Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Балаларға бір-бірімен қол ұстасып тұруды ұсынады. Армысың, алтын Күн! Армысың, асыл жер! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Балалардан: «Бір-біріңнің қолдарыңның жылуын сезіндіңдер ме?» - деп сұрау. | Балалар қол ұстасып тұрады, шеңбер жасайды. Тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды. Балалар жауап береді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Тәрбиеші кез келген отбасының суретін көрсетеді. балалар, ос отырған адамдарды бір сөзбен қалай атауға болады? Отбасында кімдер бар? Сен анаң мен әкеңе кім боласың? Сен атаң мен әжеңе кім боласың? Сен әпкеңе және ағаңа кім боласың? Мен сендерге тағы да бір сурет әкелдім. Мұнда не бейнеленген? Кірпінің бәрі бірдей ме? Қайсысы үлкен? Қайсысы кішкентай? Қайсысы әкесі? Қайсысы анасы? Қайсысы баласы? Кірпілер – орманды мекендеушілер. Сөздік жұмыс: орманды мекендеушілер. Билингвальді компонент: жанұя – семья, орманды мекендеушілер – лесные жители. Педагог қуыршақ ойыншықтарды пайдаланады. сүріпті. Жыл сайын ол күз бойы ата- анасымен бірге саңырауқұлақ жинап, ал қыста бәрі ұйқыға кетеді екен. Бір күні ол өзінің ата- ансынан адасып қалады. Оларды іздей бастайды. Педагог музыка қояды. Осы кезде аб келеді. Сәлеметсің бе, кірпі! Сәлеметсің бе, аю! Аю, аю маған ата- анамды тауып берші! Егер маған бал берсең, мен саған ата- анаңды тауып берм! Менің балым жоқ! Онда мен саған ата- анаңды тауып бермеймін, - деп аю кетіп қалады. Педагог музыка қояды. Топқа түлкі келеді. Сәлеметсің бе, кірпі! Сәлеметсің бе, түлкі! Түлкі, түлкі, маған ата- анамды тауып берші! Егер маған қаймақ берсең, мен саған ата- анаңды тауып берейін. Менің қаймағым жоқ. Онда тауып бермеймін, - деп түлкі кетіп қалады. Педагог музыка қояды. Топқа қоян келеді. Сәлеметсіңбе, кірпі! Сәлеметсің бе, қоян! Қоян, қоян, маған ата-анамды тауып берші! Егер сәбіз берсең, мен ата-анаңды тауып беремін. Менде сәбіз жоқ, саңырауқұлақ бар. Саңырауқұлақ жемеймін, сәбіз жоқ болса, көмектеспеймін! – деп қоян кетіп қалады. Кірпі мұңайып: Балалар, менің ата- анамды кім тауып береді? Мұңайма, кірпі, біз саған көмектесеміз! Балалар, кірпіге қандай аңдар келді? Дидактикалық ойын: «Дұрыс ата». Педагог балалар атаған суреттерді фланелеграфқа іліп отырады. Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады. Педагог кірпіні жасау техникасын естеріне түсіруін срайды. Біз алдыңғы сабақта кірпі жасап үйренгенбіз /үлкеніреі, орташа, кіші/ кірпілерді жасап, оларды бір жанұяға біріктіреміз. Кірпінің тікенектерін әртүрлі материалдардан жасаймыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Сергіту сәті: Қолды алға созамыз, Қоды артқа созамыз. Саусақтарды ойнатып, Бір тынығып аламыз. Педагог музыка қояды. Кірпі балаларға рахмет айтып, ата- анасымен үйіне қайтады. | Суретке қарап, жауап береді. отбасы. Отбасында ата, әже, әке, ана, бала бар. Бала. Немере. Сіңлі /қарындас/, іні. Кірпілер.бірдей емес. Біреуі – үлкен, екіншісі –кішірек, үшіншісі-кішкентай. Үлкені -әкесі, кішрегі – анасы, кішкентайы – баласы. Қайталайды: орманды мекендеушілер. Қайталайды: жанұя – семья, орманды мекендеушілер – лесные жители. Қарайды, тыңдайды. Көмектесуге ынталарын білдіреді. - Аю, түлкі, қоян. Балалар суреттерді қарап, аттарын атайды. Қарайды. Балалар екі топқа бөлінеді. 1 топ. Кірпінің алмұртқа ұқсас пішінін келтіріп, шемішкелерді қадап, тікенегін жасайды. 2 топ. Кірпінің алмұртқа ұқсас пішінін жасап, тікенегі үшін шыршаның қылқандарын пайдаланады Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша саусақ жаттығуларын жасайды. Дайын кірпілерді орман ішіне, кішкентай кірпінің қасына орналастырады. |