Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы Шуақ ауылы
«№ 21 кешкі мектебі» КММ-нің
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Имангаликова Айжан Еркиновна
10 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық мақсаты:
Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік мәні:
Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі, мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Тілдік білім:
Тілдік білім бойынша морфология саласын, қос сөздерді қайталау.
Сабақтың нәтижесі:
1. Берілген ақпаратпен жұмыс жасай алады.
2. Тақырып бойынша сөйлем құрастыра алады.
3. Тақырып бойынша әңгімелей алады.
Жетістік критерилері:
4. Мен тақырып бойынша жаңа сөздердің синонимін білемін.
5. Мен осы тақырып сөйлем құрастыра аламын.
6. Мен тақырып бойынша әңгімелей аламын.
А кезеңі
1.Ресурстарды дайындау (1мин)
1.Психологиялық
дайындық.
Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
2.Жұптарды, топтарды қалыптастыру.
(2 мин)ЖСЕ-НП
Оқушыларды үш түрлі түс арқылы бөлу.
Балалар екі топқа бөлінеді.
3.Тақырыпқа шығу,
сабақтың мақсатын анықтау
Топтық жұмыс
(5 мин)СТО-КМ
«Ой қозғау» стратегиясы
Оқушыларға тақырыпты беремін. Флипчартта жұмыс жасатамын. Оқушыларға сабақтың мақсатын анықтауға бағыт беремін.
Оқушылар флипчартта жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатын анықтайды.
Сөздік жұмыс
(3мин)АҚТ-ИКТ
Тыңдалым әрекеті
Интербелсенді тақтада сөздік жұмысын өткізе-мін. Оқушыларға сөздерді тыңдатамын.
Оқушылар сөздерді тыңдап, сөз тіркестерін құрастырады.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
- мин.)
Жазылым
ТЖД.
1.Сөздердің синонимін жаз.
2. Морфологиялық талдау. (салт-дәстүрлері)
3. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі. синтаксистік талдау жасау.
ТЖД-ға қосымша эссе жазу. Тақтада бағалау критерийлерін беремін.
Оқушылар бағалау критерилері арқылы бірін-бірі бағалайды.
Суммативті бағалау
Топтық жұмыс
(10 мин)
Оқушыларға тәжірибе картасын ұсынамын.
Балалар тәжірибе картасында тақырып бойынша
жұмыс жасайды.
Формативті бағалау
С кезеңі
(7мин)
ОБ.
Тестпен жұмыс.
Оқушыларға тест беремін.
Балаларға рефлективті күнделіктерін, бағалау парақтарын таратамын.
Оқушылар тестпен жұмыс жэасайды.Оқушылар өздерін бағалайды.
Рефлективті күнделікке өз ойларын жазады.
Үй жұмысын беру
(2 мин)
Мәтіннің мазмұнын білу.
Жаңа сөздерді жаттау.
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша эссе жазу.
Морфологиялық (халқының, шашылып)
Сөйлем құрастыру және талдау.
Оқушылар күнделіктеріне үй жұмысын жазады.