kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қуыршақ Машаға қонаққа барамыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға  ойыншықтар  туралы  түсірік  беру. Еңбекке  үйрету.Қамқор болуға  ттәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қуыршақ Машаға қонаққа барамыз»

Күні:

Білім беру салалары: Коммуникация, Таным, Әлеумет, Шығармашылық, Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Сурет салу, Қоршаған ортамен танысу, М.Монтессори элементтері.

Тақырыбы: «Қуыршақ Машаға қонаққа барамыз»

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларды саусақ ойындарын ойната отырып, өз-өзіне қызмет етуге үйрету.

Дамытушылығы: Саусақ қимылдарымен қолдың ұсақ моторикасы арқылы ойлау қабілеттерін және жұмысты өз бетінше орындауға ынталандыру, өз-өзіне қызмет көрсетуді дамыту. Сергіту сәтін жүргізу арқылы қимыл қозғалыстарын молайта түсу.

Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезіне білуге және үлкендерге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: саусақ ойын құралдары, поезд сұлбасы, сумен ойынның құралдары, гуашь, мақта таяқшалары.

Жаңа технология: Денсаулық сақтау технологиясы бойынша өзін-өзі уқалау, сергіту сәті, саусақ ойындары, М.Монтессори технологиясы бойынша сумен ойын, ӨТШТ /ТРИЗ/ технологиясы бойынша мақта таяқшасымен сурет салу.


Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз көңілді өту үшін қайырымды достарымызды ұйқысынан оятайық.

Өзін-өзі уқалау жаттығуын орындату.

- Сәлеметсіз бе, көзім!

- Ояндың ба?

- Сәлеметсіз бе, құлағым!

- Ояндың ба?

- Сәлеметсіз бе, қолым!

- Ояндың ба?

- Сәлеметсіз бе, аяғым!

- Ояндың ба?

- Сәлеметсіз бе, Алтын күн!

- Ояндың ба?

- Біз ояндық.

/Балалар өлең мазмұнына сәйкес өздерінің көзін, құлағын, қолын, аяғын уқалайды/


Іздестіру-ұйымдастыру

Тосын сәт: Есік қағылады.

- Балалар, бізге хат келді. Кімнен хат келгенін білгілеріңіз келе ме?

- Иә, білгіміз келеді.

/ «Маша мен аю» мультфильмінің әуенін тыңдату/

- Балалар, өздеріңнің сүйікті кейіпкерлеріңіз Машадан ашық хат келген екен. Мен хатты оқиын.

/Балалар қызығушылық танытады/

- Сәлеметсіңдер ме, «Балдырған» бөбекжайының бүлдіршіндері. Мен сендерді бүгін ормандағы үйіме қонаққа шақырамын. Сендерге айтар көп жаңалығым бар. Келіңіздер асыға күтемін!

Сәлеммен Маша!

/Балалар Машаның ашық хатын тыныштықпен тыңдайды/


Тәрбиеші: - Балалар, сендерге қояр бір шартым бар. Алдымен жұмбақ жасырамын. Егер жұмбақты шешсеңдер сендерді Машаға апарамын.

Жұмбақ жасыру:

Бір-біріне үйлер тіркесіп,

Жүреді олар бірлесіп.

Балалар: - Пойыз.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар!

- Олай болса балалар, бәріміз пойызбен орманға саяхат жасап, Машаға қонаққа барамыз.

- Міне, балалар, пойызымыз да келіп тұр. Пойызға отыру үшін билет алуымыз керек.


Дидактикалық ойын: «Өз ойыншығыңды тап»

Ойын шарты: Балалардың қолына әртүрлі ойыншықтардың суретін тарату. Қолдарындағы ойыншықтар бойынша пойызға отыруды ұсыну.

Балалар суреттегі ойыншық бойынша өз вагондарына отырады. Балалар пойызға отырып, әндерін орындап, орманға келеді.

/«Ғажайыпстанға саяхат» мультфильмін көрсету/


Балаларға күзгі орман ішін таныстыру. Теледидардан күзгі орман суретін тамашалайды.

Балалар орман ішімен келе жатып, жолда кірпіні кездестіреді.

Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тәрбиеші: Сен неге көңілсізсің?

Кірпі: Маған балалардың көмегі қажет болып тұр. Мен мына ағаштағы алманы ала алмай тұрмын. Себебі менің тікендерім жерге түсіп қалды.

Тәрбиеші: Балалар, олай болса бәріміз кірпіге ағаштағы алманы алып беруге көмектесейік.


Қыстырғышпен ойын: «Кірпіге көмектесейік»

Балалар кірпінің түстеріне қарай тікендерін (қыстырғыштарды) қадайды.

/Балалардан кірпінің қанша тікенін жинағанын сұрау/

Содан кейін ағаштағы алманы алып береді. Кірпі балаларға алғысын білдіреді.

Тәрбиеші: - Міне, ормандағы Машаның үйіне келіп жеттік.

Маша балалардың келгеніне қатты қуанады.

Тәрбиеші: - Маша, сәлеметсің бе, біздің балаларымыз өзіңе жеткенше асық болды. Маша, біздің балаларға қандай жаңалығың бар? Аю ағаң көрінбейді ғой.

Маша: - Аю ағам күн салқындаған соң көп ұйықтайтын болып жүр. Сондықтан да ішім пысқан соң сендерді шақырдым. Аю ағамның дайындаған ойындарын бәріміз ойнайық.

Тәрбиеші: Қандай керемет! Ойын бөлмесінде көптеген ойыншықтар бар екен.

Балалар ойыншықтарға қызыға қарайды.

Маша: Бұл жайғана ойыншықтар емес. Бұл ойыншықтар біздің саусақтарымызды жаттықтыруға көмектеседі. Кәне, ойын ойнайық.

Тәрбиеші: Машаның Аю ағасы бізге сумен ойналатын ойындар дайындап қойыпты. Ең алдымен біз Машаға су туралы білімімізді көрсетейік.

  • Судың қасиеті қандай?

  • Су – түссіз, иіссіз, дәмсіз.

  • Су бізге не үшін керек?

  • Суды ішеміз, беті-қолымызды жуамыз.


Маша балаларды төрт топқа бөледі.

I – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа губка арқылы құю;

II – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа шприц арқылы құю;

III – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа медициналық груша арқылы құю;

IV – топ: Су құйылған ыдыстағы түрлі түсті қақпақтарды шелектердің түстеріне қарай жинау.


I – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа губка арқылы құю;

Ыдыстағы суға губканы салады, губканы келесі ыдысқа қолымен сығады. Су таусылғанша орындайды.

II – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа шприц арқылы құю;

Ыдыстағы суға шприцтің құтысын салып суды жинап алады да, оны келесі ыдысқа құяды. Су таусылғанша орындайды.

III – топ: Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа медициналық груша арқылы құю;

Ыдыстағы суға медициналық грушаны салып суды жинап алады да, оны келесі құяды. Су таусылғанша орындайды.

IV – топ: Су құйылған ыдыстағы түрлі түсті қақпақтарды шелектердің түстеріне қарай жинау.

Судағы қақпақтарды шелектердің түстеріне қарай жинап алады.


Тәрбиеші: Маша, осы сенің Аю ағаң ұйықтап жатыр деп едің ғой. Олай болса менің балаларым аюды оятсын. Балалар аю ағасын да көргісі келіп тұр.

Сергіту сәті:

Аю, аю тұршы,

Бетіңді жушы,

/Теледидар арқылы қимыл-қозғалыс жасату/


Аю: Сәлеметсіңдер ме! Балаларым келіп қапты ғой.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аю аға!

Тәрбиеші: Аю аға, балалар сіздің дайындаған ойындарыңызды Машамен бірге ойнап қызықтады. Ойын өте көңілді болды.

Аю: Балалар, сендер сурет сала аласыңдар ма?

Тәрбиеші: Аю аға, біздің балалар ӨТШТ /ТРИЗ/ технологиясы бойынша мақта таяқшаларымен сурет салып, сізге сыйға тарту етеді.

/Балалар қағаздағы суреттерді мақта таяқшаларын гуашьқа батыру арқылы бояйды/

/Маша мен Аю аға балаларға көмектеседі/

Аю: Менің балаларым, суретші екен ғой. Сыйлықтарыңызға рахмет!

Тәрбиеші: Аю аға, Маша, біздің бөбекжайға қайтатын уақытымыз таяп қалды.

Аю аға, Маша: Сау болыңыздар, балалар!

Балалар: Сау болыңыздар!


Рефлексті түзетушілік

Пойызға отырғаннан кейін ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою.

- Қайда саяхатқа бардық?

- Орманға саяхат жасадық. Машаның үйіне қонаққа бардық.

- Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерге не ұнады?

- Кірпіге көмектесіп, тікендерін қадаған ұнады.

- Сумен ойнайтын ойындар ұнады.

- Мақта таяқшасымен сурет салған ұнады.

Балаларды мадақтау.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар. Мен сендерге Маша мен аю ағаларыңның суреттерін беремін.



Күтілетін нәтиже:


Білуі керек: Судың қасиетін, судың өмірдегі маңызын білу керек.


Болуы керек: Сумен ойын ойнауда, дәстүрлі емес сурет салуға қызығушылықтары;


Баланың қолынан келуі керек: Сұрақтарға толық жауап беру, өздіктерінен ұқыпты жұмыс жасай алуы.









А қтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжай директоры

_________________М.М.Кабдрахманова

« » 2017 жыл








«Қуыршақ Машаға

қонаққа барамыз»

«Шеберлік – сынып» апталығына арналған тәлімгерлік ұйымдастырылған оқу қызметі






Дайындаған: тәлімгер Р.С.Сражанова

Өткізген: тәлімгер Р.С.Сражанова















Ақтау қаласы

2017-2018 оқу жылы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қуыршақ Машаға қонаққа барамыз

Автор: Утениязова Алия Агелеуовна

Дата: 04.02.2021

Номер свидетельства: 572242

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Конспект технологической карты"Қуыршақ Машаға қонаққа барамыз""
    ["seo_title"] => string(74) "konspiekt_tiekhnologhichieskoi_karty_k_uyrshak_mashag_a_k_onak_k_a_baramyz"
    ["file_id"] => string(6) "465579"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523281955"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Си?ырлы - т?рбиеші. / Шеберлік класс/ "
    ["seo_title"] => string(37) "sik-yrly-t-rbiieshi-shiebierlik-klass"
    ["file_id"] => string(6) "155994"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421343538"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?йгерім дастар?анды ?зірлеп жатыр. "
    ["seo_title"] => string(36) "ighierim-dastark-andy-zirliep-zhatyr"
    ["file_id"] => string(6) "191619"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427350288"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Жеміс сусыны"
    ["seo_title"] => string(14) "zhiemis_susyny"
    ["file_id"] => string(6) "375708"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483630558"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Достық әлемі" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(24) "dostyk_liemi_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "360345"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479544369"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства