БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласының № 7 ЖОББМ
Сагындыкова Рая Турсынбаевна
Мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: Қ дыбысы және әріпі.
Мақсаты: қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Сөйлем ойлап, табуына назар аударып, олардың сөздік қорын толықтырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұоақ-жауап, әңгімелесу.
Көрнекілігі: сандық, торсық, жастық, қоржын, киіз үй суреті, сөзжұмбақ.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
-Мына суреттен нені көріп тұрмыз?
-Оны неден жасайды?
Балалар шаттық неңбіре тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Суретке назар аударады.
торсық
Іздену - ұйымдастырушы
Үй жануарларының суретін көрсету.
Балалар суреттен нелерді көріп тұрмыз?
Қандай жануарлар?
Осы жануарларды атап ығыңдаршы?
Қ дыбысынан басталатын жануар бар ма?
Қойдың адамға қандай пайдасы бар?
Жақсы. Ендеше бүгін біз Қ дыбысын өтеміз.
Жұмбақ
Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай?
Кәнеки, кім табады?
- Қар деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
-Қ дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Жұмбақ
Әжемнің қолында шыр айналар,
Шыр айналса, өзіне шыр байланар.
Шыр байланар-семіру.
Ұршық сөзін тақтада жазу, буынға бөлу.
Суретпен жұмыс.
Заттардың аттарын атау, буынға бөлу.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі.
Сөзжұмбақ шешу.
- заттарды салу үшін ағаштан жасалған төртбұрышты жиһаз (сандық)
-басқа төсеп ұйықтауға арналған зат (жастық)
-ас ішетін құрал (қасық)
Дәптермен жұмыс.
Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Қ дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. Қ дыбысынан келетін немесе кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?
Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып, оқытқызу.
Үлгі бойынша қ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазғызу.
Торкөздегі қ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табу. Торкөзді санап, суретті қайталап салғызу.
Сөзжұмбақ шешкізу.
Суретке мұқият зер салып қарайды.
Жануарларды
Үй жануарлары
Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі
Ия. Қой
Қойдан сүт, ет, жүнін, терісін алады.
Балалардың жауабы:
қар
қ дыбысынан
Дауыссыз дыбыс
Көк түсті текшемен.
Жұмбақтың жауабын табады.
Ұршық
Сөзді тақтаға жазып, шапалақтап ұр-шық сөзін буынға бөледі.
Сан-дық, сөзі екі буыннан тұрады. Қ дыбысы сөздің соңында кездесіп тұр.
Қимылмен көрсетеді.
Сөзжұмбақтарды шешеді:
Сан-дық
жас-тық
қа-сық.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Қалам, тақта, қуыршақ, қол, аяқ т.б.
Барлығы хормен оқиды.
Үлгі бойынша бастырып жазады.
Қара
Рефлексті коррекциялаушы
-Қ дыбысы қай дыбысқа жатады?
-мысалдар келтіріңдер.
-Сөйлем құрастырыңдар.
дауыссыз дыбысқа
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар қ дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады.
2.Анық, таза сөйлеуге үйренеді.
3.Жазуға қолдары жаттығады.