Просмотр содержимого документа
«"Қарапайым математика"»
Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау
№ сабақ
Сабақтың тақырыбы
Мерзімі
1
2
3
1.
Заттардың қасиеті
2.
Заттардың қасиеті
3.
Кеңістікте бағдарлау
4.
He қайда орналасқан?
5.
Фигуралар
6.
Фигуралар
7.
Уақыт арқылы бағдарлау
8
Заттар тобын салыстыру.
9.
1-5 сандары
10.
1-5 сандары
11.
Артың, кем, сонша. «=» таңбасы
12.
1-5 сандары
13.
1-5 сандары
14.
1-5 сандары
15.
«+», «-» таңбалары
16.
2, 3, 4, 5 сандарының құрамы
17.
2, 3, 4, 5 сандарының құрамы
18.
0 саны
19.
6 саны
20.
7 саны
21.
8 саны
22.
9 саны
23.
10 саны
24.
Қайталау
25.
Қайталау
26.
Қайталау
27.
Есеп және оның құрылымдық элементтері туралы түсінік: есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы
28.
Есеп және оның құрылымдық элементтері туралы түсінік: есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы
29.
Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік
30.
Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік
31.
Текше, шар, цилиндр. Қайталау
32.
Бүтін және бөлік
33.
Бүтінді тең екі және төрт бөлікке бөлу
34.
Ауыр - жеңіл
35.
Сұйық және сусымалы заттар
36.
Уақыт арасындағы қатынас
37.
Уақыт арасындағы қатынас
38.
1-20 көлемінде санау
39.
1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
40.
1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
41.
1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
42.
11-ден 20-ға дейінгі сандар
43.
11-ден 20-ға дейінгі сандар
44.
Теңге. Монеталар
45.
Бүтінді бөліктерге бөлуді қайталау
46.
Қайталау
47.
Өтілген материалдарды қайталау
48.
Өтілген материалдарды қайталау
2-сабақ. Заттардың кеңістікте орналасуы
Сабақтың мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту.
Бірінші сабақта балаларды әліппе - дәптер, үлестірмелі материалдар және жазу дәптері секілді сабақта пайдаланатын оқу құралдарымен таныстыру қажет. Шартты белгілерге тоқталыңыздар, алайда балалардың оларды есте сақтап алуын талап етпеңіздер. Әр сабақ барысында осы белгілерге балалардың назарын аударып, бұл тапсырмада не істеу керектігін балалардың айтып беруін сұраңыз. Сабақта дәптерлердегі оқу материалдарын енгізе отырып, ойындар өткізу ұсынылады.
Алғашқы және кейінгі сабақтарда бірінші есеп сюжетті картина түрінде беріледі. Картина бойынша баланың қандай да бір математикалық түсініктер мен амалдар тәсілі туралы түсінігін қалыптастыру үшін әңгіме жүргізіледі.
Мәселен, бұл сабақта №1 суретте балалар санайды, пішін мен түстерді көреді.
Түсті қабылдай алудың дұрыстығын тексеру үшін №2 ойын - жаттығуын қолдануға болады. Тақтаға қолына қылқалам және кемпірқосақ түстерінен тұратын бояулар ұстаған суретшінің суреті ілінеді:
- Суретші жеміс-жидектерді дұрыс боямаған. Қай жері дұрыс емес екенін айтыңдар.
Ойын: шартты белгілер бойынша затты табу. Мәселен, дөңгелек, кіші, қызыл:
№3 есеп заттарды түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Белгілі бір түспен белгіленген бос торкөзге суретте сол түсте неше зат болса, сонша таяқша салу керек. Оқу жылының басында заттарды санау, түрлі заттардың санын салыстыру, артық (кем) немесе тең екенін анықтауды балалардың барлығы, әсіресе мектепалды топқа алғаш келген балалардың меңгеру деңгейін, есептеу, қосу, көзбен мөлшерлеу немесе сандарды салыстыру секілді амалдардың қайсысын пайдаланатынын, заттардың және олар алып жатқан аудан мөлшеріне мән берместен жиын санын салыстыра алатынын тексерген жөн.
Үлгі тапсырмалар мен сұрақтар: «Мұнда үлкен матрешкалар қанша? Кішкентай матрешкалар қанша екенін сана. Көк шаршы көп пе, қызыл шаршы көп пе, соны анықта (Үстел үстінде 5 үлкен шаршы және 6 кіші шаршы аралас орналасқан). Текшелердің сарысы көп пе, әлде жасылы көп пе, соны анықта». («Үстелде екі қатар текшелер орналасқан; 6 сары текше бір-бірінен алшақ орналасқан, ал 7 көк текше өзара тығыз орналасқан»).
Балалар есептеуді қалай меңгергенін және қай сұрақтарға ерекше назар аудару керектігін тексеру барысы көрсетеді. Балалардың білімді меңгерудегі жетістігін анықтау үшін, мұндай тексеруді екі-үш айдан кейін қайталауға болады.
№4 есеп. Мұнда алдымен конструктордың бөлшектерін санау қажет. Содан кейін оның жоспары қарастырылады. Санаумен қатар сурет - жоспар боялады.
Бұл сабақта балаларға баспадан шыққан үлестірмелі материалдар беріледі. Фигуралар мен заттар бейнеленген суреттер топтамасын мұғалім «Мынау қандай зат екенін тап» ойынын ұйымдастыруда қолдана алады: 5x5 ұяшыққа (үлестірмелі материал) пішіні әртүрлі заттардың суреті орналастырылады. Содан кейін мұғалім заттың атын атамастан, оның қасиетін, түсі мен пішінін, қолданылуын, неден жасалғанын және т.б. айтады. Балалар оның не екенін табады. Содан соң балалардың өздері осылай жұмыс жүргізеді.
Қима үлестірмелі материалдардан тұратын кесте осы және келесі сабақтарда түс туралы, түстің атауы туралы түсініктерді бекітуде қолданылады.
Бұл кестенің көмегімен ұстаз түстерді ретімен қайталап шығады (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін). Түстің ашық және қою реңктері туралы түсінік беруге болады.\
Сабақты қорытындылау
4-сабақ. Заттарды санау
Сабақтың мақсаты: заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.
Бұл сабақта заттардың өлшем, материал секілді қасиеттері қосылады. Шаршы ішіндегі екі үй көрсетілген жаңа шартты белгімен таныстыру қажет.
№1 суретте үстел үстінде үлкен қарбыз, үлкен сопаң және кішкентай домалақ қауын, орташа кәді, қияр, алма, қараөрік, алмұрт, қызанақ бейнеленген. «Затты тап немесе оның қасиеттерін ата» ойыны күрделендіріледі. Өйткені, тағы бір белгі - өлшем қосылады. Дәптердегі шартты белгілер үш белгі - түс, пішін, өлшемнен тұрады.
№2 тапсырмада ненің өзгергеніне бақылау жүргізу керек. Әрбір жағдайда өлшем, түс, сан өзгеруі мүмкін. Мәселен, сол жақта үлкен қызыл алма, оның оң жағында кішкентай сары алма бейнеленген. Үлестірмелі материалдардың белгілерін қолдануға болады. Балалар түс, өлшем, пішінді білдіретін шартты белгілері бар карточканы таңдауы керек. Бұл - балалар қағаз жапсырмалармен (наклейка) алғаш кездесетін тапсырма. Мұндай тапсырмалардың орындалу ретін анықтаңыз. Алдымен бақылау жүргізіңіз. Балалар өз таңдауын түсіндіруі тиіс. Содан кейін ғана тиісті жапсырманы жұлып алуға болады. Пайдаланылмаған жапсырма қағаздарды қосымша жұмысқа және есеп құрастыруға пайдалануға болады.
№3 тапсырма. Суреттер бойынша балалар ортақ және әртүрлі нәрселерді табады. Бұл тапсырманы орындау үшін үлестірмелі материалдар кестесін пайдалануға болады. Жаттығуды орындар алдында мұғалім осы кесте бойынша түрлі қасиеттерді қайталауды сұрайды.
- Әрбір карточкадағы заттарға не ортақ? Мәселен: түс, пішін, өлшем, материал, қолданылуы, дәмі, иісі, жалпы атауы.
— Карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма? Қандай да бір белгі бойынша бөлінген топтар пайда болады. Мәселен, үлкен және кіші түймелер. He болмаса екі тесігі және төрт тесігі бар түймелер.
Келесі тапсырманы орындамас бұрын Ауызша жұмыс жүргізіледі. Ұзындығы бірдей, бірақ жуандығы әртүрлі (4-5 данадан) жолақтарды алдымен жіңішкесінен бастап ретімен орналастырыңыз. №4 тапсырмада жуан қарындаштарды қораппен, ал жіңішкелерін стақанмен біріктіріңіз. Мұғалім тапсырманы оқиды.
Сабақ соңында заттардың бұрын өтілген барлық қасиеттерін жалпылау үшін алдыңғы сабақта берілген үлестірмелі материалдардағы "Қандай зат екенін тап" ойынын қайталаңыз.
1-сабақ. Кеңістікте бағдарлау
Мақсаты: балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, заттың кеңістікте орналасқан жерін көрсететін алдында, артында, арасында, қасында, ортасында, маңында, астында, үстінде, оң жақта, сол жақта және т.б. сөздермен таныстыру, «Қайда орналасқан?» деген сұраққа жауап бере отырып, заттың орналасқан жерін дәл сипаттауға үйрету.
Жаңа материалмен жұмыс
Негізгі жұмысты №1 тапсырманың суреті бойынша жүргізуге болады. Сурет бойынша балалар кішкентай қызыл допты, сыйлық салынған қорапты, т.б. табады. Әдетте балалар заттардың орналасқан жерін атамай, саусақпен көрсетеді. Мұндай жағдайда «Ол жерде не жатқанын тап» деген ойынды ұсынуға болады. Мәселен, қыздың артында, сөренің үстінде дөңгелек зат жатыр, бұл - ...
Осы шартты белгілер бойынша затты тауып, бөлмеде оның орналасқан орнын сипаттау керек.
Суретпен жұмыс жүргізе отырып, заттың орналасқан жерін сипаттайтын көп сөздерді қолдануға тырысыңыз. Тапсырма соңында бұл сөздерді балалармен бірге хормен қайталап, тапсырманы үлестірмелі материалдармен орындау тапсырылады. Тапсырмаға сәйкес бөлмеге жиһаз орналастырылып, суреттер ілінеді. Мәселен, диванды орындық пен шкафтың ортасына қойыңдар. Тақтада немесе үлестірмелі материалдармен Ауызша жұмыс жүргізіледі. Көрінісі аяқталмаған плакат пен суретшінің картинасы ілінеді. Балалар суретшіге көріністі аяқтауға «көмектеседі». Төменде күн, өзен, шырша бейнеленген картиналар берілген. Балалар оларды орналастыра отырып, астында, үстінде, арасында, қасында, оң жақта, сол жақта және т.б. сөздерді қолданып, олардың суреттегі орнын атайды.
№2 тапсырма. Бағдаршаны боя. Қозғалыс бағытын ата. Ол бағыт туралы білімді дамытуға көмектеседі (солға, оңға, жоғары және төмен). Әдетте балалар 6 жасқа қарай жоғары және төмен бағыттарды қатесіз ажыратады, бірақ көбісі оң жақ пен сол жақты шатастырады. Сондықтан тапсырманы үлестірмелі материалмен Ауызша жұмыс арқылы пысықтауға болады: әрбір ұлу үй шатырынан жерге түскенде неше торкөз төмен, оңға, жоғарыға, солға жылжығанын сана. Бұл тапсырмада торкөз бойынша ұлудың жолын сипаттай отырып, ұлудың қозғалыс бағыты қолданылады. Мәселен, ұлу 2 торкөз төмен, 3 торкөз оңға жылжыды. Жолды жазуға немесе үлестірмелі материалды пайдаланып бағдаршаммен көрсетуге болады.
№3 тапсырма бірінші рет кездесіп отыр. Мұндай тапсырмалар дәптерде кейін де кездеседі, сондықтан балаларға бұл тапсырмамен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріңіз.
Алдымен кесте элементтері - жол және бағанды қайталату керек. Содан кейін онда жолдар бойымен орналасқан пішіндер салыстырылады. Бұл тапсырмада объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, олардың шартты белгінің көмегімен ұқсас келетін белгісін көрсетеді. Тиісті белгіні жапсырмастан бұрын баладан өз таңдауын түсіндіріп беруді сұраңыз.
№4 тапсырманы тәрбиеші оқиды, балалар оны жай қарындашпен орындайды.
Сабақты қорыту
14-сабақ. Заттарды ені биіктігі,жуандығы бойынша салыстыру
Мақсаты: балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, солға, оңға, жоғары, төмен, астында, үстінде, арасында, қасында, маңында, алдында, артында және т.б. сөздерді пайдалануға үйрету, ненің қайда орналасқаны, қайда бара жатқаны (қарағаны) туралы сұраққа жауап беруге үйрету.
Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша жұмыста заттардың орналасуын көрсететін сөздерді қайталау. Әсіресе - «солға, оңға» деген сөздер. Балалар оң және сол қолын көрсетсін.
Сол жаққа бір заттарды, оң жаққа бір заттарды қойсын. Зейінділікті дамытуға арналған «Жеуге жарамды, жарамсыз» деген ойынды ойнатуға болады
№1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жүргізе отырып, алдыңғы сабақтағыдай заттардың бір-біріне қатысты орналасқан орнын анықтаңдар. Мына секілді сұрақтар қойыңыз: «Қыздың жоғарғы жағындағы, доптың қасындағы құстарды көрсет. Енді орындықтың астында неше құс барын айт».
Балалардың толық жауап беруін қадағалау керек. Содан кейін қозғалыс бағытына байланысты сұрақтар қойыңыз: «Ит қай жаққа жүгіріп барады? Ұшақ қай жаққа қарай ұшып барады?»
Егер бала жауап беруге қиналса, мәселен, «Ит оң жаққа жүгіріп барады». «Ұшақ сол жаққа ұшып барады» деп мұғалімнен кейін қайталаған жөн.
«Менің арт жағымда қандай зат барын, үстелде не жатқанын, партаның оң жағында не жатқанын тап» ойынын өткізуге болады.
№2 тапсырма. Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Өз жолыңды басқа түсті қарындашпен түсір. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал. Бұл тапсырманы орындар алдында балаларды сызбалармен таныстыру қажет.
→ - бағыт оңға қарай
↓ - бағыт төменге қарай
← - бағыт солға қарай
↑ - бағыт жоғарыға қарай
Бір нүкте - бір торкөзге жылжиды, екі нүкте - екі торкөзге жылжиды.
Үлестірмелі материалда сызықтармен бөлінген шаршы берілген. Шаршының сол жағына сызба түрінде ұлудың үйге баратын жолын және жолдың соңында ұлудың үйін бейнелеңіздер. Сызба бойынша ұлудың үйіне апаратын жолмен жүріп өту керек. Содан кейін балалар басқа түсті қарындашпен өздері жол ойл астырып, сызба бойынша ұлудың үйіне өз жолын салады. Сыза отырып балалар ұлудың жолын дауыстап айтып отырады. Мәселен; «Ұлу солға қарай екі торкөз → , төмен бір торкөз ↓ жүріп өтті», жол бағдаршаммен көрсетіледі.
Егер алдыңғы сабақта мұндай жұмыс ауызша жүргізілген болса, балалар тапсырманы оңай меңгереді.
№3 тапсырма көзбен шамалау қабілеттерін арттырады. Есепті бермес бұрын үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі. Үстелге 2-3 фигура қойылады. Содан кейін олар бірінің үстіне бірі қойылады. Балалар төмен, орта, жоғары сөздерін дұрыс түсінгенін тексеріңіз. «Бір фигура төменде, екінші фигура ортада, үшіншісі жоғарыда жатса, үстінен қарағанда нені көреміз? Егер бұл фигураларды бірінің үстіне бірін қойғанда не шығатынын елестетіңдер. Қандай сурет шығады?»
Жауап: жоғары қатарда шаршы, төменгі қатарда шеңбер ішіндегі шаршы шығады.
№4 тапсырма. Саусақ қимылын дамытамыз. Берілген бағытпен сызықтар бойынша жоғарыдан төмен көлденең, қиғаш сызықтар саламыз.
Сабақты қорыту
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\\
\
8-сабақ. Фигуралар мен денелер
Мақсаты: Геометриялық фигуралардың атауымен (шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақ, тіктөртбұрыш және т.б.) таныстыру және бекіту; осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.
№1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.
- Суретте берілген заттарды ата.
- Суреттегі геометриялық фигураларды ата.
- Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата.
Осындай жұмысты пойыз, ұшақ, жүк көлігімен де жүргізуге болады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Әр баланың алдында үстел үстінде геометриялық фигуралар қойылған. Тапсырма: геометриялық фигуралардан зат құрастыру керек. Негіздеу: Затты құрастыру кезінде қандай геометриялық фигуралар қолданылады?
- Сурет қандай фигуралардан құрастырылған? Бұл заттардың (транспорт) барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
Мысалы:
№2 тапсырма бойынша фигуралар салады. Тапсырманың мақсаты - сызба бойынша жұмыс істеу дағдыларын бекіту: қызыл, кішкене шеңбер; көк, үлкен квадрат; жасыл, кішкене үшбұрыш; сары, үлкен шеңбер.
Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын ойын түрінде ау-ызша жұмыс орындалады. Қай зат қандай геометриялық фигураға ұқсас келеді. Үлкен шеңбер - үлкен түймеге, кіші шеңбер - кішкентай түймеге үқсайды және т.б. фигураны көрсетеді, ал балалар айналасынан соған ұқсас затты, мұғалім ұсынған карточканы таңдайды немесе ойша мысал келтіреді. «Сиқырлы суреттер» ойынын пайдалануға болады. Тақтада немесе қағаз бетінде шеңбер, квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш берілген. Осы фигураларды толықтырып бір заттың суреті салынады.
O - түйме, таба
∆ - үй шатыры, ағаштар
□ - үй қабырғасы
№3 тапсырма алдыңғы сабақта меңгерген кеңістік туралы ұғымды бекітуге көмектеседі.
- Араның жолын сал. Бас жағы қызыл гүлмен белгіленген. Тапсырманы бағдарша бойынша орындау қажет.
№4 тапсырма. Балалардың зейінін дамытамыз, фигураларды дауыстап айтқызамыз.
- Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген? Үлгі бойынша боя. Бөлшектерін тауып, бояу керек. Сабақты қорыту
\
\\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
\
Сабақтың тақырыбы: Фигураның өзара орналасуы
Сабақтың мақсаты: геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту; нүкте, сызық, түзу және қисық сызық, кесінді туралы түсініктер қалыптастыру.
№1 тапсырма. Иілгіш сым темір туралы ертегіден бастауға болады. Бұл сым темірдің көмегімен геометриялық фигуралар келтіруге болады. Тақтадағы сурет: түрлі сызықтар, нүктелер, қисық, тура сызықтар. Тақтаға, қағазға, ауаға, құмға және т.б. сурет саламыз.
Нүкте, түзу, қисық сызықтарды бейнелейтін адамдардың (балалар) иллюстрациясы балаларды олардың атауымен таныстыруға мүмкіндік береді. Балалар тақтаға бор немесе маркермен, қағазға қарындашпен осы фигураларды салып жаттығады.
Кесінді қалай пайда болғанын көрсету үшін ертегі айтып беруге болады немесе екі жағынан керілген сым темірді немесе жіпті пайдалана отырып, тура кесінді қалай пайда болатыны көрсетіледі.
№2 тапсырма. Ені әртүрлі отырғышқа аңдарды орналастыру. Жапсырма қағаздарды (наклейка) таңдап алып, төменде көрсетілгендей етіп жапсыру керек. Ені бойынша салыстыру туралы түсініктер нақтыланады. Балалардың бұл түсініктерді шатастырмауын қадағалау керек.
№3 тапсырма. Балалар тиісті түс арқылы кестедегі ұяшықтарда берілген геометриялық фигураларды бейнелейді. Суретті сала отырып, фигураны атау керек: мен қызыл кесінді сызып жатырмын, мен көк түзу сызық сызып жатырмын, т.б.
№4 тапсырма саусақ қимылдарын дамытады және жаңа тақырыпты бекітуге мүмкіндік береді. Мұғалім сыртына шығармай сызық жүргізіп, ішін бояу қажеттігін еске салады. Сызықтарды атын атай отырып жүргізіп шығады.
Ауызша жұмыс үшін «Ұлудың жолы» немесе «Көліктің жолы » үлестірмелі материалын ұсыныңыз. Алдымен бағдарша бойынша қимыл бағытын қайталаңыз. Нүктелерді санаңыз.
Заттардың қасиетін бекіту үшін үлестірме материал пайдаланыңыз. Суреттегі заттарды қарастырамыз. Әрбір карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма? Әр топты бір сөзбен ата.
Металдан жасалған түрлі пышақ, шанышқы, қасық, ара, бұранда, гайка кілтінің суреті берілген (асүй заттары мен құрал-саймандарын екі топқа жіктеу)
Киім және аяқкиім суреті берілген (шалбар, майка, жейде, көйлек, кроссовка, туфли, етік).
Жабайы және үй жануарларының суреті берілген (түлкі, қасқыр, аю, кірпі, мысық, ит, сиыр, ешкі, ...)
Жасыл және сары көкөністердің суреті берілген (қияр, кәді, жасыл бұрыш, сары бұрыш, асқабақ, патиссон, сәбіз)
Сабақты қорыту
6-сабақ. Тізбектер
Сабақтың мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға және уақыт қатынастары туралы түсінік беруге үйрету; заттарды белгілері мен қасиеттеріне қарай ажырату және топтарға жіктеуге, топтарды бір сөзбен атауға үйрету.
Білімді жетілдіру. «Шалқан», «Бауырсақ» және т.б. ертегілер негізінде бұрын, кейін, дейін, шейін секілді түсініктер нақтыланады.
Кейіннен сюжеттік картиналар (үлестірмелі материал) қарастырылады. Бала тәулік күндерін: таңертең, түс, кеш, түн мезгілін ажырата алуы тиіс.
- Таңертеңді, күндізді және т.б. қалай анықтау керек?
Балалар тәулік мезгілдері туралы айтып береді. Содан кейін олардың реті анықталады. Үлестірмелі материалмен жұмыс ұйымдастыруға болады. Таңертең, күндіз, кеш, түн бейнеленген картиналар аралас орналастырылады. Оларға ретін анықтау тапсырылады.
№2 тапсырма. Суретте Самат пирамида құрастырып жа-тыр. Оның іс-әрекетінің ретін анықта. Егер 1 нүкте болса, яғни төменгі бөлшек, қалған бөлшектерді ретімен орналастырамыз. Бала ең кіші және ең үлкен бөлшекті атайды, санайды және түсін айтады.
Сандар ойын текшесіндегідей нүкте түрінде (сандық фигуралар) белгіленеді: мұнда үлгілер орналастырылады.
Балалар жапсырма қағаздарды кестеге жапсырады.
№3 тапсырма. Балалардың ойлауын дамытамыз. Фигураларды айтылғандағыдай орналастыр. Қандай фигура шығатынын ойластыр. Фигураларды қандай ретпен құрастырғаныңды айт. Неше үшбұрыш, шаршы бар. Түстерді ата. Бірдей фигураларды тауып, атап шың.
Үлестірмелі материалдармен ауызша жұмыс жаттығудың осы түрін орындаған кезде көмектеседі. Балаларға досына (сыныпқа) арнап тапсырма ойластыру ұсынылады. 3—4 фигура таңдап алынады. Олардың орналасуы анықталады: төменгі жақ, ортасы, жоғарғы жаң. Балалар олардың біріктіргенде не шығатынын қағазда көрсетеді.
№4 тапсырма жыл мезгілдерінің атауын бекітуге арналған. Мына ағаштардың қай жыл мезгілінде тұрғанын анықта. Ағаштарды жыл мезгілі бойынша боя. Ол қай кезде болатынын әңгімеле. Бала неге олай екенін дәлелдеуі тиіс.
Ауызша жұмыс. Үлестірмелі материалмен (дайын немесе мұғалім дайындаған) жұмыс: заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай топтарға бөл. Бала топтарға бөліп, өз жауабының дәлелін айтуы тиіс. Топты атайды және қандай белгілері бойынша бөлгенін айтады. Мысалы:
Екі және төрт тесігі бар түрлі түсті үлкен және кіші түймелер
Ағаш және пластика моншақтар, олардың жартысы үлкен, жартысы кішкентай
Үш-үштен үлкен және кішкентай иттер
Қызыл және жасыл көкөністер мен жеміс-жидектер
8-сабақ. Жиын және логика элементтері
Сабақтың мақсаты: заттарды салыстыруға үйрету, заттардың үлкен және кіші санын анықтау, салыстыра алу және «қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Сабақ суретті қарастырудан басталады. Суретке мұқият көз жүгірте отырып, ненің теңдей екенін, қыздар көп пе, ұлдар көп пе екенін анықта. Балалар қай үстелде ойнап отыр, қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отыр? Олар нешеу, қайсылары көп? Суретте балалар саны тең, артық не кем екенін көрсет. Неше орындық, парта, сағат, тақта, т.б. (1 мұғалім, 3 қыз, 4 ұл, 2 үстел, 5 орындық және т.б.) екенін санаймыз.
Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек. Тапсырма беріледі:
- Алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта. Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап. Бір, екі, үш және т.б. адамы бар суретті таңда. Енді қажетті жапсырма қағазды алып, нүкте санына қарай ұяшықтарға жапсыр.
№2 тапсырмада №1 тапсырмадағы сурет бойынша жұмысты жалғастырады. Балалар суретте неше зат немесе неше объект болса, сонша шеңбер ішін бояуы тиіс. Содан кейін боялған шеңберлер бойынша қай зат артық (кем) екені белгілі болады.
Осындай Ауызша жұмыста қайсысы артып екенін көру үшін, екі топтағы заттарды бірінің астына бірін немесе бірінің үстіне бірін қою ұсынылады.
Сергіту сәті
№3 тапсырма. Тиеген пирамидалар саны бірдей жүк көлігін тап. Пирамидалар саны көп машинаны қызыл түспен боя. Пирамидалар саны аз машинаны көк түспен боя. Пирамидалар саны бірдей машиналарды қызыл мен көктен өзге бірдей түспен боя.
№4 тапсырма. Заттарды 10-ға дейін санау үшін үлкен картина берілген.
- Әр ұяшықтағы заттарды санаймыз. Түсі мен пішінін, заттың қандай геометриялық пішінге ұқсас екенін анықта. Ойша топтарға бөл, қандай топтар шыққанын ата, неше топ болды? (Жеміс-жидектер және көкөністер). Жеміс-жидектер көп пе, әлде көкөністер көп пе?\
Сабақты қорыту
\
10-сабақ. Математикалық модельдеу
Мақсаты: 5-ке дейінгі реттік және есептік санауды бекіту, заттарды топқа бөліп үйрену, геометриялық фигураларды қайталау.
Ауызша жұмыс. Сандық және реттік санауды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалды пайдалану. Көп қабатты үй, пойыз вагондарын және т.б. реттік санауда қолдануға болады. Содан кейін дәптермен жұмыс істеуге көшіңіз.
№1 тапсырма. «Вагондардың ретін ата. Кімнің артында кім тұрғанын айт». Тапсырманы ойын - жаттығулармен толықтыруға болады.
- Вагонды жасыр, бірақ балаларға нешінші екенін айтпа. Балалар қай вагон екенін табу үшін сұрақтар қояды. Басқа балалар сұрақ қояды:
- Сенің вагоның бірінші ме? (Жоқ, иә). Сенің вагоның қызыл ма? Онда ит отыр ма?
Осы сияқты сұрақтар қою арқылы балалар жасырылған вагонды табуға тырысады.
№2 тапсырма. Түсі әртүрлі 1-5 дана шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыш салынған. Тапсырма: Фигуралардың неше түрі болса, сонша таяқша сал. Қай фигуралар тең екенін анықта. Суретте түсі бірдей фигуралар саны қанша болса, сонша таяқша сал.
Сергіту жаттығуы.
Жаздық, жаздық, көп жаздық,
Шаршады біздің саусақтар.
Бір, екі, үш
Демаламыз, жинап күш. №3 тапсырма. №2 тапсырмадағыдай сызықшалардың көмегімен санын жаз. Неше көк, сары, жасыл моншақ бар. Моншақты жіпке өткізу ретін ата, тізу кезінде жіпке неше және түсі қандай моншаң өткізгеніңді сана, мәселен, бір жасыл моншақ өткізгеннен кейін, екі көк моншақ және т.б. бояуға да болады.
№4 тапсырма. Бұл тапсырма бізге бұрыннан таныс. Балалармен фигуралардың белгілері мен қасиеттерін тағы қайталау. Бұл жаттығуда балалар объектілердің ұқсастығын табады. Шартты белгінің (жапсырмалар) көмегімен олардың ұқсас белгісін көрсету. Фигуралар пішіні, түсі, көлемі жағынан ерекшеленеді.\
Сабақты қорыту
15-сабақ. Көлемдегі санды тура және кері санау
Сабақтың мақсаты: 5-ке дейін реттік санауды бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; заттарды салыстыру дағдыларын арттыру; 1 цифрының баспаша жазылуымен таныстыру.
№1 тапсырма. Суретте толық боялмаған көрініс берілген.
- Заттың (объектінің) қайсысы және нешеуі боялмағанын санаймыз. Сандар қандай цифрмен белгіленген? Бұл цифрларды үлестірмелі материалдан табыңдар. Парта үстіне қойыңдар. Санына қарай ретімен орналастырыңдар. Санап, санын салыстырамыз: 1 күн, 2 түйе, 3 тау, 4 гүл, 5 құс. Құс түйеден көп, тау гүлден кем және т.б.
№2 тапсырма. Суретте заттың қайсысы бірден? Екіден? Үштен? Түрлі түсті қарындаштармен бастырып шың. Бұл заттарды қандай топтарға бөлуге болады? Топтарды бір сөзбен ата. Мысалы: құрал-саймандар, ойыншықтар.
Ауызша жұмыс. Мұғалім үстелге алманың суретін қояды.
- тақтаға тапсырма бойынша саңырауқұлақтарды, гүлдерді орналастыр: үлестірмелі материалдың көмегімен неше алма болса, сонша саңырауқұлақ (сурет көрсетіледі) орналастыр, содан кейін саңырауқұлақтарға қарағанда гүлді артық қой. Саңырауқұлақ артық па, гүл артық па, қайсысы тең?
Мұнда қайсысы артық (кем) екенін тез көру үшін санауды және суреттерді асты астына орналастыруды қалай дұрыс жүргізуді қайталаған жөн.
№3 тапсырма пирамида тиеген жүк көлігімен орындалған тапсырмаға ұқсас. Жемісі аз тәрелкені қызыл түске бояу қажет, ал жемісі көп тәрелке көк түске боялады. Жеміс саны тең тәрелке қызыл мен көк түстен басқа түске боялады.
Берілген үлестірмелі материалдың ішінен тапсырма бойынша фигуралар таңдалады. Символдар туралы үнемі ескертпеу үшін, үлкен плакат жасау қажет немесе үлестірмелі материалдың белгілерін пайдалануға болады. Бір тапсырманы балалармен бірге орындаңыз.
№4 тапсырма. Бірліктерді тауып, бастыр. Торкөздерге үзік сызықпен берілген 1 цифрларын жүргізіп шық. Қол қимылының бағыты ауада пысықталады, содан кейін үстел үстіне саусақпен немесе қарындашпен тигізбей орындалады. Мұнан соң тапсырма беріледі: жолды бірлікпен толтырып шығу.
Саусақ қимылдарын дамыту үшін сабақ кезінде «Математикалық жазулар» дәптерін пайдалану керек. Сабақты қорыт
7-сабақ. Шамалар
Сабақтың мақсаты: 5-ке дейін есептік және реттік санауды бекіту; 2-5 сандарымен және цифрымен таныстыру; заттар тобын салыстыруды үйрету (артық, кем, сонша), « = » белгісі.
№1 тапсырма. Топтардағы затты сана. (2, 3, 4, 5) заттан тұратын топтарды ата. Саны тең заттар тобын сызықтармен біріктір. Шамаң келсе заттар қандай топтарға бөлінгенін атап бер. Саны тең заттарды цифрмен белгіле.
Үлестірмелі материалдан қажетті цифрды тап. Оны көрсет. Цифрлар туралы тақпақ пайдалан.
- Цифр неге ұқсас?
Балаларға бұл цифрларды өздері таяқша, сым темірден, ермексаздан жасауды немесе олардың суретін салуды ұсынамыз.
№2 тапсырма. Заттарды санап, қажетті цифрды жүргізіп шық және екі, үш, төрт, бестен кем заттарды боя. Бұл тапсырмаларда суреттегі заттарды салыстыру жүргізіледі. Қай жерде заттар артық, кем, сонша. «», «
***
3
=
3
№3 тапсырма бұл сабақта өзгешелеу. 11-сабақтың №3 тапсырмасына тоқталайың. Ол алғаш рет кездесіп отыр. Мұғалімнің тапсырмасымен үйдің кіреберісі (подъезд) мен қабатын табу керек, содан кейін қажетті түспен бояймыз. Баламен жұмыс жүргізуші ересектер балаға кестедегі тапсырманы «оқуға» көмектеседі. Оқи алатын балаларға мынадай тапсырма беруге болады: Үйдің неше кіреберісі, қабаты және бірінші қабатта барлығы неше терезе барын сана. Кестені мұқият қара. Алдымен бағанның қайсысы кіреберісті, қайсысы қабатты білдіретінін түсініп ал, содан кейін боя.
№4 тапсырма саусақ қимылын дамытады. Қажетті цифрды табуға бағытталған. Балалар оларды жүргізіп шығуға және көшіруге жаттығады.
Бұл сабақтарда қолды дамытуға арналған дәптер («Математикалық жазулар» дәптері) пайдаланылады.
Сабақты қорыту
\
\
\\
15-сабақ. «+», «-» таңбалары
Сабақтың мақсаты: қосу және азайту амалдарының мәнімен, «+», «-» таңбаларымен таныстыру; қарапайым есептер шығаруға дайындау; заттар тобын салыстыру дағдыларын бекіту.
« + » таңбасын көрсетеді.
- «Плюс» таңбасының көмегімен осы заттарды қосқанымызды жаза аламыз. (Балалар келді, ұшақтар ұшты, машиналар келді және т.б.)
Азайтудың мәнін түсіндіру үшін үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі. «5 машина қоямыз. Осындай цифрды тауып қоямыз. Енді екі машинаны алып тастаймыз. Олар жүріп кетті. Осындай цифрды таңдап аламыз. Оны қатарластыра қоямыз. Неше машина қалды? Санаңдар. Шыққан цифрды табыңдар».
Мұнан «-» таңбасын көрсетеді.
— «Минус» деген бұл таңбамен азайтуды, яғни затты алып тастағанда (кетті, жүріп кетті, ұшып кетті, кесті, сындырды т.б.) белгілейміз. Үстелде 5-2 = 3 жазуы пайда болады.
« = » таңбасы балаларға таныс. Олар заттың осынша екенін білдіретінін біледі. Бағдарламаға «тең» немесе «өрнек» түсінігі кірмейтіндіктен, бұл жағдайда « = » таңбасы санды қосқанда және азайтқанда неше шыққанын жазу үшін қолданылатын таңба ретінде түсіндіріледі.
«6-дан 1-ді алғанда, 5 шығады». Балалар азайту жолын қайталайды. балаларға қай саннан қай санды азайту керектігін енді өздері айта алатындарын түсіндіреді. Балалар азайту неге керек екенін және бұл амал қандай сандық өзгеріске әкелгенін түсінуі тиіс (сан азайды).
Жаңа тақырыпты бекіту үшін №1 тапсырма орындалады. Ол арифметикалық амалдардың мәнін түсінуге көмектеседі. Тапсырма орындаймыз. «+», «—», «=» математикалық таңбаларымен танысамыз. «Кетті, қашып кетті, алып тастады» т.б. сөздерді (етістіктерді) «-» таңбасымен ауыстырамыз, ал «келді, ұшып келді, кірді» т.б. сөздерді « + » таңбасымен ауыстырамыз. Себетте 5 мыршай отыр. Суреттен не көрдіңдер? (1 мыршай себеттен шығып кетеді, 2 мыршай себеттен шығып кетеді). Бұл тапсырманы орындауда қандай амал қолданылды? Неше мыршай қалды? Тағы бір суретте мыршай себеттен шығып кетеді, екінші суретте себетке кіреді. Содан кейін осындай тапсырмаларды орындап жаттығу қажет.
4 + □ = □ 5 - □ = □
№2 тапсырма. Жазуларға сурет таңда. Мысалдарды суретпен сызықтар арқылы біріктір.
2+1=□ 4-1=□ 2-1 = □ 4+1=□
Сурет қосу және азайту амалдарын көрсетеді. Тапсырма бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындалады, алайда жазбалары дайын. Есептеу арқылы нәтижені тауып, торкөзге жазамыз.
Балалар мектепте пайдаланатын арифметикалық терминдерді меңгеруі тиіс. Балаларды бастапқы кезден бастап «қосу», «азайту», «тең болады» деген терминдерді пайдалануға үйреткен жөн, өйткені «алу», «қалады» сөздері ауызекі тілде ғана қолданылады.
Балалар өрбір амалдың мәнін, амалдар арасындағы тәуелділікті түйсіну үшін қосу және азайтуға арналған тапсырмаларды үнемі салыстырып отыру қажет. Бұл олардың айырмашылығын жақсы түсінуге және тиісті амал таңдауға көмектеседі.
№3 тапсырма. Цифрлар қайда жасырынды?
Жасырынып қалған цифрларды және сурет астындағы цифрларды бірдей түспен сызықтар жүргізе отырып боя.
№4. Фигураларды бояғанда фигуралардың орналасу реті:
16—17-сабақтар. 2,3,4,5 сандарының құрамы
Мақсаты: 2,3,4,5 сандарының құрамымен таныстыру. Қосу және азайтудың арифметикалық амалдарының мәнін бекіту.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша жұмыс. Үстелге 1-ден 5-ке дейінгі сандар қатарын орналастыру. 2, 3, 4, 5 сандарының қасында тұрған сандарды ата.
№1 тапсырма. Суретке қараңдар. Онда не бейнеленген. Топтарға бөліңдер. Берілген жағдайға қандай жазбалар сәйкес келеді? Мұғалім мен балалар жазбаға арнап жағдайлар құрастырады. Мысалы: ілгіште 2 күрте және 3 пальто ілініп түр. Күрте мен пальтоны қосқанда барлығы 5 киім.
Санның құрамын меңгеру бойынша Ауызша жұмыс үлестірмелі материалдың көмегімен жүргізіледі. Әр бала өздігінен санды кіші 2 санға жіктеуі керек. Үйлерге (қорап, стақан, т.б) 2-5 зат қойылады. Барлық мүмкін амалдарды тауып, жазу керек. Содан кейін 2 тапсырма орындалады, онда 2, 3, 4, 5 сандар құрамымен үйлер берілген. 2, 3, 4, 5 қандай сандардан тұрады? Фигураларды санаңдар. Суреттің қажет жерін толықтырыңдар. Кіші 2 саннан 2-5 сандарының қалай құралғанын оқып беріңдер.
Бұл сабақтардағы №3 тапсырма санды кіші 2 санға жіктеп, жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Мысалы: 4 моншақты 2 қорапқа әртүрлі етіп сал. Заттарды цифрлармен сәйкестендір.
Кеңістік туралы ұғымдарын дамытуға арналған тапсырма практикалық жұмыспен ұштастырылады. Осы және келесі сабақтарда бір-бірінің үстіне қойылған фигуралар боялады - «төменде – ортасында - жоғарыда» күрделендіріледі.
Сабақты қорыту
\
18-сабақ. 0 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: 0 санымен және цифрымен таныстыру; 5-ке дейінгі реттік санауды және 2-5 сандар құрамын қайталау; берілген мысалдар бойынша жағдайлар (тапсырмалар) құрастыру дағдысын бекіту.
Тірек білімдерін жетілдіру. Сабақ басында 2-5 сандар құрамын қайталау бойынша Ауызша жұмыс жүргізуге арнауға болады; қосу, азайтудың мән мағынасын қайталау. 1—5 сандар қатарын орналастыру.
№1 тапсырма. Суретке көз жүгірт. Суретті сипатта. He шықты?
- Бұл жағдайды материк тілімен жазамыз. Болғаны - 3. Біреуі кетіп қалды. Қалғаны - 2. 3-1=2. Содан кейін 2-1=1. Ақырында соңғы бала кетті. 1-1=? Қандай сан шықты? Мұны 0 цифрымен белгілейміз. 0санықалайшықты? (3 -1= □ 2- 1= □ 1-1=0)
Басқа мысалдар келтіреміз. Тапсырмалар құрастырып, шешімін табамыз.
№2 тапсырма. 5 санының құрамын еске түсіреміз. Екі сөреге 5 кітапты қандай жолмен орналастыруға болады? Бос торкөздерді қажетті шеңберлер санымен толықтыр.
№3 тапсырма. Цифрларды тауып, жүргіз. Суретте қандай цифрлар бар? Оларды көрсетіп, атап бер. Ретімен ата. Суретте тағы қандай таңбалар берілген (бұл - әріптер)?
№4 тапсырма 0 цифрын жазуға және бастыруға арналған. Бүкіл жолды алдымен үзік сызықпен, содан кейін үзік сызықсыз жазу. Бағытқа сәйкес қисық сызық түсіру.
Үлестірмелі материалмен ауызша жұмыс. Жоспар бойынша аққала бөлшектерін белгілейміз. Аққала қандай геометриялық фигуралардан тұрады? Фигуралардағы қандай қасиеттер мен белгілерді анықтай алатынымызды еске түсір. Үлгі бойынша фигуралардың барлық белгілері мен қасиеттерін белгілейміз. Тәрбиеші аққаланың әрбір бөлшегінің қасиеттерін сипаттау ретін белгілейді. Аққаланың кейбір бөлшектерін сипаттауды балалардың өздеріне орындатуға болады.
\
Сабақты қорыту
19—22сабақтар. 6—9сандары
Сандар құрастыру. Алғашқы сабақтарда екінші бестік сандары қалай құрастырылатынын еске түсіру қажет. Бір сабақта екі санның құрылуы ретімен қарастырылады және олар өзара салыстырылады (6 саны - 5 пен 1 сандарынан тұрады; 6 саны 1 санынсыз 5-ке тең; 7-6 мен 1; 7 саны 1 санынсыз 6-ға тең т.б.) Бұл балаларға бірлікті алдыңғы санға қосумен келесі сан құрудың, сондай-ақ келесі саннан бірлікті азайтумен алдыңғы санды алудың жалпы қағидасын меңгеруге көмектеседі. Соңғысы өте маңызды, өйткені балаларға кем сан алу қиынырақ тиеді.
Жоғарғы топтағыдай түрлі заттар жиынтығы ғана салыстырылмайды.
Бір түрдегі заттар тобы қосалқы топтарға бөлініп, өзара салыстырылады («Биік шырша көп пе, аласа шырша көп пе?»), заттар тобы оның бөлшектерімен салыстырылады. («Қызыл шаршы көп пе, әлде қызыл мен көк шаршының қосындысы көп нe?»). Балалар бұл заттар саны қалай алынғанын, қай заттарға неше зат қосылғанын немесе қай саннан неше азайтылғанын әр кез айтып отырады. Жауаптар мардымды болуы үшін сұрақтарды түрлендіріп, балалардың бір қатынасты («тең», «сонша», «алтаудан, т.б.) түрліше сипаттауға ынталандыру қажет.
Келесі сандар құруға арналған әрбір сабақты алдыңғы сан қалай алынғанын қайталаудан бастаған пайдалы. Осы мақсатта сандар баспалдағын пайдалануға болады. Көк және қызыл түсті екі жақты шеңберлерді 10 қатарға орналастырады: әрбір келесі қатарда сол жағынан санағанда, саны 1-ге артады («1 шеңберге артық»). Мұнда қосымша шеңбер теріс орнатылады. Сандар баспалдағы келесі санның шығуына қарай біртіндеп қатарымен ыңғайласады. Сабақ басында сан баспалдағына қарап, балалар алдыңға сан қалай шыққанын еске түсіреді.
10 көлемінде заттарды санау және кері санауға балалар бүкіл оқу жылы ішінде жаттығады. Олар сандардың орналасу тәртібін жақсы есте сақтап, заттарды дұрыс санай алулары және санау кезінде соңғы аталған сан заттың жалпы санын білдіретінін түсінулері тиіс. Егер балалар санауда қате жіберсе, оны көрсетіп, түсіндіру қажет.
Мектепке келгенде балада санау және заттарды ыңғайлы қолымен сол жақтан оң жаққа орналастыру дағдысы болуы тиіс. «Неше?» деген сұраққа жауап бергенде олар заттарды солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары, яғни кез келген бағытта санай алуы керек. Олар санауды кез келген бағытта жүргізуге болатынын, алайда бірде-бір затты санамай кетпеу керектігін немесе бір затты екі рет санауға болмайтынын түсінеді.
Заттар саны олардың пішіні, өлшемі, орналасуына тәуелсіз болады. «Тең», «артық», «кем» түсініктерін, орнықты санау дағдысын қалыптастыру көптеген түрлі жаттығулар мен көрнекі құралдарды қажет етеді. Көлемі (ұзын және қысқа, кең және тар, үлкен және кіші), орналасуы әртүрлі заттар жиынтығының санын салыстыруға үлкен мән беріледі. Балалар заттар жиынтығын, мәселен, орналасуы әртүрлі шеңберлер тобын түрлі жолдармен салыстырады: үлгіге сәйкес шеңберлердің белгілі бір саны берілген карточкаларды табады, бірақ олар басқа фигура құрайтын, басқаша орналасқан болады; карточкада неше шеңбер болса, соншасын немесе 1-ге артық (кем) санап шығады. Балалар заттарды орналасуына қарай тез, әрі оңай санау жолдарын іздейді.
Заттар саны мен олардың орналасуы туралы айта отырып, балалар заттар саны олардың алатын орнына, өлшеміне және басқа белгілеріне байланысты болмайтынына көз жеткізеді.
Түрлі белгілері бойынша заттарды топтарға бөлу (заттар тобын құру). Қандай да бір белгілері бойынша, мәселен, көлемі бойынша ерекшеленетін заттардың екі тобының санын салыстырудан 2, 3 белісімен, мәселен өлшемі, пішіні, орналасуы бойынша ерекшеленетін заттар тобының санын салыстыруға көшеді.
Балалар заттың белгілерін ретімен анықтауды (« Мынау не? He үшін қажет? Пішіні қандай? Өлшемі қандай? Түсі қандай? Неше?»), заттарды салыстыруды және олардың белгілеріне қарай топтарға біріктіруді үйренеді. Нәтижесінде балаларда бақылауға, ойлау айқындығына деген қабілеті артып, зейіні дамиды. Олар заттар тобына немесе осы топтағы заттардың бір бөлігіне ортақ белгілерді айыра білуге, яғни қандай да бір белгісіне қарап қосымша топқа бөлуді, олардың арасындағы сандық қатынастарды орнатуға үйренеді. Мәселен; «Барлығы неше ойыншық? Неше матрешка, неше машина? Неше ағаш ойыншық? Неше металл ойыншық? Неше үлкен ойыншық? Неше кіші ойыншық? ».
Қорытындысында тәрбиеші осы қосалқы топқа немесе жалпы топқа ортақ белгісі бойынша біріктіру дағдыларына негізделе отырып және объектілердің белгілерін айқындай отырып, неше? сөзімен сұрақтар ойластырады.
Балаға әр кез неге олай ойлайтыны туралы сұрақ қойылады. Бұл сандық қатынасты жақсы түсінуге ықпал етеді. Жаттыға отырып, балалар алдымен қай зат артық, қай зат кем екенін анықтайды, содан кейін заттарды санап, сандарды салыстырады, не болмаса алдымен түрлі қосалқы топқа кірген заттар санын анықтайды да, содан кейін барып олардың арасында сандық қатынастарды орнатады: «Үшбұрыш 6, шеңбер 5 болса, қайсысы артық?»
Заттар жиынтығын салыстыру тәсілдері.
Заттар жиынтығын салыстыра отырып (теңдік пен теңсіздік қатынастарын анықтай отырып), балалар олардың элементтерін практикалық салыстыру тәсілдерін меңгереді: 2 жиынтық затты жұбымен үсті-үстіне қою, біріктіру, 2 жиынтықты салыстыру үшін эквиваленттер пайдалану, соңында 2 жиынтық затты бағдаршаммен біріктіру. Мәселен, ұстаз тақтаға 6 шеңбердің, оң жағына 5 сопақ пішіннің суретін салады да, сұрақ қояды: «Қай фигуралар артық (кем) және неге? Қалай тексеру керек? Ал егер санамаса ше?» Балалардың біріне әр шеңберді сопақшамен бағдаршаның көмегімен біріктіруді тапсырады. 1 шеңбер артық шығады, демек, олар басқа фигуралардан артық, 1 сопақша жетпей қалды, демек, олар шеңберден кем. Фигуралар тең болуы үшін не істеу керек?» т.б. Балаларға 2 түр фигураларының аталған санын өздеріне салдырып, түрлі тәсілдермен олардың санын салыстыру ұсынылады. Жиын санын салыстыру кезінде үнемі қай зат артық, қай зат кем екені анықталып отырады, өйткені «артық» және «кем» қатынастары өзара үнемі байланыста болуы қажет (егер бір қатарда 1 зат артық болса, екіншісінде 1 зат кем болады). Теңестіру әрқашан 2 тәсілмен жүргізіледі: үлкен топтан затты алып тастайды немесе кіші топқа зат қосады.
Сандық қатынастарды анықтау үшін жиынтық элементтерін практикалық салыстыру тәсілдерінің мәнін атап көрсетуге мүмкіндік беретін тәсілдер кеңінен қолданылады. Мәселен, тәрбиеші 7 шырша қояды. Балалар оларды санайды. Содан кейін балалар көзін жұмады. Тәрбиеші әр шыршаның астына бір саңырауқұлақтан қояды, ал балалар көзін ашқан соң саңырауқұлақтарды санамастан санын атауы тиіс. Балалар 7 саңырауқұлақ екенін қалай анықтағанын түсіндіреді. Екінші топқа 1 затты артық немесе кем орналастыра отырып, осыған ұқсас тапсырмалар орындалады.
Соңында екінші топ заттарын мүлде көрсетпесе де болады. Мысалы, мұғалім былай дейді: «Циркте жаттықтырылған жолбарыстардың әрқайсысына арнап 1 тумбадан жасаған текшелер қойылады. Қойылымға неше жолбарыс қатысады.
Салыстыру тәсілдерін пайдалану сипаты біртіндеп өзгереді. Бастапқыда олар көрнекі түрде сандық қатынастарды анықтауға, сандардың мәнін көрсетуге және олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашуға көмектеседі. Кейін, санау және сандарды салыстыру сандық қатынас орнату құралына («тең», «артық», «кем») айналғанда, практикалық салыстыру тәсілдері орнатылған қатынасты тексеру, дәлелдеу құралы ретінде пайдаланылады.
Балалар аралас сандар арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы өз тұжырымдарын дәлелдей отырып, заттар тобын практикалық салыстыру тәсілдеріне өздігінен жүгініп үйренеді. Мысалы, бала: «7саны6санынан 1-геартың, ал 6 саны 7 санынан 1-ге кем. Мұны тексеру үшін текшелер мен кірпіштер алайық», деп айтады. Ол ойыншықтарды 2 қатар етіп қояды да, көрнекі түрде көрсетіп түсіндіреді: «Текшелер артық. 1-еуі артық, ал кірпіштер кем, олар барлығы 6, 1-еуі жетпейді. Демек, 7 саны 6 санынан 1-ге артық, ал 6 саны 7 санынан 1-ге кем».
Жиын санының теңдігі және теңсіздігі.
Балалар бірдей элементтер санын қамтитын кез келген жиынтық бірдей санмен белгіленетініне көз жеткізуі тиіс. Сапалық белгілері бойынша ерекшеленетін түрлі немесе біртекті заттар жиынтығының саны арасында теңдік орнатуға арналған жаттығулар түрліше орындалады.
Балалар кез келген зат тең болуы мүмкін екенін түсінулері керек: 3-тен, 4-тен, 5-тен, 6-дан, т.с.с. 2-3 жиынтық элементтерінің санын теңестіруді талап ететін жаттығулардың маңызы бар, мысалы, балаларға заттардың жетпейтін мөлшерін, мәселен, барлық балаларға жететіндей жалаулар мен барабандар, барлық қонжықтарға бант тағуға жететіндей лента әкелу ұсынылады. Сандық қатынастарды меңгеру үшін жиынтық сандар теңдігін қалыптастыру жаттығуларымен қатар теңдікті бұзатын жаттығулар қолданылады, мысалы: « Үшбұрыш шаршыдан артық болатындай Олардың саны артық екенін дәлелде. Қуыршақ аюдан кем болуы үшін не істеу керек? Олар нешеу болады? Неге?».
Мақсаты:
6-9 сандарымен және цифрларымен, өзінен кем екі саннан тұратын 6-9 сандарымен таныстыру. Натурал сандар қатары арасындағы қатынасты түсінуге үйрету (6 саны 5 санынан 1-ге артық, 5 саны 6 санынан 1-ге кем). 9-ға дейінгі есептік және реттік санау.
Бұл 4 тапсырма бірдей жоспар бойынша құрылады. Бұл сабақтарды 8 санын үйрену мысалдарымен көрсетеміз.
Жинақ тақтайшаға тәрбиеші 7 түрлі гүл қояды да, былай дейді: «Қазір біз «Мен саны бойынша нешінші гүлді жасырдым?» деген ойын ойнаймыз. Барлығы неше гүл барын қараңдар. 7 гүлден тұратын топ қалай құрастырылған?» Балалардың жауабы тыңдалған соң, тапсырма түсіндіріледі: «Гүлдер қандай тәртіппен орналасқанын еске сақтаңыз. Содан кейін 1 гүлді мен жасырамын, ал сендер саны бойынша ол нешінші болғанын айтасыңдар. Кім гүлді ретімен санап шығады?». (Тілек білдірген бала әр гүлдің реттік нөмірі мен түсін атайды. «Бірінші - көгілдір, екінші - жасыл...». Сонан соң балалар көзін жұмып, тәрбиеші гүлдің бірін алып тастайды. (Жаттығу бірнеше рет қайталанады. Тәрбиеші: «Барлығы неше гүл? Егер 1 гүл қосса, олар нешеу болады? Қанеки, бәріміз гүлдерді санаймыз! (балалармен хормен санайды). Олар нешеу болды? Қалай 8 гүл болды? (1 гүл көгілдір, 1 гүл көк... Барлығы - түсі әртүрлі 8 гүл»).
Тәрбиеші балаларға былай деп айтады: «Суретте не бейнеленгенін қараңдар. Карточкасында ыдыс-аяқ бейнеленген балалар тақтаға шығып, өз суреттерін жинақ тақтайшаның жоғарғы жолағына орналастырады (балалар тапсырманы орындайды). Барлығы неше ыдыс-аяқ салынған? (Балалардың бірі санайды). Әртүрлі ыдыстың неше суреті бар және олар барлығы нешеу?» (1-2 баланы шақырады).
Мұндай жұмыс ойыншықтар мен оқу құралдарының суретімен де жүргізіледі. Оны балалар жинақ тақтайшаның ортаңғы және төменгі жолақтарына орналастырады. Соңында мұғалім: «Сендерде қайсы зат теңдей?» деп сұрақ қояды. Тәрбиеші 3 карточка іледі. Олардың әрқайсысында 8 зат бейнеленген. Балалар олар несімен ерекшеленеді және несімен ұқсас екенін салыстыра отырып айтады. Балалар суреттерді санап, қорытындыға келеді: «Карточкада түрлі заттар бейнеленген, бірақ олар тең - 8-ден». Әліппе - дәптермен жұмыс
№1 тапсырма (21-сабақ). Суретті қарастырамыз. Қандай заттар бейнеленгенін атаңдар. Заттарды екі топқа бөліңдер. Заттар тобын атаңдар. Неше алма, машина, мойын орауыш, текше және т.б. бар. Цифрды заттар тобымен сәйкестендір. Тиісті цифрды заттарға жаз.
Үлестірмелі материалмен практикалық жұмыс. 8 затты санаңдар. Оларды 2 себетке (қорапқа, стақанға т.б.) орналастырыңдар. Нәтижені карточкаға цифрмен жаз.
№2 тапсырма. 8 санының құрамы. 8 санын қандай сандардан құрастыруға болатынын ата.
Үлестірмелі материалмен Ауызша жұмыс мұғалімнің қалауы бойынша пайдаланылады. Сабақта мына жұмыстардың бірін таңда:
1) Балаларға фигуралар жинағы беріледі. Тапсырма беріледі. Өзгерт:
Тиісті фигураны құрастыр.
2) Сурет бойынша (үлестірмелі материалдар суреті немесе мұғалім ойластырған жағдай бойынша. Жағдай үлестірмелі материалмен иллюстрацияланады) тапсырма құрастыр. Мысалды шешкенде қажетті цифрды ңой. Осыған ұқсас мысалдар құрастырып, тапсырмалар орында.
Кейіпкерлерді пайдалануға болады: қыз жіпке моншақ тізіп отырады. Содан кейін моншақ тізіп отырған қыз туралы әңгіме құрастыру туралы тапсырма беріледі. Мысалы: «Қыз 2 сары және 1 көк моншаң тізді. Ол барлығы неше моншақ тізді? »
3) Шартты белгілермен жұмыс. Тапсырма бойынша картина құрастыру керек немесе сурет салынады.
4) Қолғаптың жұбын алу үшін өрнектер құрастыр. Өз өрнегіңді ойла.
Суретте неше қолғап? Досыңмен бірге осы ойынды ойна.
Ойын ережесі. Бір ойыншы қолғаптардың іштей бірін таңдап, екінші ойыншыға ол қолғаптағы фигуралардың қалай орналасқанын айта бастайды. Екінші ойыншы осы сипаттау бойынша қолғаптың суретін салады. Содан соң қолғапты түпнұсқасымен салыстырады.
№3 тапсырма. Заңдылықты тап. Тапсырмаға қажетті жапсырманы таппас бұрын мынадай жұмыс жүргізіңдер: әр сөреде неше қыш құмыра барын сана. Пішіні бірдей қыш құмыраларды көрсет. Құмыраларды қандай топқа және қандай белгілері бойынша бөлуге болады? (Суреті бойынша және түсі бойынша). Сөреге қандай қыш құмыра қою керек? Here олай ойлайтыныңды түсіндір. Қандай қыш құмыра қою керектігін көрсет. Тиісті жапсырманы тап. Бос жерге жапсыр.
№4 тапсырма. Үзік сызықтар түсір және бастыр. Гүлдерге сызықтар түсіру, үзік сызықтар бойынша бүкіл жолға 8 цифрын жазып шығу, тапсырманы орындаудың дұрыстығын қадағалау. Партаға, ауаға, содан кейін қағаз жолына саусақпен жазып көр.
Сабақтың қорытындысы:
— Балалар біз қандай цифрмен таныстық? Сендер сабақта жаңадан не үйрендіңдер? Қандай тапсырма ұнады? 1-ден 8-ге және 8-ден 1-ге дейін тура және кері бағытта санаңдар.
19—22-сабақтарды ұйымдастыруға арналған қосымша нұсқау
5(6) жастағы балалар аралас сандар арасындағы байланыстармен ғана емес, қатынастармен де танысады (аралас сандардың бірі екіншісінен қаншалықты артық немесе кем).
Аралас сандармен берілген заттар жиынының санын салыстыру жаттығуларынан олар көрнекі құралдың көмегінсіз сандарды салыстыруға көшеді. Бұл алғашқы сабақта енгізіледі. Екінші бестік сандарының құрылуы туралы білімдерін бекіте отырып, мынадай сұрақтар қойылады: «6-ға 1-ді қосқанда, не болады?» немесе: «Егер 5 зат болса, қалай 6 зат алуға болады?» және т.б.
Кейіннен балалар көп немесе аз орын алатын өлшемі әртүрлі заттар тобын салыстырады. Олар сыртқы өсерге жүгіне алмайды, заттарды санап, сандарды салыстыра отырып жауап табады, яғни сандар арасындағы байланысты түсінуге иек артады. Алайда бұл білімді жалпылау үшін арнайы жаттығулар қажет. Аралас сандар арасындағы қатынастың өзара кері сипаты туралы білімді жалпылауға бастапқыда көрнекі материалға сүйене отырып жүргізілетін сандарды айырымдық салыстыруға арналған жаттығулар ықпал етеді. Мысалы, балалар ойыншықтардан, карточкадағы шеңберлерден, мұғалім атаған саннан 1 рет артық немесе кем ойыншықтарды санайды, шапалақтайды, қолдарын көтереді, секіреді және т.б. «Мұндағы матрешка санынан 1 есе артық (кем) шапалақта. Неше рет шапалақтадың? Неге?». Тағы басқа нұсқасы: «Карточкада неше шеңбер бар? Одан 1 сан артық (кем) шығуы үшін неше шырша қоясың? Неге?» Күрделірек тапсырма: «Карточканың жоғарғы жолағына мендегіден 1 шеңбер артық қойыңдар. Төменгі жолаққа жоғарғы жолақтағыдан 1 шеңбер кем қойыңдар. Менің карточкамда неше шеңбер бар? Төменгі жолақта неше шеңбер бар? Төменгі жолақтағы шеңберлер саны неге менікімен бірдей?» Балалар санның қалай шыққанын түсіндіреді, аралас сандарды салыстырады, олардың арасында айырымдық қатынас орнатады. («7 шырша қою керек, өйткені карточкаңызда 6 шеңбер бар, ал сіз шеңберге қарағанда 1 шырша артық қоюды сұрадыңыз. 7 саны 6 санынан 1-ге артық, ал 6 саны 7 санынан 1-ге кем»). Балалардың жауабында аралас сандар арасындағы өзара - кері сипаттағы қатынас көрініс табуы тиіс. Осы жаттығулар нәтижесінде көрнекі құралдың көмегінсіз сандарды салыстыруға көшуге болады. («7 санынан 1-ге артық санды ата. 8 саны 7 санынан қаншалықты артық? 7 санынан қай сан 1-ге кем? Here 6 санын атағаныңды түсіндір»). Сандарды айырымдық салыстыруға кемінде 2-3 сабаң арналады. Келешекте бұл мәселеге оқу жылының соңына дейін жиі оралып отыру керек.
Сандардың орналасу реті туралы білімді бекітуге санды 1-ге арттыру және кемітуге арналған жаттығулар мүмкіндік береді. Тәрбиеші 1 затты орналастырады (жалау, матрешка) да, сұрақ қояды: «Егер 1 зат қосқанда, қандай сан шығады? Неге?».
Балалар осылайша 10 заттан топ құрады. Топты санап, саны бойынша қайсысы соңғы екенін бірден айтып отырады. Санды 1-ге кемітуге арналған жаттығу да осы жолмен орындалады. Тәрбиеші мынадай сұрақ қояды: «Барлығы неше саңырауқұлақ? Егер 1 саңырауқұлақты алып тастасам, нешеуі қалады? Неге?». Осылайша, 1 саңырауқұлақ қалғанша жалғаса береді. Бұл жаттығуларға 3 сабаң арналады. Олар түрліше ұйымдастырылады. Бірінші сабақ толығымен санды 1-ге арттыру жаттығуларына, екінші сабақ санды 1-ге кемітуге, ал үшінші сабақ бір материалды пайдалана отырып, санды арттыруға да, кеміту жаттығуларына, сондай-ақ сандарды айырымдық салыстыру жаттығуларына арналады. Егер балалар сандар арасындағы айырымдық қатынастарды меңгерген болса, онда барлық 3 сабақта да балаларға сандарды арттыруға және кемітуге арналған жаттығулар беруге болады. Мұнда натурал сандар қатарын құру қағидасына назар аудару қажет.
Сандардың тура және кері орналасу реті туралы білімді бекітуді баспалдақ жаттығуы тартымды етеді. Балалар баспалдақпен бірде жоғары, бірде төмен түсе отырып, өткен баспалдақты немесе алда тұрған баспалдақты санайды, яғни тура және кері тәртіппен санайды. «Ойыншыққа дейін неше баспалдақ барын санайық. Ойыншыққа дейін неше баспалдақ қалғанын санайық» (10, 9, 8, 7...).
