kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоршаған ортамен таныстыру саласы бойынша "Жыл құстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екінші кіші топ бойына технологияылқ картасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоршаған ортамен таныстыру саласы бойынша "Жыл құстары"»

Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Зейнуллина А.С

Өтпелі тақырып: Жыл құстары

Білім саласы: әлеумет, қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: жыл құстары

Мақсаты:

Тәрбиелік: Жанашырлық сезімдерін ояту, қомқор болуға тәрбиелеу. 

Дамытушылық: Жұмбақтарды шеше білуге, дидактикалық ойынды шартына сай орындауға үйрету.

Оқыту: Қыстап  қалатын құстардың тіршілігі жөнінде білім беру.  Құстар туралы өздерінің көргенін баяндауға жалпы жеке атауларын айтуға үйрету, сөздік қорын байыту

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу

Ресурсты қамтамасыз ету: Көгершін, құстардың суреттері, қыстап қалатын құстар, қыс мезгілінің суреті және құстардың дауысы жазылған бейнетаспа

Сөздік жұмыс: турау, тазарту,кесеміз

Билингвалдық компонент: Ворона-қарға, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей,  Көгершін-голубь

1Ұйымдастырушылық –ізденуші

Енді балалар, орнымызға отырып, көзімізді жұмып, менің айтқандарымды елестетейік. «Жапырақтар сарғайып жерге түсті. Айнала сары алтындай сап-сары. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Жаңбыр жиі жауады.» Көзімізді аштық. – Бұл қай мезгіл екен, балалар?
-    Күз мезгілі, дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі? 

2 Негізгі бөлім
-    Енді балалар назарымызды телеэкранға аударайық. Қыс туралы еске түсіріп, қыстайтын құстар туралы қараймыз
Есік қағылып Дымбілмес келеді. 
-    Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым. 
(Балалар таңырқай қарайды) 
-    Ой, балалар сендерге қызық емес пе не? 
-    Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Оларға қыс мезгілінде жем шашып, үйшік жасап беру керек. Ендеше балалар, Дымбілмеске мына сиқырлы пішіндерден ұя құрастырып көрсетейікші.

Дымбілмес: балалар рахмет сіздерге. Мен енді құстарға тиіспеймін. Менде үйіме барып құстарға ұя жасап берейін.

Сау болыңдар балалар!

Балалар сендер қыстайтын құстар туралы білгілерің келе ме?
-    Сауысқан– ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Қазақстандағы ең құйрығы ұзын құс. Оның құйрығы 35 см. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. 

Қарға – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді. 

Кептер – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. 

Торғай- ол өте кішкентай құс. Олар дәндермен, өсімдік тұқымдарымен қоректенеді екен. Торғайлар ағаш індерін, үй жайларда мекендейді.
Құстардың ортақ қасиеті:  қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды. 
Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды. 

Қарға – ворона, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей, Көгершін-голубь. Сергіту сәті:        

 Орнымыздан тұрайық,            Қолымызды созайық.
Құсқа ұя жасайық

Алдына жем шашайық.
Қарға құсап жорғалап,
 Жемге тойып алайық. 
Орнымыздан тұрайық,
 Қане, қанат қағайық. 
-    Енді, балалар мен сендерге осы қыстап қалатын құстар туралы жұмбақ жасырайын.

Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ   (қарға)
Орыннан-орынға ауысқан,
Ұшқалақ қара ала........... (сауысқан)

Мәпелейміз, баптаймыз,
Биіктерге самғаймыз.
«Бейбітшілік құсы» деп,
Қай құсты айтып мақтаймыз.   (көгершін)

Ойын: «Қай құстың дауысы?»
Мақсаты:  Құстардың дауысын ажырата білуге үйрету, зейін қойып тыңдай білуін жетілдіру.

Ендеше балалар бәріміз  «Өнер» орталығына барып, қыстап қалған құстарға әдемі саябақ құрастырайық.

Табиғи материалдарды пайдаланып, құстарға арнап саябақ құрастыру

Қорытынды

Ойын:     «Торғай» 
Ойын арқылы сабақты қорыту. Торғай қонған бала сұраққа жауап береді. 
Сұрақтар: 
-    Қыстайтын құстарды ата?
-    Қарға қалай дыбыстайды?
-    Торғай қалай дыбыстайды?
-    Құс туралы тиым сөз айт?
-    Құстардың ортақ қасиеті қандай?
-    Құстардың айырмашылығы қандай?
-    Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз.
Балалар бәрі бірге:  

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақтта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа. 
-    Жарайсыңдар, балалар






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қоршаған ортамен таныстыру саласы бойынша "Жыл құстары"

Автор: Муканова Динара Дүйсеновна

Дата: 17.12.2018

Номер свидетельства: 491255

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті "Дала ??стары""
    ["seo_title"] => string(49) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti-dala-k-u-stary"
    ["file_id"] => string(6) "297984"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456252884"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жерді? ту?ан к?ні"
    ["seo_title"] => string(20) "zhierdin-tug-an-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "330250"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464170418"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Саба?ты? та?ырыбы: ?ыс?ы орман?а саяхат"
    ["seo_title"] => string(45) "sabak-tyn-tak-yryby-k-ysk-y-ormang-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "316250"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460041070"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Открытый урок на тему "Астана""
    ["seo_title"] => string(31) "otkrytyi_urok_na_tiemu_astana_1"
    ["file_id"] => string(6) "445777"
    ["category_seo"] => string(19) "okruzhayushchiy-mir"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513865606"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Күзгі құбылыс"
    ["seo_title"] => string(16) "kuzghi_k_u_bylys"
    ["file_id"] => string(6) "417592"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495441605"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства