Сәлеметсіңдер ме балалар! - Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Әңгімелесу.
Балалар жақсы көңіл-күй жан азығы. Адамның қарым-қатынасын көңіл-күйінен білуге болады. Көңілді адамның бет –әлпеті сұлуланып, нұрланып тұрады. Олай болса, көңіл-күйімізді біліп алайық. Балалар шеңбер бойынша отырып, жұмсақ ойыншықты бір-біріне жалғай отырып, көңіл-күйлері туралы айтып шығады.
«Көңілсіз сәттерде, көңіл-күйді қалай көтеруге болады?».
Балалардың жауабы: досыңмен сөйлесу, үй жануарларымен ойнау, сүйікті мультфильмдер көру, сурет салу, ән салу, жақсы істер жасау, айнаға қарап күлімдеу.
Ойын: « Менің көңіл-күйім неге ұқсайды»
Мақсаты:Ойынға қатысушылар өздерінің көңіл-күйлерін жылдың мезгілімен, ауа райымен, табиғат құбылыстарымен салыстырып айтады. Балалар кезекпен айтып шығады, бірақ педагогтың өзінің бастап бергені дұрыс.
Мысалы:
-Менің көңіл-күйім ашық аспанға ұқсайды, ал сенің ше?
-Менің көңіл-күйім күлімдеген күнге ұқсайды, ал сенің ше? - Менің көңіл-күйім құлпыраған гүлге ұқсайды, ал сенің ше?
- Менің көңіл-күйім табиғат сұлулығына ұқсайды, ал сенің ше?
-Менің көңіл-күйім жұмсақ бұлтқа ұқсайды, ал сенің ше?
-Бүгін біздің топтың көңіл-күйі қандай екен?
-Көңілді.
-Олай болса, құлпырған шуақты көктемдей, табиғаттың керемет сұлулығын тамашалай отырып, жақсы көңіл-күймен бүгінгі сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.
Ойын: « Көңіл-күйіңді жүрісіңмен көрсет»
Ойынның барысы:
Мақсаты:Қозғалыс арқылы көңіл-күйді көрсету.
-торғайлар сияқты ұшу,
-кәрі әжелер сияқты жүру,
-көңілді сайқымазаққа ұқсап жүру,
-жаңа жүре бастаған кішкентай баланың жүрісін салу,
-көңілсіз адам кейпінде жүріп көрсету ,
- анасын көргендей қуана жүгіру.
Сурет салу : «Көңілді адамды бейнелеу»
(Педагог балалардың жұмысына араласпай, бақылап отырады)
Релаксация:
Мақсаты : Балалардың өзін-өзі ұстауын қалыптастыру, координациялық қимылдарды дамыту, бой сергіту. Балалар шеңбер құрып отырады. - Балалар, біз ойнап – ойнап шаршадық. Ендеше, демалып, тынығып алайық . Ал, көзімізді жұмайық. Бір уақытта күннің сәулесі : көзімізге түсті – көздерімізді ашамыз; маңдайымызға түсті – қабақтарымызды қимылдатамыз; мұрнымызға түсті – мұрнымызды шүиіреміз; ернімізге түсті – еріндерімізді қимылдатамыз; иегімізге түсті – иегімізді қимылдатамыз; қолдарымызға түсті – қолдарымызды қимылдатамыз, жоғары көтеріп, төмен түсіреміз. Өте жақсы біз тынығып қалдық, күн сәулесі бізбенойнады да, жоқ болып кетті.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Кездескенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық-деп жаттығу соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады
object(ArrayObject)#862 (1) {
["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
["title"] => string(238) "Конспект итогового занятия по развитию речи во второй младшей группе по теме: «Мы с тобой весенним днем на прогулку в лес пойдем» "
["seo_title"] => string(146) "konspiekt-itoghovogho-zaniatiia-po-razvitiiu-riechi-vo-vtoroi-mladshiei-ghruppie-po-tiemie-my-s-toboi-viesiennim-dniem-na-proghulku-v-lies-poidiem"
["file_id"] => string(6) "237593"
["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
["date"] => string(10) "1444332502"
}
}