Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. | Балалар қонақтармен амандасып,асықтардан таңдағандарыңызды алып отыра қойыңыздар. Құрпстырманы құрастырып ненің бейнесі шыққанын табайықшы. -Ал сендердің үйлеріңде мысық пен күшік бар ма? -Сендер мысық пен күшіктеріңе не бересіңдер, олар қандай тамақ жейді? -Ал сендердің күшіктерің қандай дыбыс шығарады? | Балалар келген қонақтарға амандасады.Түрлі асық таңдап топқа бөлініп отырады. Күшік пен мысықты құрастырады./Пазл/ Үйінде бар балалар айтады. -Мен мысығыма сүт беремін.Ал күшігім етті жақсы көреді. -Мен өзімнің мысығымның дауысын саламын. Ол «мияу-мияу» деп дыбыстайды. Менің күшігім «әуп-әуп» деп үреді. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Демонстрациялық құралмен жұмыс Тақтаға күшік пен мысықтың суреті ілінеді. -Балалар, сендер ненің суретін көріп тұрсыңдар? -Күшіктің анасын қалай атаймыз? -Ит деген сөз неше буыннан тұрады. -Балалар дауысты дыбыс жеке бір буынды құрайды. -Ал мысықтың баласын марғау деп атаймыз. -Марғау сөзі неше буынға бөлінеді? -Енді осы күшік пен мысыққа ат қойыңдаршы. -Ақтөс пен мамық сөздері неше буыннан тұрады? Ал, мына кубикпен ойнай отырып суретті атап буынға бөлеміз -Қазір күшік пен мысық әңгімесін мәнерлеп оқып беремін. -Қарны ашқан күшік қаңғып жүріп тауда қасқырға кезігеді. -Ей, күшік мен сені жеймін,-дейді қасқыр. -Қой, жеме мені әуелі тойдыр, сонан соң жейсің –дейді күшік. -Жарайды, жүр, соңымнан қалмай жүре бер,-дейді қасқыр. Екеуі бір топ сиырды көреді. -Күшік, менің көздерім,құлақтарым, аузым, құйрығым қандай?-дейді қасқыр. -Көздерің қып-қызыл, екі құлағың жымиған, ауызың арандай ашылған, құйрығың жас шыбықтай майысып тұр. Қасқыр: -Енді маған қара,-деп бұзаудың тамағына жабысып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды. -Күшік, енді сені жемеймін. Сау бол!-деп кетіп қалады. Іші пысқан күшік мысыққа кездеседі. -Мысық мен сені жеймін,-дейді. -Мені тойдыр күшік. -Жарайды, менімен бірге жүр,-дейді күшік. Екеуі бір топ жылқыны көреді. -Мысық маған қара, құлағым, көзім, құйрығым қандай? Көзің бозарып, құлағың сылпиып, құйрығың салпақтап тұр. Күшік: -Қара маған не қыларымды?-деп жылқыға жабыса кетеді. Жылқы маңдайынан бір тебеді. Күшік сол арада ұшып түседі. Сонда мысық: -Әй, мақтаншақ, әліңе қара, сен қасқыр бола алмайсың,-дейді. Ертегі мазмұнын сұрау. -Балалар сендерге ертегі ұнады ма? -Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші? -Күшік келе жатып неге жолығады? -Қасқыр не дейді? -Күшік не дейді? -Екеуі келе жатып нелерді көреді? -қасқыр не жейді? -Тойған қасқыр күшікке не дейді? -Іші пысқан күшік неге жолығады? -Мысыққа не дейді? -Мысық не дейді? -Күшік жолда нелерді көреді? -Жылқыға күшіктің шамасы келе ме? -Міне, балалар, «әлің білмеген әлек» деген осыдан қалған екен. -Енді осы ертегіні рөлдерге бөліп сахналайық. (Атрибуттарын кигізу) Сергіту сәті: Керіледі мысық, Көзін жаймен қысып, Жүгіреді күшік, Аула ішін кезіп. Билингвальды компонент: күшік- щенок-dog, мысық-кот-cat Марғау- мысықтың баласы. Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тауып олардың жүрісін сал» Ойын шарты: ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады. Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №8 тапсырма бойынша орандалады. Жеке жұмыс жүргізіледі. | -Күшік пен мысықтың суретін көріп отырмыз. -Күшіктің анасын ит деп атаймыз. -Ит-сөзі бір ғана буыннан тұрады. Қолдарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Балалар марғау деп қайталайды. -Марғау сөзі екі буынға бөлінеді. -Күшікті «Ақтөс» деп ал мысықты «Мамық» деп атаймыз. -Ақ-төс, ма-мық сөздері екі буыннан тұрады. Текшедегі суретті атап сөздерді буынға бөледі. Балалар ертегіні көңіл қойып тыңдайды. -иә, ұнады. -күшік, мысық, бұзау, жылқы, қасқыр. -қасқырға -сені жеймін дейді. -жеме алдымен тойдыр дейді. -сиырларды көреді. -бұзауды жейді. -кете бер сені жемеймін дейді. -Мысыққа -Сені жеймін дейді. -мені тойдыр –дейді. -жылқыларды көреді. -жоқ шамасы келмейді. Балалар рөлдерге бөліп сахналайды. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар қайталайды. ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады. Тапсырманы орындайды. |