kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "?аза?ты? салт-д?ст?рлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:     ?аза?ты?  салт-д?ст?рі

Саба?ты?  ма?саты:    

        О?ушыларды?  бойына ?лтты?  рухани байлы?ты       сі?іру.

        ?лтымызды? салт-д?ст?рлерінен ?лгі алу.

        О?ушыларды ?лтты?  салт-д?ст?р ?лгісінде т?рбиелеу.

Барысы:

         ??рметті  ?она?тар,  о?ушылар!  Б?гінгі  т?рбие са?атымызда ?з хал?ымызды? салт-д?ст?рлері, асыл ?азыналары,  асыл м?ралары  туралы  айтпа?пыз. Бізді? хал?ымызды? т?рбие-т?сілдері  сан алуан.Хал?ымызды?  ?асырлар бойы жаз?ан  зор  е?бектері, салт-д?ст?р, ?дет-??рып  ?лгілері мен ?негелері  соны?  ай?а?ы. ?азір сіздер осы айтыл?андарды?  ша?ын болса да ку?сі боласыздар.

       О?ушылар:

Ту?ан со? адам боп,

Білімсізден жаман жо?.

Ел д?ст?рін білмесе?, 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "?аза?ты? салт-д?ст?рлері" »

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойына ұлттық рухани байлықты сіңіру.

Ұлтымыздың салт-дәстүрлерінен үлгі алу.

Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Барысы:

Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызда өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы айтпақпыз. Біздің халқымыздың тәрбие-тәсілдері сан алуан.Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері, салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазір сіздер осы айтылғандардың шағын болса да куәсі боласыздар.

Оқушылар:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Ата- бабаң ардақты.

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Жұрт айтады надан деп.

ауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқы біз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ұлттық салт-дәстүрлер тарихы көне процесс.Бүгінгі күні егеменді ел болып жанымыз бен қанымызда қалған ұлттық санамыз оянып, сәуле шуағы тарап, салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыздың, тіліміздің жанданып, қайта оянып, рухани байлығымызды, ата-дәстүр, асыл қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру дәстүрлерін жалғастырып келеді.

Ғылыми дәлелдер бойынша Қазақ ұлтының алғаш пайда болуы XIII-XIV ғасырларда басталған. Содан бері қазақтың салт-дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, бүгінгі таңға да жетті.

Киіз үй- көшпенділердің ежелден келе жатқан тұрғын үйі. Ол бір жерден екінші жерге көшіп-қонғанда түйемен тасымалдауға өте қолайлы болған. Киіз үй- тек қана баспана емес, сәулет, құрылыс, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын туынды.

Киіз үйдің сүйектері: кереге, уық, шаңырақ, есік.

Киіз үйдің жабулары: туырлық, үзік, түндік және әртүрлі әшекейлі бау-шулар.

Киіз үй жиһаздары: кебеже, сандық, жүкаяқ, адалбақан, асадал, ағаш төсек т.б. болады.

Ал, бір сәт қазақтың салт-дәстүрлерін санамалап өтсек:

Сәлем беру Алыс жолдан жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі сәлем беруі.

Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам « Сүйінші! Сүйінші!»- деп келеді, мұндайда үй иесі «Қалағаныңды ал!» -дейді. Немесе оған риза болатындай ұсынады.Бұл шын қуанудың немесе ризашылықтың белгісі.

Шашу Бұл- қуаныштың айғағы ретінде жасалатын дәстүр.Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде, әйелдер тәттілер мен күміс тиындарды араластырып көпшілікке шашады.

Қонақасы Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүр- қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты қарсы алып, оған арнап мал сойып, қазан көтеруді-қонақасы деп атаймыз. Бұл- қазақтың жомарттығы мен елдігінің белгісі.

Ерулік Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратын тұрғындардың шақырып арнайы беретін асы.

Жеті ата Әр адам өзінен бастап жетінші атасын қоса санамалап жатқа білуі шарт. Ол оның да, әкесінің де көргенділігі мен білімділігін, тәрбиелілігін көрсетеді. «Жеті атасын» білмеген адамды қазақ «Жетесіз» деп налиды. Бұл- қан тазалығы мен жан тазалығының белгісі.

Байғазы Балалардың, жастардың, жалпы адамдардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай-заттай сыйлық. Байғазы сұраудың еш артықшылығы жоқ.

Тұсаукесер Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ғұрып, ырым.Тұсаукесер ырымын жасау үшін 1.ала жіп

2.тоқішек

3.көк шөп дайындап, үш рет кеседі. Оған дәлел:

Ала жіппен кескені ұрлық-қарлықтан аулақ болсын деген ниет.

Тоқішекпен кескені ұрпағым тоқ болсын, аштық айналып кетсін деген ниет.

Көк шөппен кескені ұрпағы көп болып, өсіп-өнсін деген ниет. Ал баланың тұсауын көп жасаған, ауылға беделді, ұрпағы көп, жасы үлкен адамға кестіреді. Ниеттері- баланың жасы ұзақ болса екен деген ниет.

Айта берсек, әлі де айтылмаған дәстүрлердің түрлері көп.

Енді, осы салт-дәстүрге лайық көрініс тамашалайық.

Көрініс: «Ата мен немере»

Туған жер туралы мақал-мәтелдер айтып жарысайық.

Туған жер – тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

Аталар сөзі – ақылдың көзі.

Ел қадірін көрген біледі.

Жер қадірін жүрген біледі.

Отан – елдің анасы.

Ел – ердің анасы.

Ел іші – алтын бесік.

Туған жер, ел туралы өлең жолымен қорытындыласақ.

Туған жер- алтын бесігім.

Тербеттің мені түсімде.

Жадымда менің жаңғырып,

Жүреді сенің есімің.

Туған жер – алтын мекенім.

Бақытым сенсің аңсаған.

Мәңгі бақи өтемін

Қарыздар болып мен саған.

Елімізді, жерімізді дәріптеп, білімімізді тексере отырып, сөзжұмбақ шешіп көрейік.

Жерден ауыр деген не? - ақыл, білім

Судан терең деген не? - оқу, ғылым

Көктен биік деген не? - тәкаппардың көңілі

Оттан ыстық деген не? - адамның өмірі

Қ.Р.-ның астанасы - Астана

Елбасымыздың әкесі - Әбіш

Киіз үй сүйегі - уық

Уақыт өлшемі - сағат

Шаңырақ жабуы - түндік

Уық жабуы - үзік

Ежелден келе жатқан - салт-дәстүр

Ұлттық киім - ішік

Киіз үй сүйегі - кереге

Кәне, балалар, екі топқа бөлініп, білім сайысын өткізейік.

1 – топ Ұлдар

Балдан тәтті не? Бала

Қара шаңырақ иесі кім? Кенже ұл

Балаға кім сыншы? Ата

Әкеден балаға берілетін зат? Мұра

Үйдегі ардақты адам Ана

Бес дұшпанды ата Өтірік, өсек, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал

шашпақ

Ұлттық ойындар Алтыбақан, қыз қуу,

Асық, жамбы ату,

Тоғызқұмалақ т.б.

Киіз үй сүйектері кереге,уық, шаңырақ

Қ.Р. Тәуелсіздігін қашан алды? 1991 жылы

Ата қандай ұлттық киімдер киеді? Шапан

2 - топ Қыздар

Тәрбие мен білімнің ордасы Мектеп

Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы Сара Назарбаева

Бес асылды атаңыз Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым

Салт-дәстүрді ата Шілдехана, бесік той,

Тұсаукесер, сүндет той

Абай атамыздың туған жылы? 1845 жыл

Киіз үй жабдықтарын ата туырлық, үзік, түңлік

Ұлттық киімдер Тақия, бешпет,камзол,

Сәукеле,кимешек т.б.

Желтоқсан оқиғасының Сабира,Ербол,Қайрат,

құрбандары? Ләззат

Ата заң қашан қабылданды? 1995 жылы

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров

02.10.1992 жыл

Сабағымыздың қорытындысы ретінде бәріміз хормен

«Қазақтың дәстүрлері – ай!» әнін орындайық.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "?аза?ты? салт-д?ст?рлері"

Автор: Коспаева Нуршайым Кайыпбековна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179283


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства