Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Апта тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Қыс»
Мақсаты: Қыс көрінісі, адамдардың киімдері туралы әңгімелесу. Нені ұстады?, Нені әкеледі? сауалдарына жауап беруге үйрету Міндеттері: Жыл мезгілі қыс туралы балалардың түсінігін кеңейту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Қостілдік компонент: Қыс – зима, Қар - снег
Әдіс тәсілдер: Ойын, әңгімелесу, елестету, тосын сәт, сұрақ – жауап, қимылды сергіту.
I.Кіріспе бөлім Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз! Күлімдеген күндейміз! Еш уайымды білмейміз! II.Негізгі бөлім 1. Жыл мезгілдерінің бірі-қыс мезгілі. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс мезгілінде ауа райы құбылып тұрады. Бірде күн аяз болса, бірде қатты, үскірік аяз болады. Айналаны аппақ мамық қар басады. Терезелерге аяз түрлі өрнек салады. Біз үстімізге жылы киімдерімізді киеміз. Балалар шаңғы, шаналарын алып шығып, ойынның қызығына батады. Бір бірімен қар атысып ойнап, аққала соғып, шаңғымен сырғанайды. Мұз айдынында коньки тебеді. Қыс айында бәріміз жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз. Шыршаны безендіреміз. Аяз атаға хат жазып, сыйлық күтеміз. Дастархан жайып, жаңа жылды қарсы аламыз. Қысқы демалысқа шығамыз
2. Сергіту сәті: Күн ұйықтайды, Күн оянады. Жел соқты, Жаңбыр жауды. Бұлт шатырлады Күн ашылды, Жел басылды! III.Қорытынды бөлім - Балалар бүгін біз не үйрендік? - Балалардың жауабы. - Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? - Балалардың көңіл күйіне қарап мақтап, мадақтау. |