Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
ашық оқу қызметі "Көліктер еліне саяхат"
Тобы:«Балбөбек» І-кіші тобы
Күні:09.02.2018ж
Білім беру салалары: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Оқу қызмет түрі: Көркем әдебиет, Музыка
Оқу қызмет тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру арқылы тақпақтың мазмұнын түсініп қабылдау, дыбыстарды анық, таза айту дағдыларын қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Музыканы тыңдай білу, ән айтуды уақытында бастап, аяқтау дағдыларын қалыптастыру. Әуенмен денені оңға-солға бұру, басты оңға-солға ие білу қабілеттерін дамыту. Әндерді айта отырып, қимылдармен көрсете білуге, адамгершілікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Бейнеэкран, ойыншық көліктердің түрлері.
Ұйымдастыру кезеңі
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырыйды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң, балалар!
Балалар табиғат бұрышында бақылау жасайды.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Далада не бар?
-Қардың түсі қандай
Бақылаудан соң көліктердің дауысы естіледі.
Мотивациялық кезеңі:
Осы кезде көлік жүргізушісі кіреді.Балалар амандасып, көлік жүргізушісі саяхатқа шақырады. Саяхатта бейнеэкранда слайдпен көлік түрлері таныстырылады.(хормен танысқан көлік түрлерін дауыстап, атап шығады)
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі
Балалар, сендер көлік түрлерімен таныстыңдар.
Мнемосхемамен «Көліктер» К. Бисекееваның тақпағын жаттау.
«Көліктер»
Көліктер бар сан түрлі,
Суда, жерде, көкте де.
Дөңгелекті машина,
Қажет бізге көліктер
Ұшақ, пойыз, кеме де.
Балалармен тақпақты біренше рет қайталап, жаттап шығамыз.
Балалар музыка жетекшісімен «Машина» әнін орындайды.
Сергіту сәті:
Ырғақты қимыл –қозғалыс: «Жүргізушілер» биі
Қорытынды:
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт