Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Киім дүкені
Мақсаты: балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету. Үш-төрт сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: ұл бала және қыз бала бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері.
Сөздік жұмыс: киім.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қызығушылығ Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады.
-Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол!
Суретке көңіл аударып, ұл баланың киімдерін және қыз баланың киімдерін атайды. Ұл балада қандай, қыз балада қандай киім болатынын ажыратады.
-Балалар, қане, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы.
-Айдана сенің үстіңде қандай киімдер бар?
-Дулат, сенің үстіңде қандай киімдер бар? Балалар тәрбиешінің көмегімен жақсы сөздер айтады.
Суретке қызығушылық танытады.
Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса айтуға тырысады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады. «Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып алып берулерін өтінеді. Балалар дүкенге келіп:
-Мен мына киімді аламын, -деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не себепті алғанын, (ұл баланың, қыз баланың киімін) және түстері туралы әңгімелейді.
Балаларды сұраққа жауап беруге, әңгімелесуге тартады.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш деп,
Алақанда соғамыз.
Жоғары-төмен қараймыз,
Орнымызды табамыз.
1. «Бұл не?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді.
2. «Ажырат!» дидактикалық ойыны. Шарты: қысқы киімді көк, жазғы киімді сары сөмкеге сызып көрсету. Балалар қуыршақтарға және дүкенге баратындарына қуаныш танытады.
-Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі әдемі.
-Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым ұл бала.
Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын, түстерін әңгімелеуге тырысады.
Қимыл-қозғалыстармен орындайды.
Суреттегі киімнің атын атайды. Мысалы: көйлек, жейде т.б.
Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады.
Рефлексивті қорытындылау кезеңі Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге талпынғандарын бағалайды. Балалар сөйлеп үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: киімдерді сипаттай алуды;
Игереді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды;
Меңгереді: 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды.