Тақырыбы:Қызықты математика
Мақсаты: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау, жұмбақ мақал логикалық есептер бере отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ой өрісін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, суреттер
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұмбақ, логикалық есептер, сергіту жаттығулары
Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Дөңгелекке тұрамыз,
Шеңберді біз құрамыз,
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір үйде күн ыстық
Қайырлы таң балабақша,
Қайырлы таң достарым
Достарымыды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Сәлем, сәлем, сәлем
Жарайсыңдар, балалар!
Ал енді жыл мезгілдеріне тоқтайық. Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем мезгілі)
Көктем мезгілінде неше ай бар? (3 ай бар)
Қазір көктем мезгілінің қай айы? (мамыр айы)
Көктем туралы тақпақ білесіңдерме?
Тосын сәт: Түлкі кіріп келеді. Балалармен амандасады.
Апай аң патшасы арыстан орман мектебін ашпақшы.Кімде кімменің берген, тапсырмамды орындай алса, мектепке қабылдаймын депті. Бірақ мен мына тапсырмаларды орындай алмай сіздерден көмек сұрап келіп тұрмын.
Тәрбиеші: Көмектесемізбе?
Балалар: Ия көмектесеміз
Қане қандай тапсырмалар
1-тапсырма: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау санамақ айту.
2-тапсырма: Логикалық есеп
1)Шығармақ болып кеше есеп,
Жиналғанды 5 есек
3 ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек?(2)
2)Бақшаға жақсы аға,
Көп көп ойыншық әкелді,
2аю,1қоян, 2 түлкі
Бақшаға жақсы аға
Қанша ойыншық әкелді (5)
3)Екі қоянның неше құлағыбар? (4)
Неше құйрығы бар?(2)
3-тапсырма Сандарға байланысты мақал –мәтелдер айту.
1тал ексең,10 тал ек.
Ер кезегі 3ке дейін
4-тапсырма. Сандарға байланысты жұмбақтар айту.
- Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
- Оң жағында 5 сарбаз
Сол жағында 5 сарбаз
Болды барлығы қанша сарбаз? (10)
5-тапсырма. Геометриялық пішіндерден зымыран құрастырыңдар. Осы зымыран мен таңғажайып табиғат планетасына ұшып барайық. Көзімізді жұмып 1-ден 5-ке дейін тура және кері санайық. Жарайсыңдар балалар. Ал көзімізді жұмып зымыранға мініп, бала бақшаға қайтайық.
Сергіту сәті
1,2,3 ал қанекей ұш,
4,5,6,7 анау ауыл шеті
8,9,10 ал қанекей қон
Міне түлкі сенің тапсырмаларыңды толық орындап болдық. Аң патшасы арыстан сені мектепке қабылдайды. Ақ жол тілейміз.
Түлкі: Рахмет, балалар. Сендерден көп нәрсе үйрендім.
Сау болыңдар шығып кетеді