|   -Бұл не?  -Кірпі жалғыз емес сияқты, ол отбасымен жүр екен.Мынау-әкесі,мынау-анасы,мынау-баласы.  -Балалар кім маған кірпілерді санап береді?  -Ал енді орыс тілінде санайық.  -Кім ағылшын тілінде санайды?  -Балалар кірпілерді тобымызға алып қайтайық.  Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,кірпі туралы мағлұмат беру.  Кірпі – жабайы,ол орманда өмір сүреді.  Қыс бойы жерге түскен қлың жапырақтардың астында ұйықтап жатады.  Кірпінің денесі тікенекті болады,төрт аяғы,екі көзі мен құлағы бар.Жауын көрсе,аяқ-қолын жинап,домалана қалады.  Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады.  Балалар кірпі мүсіндеп үйренейік?!  -Кірпіні мүсіндеу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз?  Мүсіндеу тәсілін көрсету:  -Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен жасаймыз. Ермексазды домалақтап,домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.Созу арқылы тұмсығын шығарамыз.кішкентай дөңгелектер жасап,тұмсығының үстіне көзінің орнына жапсырамыз.      Тікенекті сөзін бірнеше рет қайталату.  Отбасы-семья, кірпі-ежик          -Саусағым, қайда болдың?  -Балалармен не істедің?  -Бір баламен жүгірдім  -Бір баламен биледім  -Бір баламен қыдырдым  -Бір баламенойнадым  -Бір баламен секірдім  -Достарымды жинаймын  Мүсіндеуді бастаймын!      Тікенектерін сіріңке шиінің бөліктерінен жасаймыз.Тікенектер ермексазға қадалады.  Қауіпсіздік ережесін түсіндіруді ұмытпау.      -Балалар,кірпінің енді анасы мен әкесін мүсіндейік.  Балаларды екі топқа бөліп,бір топ анасын,екінші топ әкесн мүсіндейді.              Д/О: «Кім жылдам?»  Балаларды екі топқа бөлу.Тақтада ілінген кірпі суретіне тікенектер суретін салу.      Бір мақұлық бар екен төрт аяқты  Доп-домалақ,арқасы мың тікенді  Ашуланса аяғын көрсетпейді  Көресің көз салсаң бір ғажайыпты.       |