Мотивациялық- қозғаушылық | Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады. Үйрек емес, қаз емес, Балық емес судағы, Өзі жүзе біледі. Шешуін кім біледі? Қайықтардың суретін көрсетеді. | Балалар жұмбақтың шешуін табады. -Кеме, қайық. Суреттерді қарастырады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Тәрбиеші балаларға кеме жасауды ұсынады. -Балалар, кемені неден жасауға болады? -Қайықтың қандай бөлшектері бар? Кеменің корпусын, кеменің діңгегін көрсетіп сұрайды:-Мынау не? -Кеме несіз жүзе алмайды? -Желкен қайда орналасқан? Тәрбиеші көрсете отырып, кемені жасауды түсіндіреді. -Бірінші кеменің корпусын жасаймыз. Ол үшін біз ермексаздан домалақ жасаймыз. Кеменің діңгегін ұстату үшін ермексазбен грек жаңғағын толтырамыз. Енді желкен жасаймыз. Ол үшін қағаздан дайындалған желкенді сіріңке шиіне кигіземіз. Енді желкенді корпусқа бекітеміз. Тәрбиеші балаларға жақсы кеме үшін саусақтармен жаттығу жасауды ұсынады. Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос. Кішкентай саусақ біз сенімен достасамыз. Бір, екі, үш, төрт,бес. Қайтадан санауды бастаймыз. Бір, екі, үш, төрт,бес. Енді санауды аяқтайық. Тәрбиеші балаларға кеме жасатады. | Кемені суреттеп, сұрақтарға жауап береді . -Қағаздан, грек жаңғағынан. –Корпус, кеме діңгегі. -Желкенсіз. –Кеменің діңгегінде. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Кеменің жасалу жолдарымен танысады. Саусақ жаттығуын жасайды. Қолдарының саусақтарын біріктіреді. Екі қолдарының саусақ -тарын бір –біріне тигізеді. Шынашақтан бастап саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізеді. Қолдарын төмен түсіреді. Кеме жасайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Жұмыстарды қарастырып, жақсы кемелерді жасаған балаларды мадақтап, балалардың жұмыс- тарынан көрме ұйымдастырады. | Бір-бірінің жұмыстарын қарастырады. Жұмыстарын көрмеге қояды. |