Ұйымдастыру-іздестіру | Көліктер туралы әңгімелесу. -Балалар, алдарыңдағы ойыншықтарды атап беріңдерші. - Жеңіл көлік, ауыр жүк көлігі, автобус, бұл көліктер не үшін қажет? -Ал, фургон көлігі не үшін керек? - Бұл көліктердің барлығының кабинасы бар (көрсету) - Кабинада жүргізуші отырады. -Көліктердің астауы мен дөңгелектері бар (көрсету) - Балалар, сендер көлік жүргізгенді ұнатасыңдар ма? - Балалар, мен автобусты өз қолдарымен жасаған балаларды танимын. Автобустары нағыз автобусқа ұқсап шықты. - Көргілерің келе ме? - Қараңдаршы, шынында да нағыз автобусқа ұқсайды ма? -Кабинасы бар ма? - Кабина ішіндекімотыр? -Автобустатағы не бар? - Жүргізушінің артында тағы кімдер отыр? -Балалар, жолаушыларқайда бара жатыр? - Көліктердің қандай пайдасы бар? - Балалар менің жұмбағым бар шешуін тауып көріңдерші. Жұмбақтар: Көшеде жүреді кішкентай үйлер, Арқасында ауыл жүр, Сол үйлерді жүргізушілер жүргізер. Ала тайым шауып жүр. -Балалар, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Ендеше көліктер туралы ойын ойнайық.Ендеше, барлығымыз көлікке отырайық, балабақша ауласын аралап шығайық. Машина Бип-бип,бип, - дейді, Жолдан былай кет,-дейді, Күшікті басуға, басуға Болмайды, болмайды машина, Бип-бип-бип. | -Жеңіл көлік, ауыр жүк көлігі, автобус, фургон көлігі. -Олар адамдарды тасиды. -Фургон көлікпен балабақшаға тамақ әкеледі. -Жүргізуші сөзін айтады. - Иә. -Иә. - Иә. -Бар. -Жүргізуші отыр. -Терезелері, дөңгелек-тері, орындықтары бар. -Жолаушылар отыр. - Олар балабақшаға, мектепке, жұмыстарына бара жатыр. - Олар уақытымен бара-тын жерімізге жеткізеді. (Машина,автобус) Балалар жолаушы болады. |