kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қарапайым математика Автотұрақ геометриялық пішіндер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қарапайым математика автотұрақ геометриялық пішіндер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қарапайым математика Автотұрақ геометриялық пішіндер»

Күн:

Тақырыбы: Автотұрақ (геометриялық пішіндер)

Білім беру саласы

«Таным»

Бөлімі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы

Автотұрақ (геометриялық пішіндер)

Мақсаты

  • Дөңгелек,шаршы,үшбұрыш,тіктөртбұрыш туралы білімдерін бекіту,сан мензаттардың сәйкестігін орнату,реттік сан есімдер туралы алған білімдерін бекіту;

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу

  • Математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер

Санауға арналған таяқшалар,үнтаспаға жазалған пойыздың дауысы,Карлсон кейіпкері,геометриялық пішіндерден құралған мысық бейнесі,көліктердің суреттері.

Билингвалды компонент

автотұрақ –гараж,мысық-кот,пойыз-поезд,көлік-транспорт.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Ұнтаспадан мотор дыбысы естіледі,

карлсон ұшып келеді.Амандасып,моторының сынып қалғанын айтады.

Қандай дыбыс естігендерін айтады.

Амандасып,қонақты қарсы алады.

Ұйылдастыру-іздестіру

Жаңа тақырып

Карлсонның атынан сөйлеп,саяхат жасағанды ұнататынын,бірақ моторы сына беретіндіктен алыс жолға шыға алмай,көбіне үйде отыратынын айтады.Балалардан басқа қалаға немен баратындарын сұрайды.

«Пойызбен саяхат»ойыны

Пойыздың дыбысы шығады.Балалар иықтарына қолдарын қойып,бірінің артынан бірі жүреді,одан кейін отырады.

Шығармашылық сәт

Теміржол жасаймыз

Санауға арналған таяқшалармен теміржол жасатады.Шпалдарды сол жақтан оң жаққа қарай қойғызып,үстіне екі рельсті бір-біріне тақатып салғызады.Сұрақтар қойып,санатады:

-Неше шпал?

-Неше рельс?

«Вагонның таңбасын тап,орналастыр»дидактикалық ойыны.

Ретсіз қойылған вагондарды нөмері бойынша реттеп қойып шығуға тапсырма береді.

«Жоғалған мысық»дидактикалық ойыны

Карлсон «Ойнап жүріп,мына суретті тауып алдым»деп,геометриялық пішіндерден құралған мысықтың суретін көрсетеді.Тәрбиеші балаларданненің суреті екенін,мысықтың басы(денесі,құлағы,т.б)қандай геометриялық пішіннен жасалғанын сұрайды.

Сергіту сәті

«Машинелер» ойыны

Балалар жүргізуші болады.Белгі бойынша көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді тұрағына апарып қойыңдар»деген кезде,рөлдегі суреті бар тұрақтың жанына тұра қалады.

Дәптермен жұмыс

Тұрақтағы мәшинелердің біріншісін қызыл,екіншісін көк.үшіншісін жасыл қарандашпен бояуға тапсырма береді.

Мәшине,трамвай,таксимен баратындарын,оларды бір сөзбен «көлік»дейтіндерін айтады.





Пойыз дыбысын тыңдайды,атауын атайды.Санауға арналған таяқшалармен теміржол жасайды,шпалдарды сол жақтан оң жаққа қарай төсейді.







Вагонды реттік санмен атап,дұрыс орналастырады.







Карлсонды тыңдап,геометриялық пішіндерден мысықты құрастырады,пішіндерді дене мүшелерін атайды.







Белгі бойынша көліктерін жүргізіп,қимылдарын жасап,ойнайды.





Тапсырмаларды тыңдап,бояйды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорыту

Венн диаграмасы арқылы көліктерді салыстырып,қорытындылайды.

Венн диаграмасы арқылы көліктердің ұқсастығын,айырмашылығын табады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Сандардың ретін анықтап,санауды.

Нені игереді

көліктерді салыстырып,ұқсастығын табуды.

Нені біледі

Сан мен заттардың сәйкестігін орнатуды



Тексерілді:_______




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қарапайым математика Автотұрақ геометриялық пішіндер

Автор: Мизамитова Жадыра Секенгалиевна

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399162


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства