kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күзгі еңбек" Ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің қоршаған ортаға деген әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын балаларға ұғындыру. Қыстап қалатын құстарға қамқор болуға уйрету. Балалардың ақыл-ойын жетілдіріп, тіл байлығын дамыту.          

 Балаларды әдептілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа  тәрбиелеу. Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің қоршаған ортаға деген әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын балаларға ұғындыру. Қыстап қалатын құстарға қамқор болуға уйрету. Балалардың ақыл-ойын жетілдіріп, Балаларды әдептілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күзгі еңбек" Ашық сабақ»

«Зейнеп,Амина және балапандар» бөбекжай балабақшасы





Білім беру саласы: "Таным"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: "Күзгі еңбек"

Өткізген: Мукангалиева Нургуль Сапидолдаевна

ІІ кіші «Айналайын» тобы тәрбиешісі











Атырау - 2018 жыл

Мақсаты: Білімділігі: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің қоршаған ортаға деген әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын балаларға ұғындыру. Қыстап қалатын құстарға қамқор болуға уйрету.

Дамытушылығы: Балалардың ақыл-ойын жетілдіріп, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды әдептілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, әңгімелесу.

Көрнекілігі: Слайд, күз мезгілінің суреті, жеміс-жидектердің суреттері,муляждар, сиқырлы кілемше. Құстардың суреттері,құстың ұясы.

(Таспадан құстардың шиқылдаған дауысын жіберу).

Тәрбиеші: -Балалар, бұл ненің дауысы?

Балалар: -Құстардың дауысы.

-Қыстап қалатын құстарды атайықшы?

Балалар: -Қарға, торғай, сауысқан,шымшық т.б.

-Осы құстарды келіп, мына күзгі ағашқа жапсырайық.

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: -Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа  ұшып кетеді, адамдар жылы киіне бастайды.

Ендеше күз  туралы  тақпақтарымызды айтайық. Ерасыл: Алақай,алақай!

Шаттанды балақай.

Күз түсті,дән пісті.

Айтамыз алғысты.

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз-байлық,береке,

Алтын күз-мереке!

Ердаулет: О,балалар,балалар,

Қоңырай күз болыпты.

Гүл жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Раяна: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел,жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Шалхар: Көк майсалы,көрікті,

Алқаптағы көк егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Аян: Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Абылай: Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан,алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Айзада: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

- Балалар бүгін біз «Ғажайып күз бағына » саяхатқа шығамыз.

Автобусқа мініп "Ғажайып күз бағына" барайық. Көзімізді жұмайық.(музыка ойналады)

-Балалар, міне "Ғажайып күз бағына" келдік. Мына алма ағашына қараңдаршы, өте көңілсіз тұр. Неге көңілсіз тұрғанын өзінен сұрайықшы.

-Алма ағашы сен неге көңілсізсің?

Алма ағашы: -Сәлеметсіңдер ме балалар!Менің ғажайып бағыма қош келдіңдер! Менің көңілсіз тұрған себебім, менің алмаларымның барлығы да пісті. Бірақ, оны теріп алатын ешкім жоқ.

Тәрбиеші: -Алма ағашы сен көңіліңді түсірме, қазір біздің балалар сізге көмектеседі. Солай ма балалар?

Балалар: -Әрине, көмектесеміз.

Тәрбиеші: -Ендеше балалар, алма ағашының алмаларын жинап мына себеттерге салайық.

Алма ағашы: -Рахмет сендерге балалар!Мен жеңілдеп, көңіл-күйім көтеріліп қалды.Мен сендерге тапсырмалар беремін. Егер тапсырмамды жақсы орындасаңдар сендерге өзімнің сыйымды беремін.

1-тапсырма: "Жұмбақты тап"

1.Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?     (Күз)

2.Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады.  (Күн)

3.Тырс- тырс тамады

Сайға қарай ағады.         (Жаңбыр)

Күн көргенде пісем дейді,
Піскен бойдан түсем дейді.
( Алма )

4. Дөп – дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.
( Қарбыз )

2-тапсырма: Дидактикалық ойын: "Бақта ма, әлде бақша да ма?"

Шарты: Тақтаға қалташалары бар себет пен ағаштың суреті ілінеді. Балалар жемістерді ағашқа, көкөністерді себетке орналастыруы қажет.

Сергіту сәті.

Орманда біз жүреміз,

Саңырауқұлақ тереміз.

Оң жақта,сол жақта,

Саңырауқұлақ жан-жақта.

-Ендеше балалар, қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға да ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса , балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.

4-тапсырма. Дидактикалық ойын: "Кім жылдам, дұрыс құрастырады?" ( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру). Тәрбиеші: -Балалар, біздер құстарға арнап ұя жасадық. Ендеше мына орталыққа келіп, барлығымыз қыстап қалатын құстарға жем,су берейік.

Алма ағашы: -Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер менің алмамды теріп жинап, тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен сендерге өзімнің сыйымды беремін.(Себетке салынған алмаларды береді).

Алма ағашы: - Сау болыңдар балалар!

Балалар: -Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: -Рахмет, алма ағашы! Балалар осымен саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің автобусымызға отырып тобымызға оралайық.

-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Біздер кімге көмек көрсеттік?

-Күз мезгілінде нелер піседі?

- Қыстап қалатын құстарға біз қандай көмек көрсетуіміз керек?

-Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау - саламат болайық.
































5 "Аққу" бөбекжай-балабақшасы



"Алтын күз" ертеңгілігі

Өткізген: М.Ғ.Қонысова

ортаңғы топ №2













Атырау - 2015 жыл

5 "Аққу" бөбекжай-балабақшасы





"Желбіре, жеңіс жалауы"



Өткізген: М.Ғ.Қонысова

Орта топ № 2 тәрбиешісі











Атырау - 2015 жыл















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Күзгі еңбек" Ашық сабақ

Автор: Мукангалиева Нургуль Сапидолдаевна

Дата: 01.12.2018

Номер свидетельства: 488454

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "6- сынып Ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(21) "6-synyp-ashyk-sabak-2"
    ["file_id"] => string(6) "274487"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452413229"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "ашы? саба? ?зін-?зі тану "
    ["seo_title"] => string(25) "ashyk-sabak-ozin-ozi-tanu"
    ["file_id"] => string(6) "191852"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427376174"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Алгоритм және оны орындаушылар" тақырыбындағы ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(62) "alghoritm_zh_nie_ony_oryndaushylar_tak_yrybyndag_y_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "365206"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480744200"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "?аза? тілінен ашы? саба? та?ырыбы "М?тін""
    ["seo_title"] => string(43) "k-azak-tilinien-ashyk-sabak-tak-yryby-m-tin"
    ["file_id"] => string(6) "249333"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446885458"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ашы? саба? "К?н ж?не к?н ж?йесі""
    ["seo_title"] => string(29) "ashyksabakkunzhniekunzhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "264732"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449761957"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства