнде болған өзгерiстi байқай аласыз ба?

  21. Оқушылардың сiзбен диалогқа түскенiн қалайсыз ба?

  22. Оқушылардың iлiкпе сөзiне жауап бересiз бе?

  23. Әр түрлi жағдайда қарамастан, өз сөзңiздi нақтылау үшiн өзiңiз әдеттенген жестiнi (қол қимылын) қолданасыз ба?

  24. Монологпен айналысқаныңыз соншалықты, сiзге берiлген уақыт жетпейдi. Осыған келiсесiз бе?

  25. 5-6 сабақтан шаршағаныңыз соншалықты, сiз сол күнi тағы да сөйлеуге тiптi шамаңыз жоқ. Осыған келiсесiз бе?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Таби?ат тылсым д?ние

Автор: Бисенова Индира

Дата: 02.10.2015

Номер свидетельства: 235707


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства