kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? ?зін-?зі тану

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін-?зі тану; "Махаббат пен шы?армашылы? педагогикасы" онк?ндігі арнал?ан 2-4 сыныптарда ?ткізген ашы? саба?, ?ткізген м??алім Ибрайханова Айдын ?азбек?ызы Е?бек негізгі мектебі Ерейментау ауданы А?мола облысы.

?зін-?зі тану. "Мейірімділік - асыл ?асиет" 2-4 сынып

Саба?ты? та?ырыбы: Мейрімділік - асыл ?асиет.
Саба?ты? ма?саты:
        ?аза?станны? бірінші ханымы, «Б?бек» балалар ?орыны? Президенті Сара Алпыс?ызы Назарбаеваны? ?мір жолы жалпы адамзатты? рухани ??ндылы?тар?а бастайтын ?айырымдылы? іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруді? дамуына ?лшеусіз ?лесі? ?ос?ан, жер бетінде ?мір с?рген барлы? халы?тарды? арманы – ?зара т?сіністік пен сыйласты?ты са?тауы.  ?зін - ?зі тану ?леміні? басты ма?саты – ?л - ?ыздарымызды жеке ж?не ?зін ?орша?ан ортамен ?йлесімділікпен ?мір с?руге баулу. Сара Алпыс ?ызыны? ?ла?атты ?станымдары ар?ылы жас ?рпа?ты? ж?регіндегі ?мірге, ата - анасына е? жа?ын адамдарына жалпы адам атаулы?а деген бауырмалды?, с?йіспеншілік, махаббат, досты? секілді ізгілік ?асиеттерге т?рбиелеу

Саба?ты? барысы: Шатты? ше?бері

- ?айырлы к?н, ??рметті о?ушылар! «Сіздерді шатты? ше?берін ??ру?а орта?а ша?ырамын. Ше?бер бойымен бір - бірімізге тілек айтулары?ызды с?раймын. Тілектерге к?п рахмет!!
Ж?регіміз ?уаныш?а толды. Саба?ымызды бастайы?.
- Балалар «алтын ж?ректі», «?лкен ж?ректі»деген с?здер ?андай ма?ынада айтылады?
- Алтын ж?ректі», «?лкен ж?ректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?
- Айналада?ы адамдарды? жа?сылы?ын, мейірін сезіп, бай?ап ба?алайсыздар ма?
- Мейрімділік, мейірбан, мерейлі с?здері туралы біз не білеміз, ол с?зді ?алай т?сінеміз?
О?ушыларды? жауабы толы? ты?далады.

?аза?та пейілі дархан даладай ке?, ниеті а?, ?айырымды, мейірімді, асыл ?асиеттерді бойына жи?ан адамды «?лкен ж?ректі» дей­ді. Себебі бір адам­ны? бойында осыншама ?а­сиеттерді? болуыны? ?зі – ерекшелік.

М??алім: ??рметті бізді? аяулы да, арда?ты балаларымыз, ??рметті ?она?тар! Біз б?гін «Мейрімділік-асыл ?асиет» атты мейірімділік саба?ын бастаймыз.

Мейірімділік дегеніміз не?
Мейірімділік – ол бас?аларды? игілігі ?шін ?ам?ор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, таби?ат пен ?арым-?атынаста бай?алады. Шынайы мейірімді болу-?зі?нен г?рі адамдар мен айналаны ?орша?андар?а ?ам?ор болу дегенді білдіреді. Ол ра?ымшылды? пен аяушылы?. Мейірімді кісі ?р?ашан бас?алар?а к?мекке келіп, ?р кез жа?сылы? жаса?ысы келіп т?рады.
Ботасынан айрыл?ан аруана сай-с?йегі?ді сыр?ыратып, т?бе ??й?а?ды шымырлатып бозда?анын естіді?дер ме? Бір с?т елестетіп к?рі?іздерші. Жерде жетім жыласа, к?кте періште ?ай?ырады.
?ыз баланы? адамгершілігі, т?рбиелілігі, с?лулы?ы сырт?ы к?рінісінен ?ана емес, ішкі к?рінісімен те? болу керек. ?аза? ?ыздарыны? н?зік жаны мейірімділік, ?ам?орлы? аясында ?сіп, ілтипаттылы?, ?лкенді сыйлау, кішіге ?ам?ор болу мінезі ?алыптасуы керек. Бала кезінен-а? ата-анасын, бауырларын, ?стаздарын сыйлай білу, хал?ын, жерін, тілін, салтын ?адірлеу ?з ша?ыра?ын арда?тай білу.
О?ушылар арасында Сара Алпыс?ызына арнал?ан ?ле?дерден м?нерлеп о?у сайысы ?йымдастырды.
Зарина
: Жетімдерді? анасы, жесірлерді? панасы.
Алпыс а?а б?бегі, Н?ра?а?ны? Сарасы.
Жанын салып ж?р б?гін ?арлы?ашы ба?ытты?,
Жа?ындаса т?ссін деп, адамдарды? арасы.
?иынды?сыз ?мір жо?, ?иынды?тан ?т ептеп,
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз.
?л-Мерек: Б?бек с?зі т?спейді сені? с?здік ?оры?нан
Баспана боп олар?а, келе жатсы? болып нан,
Сол балалар ?шін бір б?йек болып к?ндіз - т?н.
Аяп к?рген жо?сы? сен, келгені?ді ?олы?нан.
А?бота: Алда талай ?иналу, алда талай тол?аныс,
Жетсем екен дейт??ын арман да асыл жол да алыс,
Шешек жару, г?л ату – Жер ананы? т?л ісі.
Жылы?анды ж?бату - Ел – Анадан ?ал?ан іс.
Ба?ын?р. Осыны? б?рін кішкентайдан ?йреткен
Мейіріммен с?билерге н?р т?ккен
Біз тілейміз Сара апа?а денсаулы?
Шатты??а толы ж?рекпен.
Зарина: Сара Алпыс?ызы «Б?бек»?айырымдылы? ?орыны? негізін ?алаушы». «Б?бек»?айырымдылы? ?орыны? Президенті С. Назарбаеваны? жетім балаларды? м?дделерін ?ор?ау ісіне ?ос?ан ?лесі ?те ?ома?ты. Жетім балаларды т?рбиелеуді? жа?а ж?йесін ?алыптастырып. Елімізде т???ыш «SOS Киндердорф»балалар ауылыны? ?мірге келуіне м?рынды? болды.
Ба?ын?р: «Б?бекті?»анасы атан?ан Сара Алпыс?ызыны? к?птеген игі істерге ?йт?ы болды. Еліміз аума?ында балалар емханаларыны? ашылуына, ?айырымдылы? шараларын ?йымдастыру?а бір кісідей ат салысып келеді. Ерен е?бегі ?лемдік ?ауымдасты? назарын аударып 1999 жылы «SOS Киндердорф» халы?аралы? ?орыны? Алтын медальмен, 2002 жылы ЮНИСЕФ-ті? арнайы сыйлы?ымен марапаттал?ан болатын.
Зарина: Сара Назарбаева Б?кілд?ниеж?зілік денсаулы? са?тау ?йымыны? И. Дограмачи атында?ы ж?не «Юнита»халы?аралы? сыйлы?ыны? лауреаты болып табылады.
?аза?станны? бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды ?ор?ау туралы За? ?абылданды.
Ба?ын?р: 2006 жылы мамыр айында М?скеуде адамзатты? ізгі м?раттарына ?ызмет ат?ар?аны ?шін «Алтын ж?рек» халы?аралы? сыйлы?ы тапсырылды.
2012 жылы С. А. Назарбаева?а аналар мен балаларды ?ор?ауда?ы ?аза?станны? жас ?рпа?ына рухани - та?ылымды? білім берудегі е?бегі ?шін «Достасты?» ж?лдызы сыйлы?ы табыс етілді.
А?жайы?:
К?лкісіне с?биді? толсын деп ке? даламыз,
Шапа?ат пен мейірім д?нін сепкен панамыз.
Алды?ызда м??гілік ?арыздар боп ?аламыз
??тты болсын ту?ан к?ні?із Алтын ж?рек анамыз.
Шы?армашылы? ж?мыс. С. А. Назарбаева?а арнал?ан о?ушыларды? тілектерін, ??тты?тау хаттарын жасау.
М??алім: ??рметті о?ушылар, ?она?тар! Саба?ымызды Сара Алпыс?ызыны? ?рпа?тарына деген айт?ан ?ибаратты тілегімен ?орытындылайы?.

О?ушылар Сара Алпыс?ызы ?з тілектерін сіздерге жолдады.
?ымбатты балалар, мен – Анамын, ?жемін, ш?бере с?йдім. Мен еліміздегі барлы? баланы ?з баламдай жа?сы к?ремін. Сендерді ?лкендерді? ?негесін ?асырлар?а жал?айды деп сенемін. Ата - ана?а, айналада?ы адамдар?а мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. ?тірік айтпа. Сонда сені? бойы?да сенімділік, ?мір с?руге деген ??штарлы?, жалын пайда болады. Ж?регі?де ?мірге, ата - ана?а е? жа?ын адамдар?а деген бауырмалды?, с?йіспеншілік б?р жарып, махаббат?а, досты??а ?ласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
Ж?ректен - ж?рекке: Ше?берге т?рып «Бала тілегі»?німен саба?ымызды ая?тайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ашы? саба? ?зін-?зі тану »


Еңбек негізгі мектебі















Сабақтың тақырыбы: "Мейірімділік - асыл қасиет" 2-4 сынып.











Өткізген: Ибрайханова А.К.









Еңбек ауылы-2015 ж





Өзін-өзі тану. "Мейірімділік - асыл қасиет" 2-4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мейрімділік - асыл қасиет.
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім берудің дамуына өлшеусіз үлесің қосқан, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы. Өзін - өзі тану әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпыс қызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері

- Қайырлы күн, құрметті оқушылар! «Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Шеңбер бойымен бір - бірімізге тілек айтуларыңызды сұраймын. Тілектерге көп рахмет!!!!!
Жүрегіміз қуанышқа толды. Сабағымызды бастайық.
- Балалар «алтын жүректі», «үлкен жүректі»деген сөздер қандай мағынада айтылады?
- Алтын жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?
- Айналадағы адамдардың жақсылығын, мейірін сезіп, байқап бағалайсыздар ма?
- Мейрімділік, мейірбан, мерейлі сөздері туралы біз не білеміз, ол сөзді қалай түсінеміз?
Оқушылардың жауабы толық тыңдалады.

Қазақта пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дей­ді. Себебі бір адам­ның бойында осыншама қа­сиеттердің болуының өзі – ерекшелік.

Мұғалім: Құрметті біздің аяулы да, ардақты балаларымыз, құрметті қонақтар! Біз бүгін «Мейрімділік-асыл қасиет» атты мейірімділік сабағын бастаймыз.

Мейірімділік дегеніміз не?
Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады.
Ботасынан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады.
Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу.
Оқушылар арасында Сара Алпысқызына арналған өлеңдерден мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырды.
Зарина
: Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы.
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаңның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп, адамдардың арасы.
Қиындықсыз өмір жоқ, қиындықтан өт ептеп,
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз.
Әл-Мерек: Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан
Баспана боп оларға, келе жатсың болып нан,
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз - түн.
Аяп көрген жоқсың сен, келгеніңді қолыңнан.
Ақбота: Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл жол да алыс,
Шешек жару, гүл ату – Жер ананың төл ісі.
Жылығанды жұбату - Ел – Анадан қалған іс.
Бағынұр. Осының бәрін кішкентайдан үйреткен
Мейіріммен сәбилерге нұр төккен
Біз тілейміз Сара апаға денсаулық
Шаттыққа толы жүрекпен.
Зарина: Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы». «Бөбек»қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып. Елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф»балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды.
Бағынұр: «Бөбектің»анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
Зарина: Сара Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи атындағы және «Юнита»халықаралық сыйлығының лауреаты болып табылады.
Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.
Бағынұр: 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.
2012 жылы С. А. Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы Қазақстанның жас ұрпағына рухани - тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық» жұлдызы сыйлығы табыс етілді.
Ақжайық:
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз.
Шығармашылық жұмыс. С. А. Назарбаеваға арналған оқушылардың тілектерін, құттықтау хаттарын жасау.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.

Оқушылар Сара Алпысқызы өз тілектерін сіздерге жолдады.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
Жүректен - жүрекке: Шеңберге тұрып «Бала тілегі»әнімен сабағымызды аяқтайық.













Мейрімділік



кеңпейілдік

сабырлық

ізгілік



қайымдырылық

сүйіспеншілік

жомарттық

ұстамдылық

адалдық

нәзіктік











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ашы? саба? ?зін-?зі тану

Автор: Ибрайханова Айдын Казбековна

Дата: 26.03.2015

Номер свидетельства: 191852


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства