Дамытушылық: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүр түрлерімен,соның ішінде бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып, балалардың сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын дұрыс атай білуге үйрету.
Оқыту: Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру;
олар туылған және өмір сүретін жерлерге эмоционалды оң көзқарас қалыптастыру;балалардан қазақ халқының тарихы мен дәстүріне тұрақты қызығушылық таныту;
Ресурстармен қамтамасыз ету: киіз үй жабдықтары, тостаған, қоржын, торсық, домбыра,бесік, суреттер
Билингвалдық компонент: салт-дәстүр- традиции и обычаи,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Балалар шеңбер болып тұрады.
Армысың алтын күн
Армысың көк аспан,
Армысың жер Ана
Армысың достарым
-Балалар қараңдаршы, менің қолымда түрлі-түсті ленталар бар. Балалар бір-бірден лентаны қолдарына ұстап, жоғарыға көтереміз.
-Түрлі-түсті ленталардан не құрастырылды?
- Біз шаңырақты қайдан кездестіреміз?
Шаңырақ –бейбітшілік, қорғаныс және бірліктің символы, жайлы үйдің символы. Балалар мен сіздерді киіз үйдің ішіне шақырамын, жайғасып отырыңдар.
Негізгі бөлім: -Бір тамаша әңгіме тыңдағыларын келеді ме?
Қуыршақ театры арқылы көрсету.
Бұрынғы өткен заманда бір жас жігіт өз бақытын табу үшін әлемді шарлап іздеуге шығады. Айлар,жылдар өз бақытын іздейді көптеген елдерді, қалалардан өтеді,өз бақытын еш жерден таба алмайды. Бір күндері еліне қайтпақшы болады, бірақ қайтып баратын жолды ұмытып қалады. Тастың үстіне отырып, басын төмен түсіріп жылап отырады. Бір сәтте жаңына бір қария кісі келеді.
-Неге жылап отырсың? Қайда тұрасың?
-Білмеймін өте алыста тұрамын.
-Елін қалай аталады?
-Білмеймін,
-Мен саған көмектесе аламын, егер сен өз елінің халық әнін, салт-дәстүрін айтып берсен?
-Жігіт абыржып қалады, өз елі туралы ештене есіне түсіре алмайды,ойланып атаға өз сөмкесін ұсынады.
-Міне қараңыз бұл заттарды мен өзімен үнемі жол бойы алып жүрдім.-Балалар қараңдаршы, әдемі қоржыңда қай елдің заттары бар екен.
Бұл не?
-Қоржың
-Қоржын өрнек
-Торсық
-Тостаған
-Қасық
- Кесе т.б
-Балалар қай елдің заттары екен? Біз барлығымыз жігітке Өз Отаның, салт-дәстүрін еске түсіруіне көмектесейік.
-Бұрын қазақтар көшпелі халықтар болған, бір жерден екінші жерге көшіп қонып жүрген. Баспасы-Киіз үй. Қазақтар өте қонақжайлы халық болған.
Дидактикалық ойын: «Заттарды дұрыс орналастыр» Балалар екі топқа бөлінеді. 1-топ – «40 - шығару» салт - дәстүріне қажетті заттарды алады, суреттің қасына қояды. 2- топ –«Тұсау кесу». Тәрбиеші: - «Тұсау кесу» дәстүрін өткізу үшін қандай заттар керек? Балалар: - қайшы, түсті жіптер Тәрбиеші: - «40 - шығару»дәстүрін өткізу үшін, қандай заттар керек? Балалар: - леген, су, қайшы, қасық.... Тәрбиеші: - Топтастырып қойдық, бірақ бесік, май шам, пышақ, жастық, көрпе....қалып қойды. Неге? Қажет емес пе? Бұл заттар қажет, бірақ басқа рәсімге. Балалар, (суретке назар аударып) ал осы салт - дәстүрді кім біледі? Біз бүгін жаңа салт - дәстүрмен танысамыз.
Тосын сәт: Қонаққа әже келеді.
Әже: — Сәлеметсіңдер ме балақандарым.
Тәрбиеші: — Балаларым ,келіңдер мына бесіктің жанына отырыңдар. Мынау бесік деп аталады. Бесікті таза ағаштан жасайды. Мен сендерге Асылжан бөпені бесікке қалай бөлеу керек екенін Әжеміз көрсетсің .Сендер мұқият қарап отырыңдар. Бәрің де осы бесікте жатып,өскенсіңдер.
Әже: Ең алдымен бесіктегі баланың бас жағына жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз. Ал мынау бөпенің үстіне жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі,бала құлап қалмас үшін белінен және аяқ тұсынан осы белбеумен байлап қояды.
Бесікті бала ұйықтағанда шошып-қорықпау үшін сіріңкемен аластаймын. (бесікті аластайды)
«Алас-алас,пәледен алас,
Иесі келеді,пәледен қаш!
Алас-алас,пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Отсыз омыртқасынан алас»
-Балалар ,қараңдаршы бесіктің де,төсеніштің де ортасы ойылып алып тасталған екен. Себебі сол жерде түбегі тұрады.
Ал мынау шүмегі,осы шүмек арқылы баланың кіші дәреті түбекке құйылып, баланың денесі былғанбай таза болады.
Тәрбиеші: —Балалар,айтыңдаршы мынау қандай заттар?
— Мынау тарақ,айна.
—Иә,бұл айна мен тарақты кішкентай бойжеткен қызымыз «әдемі болсын» деп , ал мынау не?
— Иә,бұл пышақты бала шошымас үшін жастығының астына саламыз.
ойын « Хан талапай» деп аталады. Ойынның шарты мынандай мына әдемі сандыққа әр түсті 5 асық саламын, бір бала шығып көзін жұмып сандықтан бір асық алады да, қандай түсті асық екенін айтады және сол түсті жерде жатқан конвертті тауып ішінен заттың суретін алып, атауын айтасыңдар.