Бекітемін:__________
Күні:04.12.14
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Сабақтың тақырыбы: Қала
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: геометриялық фигуралардың көмегімен аппликациялық жұмыстар орындау дағдыларын жетілдіру; бейнені құрастыруға қажетті геометриялық фигураны таңдай білуге
үйрену; ұжымдық жұмысқа үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: қала және ауыл бейнеленген фотосуреттер мен картиналар, түрлі түсті қағаздар, қатырмақағаз, қайшы, желім, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, қатырмақағаз, қайшы, желім, қолорамал.
Қостілділік компонент: қала – город, ауыл – село.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері. Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік Күлкі көңіл ашадыКүліп өмір сүрейік.
Жылулық шеңберін жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші балаларға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды дұрыс дайындау керектігін, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін естеріне түсіреді.
2. Кіріспе әңгіме. Сурет бойынша: Мынау – ауылда.Мынау – қалада - әңгімелеу.Мына өлең не туралы айтылады? Ауылда
Ауылым менің тамаша,Көк кілемдей жайнаған.
Құйқылжытып әуенін, Бақта бұлбұл сайраған
Қалада
Қаламыз тамаша, Құлпырады тамаша.Күннен күнге көркейіп,
Қуанамыз балаша Қала суреті тамаша,Әсем үй, гүлдер тамаша.
Күннен күнге жаңа құрылыстар Қуанған бала балаша
- Өлең не туралы айтылған? - Қаланың үйлері қандай болады екен?
- Ауылға барғандарың бар ма? - Өлгешелігі қандай?
- Қандай қалаларды білесіңдер? - Қандай ауылдарды білеміз?
Қала, ауылдар көп пе? Аз ба?Қаладағы зәулім үйлер мен ғимараттар, дүкендер, балабақшалар кинотеатр мен театрлар туралы айту. Ғимарат құрылыстарының қандай фигураларға ұқсайтынын сұрау. Содан соң биік үйдің аппликациясын қалай жасауға болатынын түсіндіреді.
3. Жапсыру кезеңдерін түсіндіру
- Түрлі түсті қағаздан тіктөрбұрыш қиып аламыз.
- Көгілдір түсті қағаздан жолақтар қиып алып, олардын тіктөртбұрыш пішінді терезелерді қиып аламыз.
- Терезелерді тіктөртбұрышты үйлерге жапсырамыз.
- Түрлі түсті қағаздан контур сызығы бойымен ағаштар қиып аламыз.
- Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін дұрыстап орналастыру.
- Бөлшектерді ретімен жапсырамыз.
4. Балалар дәптердегі жұмыстың орындалу ретімен танысып, жапсыру жұмыстарын орындайды.
Кіріспе әңгімесін тыңдайды.
Жапсыру кезеңдерін түсінеді.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
ІІ.Оқу іс - әрекетін қорыту.Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, жұмыстарды өздері бағалап, қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:геометриялық фигуралардың көмегімен аппликациялық жұмыстар орындау дағдыларын.
Нені игереді:бейнені құрастыруға қажетті геометриялық фигураны таңдай білуді.
Нені біледі:аппликациялық жұмысқа қажетті пішінді таңдай білу дағдыларын.