- И?, жа?сы. Бізді? ту?ан- туыс?андарымыз: атамыз, ?жеміз, ?кеміз, анамыз б?рі бірге бол?анда, ?йіміз тату, берік, жылы болады екен. Мына ?я сия?ты. Сонды?тан да б?гінгі саба?ымызды? белгісі- ту?ан ?я болады.
\?яны орта?а ?ою \
-Балалар, сендерді? ту?ан ?ялары? ?андай, кім айтады?
Тату, берік, жылы, ысты?, ?демі, к?рікті, к??ілді, ?ызы?ты.
\ балаларды? жауаптары \
Кім ?зіні? ту?ан ?йі туралы айтып береді?
\ к?п ?абатты ?йді? макеті \
Бала. Мен ?ш ?абатты ?йде т?рамын. Бізді? п?теріміз ?ш б?лмелі. Онда: атам, ?жем, ?кем, анам, а?ам ж?не мен т?рамын. Мені? ?демі б?лмем бар. Б?лмеде к?п ойыншы?тар бар.
-Ал мен есігін орнатамын, ?р?ашанда келген достары?а ашы? болсын.
\ балалар жауаптары \
Балалар ?ара?даршы кірпіге жаса?ан ?йіміз, бір ?лкен ту?ан ?ядай болды. Кірпі са?ан ?нады ма?
-И?, ?нады. Ра?мет балалар, енді мені? де ту?ан ?ям бар.
\ кірпі балалармен ?алады \
Сергіту с?ті
Е. ?тетілеуовті? « Бес сауса? »
Бас барма?ым-атам
?йді? данасы.
Бала? ?йрек-?жем
Оша? анасы.
Ортан терек-?кем,
Отау тынысы.
Шылдыр ш?мек-шешем
Ша?ыра? ажары.
Титтей б?бек- мен
Б?ріні? базары.
Тынышты? с?ті
\ балалар кілемшеге отырады, сазды, баяу ?н естіледі \
Балалар денелері?ді т?зу ?стап, бастары?ды жо?ары к?теріп, ы??айланып отыры?дар.Ауаны тере? ж?тып, еркін тыныс алы?дар. 1-2-3 дегенде к?зімізді ж?майы?.
Енді к?з алдары?а ?здері?ні? отбастары?ды: ас?ардай таудай ?кемізді, ?ам?ор, мейірімді анамызды елестетіп, ?йдегі ата-анамызды? кім болып ж?мыс істейтінін,сендер ?скенде кімге ??са?ылары? келеді, ?андай бала болып ?сетіндері?ді арманда?дар. Ал енді 1-2-3 к?зімізді жайлап ашып, ?з ойлары?, армандары?мен б?лісейік.
\балалар ?олдарына ж?лдызшаларды ?стап айтады \
-Мен ?скенде білімді, а?ылды, анам секілді аудармашы болуды армандадым.
-Мені? анам –д?рігер, ол балаларды емдейді, мен ?скенде анам сия?ты бол?ым келеді.
-Мен ?скенде ерж?рек, батыр бала болуды армандадым.
- Мені? ?кем банкте ж?мыс істейді, мен ?скенде ?кеме ??са?ым келеді.
Балалар сендерді? армандары? к?п екен, сендер ?скенде а?ылды, ерж?рек, білімді бала болатындары?а мен сенемін. ?з армандары?мен б?ліскендері? ?шін ра?мет.
Ендеше «Осындай бізді? жан?я» туралы та?па?тар айтып берейік.
Сабақтың мақсаты: туған үй туралы түсінікті кеңейту, туған үйге деген қамқорлық, қарым-қатынасты дамыту. Үйге, ата-анаға, туыстарға деген сүйіспеншілік , мақал-мәтелдер , тақпақтар , ойын арқылы отбасына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ барысы:Қайырлы күн балалар! Келген қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері.
Енді барлығымыз үлкен шеңбер жасап, мына өлеңді бірге айтайық:
Атамнан басталар. \ балалар оң қолдарын алға созады \
Әжемнен қосталар. \ балалар сол қолдарын алға созады \
Отбасым мыналар: \ қолдарын жаяды \
Ең жақын адамдар. \ қолдарын кеудеге қояды \
Әкем мен анам бар, \ оң қолдарын созады \
Бір туған ағам бар, \ сол қолдарын созады \
Бәрін жақсы көремін. \ қолдарын кеудеге қояды \
Еркелеймін еремін. \ бастарын шайқайды \
\ балалар орындыққа отырады \
Әңгімелесейік
Ал, бүгін біз өзіміздің туған ұямыз- отбасымыз туралы әңгімелесеміз.Бүгінгі сабағымыздың негіізгі белгісі- мына ұя болып табылады. \ Ұяны көрсету \
Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл ұяда нелер тұрады екен?
Бала. Мен ойлаймын, бұл ұяда құстар тұрады
Қандай құстар, құстың нелері болады?
Бала. Құстың- әкесі.
Бала.Құстың анасы.Құстың балапандары.
\ балалар құстарды ұяға салады \
- Иә, жақсы. Біздің туған- туысқандарымыз: атамыз, әжеміз, әкеміз, анамыз бәрі бірге болғанда, үйіміз тату, берік, жылы болады екен. Мына ұя сияқты. Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың белгісі- туған ұя болады.
\ұяны ортаға қою \
-Балалар, сендердің туған ұяларың қандай , кім айтады?
Тату, берік, жылы, ыстық, әдемі, көрікті, көңілді, қызықты.
\ балалардың жауаптары \
Кім өзінің туған үйі туралы айтып береді?
\ көп қабатты үйдің макеті \
Бала. Мен үш қабатты үйде тұрамын. Біздің пәтеріміз үш бөлмелі. Онда: атам, әжем, әкем, анам, ағам және мен тұрамын. Менің әдемі бөлмем бар. Бөлмеде көп ойыншықтар бар.
Анасы. Иә, дұрыс айтасың қызым. Қызымның бөлмесін әдемі ойыншықтармен , түрлі кітаптармен жабдықтадық.Ал, кешке жұмыстан келгенде, сен маған қандай көмек бересің ?
Бала. Мен анама дастарқан жасауға көмектесемін. Біз барлығымыз
дастарқан басына жиналамыз.
\ жер үйдің макеті \
2 бала. Ал, мен жер үйде тұрамын. Бізде көп қабаттар жоқ. Аулада менің итім бар, үйде мысықтарым бар. Мен олармен ойнаймын.
Шығармашылық тапсырма
« Кірпіге үй жасау »
Ал, мында орманнан хат келген екен . Қалай ойлайсыңдар, қандай аңнан келіпті?
-Мен ойлаймын, аюдан келген хат деп.
-Қасқырдан, тиіннен, арыстаннан ,тышқаннан, пілден, қояннан келген хат деп.
\ балалардың жауаптары \
Иә, болады, бірақ кірпіден келіпті.
\ есік қағылады, кірпі-бала келеді \
Қараңдар балалар кірпінің өзі де келе жатыр. \ кірпі амандасады \
-Мен орманда жалғыз тұрамын. Менің отбасым жоқ, енді не істеймін.
Мүмкін кірпі бізбен қаласың, немесе бір баланың отбасына барарсың.
-Жоқ, мен ешқайда бармаймын.
Балалар ол табиғатта тұрады ғой, оған орман керек қой. Енді не істейміз?
-Оған жан ұя тауып беру керек.
-Мүмкін әдемі үй жасап береміз.
\ балалар жауаптары\
Ендеше балалар кірпіге көмектесейік, әдемі, жылы үй жасап берейік. Ал мына үйге не жетіспейді, не қосар едіңдер?
\балалар үйдің макетіне жақындап тұрады \
-Мен терезесін қосамын, себебі күннің көзі жылы шуақ береді.
-Ал мен, шатырын қоямын, бір шаңырақ астында көңілді, қызықты өмір сүріңдер.
-Мен көрпені қоямын, отырғанда жылы болсын.
- Мен үстелді қоямын, дастарқан басына көп достарың жиналсын.
Жақсы балалар.Кірпі, енді осы үйде көңілді, қызықты болу үшін біз достарыңды әкелдік.
-Ал мен есігін орнатамын, әрқашанда келген достарыңа ашық болсын.
\ балалар жауаптары \
Балалар қараңдаршы кірпіге жасаған үйіміз, бір үлкен туған ұядай болды. Кірпі саған ұнады ма?
-Иә, ұнады. Рақмет балалар, енді менің де туған ұям бар.
\ кірпі балалармен қалады \
Сергіту сәті
Е. Өтетілеуовтің « Бес саусақ »
Бас бармағым-атам
Үйдің данасы.
Балаң үйрек-әжем
Ошақ анасы.
Ортан терек-әкем,
Отау тынысы.
Шылдыр шүмек-шешем
Шаңырақ ажары.
Титтей бөбек- мен
Бәрінің базары.
Тыныштық сәті
\ балалар кілемшеге отырады, сазды, баяу ән естіледі \
Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. 1-2-3 дегенде көзімізді жұмайық.
Енді көз алдарыңа өздеріңнің отбастарыңды: асқардай таудай әкемізді, қамқор, мейірімді анамызды елестетіп, үйдегі ата-анамыздың кім болып жұмыс істейтінін,сендер өскенде кімге ұқсағыларың келеді, қандай бала болып өсетіндеріңді армандаңдар. Ал енді 1-2-3 көзімізді жайлап ашып, өз ойларың, армандарыңмен бөлісейік.
\балалар қолдарына жұлдызшаларды ұстап айтады \
-Мен өскенде білімді, ақылды, анам секілді аудармашы болуды армандадым.
-Менің анам –дәрігер, ол балаларды емдейді, мен өскенде анам сияқты болғым келеді.
-Мен өскенде ержүрек, батыр бала болуды армандадым.
- Менің әкем банкте жұмыс істейді, мен өскенде әкеме ұқсағым келеді.
-Мен өскенде сұлу, мейірімді қыз болуды армандадым
Балалар сендердің армандарың көп екен, сендер өскенде ақылды, ержүрек, білімді бала болатындарыңа мен сенемін. Өз армандарыңмен бөліскендерің үшін рақмет.
Ендеше «Осындай біздің жанұя» туралы тақпақтар айтып берейік.
Ата. Апа.
Ата үлкен кәріміз. Мейірімді апалар
Қуат берер дәріміз. Балалар одан бата алар
Әулиедей аялап, Қалтасына кәмпит сап
Ардақтаймыз бәріміз. Немереге апарар
Іні. Тәте
« Бар ісіме қапа ма?» Таудай менің талабым
Деп қарайды апама Айна мен ақ тарағын
Сипаттырып басынан Алып беріп тартпадан
Еркелейді атама. Тәте көңілін табамын
Мен.
Атам не айтсам көнетін.
Апам көңіл бөлетін.
Мен осы үйдің кенжесі.
Бәрі жақсы көретін.
Қандай жақсы ата-аналарыңның сендерді жақсы көргені,барлықтарың тату-тәтті тұрады екенсіңдер .
Ұжымдық жұмыс
Ендеше қолымызбен жылы, берік ұямызды жасап берейік.
Ұямыз жылы,болу үшін не салуға болады?
-Жылы төсек.
Ал балапандар көп болсын десек, не саламыз?
-Жұмыртқалар саламыз. \ балалар жауаптары \
Жүректен-жүрекке шеңбері
\ балалар жасаған ұяны қолдарына ұстап тұрады \
Балалар шеңберге тұрып, келген қонақтарға мейірім мен бақыт тілейік.
Отбасы бар менде, сенде.
Керек ол кішіге, үлкенге.
Отбасы сыйласым жайлаған.
Ұя ғой келісім орнаған. \ балалар ұяны келген қонақтарға сыйлап, тілектер айтады \ .