Іздену ұйымдастырушы | Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады? Біздің ұлтымыз қандай? Сендер қай тілде сөйлейсіңдер? Қазақтың салт –дәстүріне не жатады екен? Ендеше балалар бүгін біз қазақтың салт дәстүрі туралы әнгімелейміз. Балаларға видеоролик көрсету, слайд арқылы Қазақ елінің көркейіп келетіндігін айту. Қазақ халқы-салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл –оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен ,әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп,ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Қазақтың салт-дәстүріне ұлттық тағамдар, киімдері,ұлттық ойындары, аспаптары т.б жатады. Тағамдары: бесбармақ, бауырсақ, құрт, айран,май т.б жатады. Киімдері: шапан,сәукеле,қазақ көйлегі, кимешек т.б жатады. Ойындары: қыз қуу, асық ату, алтыбақан тебу, көкпар т.б жатады. Аспаптары: домбыра, қобыз, сыбызғы т.б жатады. Енді балалар бойымызды сергітіп алайықшы. Сергіту сәті: Бала, бала, балақай, Қол соғайық, алақай! Бiр,екi,үш деп айтайық, Саусақтарда тартайық. Жалқау бала болмайық, Қолды қысып, ойнайық. | Қазақстан Республикасы Қазақ Қазақ тілінде Бата беру,шілдехана,бесікке салу. Балалр бейнероликтен көптеген салт-дәстүрлерді көріп тамашалайды. Балалар көңіл бөліп тыңдайды. Сергіту сәтін бірге қайталайды. |