Просмотр содержимого документа
««Күнің нұры» открытый урок»
Білім білімі: Шығармашылық; Таным;
Білім саласы: Сурет салу; Жаратылыстану;
Сабақтың тақырыбы: «Күнің нұры»
Сабақтың мақсаты: Сурет салуға деген қызығушылықтарын дамыту, дәстүрден тыс тәсілі арқылы салуды үйретуді жалғастыру. Балалардың ойын қалыптастыру табиғатта өзгеріс болатынын. Балаларды түзу сызық салуға үйрету, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Күн, бұлт, гүлдер, құстың суреті, үнтаспа,
Қажетті құрал-жабдықтар: Күннің суреті, қол сүрткіштер, сары гуашь бояуы, таяқшаға оралған мақталар.
Қостілділік: Күн – солнца, сәулелер- лучики.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбер:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бізге келген қонақпен,
Амандасып алайық. Хормен (Сәлеметсіздерме)
(Үнтаспадан әдемі құстынң әуені естіледі)
Ғажайып сәт:
Балалар қараңдаршы, терезенің алдында торғай отыр, тұмсығында бірдеңе бар, иә бұл хат қой.
Хат: Құрметті балалар, бізге қөмек керек, тезірек жетіңдер, орман тұрғындары жолдайды.
Тәрбиеші: Қызық, оларға не болып қалды екен. Тезірек білейік, ол үшін паравоз сияқты бір-біріміздің артына тұрып тезірек жолға шығайық.
Міне, біз орманғада келдік. Балалар қарандаршы мында әдемі гүлдер өсіп тұр, бірақта бастарын салбыратып, құстар ән салмайды. Бұларға не болды екен? Сендер қалай ойлайсыңдар? Аспанда күн жоқ, оны бұлттар жауып тұр. Балалар бұлтққа үрлейікші, ол ұшып кетсін, ол үшін сыйқырлы сөз айту керек.
Тыныс алу жаттығуы:
Бұлт, бұлт, ұшып кет!
Күн нұрын жаппа!
Балалармен бірге бұлтқа үрлейміз. Бұлт тығылып күн шығады. Міне, күн шықты! Бірақ бірдене жетіспейтін сияқты. Сендер қалай ойлайсыңдар?
Дұрыс күн сәлелерін шашып тұрған жоқ.
Қостілділік :
Күн – солнце, сәулелер – лучики.
Күнге көп сәулелер керек, ол біздің барлығымызға жылу береді, адамдарға, шөптерге, гүлдерге, құстарға. Балалар біз күнге көмектесейік. Күннің нұры барлығын қуантады.
Біз бүгін қылқаламен сурет салмаймыз, таяқшаға оралған мақтамен саламыз.
Қараңдар, мен суретті қалай салатынымды..
Таяшаға оралған мақтаны сары түсқе батырамын, дөңгелектің жан-жағына таяқшалар саламын.
Енді сендер салыңдар. Бірінші біз саусақтарымызды жұмысқа дайындап алайық.
Саусақ жаттығуы: (үнтаспа)
Балалармен ұжымдық жұмыс жасаймын. (Сурет салып жатқанда әдемі әуен қосылады)
Қандай әдемі күн нұры сәулелі, өзі қайрымды. Өз жылуымен барлығын қуантты, сендердің денсаулықтарын мықты, қайырымды болуларын керек, күн нұрындай. Қараңдаршы, балалар күн өз жылуын берді, ал біздің гүлдеріміз қуанып бастарын көтерді, құстар ән сала бастады.