Балаларды тура және кері санауға үйретуде сандар баспалдағы қолданылады. Сандар баспалдағымен жаттығу аралас сандар арасында ғана емес, қатардағы қалған сандар арасындағы байланыс пен қатынастар туралы білімді бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар дейін және кейін сөздерінің мағынасын түсінуге көмектеседі.
Сандық фигуралармен бірқатар жаттығулар жүргізеді. Мысалы, тақтаға саны 1-ден 10-ға дейінгі шеңберлер мен сандық фигураларды қатар орналастырады. 2 фигураны өз орнына қоймайды, балалар қай фигураның «адасқанын» табуы тиіс. Кейбір сандық фигуралар тура және кері бағытта орналасуы мүмкін.
Сабақты қорытындылауда «Сандар әңгімесі» ойыны өткізіледі. Мұғалім тақтаға бірнеше баланы шығарып, оларға сандық фигуралар үлестіреді. «Сендер сандар рөлін атқарасыңдар, ал қай сандар екенін карточка айтады! Сандар, қане, ең кішіңнен бастап ретімен тұрыңдар», - дейді мұғалім. Тексергеннен кейін «сандарды» шығарып, былай дейді: 5 санына 4 саны: «Мен сенен 1-ге кішімін», - деді. «5 саны 4 санына не деп жауап берді? Ал ол 6 санына не деп айтты» және т.б.
Бастапқыда балалар сызба түрінде берілген сандар қатарына сүйене отырып, содан кейін көрнекі материалдың көмегінсіз мынадай сұрақтарға жауап береді: «2, 3, 4-ке дейін санау кезінде қандай санды атау керек? 5 санын қай санның алдында атайды? 8 санын қай саннан кейін атайды? 7 санынан қай сан 1-ге артық? Қай сан кем? Неге?»
Балалардың салыстырылатын екі санды міндетті түрде атағанын қадағалаған жөн. Бұл әр сан (1-ден өзге) біреуінен артың, біреуінен кем екенін түсінуге байланысты. Балалар біртіндеп «дейін» сөзі санның берілгеннен кем екенін, ал «кейін» сөзі берілгеннен артық екенін айтуды талап етеді.
23-сабақ. 10 саны
Сабақтың мақсаты: 10 санымен және оның жазылуымен, 10 санының құрамымен таныстыру; 10-ға дейінгі реттік санауды бекіту
Тірекбілімді жетілдіру.
Ауызша жұмыс: 10-ға дейін тура және кері тәртіппен санау.
Ойын цифрды атайды, балалар суретке сәйкес санды табады және мұны керісінше жүргізеді. 6-9 сандарын бейнелейтін сурет көрсетіледі. Балалар тиісті цифрды көрсетеді.
Бұл сабақта «Ирек» үлестірмелі ойын материалын пайдалануға болады. Балалар сан мен цифрды өзара дұрыс сәйкестендірсе, шеттері иректеліп қиылған екі карточка сәйкес келуі тиіс.
№1 тапсырма. Суретте саны 10-ға дейін түрлі заттар берілген.
- Суретке көз жүгіртеміз. Қандай заттар бейнеленгенін ата. Заттарды топқа бөл. Заттар тобын ата. Неше доп, матрешка, қылқалам, кітап және т.б. барын анықта. Цифрды заттар тобымен сәйкестендір. Тиісті цифрды жаз. Балалар 10 санына жеткен кезде, оны қалай жазу керек деген сұрақ туындайды. Үстелге 1 және 0 сандары қойылады. Бұл сан екі цифрмен жазылатыны түсіндіріледі.
10 санының құрамы. Үлестірмелі материалмен практикалық жұмыс.
Тақта немесе үстелге бес шырша қойылады. 10 санының құрамын шығару керек: 4 пен 6, 5 пен 5, 2 мен 8,1 мен 9, 3 пен 7.
Шыршаны әртүрлі етіп безендір. 10 санының құрамы екі жағынан ойыншықтармен (шеңберлермен) иллюстрацияланады. Ойыншықтарды сол жақтан және оң жақтан сана. Санды жаз. Шырша астындағы жәшіктерге шыршадағы ойыншық санын жаз. Қай бұтақта артық (кем), сол жақта ма, әлде оң жақта ма? Қаншалықты артық (кем)?
Сергіту сәті
Сергіту сәтін өткізу үшін алты қоян, сегіз шырша, он нүкте (басқа сан болуы мүмкін) бар карточка пайдаланылады.
Неше қоян болса, сонша рет секір.
Неше жасыл қоян болса, сонша рет еңкей.
Шеңберде неше нүкте бар болса, қолыңды сонша рет көтер.
№2 тапсырма 7 санының құрамын бекітуге бағытталған. Осыған ұқсас үлестірмелі материалдың көмегімен басқа сандар құрамын бекітуге болады.
№3 тапсырма. Кестеде қандай геометриялық фигуралар бейнеленген? Шеңбер, шаршы, үшбұрышқа ұқсайтын заттарды ата. Кестеге қажетті фигураларды сал.
№4 тапсырма. Мұғалім №1 тапсырмада 10 санының жазылуымен таныстырды. Енді балалар оны баспа цифр түрінде жазуды бекітеді.
24-сабақ. Қайталау
Балалар тура және кері тәртіппен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тез, әрі сенімді түрде санауды үйренгені маңызды, яғни алғашқы 10 натурал санның ретін мықты меңгеруі тиіс. Бұған көрнекі құралдың көмегінсіз жүргізілетін әртүрлі санау жаттығулары ықпал етеді.
«1-ден 10-ға дейін сана. Кері тәртіппен сана. 5-ке дейін қандай сан жүреді? 5-тен кейін қандай сан? 4-тен кейін тұратын 3 санды ата, енді 4 санды ата. 6 мен 8, 5 пен 7 сандары арасында қандай сан жоғын тап және кері бағытта: 7 мен 5, 8 бен 6. 7-нің қасында тұратын сандарды ата. Олардың арасында 1 санды қалдырып, 2 санды ата. Олардың арасында 1 санды қалдырып, 3 (4) санды ата.
«Әрі қарай сана», «Кім білсе, әрі қарай санасын» ойындары өткізіледі. Егер балалар шеңбер құра отырып, мұғалім доп, ойыншық, т.б. лақтыру арқылы шақырса, мұндай жаттығуларға қызығушылық арта түседі.
Балалар қажетті санды іздеу кезінде санауды 1 санынан бастамай, аралас сандар арасындағы байланыстар мен қатынастарға назар аударғаны жөн. Егер балалардың кейбіріне бұл мүмкін болмаса, заттар жиынтығын салыстыруға, яғни көрнекі материалға сүйене отырып сандарды салыстыруға арналған жаттығуларға оралу қажет.
Ауызша санау жаттығулары екінші және үшінші тоқсанда өткізіледі, олар балаларды арифметикалық тапсырмалар шешу кезіндегі есептеу тәсілдерімен таныстыруға бағытталған. Оқу жылының соңында балалардан қандай да бір сандар туралы (7 мен 8, 6 мен 5) білетінін айтып беру сұралады.
Балалар өз жауабында 7 саны 6-дан үлкен, ал 6 саны 7-ден 1 сан кем, 7 санында 7 бірлік бар, ал 6 санында 6 бірлік қана бар немесе: 7 шығу үшін 6-ға 1 санын қосамыз, ал 6 саны шығу үшін 7-ден 1-ді азайтамыз, немесе: 6 саны 7 санынан бұрын тұрады, ал 7 саны 6 санынан кейін тұрады деп көрсетсе, олардың сан туралы білімінің бағдарламада талап етілген көлемін жақсы меңгергені және есептеуді меңгеруге дайын деп сеніммен айтуға болады.
Мақсаты: өткен материалды қайталау: 1-ден 10-ға дейін реттік және есептік санау, 2-10 сандарының құрамы, геометриялық фигуралардың атауы, заттардың қасиеті мен заттарды топтарға бөлу.
Алдымен 0-10 сандары арту/кему тәртібімен орналасқан карточкалар қойылады. Қатар тұрған сандарды салыстыруға болады. Келесі сан алдыңғы саннан 1 сан артық. Бұл үшін сандар баспалдағын пайдаланыңыз (үлестірмелі материалды қараңыз).
Бұл сабақта 10 санының, сондай-ақ басқа сандардың құрамы қайталанады. Ол үшін үлестірмелі материалдан үйлердің суреті пайдаланылады. Құрамы қиып алынған цифрлардан қойылады.
Сонымен қатар ойын ойнатуға болады. Мұғалім бір сан көрсетеді, ал балалар оның кіші екі саннан тұратын түрлі құрамын айтады. Содан кейін қай жағдай жетпейтіні талданады.
Бұл сабақты саяхат сабақ, ертегі сабақ және т.б. түрінде өткізуге кеңес береміз.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма. Балалар пирамидамен не істеп жатқанын айтыңдар. Мұны цифрлар мен таңбалардың көмегімен қалай жазды? Келесі суреттердегі текше-торкөздерді жазуға сәйкес болатындай етіп бояңдар.
№2 тапсырма. Саны 5-тен 6-ға дейін жететін шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыштар салынған. Кестеде салынған фигураларды атаңдар. Қай фигуралар саны тең? Қайсысы артық, кем? Қай түсті фигуралардың саны теңдей?
Заттың қасиеттері. Үлестірмелі материалмен жұмыс
Балалармен бірге белгілер (символдар) қайталанады. Тиісті фигуралардың суретін сал.
№4 тапсырма. Торкөз қағазда жолақтар (тіктөртбұрыштар) басқа фигуралар берілген. Фигуралар неше торкөзден тұратынын санау керек. 5—10 сандарының астында түрлі түсті қарындаштар. Фигураны тиісті түспен боя.
Сабақ соңында осы сабақтың, жалпы жартыжылдықтың жұмысы қорытындыланады. Балалар әліппе-дәптерді түгел қарап шығады. Балалар өздеріне ең қатты ұнаған тапсырмаларды көрсетсін. Балаларға мақтау айту керек.
25-сабақ. Заттардың қасиетін қайталау
Сабақтың мақсаты: 10 мөлшерінде тура және кері санауды қайталау; заттың қасиеттерін, геометриялық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау; 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту; саусаң қимылын дамыту.
Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жандандыру.
Балаларға тура және кері бағытта санауға арналған тапсырмалар беріледі.
Санауды мұғалім тақта немесе жинақ тақтайшадағы тиісті суреттермен ұштастыра жүргізеді (суреттер шеңбер етіп қойылады). Қуыршақтардың бір жұптары пішіні мен көлемі бойынша бірдей, бірақ киімінің түсі әртүрлі, ал кейбір пішіні мен киімінің түсі бойынша бірдей, көлемі жағынан әртүрлі болғаны
- Барлығы неше қуыршақ? Матрешка саны бойынша нешінші? Әртүрлі қуыршақтан бастай отырып санап жаттығу. Қуыршақтар арасында бірдейі бар ма? (Мұғалім қандай белгілер бойынша екенін анықтайды).
«Құпия» ойыны (тәрбиеші карточкада өрнек көрсетеді, балалар ойша санайды. Кім бірінші болып шешсе, тәрбиешіге жүгіріп келіп, жауабын құлағына сыбырлап айтады. Егер жауап дұрыс болса, тәрбиешінің қасында қалады да, басқа балалардың жауабын қабылдайды, егер жауабы дұрыс болмаса, орнына қайта келіп, қайтадан санауға кіріседі.
Әліппе-дәптермен жұмыс
№1 тапсырма. 1-ден 10-ға дейін, 10-нан 1-ге дейін санаңдар. 10 санының құрамына қатысты жаттығулар. Он дегеніміз, бұл бір неше? Он дегеніміз, бұл 2 неше? т.б.
Суретке қарап, неше үй барын, бірінші үйде неше терезе барын санаңдар (8). 10 терезе болуы үшін тағы неше терезе керек? (2). Екінші үйде неше терезе бар? (5). 10 болу үшін неше терезе жетпейді? (5). Үшінші үйде неше терезе? (7). 10 болу үшін неше терезе жетпейді? (3) Жетпейтін терезелерді салыңдар.
№2 тапсырманы орындамас бұрын дайындық жұмысын жүргізіп алған дұрыс. Мәселен, көлемі әртүрлі түрлі түсті шеңберлер қойылады. Бұл фигураларға не ортақ? (Пішін, мұның бәрі - шеңберлер). Оларды қандай топтарға бөлуге болады? (Түсі, көлемі бойынша - көрсету). Барлығы неше шеңбер бар? Олардың ішінде нешеуі үлкен? Нешеуі кіші? Нешеуі қызыл? Нешеуі көк? т.б. Содан кейін балалар кестені қарап шығады. Нені өзгерту керек? (Түсіндіру және тексеру арқылы орындалады).
№3 тапсырма геометриялық фигураларды жіктеуге арналады. Суретте геометриялық фигуралар мен түрлі түсті сандықшалар берілген. Оқу құралында фигуралар бейнеленген жапсырмалар бар. Балалар пішініне қарай оларды тиісті сандықшаларға орналастырады.
- Шеңберлерді қандай сандықшаға саламыз? Шаршыларды ше? Үшбұрыштарды ше? Әр топта неше фигурадан барын санаңдар және оларды атаңдар. Балалардан толық жауап беру талап етіледі.
№4 тапсырма саусақ қимылын дамытуға арналған. 1 және 2 сандарын ұқыптап жазу.
26-сабақ. Сандардың құрамын қайталау
Сабақтың мақсаты: 10 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау; заттың қасиеттерін (жуан - жіңішке, ұзын - қысқа, үлкен - кіші) қайталау; 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту; саусаң қимылын дамыту.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1 тапсырманы орындамас бұрын балалардың өр тобына ұзындығы мен түсі әртүрлі лента (бау, жіп) жинағы үлестіріледі. Ең ұзын лентаны көрсет. Оның түсі қандай? Ең қысқасын көрсет. Оның түсі қандай? Содан кейін балалар ең ұзын жіп пен ең қысқа жіпті өз бетінше бояйды. Одан да қысқа жіптің суреті салынады.
№2 тапсырманы орындау 5, 6 және 7 сандарының құрамы бойынша Ауызша жұмыспен ұштастырылады. Содан соң балалар өздігінен (немесе орындарында отырып түсіндірумен) тапсырманы орындайды.
№3 тапсырма. «Суретте неше құлпынай жидегі бар? Неше шие жемісі бар? Санды жеміс санымен сәйкестендіріп, үлгіге жаз. Барлығы неше жеміс-жидек екенін сана. Дұрыс шешкеніңді тексер».
Екінші сурет бойынша да жұмыс жүргізіледі. «Тағы бір алма қосса, неше алма болатынын айт. Барлығы неше жеміс-жидек болады?»
№4 тапсырманы орындар алдында ұжым болып ең үлкен шелек қайсысы екенін табамыз.
- Оны шеңбермен (гүлмен, нүктемен немесе өзгеше) белгілейік. Бізге қандай қарындаш қажет? (Көк, сары, қызыл). Қандай шарттар орындалуы тиіс? (Педагог тақтаға тапсырманы көрсетеді: үлкен шелек және оның жан-жағына көк, сары шелектер қойылады).
Педагог тапсырманың бірнеше шешімі барын ескеру қажет. Оны балалармен талқылайды.
Көк шелекті оң жаққа орналастыруға бола ма? (Болмайды. Өйткені көктің қасында қызыл болуы тиіс деген жауап болуы мүмкін. Бұл тапсырманы шешудің екінші нұсқасы - сонда үлкен шелек қызыл түске боялады).
\
Есеп және оның құрылымдық элементтері — шарты, сұрағы, шешуі, жауабы туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: «Есеп» түсінігімен, оның құрылымдық элементтерімен таныстыру; сұрақ қою және оған жауап беру дағдыларын дамыту.
есепті қайталай отырып, оның шарты мен сұрағын атап көрсетеді: «Біз нені білеміз? Есептің бұл бөлігі қалай аталады? Есепте нені сұрап түр? Біз сұраққа жауап бере отырып, есепті шешуіміз керек. Мұны қалай білуге болады? Артық немесе кем екенін? Есепті шешу үшін не істеуіміз керек?»
Ауызша жұмыс.
Тірек білімдерін жетілдіру Сұраққа жауап беріңдер, мұқият болыңдар!
- Төрт күшікте неше құйрық бар?
- Екі мысықта неше құйрық бар?
- Аптаның екінші күнін ата.
- Қыс неше айға созылады?
- He артық: қалам, қарындаш, кесінді?
- Қар мен көрпеге не ортақ?
Жаңа материалды меңгеру
- Бүгін біз есеппен танысамыз.
- Суретке қараңдар.
Автотұрақта 6 машина тұрды. Бір машина кетіп қалды. Неше машина қалды?
Тұрақта неше көлік тұрды? (6). Нешеуі кетті? (1). — Есеп дегенміз не?
Есепте бізге мәлім нәрсе ШАРТ деп аталады. Ал табу керек нәрсе - есептің СҰРАҒЫ. Есептің шартын атаймыз. Енді есептің сұрағын қоямыз.
- Шынымен де, есеп ШАРТТАН, СҰРАҚТАН тұрады.
- Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу керек? (Санау). Есептің шешуі мен жауабы болады.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма.
Есептің ШАРТЫН атаңдар. Есептің СҰРАҒЫН атаңдар. Бұл есепті қалай ШЕШУ керек? Қандай ЖАУАП алдық?
- Есептің шешуін жазайық. Барлығы неше ойыншық? (5).
- Есептің жауабын атаңдар.
- Жауабын жазамыз.
Өз нұсқауы бойынша балалар орындаған амалдарды сипаттай отырып, 1-2 есепті құрастырады: «Үстел басында 3 ұл бала отырды, кейін олардың бірі кетіп қалды. Үстел басында неше ұл бала қалды?», «Үстел басында үш ұл бала отырды, содан кейін бір бала келді. Үстел басында барлығы неше ұл бала болды?». Балалардың назарын есептің сандық мәліметтері арасындағы санның қатынастарға бірден аудартқан жөн: «Неше бала келді (кетті)? Көбейді ме, азайды ма?»
№3 тапсырманы орындау барысында дұрыс бояу үшін алдымен есепті орындап, сонан соң бояуға кірісу керектігіне балалар назар аударады.
Сабақты қорыту
Есеп және оның құрылымдық элементтері - шарты, сұрағы, шешуі, жауабы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: «есеп», оның құрылымдық элементтері туралы түсініктерді бекіту; сұрақ қою және жауап беру дағдыларын дамыту.
Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша жұмыс алдыңғы сабаққа сәйкес жүргізіледі.
«Құпия» ойыны. Карточкада өрнек көрсетеді, балалар ойша санайды. Кім бірінші болып шешсе, жауабын құлағына сыбырлап айтады. Егер жауап дұрыс болса, қасында қалады да, басқа балалардың жауабын қабылдайды, егер жауабы дұрыс болмаса орнына келіп, қайтадан санауға кіріседі. 3-8 сандарының құрамына арналады.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма.
Суретті қараңдар. Суретте не болып жатыр? (3 гүлге тағы 2 гүл қосты). Олардың саны артты ма, әлде кеміді ме? Есеп құрастырамыз, бұл ертегі тапсырма: алаңқайда 2 аққала тұрды, содан кейін тағы 2 аққала пайда болды. Барлығы неше аққала болды?
- Есептің шартын атаңдар? Сұрақ қойыңдар. Сұраққа жауап беру үшін не істеу керек?
Есепті шығарып, жауабын жазамыз.
- Екінші сурет бойынша есеп құрастырып, шешуін тап. Шешуі мен жауабын
№2 тапсырманы балалар алдын ала әңгіме жүргізілгеннен кейін, өздігінен орындайды.
- Сөрелердің әрқайсысында қанша доптан болуы тиіс? Жетпейтін санды жапсыр.
№3 тапсырма сан қырлы. Берілген материал бойынша мұғалім геометриялық материалды (сурет қандай фигуралардан тұратынын атаңдар), заттың түсі мен санын бекітеді. (Қандай түсті бөлшектер қолданылған? Суретте өр түстен қанша бөлшек бар? Белгіленген орындарда санап, таяқшамен көрсет). Содан кейін балалар үлгі ойынша суретті бояйды.
№4 тапсырманы орындау кезінде цифрлардың сыртын жүр-гізіп шығуды және бояуды ұқыпты орындауға көңіл бөлінеді.
Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: көпбұрыш, көпбұрыштың түрлері (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш) туралы түсінікті нақтылау; «көпбұрыштың қабырғалары», «фигураның бұрышы» түсініктерін нақтылау.
Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру. Тақтаға фигуралар ілінген. Бірнеше көпбұрыш және шеңбер, бәрі көк түсті, ал үшбұрыш - жасыл. - Фигуралардың қайсысы артық?
Мұнда фигура түсі, не болмаса пішіні бойынша «артық» болуы мүмкін. Тәрбиеші балалардың «артық» фигураны қандай белгі бойынша тапқанын анықтайды.
Бұл тапсырманы орындағаннан кейін №1 әліппе-дәптер орындалады, әр уақытта топтау үшін негіз нақтыланып отырады.
КӨПБҰРЫШТАР
Берілген барлық фигуралар - көпбұрыштар. Олар неге бұлай аталады? Олардың әрқайсысының өз атауы бар? Бұл атауларды білесіңдер ме?
Бекіту үшін №3 тапсырма орындалады. Жұмысты өздігінен орындатып, соңынан тексеруге болады.
№ 4 тапсырманы балалар өздігінен орындайды..
«Геометриялық мозаика» ойыны балалардың геометриялық фигуралар туралы білімін бекітуге арналған, оларды түрлендіру дағдысын қалыптастырады, ойлау қабілетін арттырады, бөлшектерді орналастыру тәсілдерін талдауға, фигура құрастыруға, үлгіге қарап бағдарлауға үйретеді.
Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: «фигураның қабырғасы», «фигураның бұрышы» түсініктерін бекіту, шеңбер мен сопақша арасындағы айырмашылықты нақтылау.
Ауызша жұмыс. Тірекбілімді жетілдіру.
Бұл жұмыс алдыңғы сабаққа ұқсас ұйымдастырылады. Фигураларды жіктеуге (бірнеше белгілері бойынша) арналған тапсырма ұсынуға болады.
№1 тапсырманы орындамас бұрын кестенің «бағаны» және «жолы» деген түсініктер нақтыланады.
- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Кестеде қандай фигуралар берілген?
- Бірінші (екінші, үшінші) бағанда қандай фигуралар орналасады?
Фигураларды салып, боя.
- Бірінші (екінші) жолдың фигураларын қандай түспен бояу керек?
- Бос торкөздерге тиісті фигураларды сал және берілген түстермен боя.
№2 тапсырманы орындар алдында «подъезд», «қабат» түсініктері нақтыланады.
- Балалар, қараңдаршы, суретте ерекше үй берілген. Бұл - сиқырлы терезелері бар ертегі үй.
- Кестедегі бірінші подъездің бірінші қабатындағы терезелер қандай болуы керектігін қарап, тиісті жапсырмаларды орналастыр.
Бұл жұмысты тақта маңында түсіндіре отырып, орындауға болады. Балалар жұмыс дәптерде, тақтаға жұмыс жүргізеді.
Егер алдыңғы нөмірлі жұмыс табысты болса, №3 тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұйымдастыруға болады. Бұл тапсырма көп уақыт алмауы үшін, оны топпен орындатуға болады. Мысалы, бірінші топ (бірінші үстел) санап шығады да, кестеге барлық жасыл, т.б. фигураларды, екінші топ көк фигураларды жазады.
Геометриялық фигуралар. Текше, шар, цилиндр
Сабақтың мақсаты: көлемді денелер (шар, текше, конус, цилиндр) туралы түсінік нақтыланады; қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып үйренеді.
Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша жұмыста балаларға көлемді денелердің макеті көрсетіледі және олардың атауы нақтыланады.
№1 тапсырманы орындар алдында балалар «Қайсысы неге ұқсас?» ойынын ойнайды. Тәрбиеші текшені көрсетеді, ал балалар айналасынан пішіні оған ұқсайтын заттарды табады. Содан кейін балалар заттардың бейнесін қарастырып, кесте ұяшықтарына жапсырады.
№2 тапсырма балаларға бұрыннан таныс, оны түсіндіруімен орындарында отырып орындайды.
№3 тапсырма есепті құрастыру және шешу дағдысын бекітеді. Суретке қараңдар. Неше пирамида үлкен? Оған нешеу қосты? Есептің шартын құрастырып, сұрақ қоямыз және есепті шығарамыз.
- Сурет астындағы 3 торкөзді бір түспен және 2 торкөзді басқа түспен боя. Есептің шешуін бос торкөздерге жаз.
Сабақты қорыту
32-сабақ. Бүтінді тең екі және төрт бөлікке бөлу
Бірінші сабақта затты 2 тең бөлікке бөлу қажеттігі жиі кездеседі, мәселен, 2 баланың (қонақтың) бір нәрсені тең бөліп жеуі, 2 тышқанға ірімшікті бөлуге көмектесу және т.б. Тәрбиеші затты тең екі бөлікке, яғни теңдей етіп қалай бөлу керектігін көрсетеді. Затты екі ұшын тура етіп біріктіріп, ортасынан кеседі, содан кейін алынған бөліктерді бір-біріне қаттап қойып, салыстырады. Балалар бөліктерді санап, олардың тең екеніне көз жеткізеді. Тәрбиеші тең екі бөліктің кез келгені жарты деп аталатынын айтады.
Келесі затты тәрбиеші әдейі тең емес екі бөлікке бөледі де, сұрақ қояды: «Мына бөлікті жарты деп атауға бола ма? Here болмайды?» Балалар зат тең бөлікке де, тең емес бөлікке де бөлінетінін көреді. Екі бөліктің жартысы деп, бөліктер тең болғанда ғана айтылады. Балалар бөлік теңдей болуы үшін заттарды дәл бүктеудің, кесудің маңызды екеніне біртіндеп көз жеткізеді. Амалды орындаған соң олар беттестіру арқылы бөліктер тең екенін тексереді, оларды санайды, біріктіріп бүтін зат алады, бүтіннің бөлшектің контурын қолмен сызады, бүтін мен бөліктің мөлшерін салыстырады.
Екінші сабақта тәрбиеші балалар екіге бөлетін заттар аясын кеңейтеді. Жармалар, су пайдалануға болады. Оларды бірдей мөлдір 2 стақанға теңдей етіп екі бөлікке бөледі.
Мақсаты: фигураларды тең бөліктерге бөлумен таныстырады, «жарты», «ширек» түсініктерімен таныстырады.
Ауызша жұмыс. Тірек білімді жетілдіру.
Бұл сабақта практикалық жұмыс ұйымдастыруға болады. Бұл үшін балаларға оңай бүктелетін қағаз шеңберлер беріледі. Тәрбиешінің басшылығымен балалар шеңберді екіге бүктеу тәсілін орындайды.
- Бұл - шеңбердің жартысы. Неше жарты шықты? Содан кейін балалар тағы бір рет бүктейді, сонда ширек
шығады.
- Неше ширек шықты? Here олай аталады? Мұнан соң №1 тапсырма орындалады.
- Суретке қараңдар. Олар шеңбердің қандай бөлшектерінен құралған? Жоғары суретте шеңбер, шеңбердің жартысы, шеңбердің ширегі қандай түспен боялғанын қараңдар. Осы түстермен төменгі суреттегі бөлшектерді бояңдар.
Балалар төменгі суретті тиісті түспен ез бетінше бояйды.
№2 тапсырма балаларға таныс. Оны түсінік бере отырып орындауға болады.
№3 тапсырманы орындау кезінде фигура неше бөлікке бөлінген, бұл бөліктердің әрқайсысы қалай аталатынын айтады.
- Шеңбердің қай бөлігі қиып алынды? (Ширек).
- Қиылған бөліктердегі өрнекті мұқият қараңдар және тиісті ширекті таңдаңдар.
33-сабақ. Бүтінді тең екі және төрт бөлікке бөлу
Сабақта заттарды 4 тең бөлікке, яғни жартыға және тағы жартыға бөлу тәсілі көрсетіледі. Бүтін мен бөлшек арасындағы қатынас орнатылады: бөлшек бүтіннен кіші, бүтін бөлшектен үлкен. Егер мектепке дайындық тобына жаңадан келген бала көп болса, затты бүктеу арқылы бөлшектерге бөлуден бастаған
Балалар өлшемі бірдей 2 заттан алады, теңдей екеніне бір затты екіншісіне беттестіре отырып көз жеткізеді. Олар 1 затты 2 тең бөлікке, екінші бір затты 4 бөлікке бөледі. Бөліктерді біріктіре отырып, бүтін зат алады, бөліктерді санайды, 2 бөліктің біреуін, 2 бөліктің екеуін, 4 тең бөліктен 1 (2, 3, 4,) бөлікті көрсетеді. 1 бүтін мен бөлшектің өлшемін салыстырады.
Осы жолмен келесі сабақта тұтас бүтіннің түрлі бөліктері арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Балаларға өлшемі бірдей 2-3 қағаз үлестіріледі, біріншісін алдарына қояды, екіншісін 2 тең бөлікке, үшіншісін тең 4 бөлікке (төртінші парақты 8 тең бөлікке бөлуге болады) бөледі. Бөліктерді бірінің астына бірін қоя отырып, 2 бөліктің біреуін, 4 бөліктің біреуін көрсетеді, 1/2 1/4 бөліктердің өлшемі мен санын салыстырады. Парақтың бір беті кіші ме, жартысы кіші ме? Жарты үлкен бе, әлде 4 бөліктің 1 бөлігі ме? Ең кішкентай қай бөлік? Here? т.б.
Қию әрекеттерінің саны мен алынған бөліктер саны арасындағы байланысты анықтаудың пайдасы бар. Мысалы, тәрбиеші: «Теңдей 2 бөлік шығуы үшін шаршыны неше рет бүктеу қажет? Ал 4 бөлікке ше?» - деп сұрайды.
Келесі сабақтарда геометриялық фигураларды 2, 4, 8 бөлікке бөлу және бөлшектен бүтін фигура құрастыруға арналған жаттығулар орындалады. Мысалы: «2 тең тіктөртбұрыш шығу үшін, шаршыны қалай бүктеп, қиюға болады? 2 тең үшбұрыш шығуы үшін ше?» (шаршының екі қабырғасын біріктіру немесе екі бұрышын өзара келтіру керек). Балалар қай фигураларды қалай бөлгенін, бөлу нәтижесінде не шыққанын, бөліктердің пішіні қандай, саны неше екенін айтып береді.
Бөлшектерден фигуралар құрастыруға арналған жаттығулар жүргізеді: «4 жарты шеңберден неше шеңбер алуға болады?». Фигуралардың бөліктерін көрсетуге болады: «Бұл шаршының 4 бөлігінің 1-і (2-нің бірі, 8-нің 4-і). Неше шаршы болғанын табыңдар. Оларды құрастыр».
Сабақ қорытындысында балаларға білімін қорытуға мүмкіндік беретін сұрақтар қоюға болады: «Шеңберді 2 (4,8) бөлікке бөлу үшін неше рет бүктеу қажет? Егер шаршыны 1 (2,3) рет тең бүктесе, неше бөлшек шығады? Егер алмұрттың жартысын сұрасам, оны неше бөлікке бөлесіңдер? Егер 1/4 бөлігін сұрасам ше? Бүтін алмұртта мұндай неше бөлік бар? Егер бұл 4-тің (2-нің) 1 бөлігі болса, бүтінді неше бөлікке бөлдім? Егер үлкен және кіші затты теңдей бөлсек, қай заттың жартысы үлкен болады? Кіші болады? Неге?».
Бөліктерге бөлу балаларға заттарды тең үлестерге бөлуге, бүтін мен бөлшек қатынасын анықтауға болатынын көрсетуге мүмкіндік береді, осылайша балалардың шаманы өлшеу үрдісін түсінуге жағдай жасайды. Өлшеу кезінде зат бөлшектеледі, бұл бөлшектердің қосындысы заттың шамасын сипаттайды.
Балаларды торкөз параққа салынған геометриялық фигураларды бөлуге жаттықтырған жөн. Олар берілген өлшемдегі фигураны салады, содан кейін мұғалімнің нұсқауы бойынша, торкөз бойынша өлшей отырып, оны тең 2,4 бөлікке бөледі. 2-ден 10-ға дейінгі торкөз жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай ұзындықтағы кесінді жүргізеді және оларды 1, 2, 3, 4, 5 торкөз ұзындықтағы тең бөліктерге бөледі. Шамамен алынған бөлшектер саны арасындағы байланысты анықтайды: «Егер әр бөлшек 2 торкөзге тең болса, кесінді неше бөлікке бөлінеді? Егер біз кесіндіні 3 тең бөлікке бөлсек, 1 бөлік неге тең болады?».
Бұл сабақта алдыңғы сабаққа ұқсас практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Бұл үшін балаларға қағаздан жасалған шаршылар үлестіріледі. Тәрбиешінің көмегімен балалар шаршыны екіге, төртке бүктейді.
№2 тапсырманы орындауды 5,6 және 7 (5 - бұл 3 және неше, 7 - бұл 2 және қанша т.б.) сандарының құрамын пысықтауға арналған ауызша жаттығулармен ұштастыра орындалады.
- Гүлзарды қараңдар. Олардың әрқайсысында 7 гүл бар. Гүлназға көмектесіп, жетпейтін гүлдерді жапсырайық. Жұмысты түсіндіре отырып немесе өздігінен орындайды.
№3 тапсырма суреттегі көріністі қарастырудан басталады.
- Суретте барлығы неше балапан бар? (6)
- Суретте не болып жатыр? (2 балапан кетіп барады).
- Есептің шартын құрастырайық. «Аулада ... серуендеп жүрді. Екі балапан ... . Неше ... қалды?» деген сөздермен бастайық.
- Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу қажет? Балапан көбейді ме, азайды ма? (Азайды).
- Неше балапан қалғанын қалай білуге болады? (6-дан 2-ні азайтамыз).
- Есептің шешуі мен жауабын жазамыз.
34-сабақ. Ауыр - жеңіл; сұйық, сусымалы заттар
Сабақтың мақсаты: балаларда әртүрлі заттар мен материалдардың өз салмағы болатыны туралы түсінік қалыптастыру; олардың салмағын анықтау үшін заттарды өлшеу тәсілдерімен таныстыру.
Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.
Алдымен балалардың заттың салмағы, көлемі туралы тұрмыстың түсініктерін анықтап алу керек.
- He ауыр? He жеңіл? (Мысалы, үлкен қарбыз - кішкентай қауын, үлкен текше - кішкентай текше сияқты суреттер жұбын көрсету, т.б.)
- Заттардың салмағын ненің көмегімен анықтауға болады?
- Сендер таразының қандай болатынын білесіңдер ме? Балалар педагогтың көмегімен қолдарымен табақшалары
бар таразыны бейнелеп көрсетеді. Содан соң үстелге отырады. Әр үстелде түсі, өлшемі бірдей 3 қапшықтан жатады.
- Сендердің алдарыңда 3 қапшық жатыр.
- Олар қай жағынан ұқсас? (Түсі, өлшемі)
- Оларды қолдарыңа алыңдар. Енді олардың қай жағынан ұқсамайтынын біле алдыңдар ма?
- Қапшықтардың қайсысы ауыр?
- Қане, ауыр қапшықтың ішіне қарап көрейікші. Оның ішінде не бар? (Басқа қапшықтарды осылай қарап шығады).
Әліппе-дәптермен жұмыс. №1 тапсырма.
- Суретке қараңдар. Суреттен қандай ауыр, жеңіл заттарды көріп түрсыңдар?
«Не жеңіл болады?» ойыны (қар ұлпасы, жапырақтар, жүгіру, т.б.)
«Не ауыр болады?» ойыны (жүк, тыныс алу, аяңдау, т.б.)
- Жақсылап қарап, топтағы заттарды атаңдар: не ауыр, не жеңіл? Айналаны қоршаған ортадан қандай ауыр немесе жеңіл заттарды білесің?
Педагог балаларға серуенге шыққанда 4 ас қасық жарманы өлшеп алып, құстарға беруге рұқсат береді. «Бізде ас қасық жоқ, тек шай қасық бар. 4 ас қасық жарманы қалай өлшейміз?» - деп сұрайды. 1 ас қасықтың ішіне неше шай қасық жарма сыятынын естеріне түсіруді сұрайды. («Жарманы шай қасықпен өлшеп, есептеуді ас қасықпен жүргізу керек»). Тақтаға шақырылған оқушыға жарманың қажетті мөлшерін өлшеуді ұсынады, ал қалғандары карточканың жоғарғы жолағына қанша қасық өлшенгенін шаршылармен белгілеп отырады. Бала алғашқы 2 шай қасық жарманы өлшегеннен кейін, педагог сұрақ қояды: «Қанша шаршыны жолаққа қою керек? Неге?» («Айгүл 2 шай қасық жарма өлшеді, ол 1 ас қасық болады, демек бір шаршыны шығарып қоямыз»). Педагог өлшеп жатқан баланы уақытында тоқтату үшін, баланың қалай өлшегенін мұқият қадағалап отыру керек екенін айтады. Тапсырма орындалып болғаннан кейін, балалардан былай сұрауға болады: «Неше шаршыны шығарып қойдыңдар? 1 шаршы нені білдіреді? Неше қасық жарма өлшенді? Біз бүгін нені үйрендік?» Сабақтың қорытындысында балалардың жауабы нақтыланады: «Бір өлшемді басқасына қолдануды үйрендік. Жарманы шай қасықпен өлшеп, есепті ас қасықпен жүргіздік». Жарма қайсысында көп? Қайсысында аз?
№3 тапсырманы балалар өз беттерінше орындап, артынан тексеріледі. №4 тапсырманы орындау кезінде педагог балалардың назарын торкөздің санына сәйкес бөлшектерді бояу керектігіне аударады. Мысалы, бір торкөздің бөлшегі -1 цифрымен қатар бейнеленген қарындаш, екі торкөздің бөлшегі - 2 цифрымен қатар бейнеленген қарындаш, т.б.
35-сабақ. Ауыр - жеңіл; сұйық, сусымалы заттар
Дайындық топта массамен (салмақпен) танысу екі жолмен жүзеге асырылады: а) ойын кезіндегі және күнделікті өмірдегі масса туралы түсініктерін жинақтау; ә)' заттың белгісі ретіндегі масса туралы түсініктерін арнайы ұйымдастырылған жұмыс барысында қалыптастыру.
Әртүрлі сусымалы заттармен толтырылған бірдей мөлшердегі қапшықтарды қолдануға болады. Әртүрлі материалдардан (металл, ағаш, резина, пластмасса, поролон, мақта, т.б.) жасалған заттар таңдап алынады. Балабақша жағдайында қажетті құралдарды (резина, пластмасса ойыншықтар, түрлі қораптар, заттардың массасы 50 грамнан 300 грамға дейін болатындай құм құйылған кішкентай бөшкелер) дайындау қиындық әкелмейді.
Ауыр және жеңіл заттардың айырмашылығын жұптастыру арқылы анықтау қарапайым есептердің бірі болып табылады. Сондықтан балаларды бір-бірінен массасы айтарлықтай ерекшеленетін екі затты салыстыруға үйрету керек. Салыстыру нәтижесін «ауыр — жеңіл» сөздерімен анықтайды. Тапсырманы орындау заттарды қолмен «өлшеу» арқылы жүзеге асырылады.
Әр қолға бір заттан алып, алақанды таразы табақшалары тәрізді ұстайды. Содан соң қолмен таразы сияқты жоғары-төмен қозғап, затты «өлшеу» жұмысы жүргізіледі. Содан соң заттар бір алақаннан екінші алақанға ауыстырылып, бұл жағдай бірнеше рет қайталанады. Мұндай «тексеру» екі заттың арасындағы қатынасты дәл анықтауға мүмкіндік туғызады.
Амалдарды орындаудың мұндай тәсіліне үйрету кезінде балалар мынадай қателіктер жіберуі мүмкін: алақандарды жазып ұстаудың орнына, затты қолдарымен қысып ұстайды; қозғалысты жаймен істеудің орнына заттарды алақанға шалт қимылдап лақтыруы мүмкін; тексеруді елемейді, яғни затты бір қолдан екіншісіне алмастырмайды. Балалар зерттеу барысында ерекшеленген белгілерді анықтауға қиналады. Заттарды массасы бойынша ажырата отырып, олар тиісті сөздерді дәл қолдана алмайды (үлкен, жеңіл емес, кішкентай, жуан, қатты, ірі, мықты, күшті, әлсіз, дұрыс, жұмсақ, жақсы, мықты емес, биік, жіңішке, т.б.) Зерттеу амалдарымен қаруландыра отырып, олардың сөздің мағынасын түсінуімен жұмыс істеп, баланың сөздік қорын нақтылап, терминдерді дұрыс айтуға үйрету керек. Жұмыстың келесі кезеңі - үш затты массасы бойынша салыстыру, олардың біреуі үлгі ретінде қызмет етеді. Салыстыру нәтижесі «ауыр - жеңіл» сөздерімен айтылады. Бұл тапсырманың тиімді тәсілі - барлық заттарды үлгімен ретімен салыстыру, осы негізде оның қайсысы ауырырақ немесе бірдей анықтау. Осындай жұмыстардың арқасында бала заттың көптеген белгілерінің арасынан массаны бөліп алуды үйренеді.
Тәжірибе жинауына қарай реттеліп берілген белгілер қатарынан белгілі бір массадағы заттардың орнын таба алуға, әр элементтер қатарына массасы бойынша тең жұп таңдауға жаттығулар ұйымдастыру керек. Балаларды массасы бойынша заттарды ажырата алуға үйретуді есептік түсініктерін (неше ауыр (жеңіл) зат, бір қатардағы заттар ауырлығы бойынша неше әртүрлі зат екенін санау) дамытумен байланыстыру керек. Ары қарай массаның шартты өлшемдердің көмегімен қалай анықтауға болатынын көрсетуге болады (өлшегіш құрал орнына қандай бір зат (мысалы, текше, шарик, т.б.) алынады). Табақшалары бар таразыда шартты өлшегіш құралды пайдалана отырып, балалар «қолмен» салыстырып өлшеуге қарағанда, массасы бойынша теңдік немесе теңсіздікті дәл мөлшерлік көрсеткіштермен (өлшем саны) қоюды үйренеді. Бірдей затты өлшеу кезінде түрлі өлшемдер қолданып, сол өлшеммен түрлі заттардың массасын анықтай отырып, балаларды функционалдық тәуелділікпен (өлшенетін объект массасы, өлшем массасы және алынған нәтиже арасындағы) таныстырады. Мұның бәрі балаларда масса туралы түсінік қалыптастырады және оларды жалпыға танылған тәсілдердің (өлшемдердің) көмегімен өлшеуге дайындайды.
Осы мақсатта 1 кг, 2 кг, 5 кг салмақтағы кір тастары мен сусымалы тағамдық заттар пайдаланылады. Тәрбиеші балалардан азық-түлік дүкенінен не сатып алғанын, қалай сатып алғанын, қандай таразы түрлерін көргенін, таразымен қандай заттарды өлшейтінін сұрайды. Балалар таразы мен кір тастарын қарастырып, салыстырады, оның қайсысы үлкен, қайсысы ауыр екенін анықтайды.
Тәрбиеші кір тасындағы цифрларға балалардың назарын аударады, ондағы цифрлар кір тасының салмағын білдіретінін айтады («Бұл - кір тасы 1 кг, онда 1 саны жазылған, ал мынау - 2 кг, онда 2 саны жазылған»). Мысалы, балалар 1 кг жарманы өлшеп жаттығады. Таразы басы теңелгенше, бір басына кір тасы, екінші басындағы табақшаға жарма салынады. Балалар неше жарма өлшенгенін, оны қалай білгенін айтады. «Қолмен» және таразымен өлшеудің нәтижелері салыстырылады, мұнда балалар құралдың көмегімен өлшеудің артықшылығына көз жеткізеді.
Балалар сұйықтықтарды өлшеудің жалпыға бірдей тәсілі мен өлшем бірлігі - литрмен таныстырылады. Балаларға сұйықтықты өлшеудің жалпыға бірдей тәсілдері туралы айтардан бұрын, оларды шартты (көлемді) өлшемдермен өлшеуге дағдыландырған жөн: 1) бір литрлік банкіні тең өлшеммен өлшей отырып, сумен толтыру; 2) бір литрлік банкіні көлемі әртүрлі өлшемдермен өлшей отырып толтыру; 3) бір литрлік банкілерге көлемі әртүрлі өлшемдермен өлшей отырып, судың белгілі бір мөлшерін қүю. Банкілердің қалай толғанын салыстыру.
Бұл тапсырмаларды орындау барысында: а) қандай да бір ыдысқа құйылатын сұйықтық мөлшерін өлшеу арқылы анықтауға болады; ә) көлемді өлшемдермен өлшеудің негізгі тәртібі: толық өлшеммен өлшегенде, нәтиже дұрыс шығады; б) өлшеу нәтижесі өлшем шамасымен байланысты екені туралы түсінік қалыптасады. Содан кейін сұйықтықты өлшеудің жалпыға танылған тәсілдерімен және көлем бірлігі ретінде литрмен таныстыруға көшуге болады:
а) мұғалім балалардан қандай сұйық заттарды білетінін сұрайды;
ә) өлшейтін кружканы көрсетеді, сұйық заттарды «литр» деп аталатын өлшем бірлігімен өлшейтінін, өлшегіш кружкаға 1 литр су сыятынын айтады (кружка сумен толтырылады);
б) өлшегіш кружканың көмегімен түрлі ыдыстардың сыйымдылығы анықталады;
в) литрмен өлшеу қайда және неге қажет болатынын анықтайды. Білім және практикалық дағдыларын бекіту үшін: а) «Дүкен» ойыны өткізіледі, соның барысында дүкенші сатып алушыларға 1л, 2л, 3 л банкілер, бидондармен сүт сатады; ә) «Ыдысқа неше литр су сыятынын тап» ойыны (алдымен көлем көзбен, содан кейін өлшеу арқылы анықталады); б) екі ыдыста сұйықтық мөлшерін теңестіруге арналған жаттығулар.
Бұл жұмыс барысында балаларда көлемді өлшеу бірлігі туралы түсінік қалыптастырады, «литр» сөзінің мәні, ыдыстың сыйымдылығын анықтау тәсілі түсінікті бола бастайды.
Жалпыға бірдей өлшеммен таныстыру үшін күнделікті өмір мен оқушылардың тәжірибелерін кеңінен қолданған жөн.
Мақсаты: балаларда түрлі заттар мен материалдардың өз салмағы мен көлемі (сыйымдылығы) болатыны туралы түсінік қалыптастыру; сұйық және сусымалы заттар көлемін анықтау тәсілдерімен таныстыру.
Ауызша жұмыс. Тірекбілімді жетілдіру.
Балаларға қай ыдыста су көп, қайсысында аз, қай банкіде жарма көп, т.б. екенін анықтауды тапсырған дұрыс. Ыдыстардың аласа және кең, биік және тар, өлшемі жағынан әртүрлісі таңдалады. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін балалар бір белгімен ғана шектелмей, барлық 3 өлшемнің мөлшерін ескеруі тиіс. Балалар сұйықтық деңгейінің биіктігіне қарап қана жиі қателесіп жатады. Болжамдарды затты өлшеу арқылы тексереді. Екі ыдыста су тең болуы үшін не істейтінін анықтайды. Балалар заттардың биіктігі, кеңдігі әртүрлі болған жағдайда тең және тең емес көлемді бағалауға тура келетін жаттығулар арақашықтықтың алуан түрінің аражігін айыруға ықпал етеді. Балалар объектілердің кеңістіктік белгілерінің жиынтығына сүйене отырып, шамалардың қатынастарын анықтау үшін өлшемнің мағынасын сезінеді.
№1 тапсырманы көрнекі құралдың көмегімен орындатуға болады. Балалардың өлшеу жұмысына қатысу мүмкіндігі берілуі тиіс.
№2 тапсырма. Алдыңғы сабаққа ұқсас өздігінен орындалады.
№3 тапсырма өздігінен орындауға көбірек көңіл бөле отырып жүргізіледі.
- Сурет бойынша есеп құрастырамыз.
- Есептің шартын атап, сұрақ қойыңдар.
- Есеп шығарып, сұраққа жауап береміз.
- Есептің шешуі мен сұрағын жазыңдар.
36-сабақ. Уақыт арасындағы қатынас
Мектепке дайындық тобында таңертең, күндіз, кеш, түн, апта секілді уақыт кезеңдері туралы білім бекітіледі, айлар туралы түсінік беріледі, олардың аттарын еске сақтайды. Уақыт туралы, уақыт арасындағы қатынас қалыптастыра білу балалардың болып жатқан оқиғалар, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстар ретін түсінуге ықпал етеді. Уақытты бағдарлау бала санасында берік орнығуы тиіс, яғни түрлі қызметті жүзеге асырумен байланысты уақыт ұзақтығын өткеру, табиғи құбылыстарды, қоғамдық өмір жағдайларын бақылауға негізделуі тиіс.
Балалар сөзінде уақыт кезеңдерін, уақыт шамаларының атауларын қаншалықты жиі қолданатынының мәні зор. Тәулік жиілігі мен олардың ұзақтығы туралы білімдерін бекітуді жалғастырады. Оқу жылының басында балалар мен олардың айналасындағы ересектер күні бойы не істейтінін тізіп шығады. Мұғалім «Біздің бір күніміз» ойынын ойнатады.
Балаларды түрлі мамандық иелерімен таныстыру кезінде олар тәуліктің қай мезгілінде жұмыс істейтінін көрсеткен маңызды. Бұл үшін балалардың күнделікті өздері көріп жүргенін мысал ретінде келтіруге, кітаптағыны, сондай-ақ «Күндіз кім жұмыс істейді?», «Кешкі саяхат», «Түнгі саяхат» дидактикалық ойындарын пайдалануға болады. Бұл ойындарды ойнатқанда балалар мазмұны бойынша сәйкес суретті таңдап алып, белгілі бір уақыт мезгілінде, мәселен: таңертең, күндіз, кешке, түнде кім жұмыс істейтінін атайды.
Балаларға адамдар әдетте күн деп пайдаланатын тәуліктің алмасып отыратынын, әрқайсысының өз атауы барын және 7 тәулік бірігіп, апта құрайтынын түсіндіреді. Әр аптаның күндері ретімен қайталанып отырады: дүйсенбі, сейсенбі т.б. Күн сайын балалар таңертеңді бүгінгі күн, одан кейін келесі және алдыңғы күн деп атайды.
Балаларды уақыт арасындағы қатынастар орнатуға, ертең, бүгін, кешке, алдымен, содан кейін, дейін, бұған дейін, бұдан кейін деген сөздерді пайдалануға үйрету керек.
Әңгіме құру кезінде мұғалім оқиға желісінің дәл ретімен берілгенін бақылайды, уақыт арасындағы қатынастың мәнін түсіндіреді. Бұл уақыт арасындағы қатынас қисынын, балалар әңгімелеп берген немесе бақылаған оқиғаның өзін түсінуде маңызы зор.
«Апта күндері», «Жалғастыр!», «Керісінше» сөздік ойын жаттығуларын пайдалануға болады. Балалар мұғалімнің сөзін мағынасы қарама-қарсы сөздерді таңдап, (таңертең - кеш, алдымен - содан соң, тез - баяу, т.б.) толықтырады, күн немесе апта, апта немесе ай, ай немесе жыл ұзақ екенін анықтайды.
Дайындық тобындағы балаларды ағымдағы ай атауымен таныстырады. Олар біртіндеп айлардың атауын, олардың кезекпен келу ретін есте сақтай бастайды. С.Я.Маршактың «Он екі ай» кітабын оқу мұны тез есте сақтауға ықпал етеді. Балалар уақыт аралықтарының ұзақтығын қабылдауы, уақыттың қайта келмейтінін түсінуі тиіс. Осы негізде ғана балаларды уақытты бағалауға және үнемдеуге үйретіп, уақытпен өз жұмысын реттеу, яғни жұмыс қарқынын жеделдету және бәсеңдету, жұмысты немесе ойынды уақытында аяқтауға үйретуге болады. Осы орайда балалар уақыт аралығының ұзақтығын қабылдау тәжірибесін жинақтауы тиіс. Тәрбиеші белгілі бір уақыт аралығында нақты не шаруа тындыруға болатынын түйсінуге көмектеседі, бәрін уақтылы істеуге үйретеді.
Мұғалім қандай да бір іске қанша уақыт берілетінін, олар неше уақытта киініп, шешінетінін, сурет салатынын, ойнайтынын, сабақ соңына дейін неше минут қалғанына үнемі балалардың назарын аудартады. Уақыт біткенін ескертіп, өз уақытында жұмысын аяқтаған балаға мақтау айтып отырады.
Уақытты сезініп, онымен санасып отыру балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке баулиды.
Мақсаты: балалардың тәулік бөліктері, апта күндерінің реті, жыл айлары туралы білімдерін бекіту; тура, кері санауға жаттықтыру.
Ауызша жұмыс. Тірекбілімді жетілдіру
№1 тапсырма.
- Әр адам күн тәртібін сақтайды. Суретке мұқият қарап, өз күн тәртібің туралы айтып бер. Таңертең, кешке, түнде не істейтініңді әңгімеле. Сағат қаншада тұратыныңды, түскі ас ішетініңді, ойнайтыныңды және ұйқыға жататыныңды айт.
№2 тапсырма. Тақтаға күнтізбе ілінген.
- Тақтаға қара. Онда түрлі түсті күнтізбе ілінген. Бүгін - бейсенбі.
- Кеше аптаның қай күні болды? - Ертең аптаның қай күні? - Дүйсенбі мен сәрсенбінің ортасында аптаның қай күні? - Сейсенбіге дейін аптаның қай күні? - Сәрсенбіден кейін аптаның қай күні?
№3 тапсырманы орындар алдында балалар өз күн тәртібі туралы әңгімелейді және тиісті суреттерді жапсырады.
№4 тапсырманы балалар шеңбер берілген торкөздерді бояй отырып, өз бетінше орындайды.
37-сабақ. Уақыт арасындағы қатынас
Мақсаты: Балалардың тәулік мезгілдері, апта күндерінің, жыл айларының реті туралы білімін бекіту
Ауызша жұмыс. Тірек білімді бекіту
- Аптада неше күн бар? Ретімен атап шық. (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
- Енді атауын пайдаланбастан аптаның 5 күнін ата. (Кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні, алдыңғы күні)
Жұмбақтарды шеш:
Терезеден қарасаң, қара мысық көресің (түн). Ағайынды жеті жігіт бар: жылы бір, есімдері әр түрлі. (апта күндері) Кеше болды, бүгін бар, ертең болады. (уақыт)
Ағасы мен қарындасы үнемі бірге еріп жүреді. Ағасы бүкіл елді оятса, қарындасы керісінше, ұйқыға шақырады. (күн мен түн).
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы жұмбақтар оқып береді. Бұл көктем екенін қандай белгілеріне қарап білдіңдер (қыс, жаз, күз)?
Осыдан кейін №1 тапсырма түсіндіре отырып орындалады. «Алдымен - содан кейін» ойыны.
- Сен алдымен ыдыс жуып, содан кейін түскі ас ішесің бе? (Жоқ, мен алдымен түскі ас ішемін, содан кейін ыдыс жуамын).
- Сен алдымен киініп, содан кейін тіс тазалайсың ба? (Жоқ, мен алдымен тіс жуамын, содан кейін киінемін).
- Түнде балабақшаға барып, содан кейін күні бойы ұйықтайсың ба?
- Сен алдымен сабынды жуып тастап, содан кейін сабынданасың ба?
- Сен алдымен бас киім киіп, содан кейін шаш тарайсың ба?
- Сен бұрын үлкен болып, қазір кішкентайсың ба?
- Сен алдымен бәтеңке киіп, содан кейін шалбар киесің бе? №2 тапсырмаға берілген суретке қараңдар. Алдымен не
болды? Содан кейін ше? Ретімен біріктір.
№3 5кәнә №4 тапсырма алдыңғы сабақтарға ұқсас орындалады.
38-сабақ. 1-ден 20-ға дейін санау
Мақсаты: 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету (тура және кері тәртіппен).
Ауызша жұмыс. Тірек білімді бекіту
Тәрбиеші балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарын жетілдіруге арналған тапсырмалар береді:
1. 0-ден 10-ға дейін тура санау.
2. 10-нан 0-ге дейін кері санау.
3. 1-ден 10-ға дейін реттік санау.
4. 10-нан 0-ге дейін кері санау. (реттік)
5. Келесі санды атау...
6. Алдыңғы санды атау...
7. Сандардың көршілерін атау...
Жаңа материалмен таныстыру. Тақтаға 20-ға дейінгі сандар қатары ілінген. Балалар тәрбиешімен бірге тура және кері тәртіппен санайды. Бекіту №1 тапсырма материалдары негізінде жүргізіледі. Алдымен балалар санайды, содан кейін сандар қатарына қалып қойған сандарды жапсырады.
№2 тапсырманы орындамас бұрын балаларға «Санаңдар» ойынын ұсынуға болады. Тақтаға текшелер қойылады да, балалар тақтаға шығып, санайды.
• Сол жақтағы текшелерді сана, олар нешеу екенін
• Сол жақта неше текше? (11)
• Оң жақтағы текшелерді санап, олар нешеу екенін жаз.
• Оң жақта неше текше? (11)
• Сол жақ пен оң жақтағы текшелердің көлемі туралы не айтуға болады? (Сол жақтағы текшелер үлкен, оң жақтағы текшелер кіші.)
Сол жақ пен оң жақтағы текшелердің саны туралы не айтуға болады? (текшелер саны бірдей, олар теңдей).
Тәрбиеші текшелер көлемі жағынан әр түрлі болғанымен, саны тең екенін нақтылайды.
Жұмыс дәптермен жұмыс.
№2 тапсырма. Суретке мұқият көз жібер. Бір жіпте неше жалау бар? Екіншісінде нешеу? Нешеуі артық? Жалау саны артық жіпті боя.
№3 тапсырманы логикалық есептер орындаумен ұштастыруға болады.
№3 тапсырманы балалар түсіндіре отырып орындарында орындайды.
39-40 сабақтар. 1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Мақсаты: Екінші ондық сандарының оқылуымен және жазылуымен таныстыру, 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту.
39-40 сабақтардың құрылымы ұқсас.
Ауызша жұмыс. Тірек білімді бекіту
Тәрбиеші балаларға 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарын меңгеруге арналған тапсырмалар береді:
1. 0-ден 20-ға дейін тура санау.
2. 20-дан 0-ге дейін кері санау.
3. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып тура санау.
4. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып кері санау.
5. Келесі санды атау...
6. Алдыңғы санды атау...
7. Сандардың көршілерін атау...
Екінші ондық сандарының ретін пысықтауға әр сабақтағы нөмірі 1-ші тапсырмалар арналған (сандарды толықтырып жазу, жапсыру).
№3 тапсырма (39-40 сабақтар) - геометриялық ұғымды бекітуге арналады. Оларды орындар алдында геометриялық фигуралар мен көлемді денелердің атауын қайталаған жөн. Балаларға «Фигураны тап» ойыны ұсынылады. Тақтаға кесте ілінеді.
Онда балаларға таныс әр түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген. Тәрбиеші былай дейді, мысалы: Мен бір фигура жасырдым. Ол қызыл түсті. Оның бұрыштары жоқ. Ол не?
Тапсырманы күрделендіруге болады: Мен үштен артық бұрышы бар фигура жасырдым. Оның түсі қандай болуы мүмкін? Бұл қандай фигура болуы мүмкін? және т.б. Келесі сабақтарда балалардың өздеріне жұмбақ жасыртуға болады. «Қайсысы неге ұқсайды?» ойынын ойнатудың пайдасы бар. Тәрбиеші текше (конус, шар) көрсетеді де, қоршаған ортадан осы фигура ұқсас не барын сұрайды.
41-42 сабақтар. Екінші ондық сандарының әрқайсысының құрылуы
Мақсаты: Екінші ондық сандарының құрылуымен таныстыру, 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту.
Ауызша жұмыс. Тірекбілімді жетілдіру
Ауызша жұмысқа реттік санауға (тура және кері) арналған жаттығуларды енгізу қажет. Сан баспалдағын құрастыр.
10 санының құрамы, «алдыңғы және келесі сан» түсініктері міндетті түрде қайталанады.
Жаңа материалмен таныстыруды практикалық жұмыстан бастау керек. Әр балаға абақ (шот) (10 шеңбері бар жолақ) пен басқа түсті 10 шеңбер дайындалады.
- Абақта (жолақта) неше шеңбер бар? (10)
- Жоғарғы жағынан тағы бір шеңбер қойыңдар. Барлығы неше шеңбер болды? (11, 12 және т.б.)
Содан кейін №1 тапсырма түсіндіре отырып орындалады (41-сабақ).
41-сабақтың №2 тапсырмасы мен №1 тапсырмасын балалар орындарында түсіндіре отырып орындайды. Уақыт үнемдеу мақсатында топпен орындатуға болады (1 жолдан).
41-сабақтың №3 тапсырмасы жіктеуге арналған. Заттарды жиынға біріктіру жаттығуларын орындаумен ұштастыру қажет.
Мысалы, балаларға үстел, орындық, шкаф ... суреттері көрсетіледі.
- Бұл бұйымдар бір сөзбен қалай аталады? (жиһаз).
2-3 заттар тобын ұсынуға болады. Егер әр топта «артық» зат болса, тапсырманы күрделендіруге болады.
Осындай дайындық жұмысынан кейін №3 тапсырма орындалады. 42-сабақтың №3 тапсырмасын орындауды «баған - жол» кесте элементтерін қайталаудан бастаған дұрыс. Бірінші жолда, А (Ә, Б, В т.б.) бағанда не орналасқан?
Мақсаты: Ұлттық валюта - теңге туралы жалпы мағлұмат беру. Балаларды түрлі монеталармен таныстыру.
Ауызша жұмыс. Тірекбілімді жетілдіру
Жаңа материалды талқылаудан бұрын ақша неге пайдаланылатыны туралы әңгіме жүргізіледі.
- Сендер ата-аналарыңмен дүкенге, базарға барып көрдіңдер ме? Сауда жасауға ма?
- Тауар сатып алу үшін не қажет? (ақша).
- Ақша қандай болады (қағаз және металл - монеталар).
- Қандай монеталар бейнеленген? «Дүкен» ойыны.
Біз сендермен дүкенге келдік. Әрқайсысыңда сауда жасауға мүмкіндік бар (бұл ертегі дүкен).
Суреттерге қараңдар (№1 тапсырма).
- Әр әмиянда неше монета бар?
- Әр әмиянда неше теңге бар?
- Қай әмияндарда ақша теңдей?
- Қай әмияндағы ақша көп?
Тақтаға бағасы көрсетілген тауарлар қойылады, балалар оларды «сатып алады».
№2 тапсырма 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарын бекітуге арналған Ауызша жұмыспен ұштастырылады:
1. 0-ден 20-ға дейін тура санау.
2. 20-дан 0-ге дейін кері санау.
3. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып тура санау.
4. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып кері санау.
5. Келесі санды атау...
6. Алдыңғы санды атау...
7. Сандардың көршілерін атау...
№3 тапсырма. Тиісті кілтті тап. Тәрбиеші балаларды кілттің негізі ретінде қандай геометриялық фигуралар алынғанын талдауға жұмылдырады. Бұл кілттер кестеде қалай орналасқан? (баған жол). Дайындық жұмысынан кейін балалар тиісті кілтті тауып, жапсырады.
44—48 сабақтар. Өтілген материалдарды қайталау
Мақсаты: Өткен материалды қайталау және жүйелендіру 44-48 сабақтардың құрылымын тәрбиеші өзі таңдай алады. Біз ықтимал нұсқалардың бірі ретінде келесі нұсқаны ұсынамыз.
I. Ауызша санау.
1. 20 көлеміндегі сандардың ретін бекіту, тура және кері санау, бір, екі сан аттай отырып санау, сандардың көршілерін атау. 4-5 мин.
2. 2-ден 10-ға дейінгі сандар құрамы туралы білімді бекіту, 10 көлеміндегі қосу және азайту. 3—5 мин.
II. Әліппе дәптермен жұмыс.
І. Бұрын өткен материалды (есептер, геометрия элементтері, шама, бөлшекке бөлу және т.б.) пысықтау және жүйелендіру 2. Саусақ қимылын дамыту бойынша жұмыс жүргізу.
III. Затқа (логикалық есептер, өмірмен байланысты тапсырмалар, математикалық мазмұндағы ойындар) қызығушылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар.