kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"МА?АЛ-М?ТЕЛДЕР" туралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

МА?АЛ-М?ТЕЛДЕР ТУРАЛЫ Абдраимова Шолпан Омирбековна №49 Ы.Алтынсарин атында?ы гимназия, Тараз ?аласы ?аза? хал?ында ?асырлар бойы ?алыптасып, ел есінде са?талып, сонау к?не ?асырлардан кейінгі ?асырлар?а рухани м?ра болып келе жат?ан ма?ал- м?телдерді халы?ты? даналы? к?зі мен халы? бойында?ы асыл ?асиет деп білеміз. Ма?ал-м?телдерді халы? ауыз ?дебиетіне жат?ызамыз. Біра? ма?ал- м?телдерді? ?андай т?рі болмасын, кенеттен пайда бол?ан, не ?ауым ке?есіп, а?ылдасып шы?ар?ан д?ние емес. Ма?ал-м?телдер халы? арасынан шы??ан жеке-жеке данаг?й шешендерді?, ел билеуші дана с?лтандар мен хандарды?, сарбаздар мен ?скербасыларды?, билерді?, а?ындарды?, жыршы мен жырауларды?, к?ргені мен т?йгені к?п к?ріпкел ?арттарды? ?з ??мырларынан ал?ан т?рбиелік м?ні зор та?ылымдарынан туында?ан, то?сан рет к?ріп, то?сан рет ой елегінен ?ткізген ?ыс?а да н?с?а, ?уезді ой т?йіндері. Олай болса, ма?ал-м?телдер ?зіні? т?п негізінде жеке басты? рухани табысы, ?р заман то?ысында?ы жеке даналарды?, би- шешендерді?, ?азыналы ?арттарды? ?о?амды? ?мірге деген к?з?арасы, ?зіндік танымы. Біра? та, ?мір а?ысына байланысты осылай д?ниеге келіп, ыл?и ?згеріп, ?рбіп отыратын жеке-дара т?л?алар ?алдыр?ан ?неге, ?сиет жолдары соларды? есімімен м??гі са?тала бермеген. К?не замандарда тас?а, кейінгі кездерде ?а?аз?а т?спеген со? авторды? есімі ?рпа?тан- ?рпа??а жетпеуі таби?и ??былыс. Б?л рухани байлы?ты, ма?ал- м?телдерді, ?з заманында шы?арушы даналар есімі ?мыт болса да, оны? ?зі ?за? ?асырлар бойы сарапталып, жатталып, ?арапайым халы?ты? а?ыл к?зіне айналды. Шы?арушы адамны? есімі са?талмаса да, оны? айт?ан дана с?здерін хандар мен би-с?лтандар екі ел арасында?ы жаугершілік кезінде, билер жесір мен жетім дауларында, ата-ана бала мен ?ыз т?рбиесінде ?тымды пайдаланып ?рпа?тан-?рпа??а мирас етіп ?алдырып отырды ж?не отыруда. ?рбір халы?ты? рухани- м?дени ?мірінде ма?ал- м?телдерді? ат?аратын ?ызметі ?те зор. Олар адамдар арасында?ы байланыс (коммуникативті) ?ызметімен ?атар ?ткен ?мір мен б?гінгі заманды ж?не болаша?ты, ?рпа? пен ?рпа?ты? арасын жал?астырып т?ратын сара жол. Ма?ал- м?телдерді зерттейтін сала – паремиология. Паремиология паремияларды зерттейтін филологияны? бір саласы. Паремиология ма?ал-м?тел, на?ыл с?здерді жина?тайды. Барлы? паремиологтар ма?ал-м?телдерді? осы ?згешелігін белгіленген. Б?л с?з гректі? «Paroimia» с?зінен пайда бол?ан, я?ни паремия деп о?ылады. Paroimia деген на?ыл, ?сиет ??гіме, с?з деген ??ымда ж?мсалады(1). Алдымен ?аза? ма?ал-м?телдеріні? топтастырылып, жина? ретінде жариялан?андарын атап ?тейік. М?селен, паремиологиялы? деректерге ?ара?анда ?аза? ма?ал-м?телдерін халы? арасынан толы? болмаса да жинап, ?р т?рлі басылымдарда жариялау XIX ?асырда к?ріне бастайды. 1879ж. ал?аш ?аза? ма?ал-м?телдерін жарияла?ан (Хрестоматия., Орынбор) ж?не 1906 ж. толы?тырып, е? та?даулыларын ?айта жарияла?ан ?аза? а?артушысы Ы.Алтынсарин болатын. Одан со?, 1899ж. ?зіне дейінгі жариялан?ан 1500 ма?ал-м?телдерді жина?тап, «Сборник киргизских пословиц» (Оренбург) деген атпен ?аза? тілін ал?аш зерттеуші туркологтарды? бірі В.В.Катаринский жариялайды. Осы д?ст?р жал?асып, ?аза? ма?ал-м?телдері 1923жылы М?скеу ?аласында «Мы? бір ма?ал» деген атпен, 1927 жылы Ташкентте «?аза? ма?алдары» деген атпен (??растырушы ?.Диваев), Алматыда 1935ж. «?аза? ма?алы мен м?телдері» деген атпен (??растырушы - ?.Т?рманжанов) жариялана бастайды. Ма?ал- м?телдерді? толы?тырылып шы?арыл?ан жина?тарды? к?ні б?гінгі дейін 10 ша?ты басылымы жары? к?рді. ?ткен ?асырды? 50-жылынан кейінгі басылымдары, мыс. Б.А?м??анова,Б.Адамбаев, М.?лімбаев, Б.?бдилдина, Ж.Д?уренбеков т.б. ??растырушылар, авторлар тарапынан толы?тырылып, жа?аланып, толассыз жарияланып келеді. Е? со??ы, 2003ж. жариялан?ан «?аза?ты? ма?ал-м?телдері» (Алматы,2003,312б. Жалпы саны 4440ММ) А.Т.Смайлова тарапынан ??растырылып, жарияланып отыр. Ма?ал ?ле? т?зілімді, кейде ?ара с?з т?рінде болып келеді: А?ша ?арда к?п ж?рсе?, к?зі? бір к?н ?ары?ар. А?айыннан шет ж?рсе?, к??ілі? бір к?н тары?ар. Жаманды?ты к?п ?уса?, ??тылмас п?ле жолы?ар. Жа?сылы?ты к?п ?уса?, ба?- д?улеті? молы?ар. ?азіргі уа?ытта ма?ал- м?телдерді? классификациясыны? бірнеше т?рлері бар. 1) Алфавиттік жіктелу. М?нда ма?ал-м?телдер бірінші с?зді? бірінші ?рпіне ?арай с?йкестенеді. Алма піс, аузыма т?с. Айдап салды? малы ?спес, ала келді? ж?мысы бітпес. 2) Тірек с?здер бойынша жіктелу. Лексикалы? немесе энциклопедиялы? деп те аталады. ?тпес пыша? ?ол кесер деген ма?алды ??рал-сайман туралы ма?алдарды біріктіретін топ?а не адамны? мінезіне байланысты топ?а ?атыстыру?а болады. Осындай ретпен ке?ес паремиологы А.Жигулев ж?не бас?а шетел, ?сіресе неміс зерттеушілері ?з материалдарын ??растыр?ан. 3) Монографиялы? жіктелу. Олар ма?ал- м?телдерді? жина?талуы мен жина?таушыны? уа?ытына ?арай ??рылады. 4) Генетикалы? жіктелу. Халы? ж?не тіл ?згешеліктеріне ?арай топтастырылады. Есерсо? болмай, ер болмас. Есептен болмай, бай болмас(?аза?). Балованнаясобака становится щенком(шумер). Сноха снохе- соперница(татар). 5) Та?ырыпты? жіктеу. В.И.Даль ж?не ке?ес паремиологтарды? к?бісіні? классификациясы осындай т?рде жасал?ан. М?селен, е?бек, байлы?, к?сіп-е?сіп туралы. Мал жиса? ?онысын тап. Ас жиса? ыдысын тап. К?сіп, к?сіп т?бі – н?сіп. Е?бегі азды? ?нбегі аз. Жат?ан?а жан жуымас, жал?ау?а мал ??ралмас(2). Ескерте кеткен ж?н, ?аза? ма?ал-м?телдері халы??а орта? ?азына бол?анды?тан, оны кім шы?армасын, ?алайша с?рыптап, жа?аларын ?осып толы?тырмасын, б?рібір сол орта? ?азына ?айталанады. Сонды?тан да, к?ні б?гінге дейін жарияланып, жары? к?ріп келе жат?ан ?аза? ма?ал-м?телдеріні? дені, басым к?пшілігі бастауын сонау Ы.Алтынсариннен алып, В.В.Катаринский жал?астыр?ан, одан со? ал?аш рет толы?тырылып ?.Т?рманжанов жарияла?ан жина? кейінгі барша жина?тар?а негіз болып саналады. Дегенмен, б?л салада ?анша жина? жары? к?рсе де, ма?ал-м?телдерді? жалпы саны 10 мы??а жеткен емес. Ал, шын м?нісінде, бізді? жина?та?ан материалдарымыз?а ?ара?анда ?аза? ма?ал-м?телдеріні? б?рын?ы-со??ысы болып, д?ниеге келгендеріні? жалпы саны 15 мы?нан асады. Демек, б?дан шы?атын ?орытынды – ?аза? ма?ал-м?телдері жалпыхалы?ты? тіліні? ?ойнау-?олты?тарынан, ел жадында ж?рген ?азына-байлы?тан, а?ын-жазушы ?олданыстарынан, халы? даналы?ынан жа?а ма?ал-м?телдер шы?арып, ?лес ?осушылардан т?гел жина?талып, ж?йеленіп бол?ан жо? деген с?з. ?аза? ма?ал-м?телдерін ауыз ?дебиетіні? жанры ретінде зерттеу, таби?атын ай?ындау, шешендік с?зге, к?ркемс?з ?неріне ?атысты аспектілері мен ?ыр-сырларымен ш??ылданушылар, негізінен, ?дебиетші мамандар. Осы орайда ?аза? ма?ал-м?телдері туралы пікір айтпа?ан ?дебиетші жо?ты? ?асы. Ал, ма?ал-м?телдерді? таби?атын арнайы с?з етіп, оларды? ?зіндік ерекшеліктерін ай?ындау?а атсалыс?ан ?дебиетші ?алымдарды? ?атарында М.?уезов, ?.Ж?малиев, М.?абдуллин, ?.М?сірепов, С.М??анов, Б.Адамбаев, М.?лімбаев, Н.Т?ре??лов, Т.К?кішев, З.?абдолов, М.Базарбаев, С.?ас?абасов, С.Н?рышев, Б.А?м??анова, т.б. атау?а болады(3). Б?л зерттеулерде, ?сіресе ?аза? ма?ал-м?телдеріне байланысты ізденістерде, паремиология п?ніні? теориялы? та практикалы? м?селелері аз с?з болып ж?рген жо?. Ма?ал-м?телдерді? ?деби таби?аты мен тілдік ерекшеліктеріне арнал?ан на?тылы зерттеулерде, к?бінесе, оларды? жалпы ??рамды?, ма?ыналы? даму мен за?дылы?тары мен іштей жіктелу принциптері, ?олданыс т?сілдері мен стильдік м?ндері, шы?у т?ркіні мен тілара ауыс-т?йістігі, к?ркемдік, поэтикалы? таби?аты мен ?ара с?з, ?ле? с?з ?лгілері, ауыспалы, идиомалы? ма?ыналары мен оларды? эмоционалды-экспрессивтік ре?ктері т.б. ?арастырылады. Пайдаланыл?ан ?дебиеттер: 1. Г.Л. Пермяков. «Пословицы и поговорки народов Востока» М. «Лабиринт», 1978ж. 2. М.Ибраева «Паремия туралы т?сінік» ?аза? ?дебиеті 2005ж. №4 3. ?бду?ли ?айдар «Халы? даналы?ы» Алматы 2004 ж.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"МА?АЛ-М?ТЕЛДЕР" туралы »

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ТУРАЛЫ


Абдраимова Шолпан Омирбековна

49 Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, Тараз қаласы


Қазақ халқында ғасырлар бойы қалыптасып, ел есінде сақталып, сонау көне ғасырлардан кейінгі ғасырларға рухани мұра болып келе жатқан мақал- мәтелдерді халықтың даналық көзі мен халық бойындағы асыл қасиет деп білеміз.

Мақал-мәтелдерді халық ауыз әдебиетіне жатқызамыз. Бірақ мақал- мәтелдердің қандай түрі болмасын, кенеттен пайда болған, не қауым кеңесіп, ақылдасып шығарған дүние емес. Мақал-мәтелдер халық арасынан шыққан жеке-жеке данагөй шешендердің, ел билеуші дана сұлтандар мен хандардың, сарбаздар мен әскербасылардың, билердің, ақындардың, жыршы мен жыраулардың, көргені мен түйгені көп көріпкел қарттардың өз ғұмырларынан алған тәрбиелік мәні зор тағылымдарынан туындаған, тоқсан рет көріп, тоқсан рет ой елегінен өткізген қысқа да нұсқа, әуезді ой түйіндері. Олай болса, мақал-мәтелдер өзінің түп негізінде жеке бастың рухани табысы, әр заман тоғысындағы жеке даналардың, би- шешендердің, қазыналы қарттардың қоғамдық өмірге деген көзқарасы, өзіндік танымы.

Бірақ та, өмір ағысына байланысты осылай дүниеге келіп, ылғи өзгеріп, өрбіп отыратын жеке-дара тұлғалар қалдырған өнеге, өсиет жолдары солардың есімімен мәңгі сақтала бермеген. Көне замандарда тасқа, кейінгі кездерде қағазға түспеген соң автордың есімі ұрпақтан- ұрпаққа жетпеуі табиғи құбылыс. Бұл рухани байлықты, мақал- мәтелдерді, өз заманында шығарушы даналар есімі ұмыт болса да, оның өзі ұзақ ғасырлар бойы сарапталып, жатталып, қарапайым халықтың ақыл көзіне айналды. Шығарушы адамның есімі сақталмаса да, оның айтқан дана сөздерін хандар мен би-сұлтандар екі ел арасындағы жаугершілік кезінде, билер жесір мен жетім дауларында, ата-ана бала мен қыз тәрбиесінде ұтымды пайдаланып ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырды және отыруда.

Әрбір халықтың рухани- мәдени өмірінде мақал- мәтелдердің атқаратын қызметі өте зор. Олар адамдар арасындағы байланыс (коммуникативті) қызметімен қатар өткен өмір мен бүгінгі заманды және болашақты, ұрпақ пен ұрпақтың арасын жалғастырып тұратын сара жол.

Мақал- мәтелдерді зерттейтін сала – паремиология. Паремиология паремияларды зерттейтін филологияның бір саласы. Паремиология мақал-мәтел, нақыл сөздерді жинақтайды. Барлық паремиологтар мақал-мәтелдердің осы өзгешелігін белгіленген. Бұл сөз гректің «Paroimia» сөзінен пайда болған, яғни паремия деп оқылады. Paroimia деген нақыл, өсиет әңгіме, сөз деген ұғымда жұмсалады(1).

Алдымен қазақ мақал-мәтелдерінің топтастырылып, жинақ ретінде жарияланғандарын атап өтейік. Мәселен, паремиологиялық деректерге қарағанда қазақ мақал-мәтелдерін халық арасынан толық болмаса да жинап, әр түрлі басылымдарда жариялау XIX ғасырда көріне бастайды. 1879ж. алғаш қазақ мақал-мәтелдерін жариялаған (Хрестоматия., Орынбор) және 1906 ж. толықтырып, ең таңдаулыларын қайта жариялаған қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин болатын. Одан соң, 1899ж. өзіне дейінгі жарияланған 1500 мақал-мәтелдерді жинақтап, «Сборник киргизских пословиц» (Оренбург) деген атпен қазақ тілін алғаш зерттеуші туркологтардың бірі В.В.Катаринский жариялайды.

Осы дәстүр жалғасып, қазақ мақал-мәтелдері 1923жылы Мәскеу қаласында «Мың бір мақал» деген атпен, 1927 жылы Ташкентте «Қазақ мақалдары» деген атпен (құрастырушы Ә.Диваев), Алматыда 1935ж. «Қазақ мақалы мен мәтелдері» деген атпен (құрастырушы - Ө.Тұрманжанов) жариялана бастайды.

Мақал- мәтелдердің толықтырылып шығарылған жинақтардың күні бүгінгі дейін 10 шақты басылымы жарық көрді. Өткен ғасырдың 50-жылынан кейінгі басылымдары, мыс. Б.Ақмұқанова,Б.Адамбаев, М.Әлімбаев, Б.Әбдилдина, Ж.Дәуренбеков т.б. құрастырушылар, авторлар тарапынан толықтырылып, жаңаланып, толассыз жарияланып келеді. Ең соңғы, 2003ж. жарияланған «Қазақтың мақал-мәтелдері» (Алматы,2003,312б. Жалпы саны 4440ММ) А.Т.Смайлова тарапынан құрастырылып, жарияланып отыр.

Мақал өлең түзілімді, кейде қара сөз түрінде болып келеді: Ақша қарда көп жүрсең, көзің бір күн қарығар. Ағайыннан шет жүрсең, көңілің бір күн тарығар. Жамандықты көп қусаң, құтылмас пәле жолығар. Жақсылықты көп қусаң, бақ- дәулетің молығар.

Қазіргі уақытта мақал- мәтелдердің классификациясының бірнеше түрлері бар. 1) Алфавиттік жіктелу. Мұнда мақал-мәтелдер бірінші сөздің бірінші әрпіне қарай сәйкестенеді. Алма піс, аузыма түс. Айдап салдың малы өспес, ала келдің жұмысы бітпес.

2) Тірек сөздер бойынша жіктелу. Лексикалық немесе энциклопедиялық деп те аталады. Өтпес пышақ қол кесер деген мақалды құрал-сайман туралы мақалдарды біріктіретін топқа не адамның мінезіне байланысты топқа қатыстыруға болады. Осындай ретпен кеңес паремиологы А.Жигулев және басқа шетел, әсіресе неміс зерттеушілері өз материалдарын құрастырған.

3) Монографиялық жіктелу. Олар мақал- мәтелдердің жинақталуы мен жинақтаушының уақытына қарай құрылады.

4) Генетикалық жіктелу. Халық және тіл өзгешеліктеріне қарай топтастырылады. Есерсоқ болмай, ер болмас. Есептен болмай, бай болмас(қазақ). Балованнаясобака становится щенком(шумер). Сноха снохе- соперница(татар).

5) Тақырыптық жіктеу. В.И.Даль және кеңес паремиологтардың көбісінің классификациясы осындай түрде жасалған. Мәселен, еңбек, байлық, кәсіп-еәсіп туралы. Мал жисаң қонысын тап. Ас жисаң ыдысын тап. Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп. Еңбегі аздың өнбегі аз. Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал құралмас(2).

Ескерте кеткен жөн, қазақ мақал-мәтелдері халыққа ортақ қазына болғандықтан, оны кім шығармасын, қалайша сұрыптап, жаңаларын қосып толықтырмасын, бәрібір сол ортақ қазына қайталанады. Сондықтан да, күні бүгінге дейін жарияланып, жарық көріп келе жатқан қазақ мақал-мәтелдерінің дені, басым көпшілігі бастауын сонау Ы.Алтынсариннен алып, В.В.Катаринский жалғастырған, одан соң алғаш рет толықтырылып Ө.Тұрманжанов жариялаған жинақ кейінгі барша жинақтарға негіз болып саналады.

Дегенмен, бұл салада қанша жинақ жарық көрсе де, мақал-мәтелдердің жалпы саны 10 мыңға жеткен емес. Ал, шын мәнісінде, біздің жинақтаған материалдарымызға қарағанда қазақ мақал-мәтелдерінің бұрынғы-соңғысы болып, дүниеге келгендерінің жалпы саны 15 мыңнан асады. Демек, бұдан шығатын қорытынды – қазақ мақал-мәтелдері жалпыхалықтық тілінің қойнау-қолтықтарынан, ел жадында жүрген қазына-байлықтан, ақын-жазушы қолданыстарынан, халық даналығынан жаңа мақал-мәтелдер шығарып, үлес қосушылардан түгел жинақталып, жүйеленіп болған жоқ деген сөз.

Қазақ мақал-мәтелдерін ауыз әдебиетінің жанры ретінде зерттеу, табиғатын айқындау, шешендік сөзге, көркемсөз өнеріне қатысты аспектілері мен қыр-сырларымен шұғылданушылар, негізінен, әдебиетші мамандар. Осы орайда қазақ мақал-мәтелдері туралы пікір айтпаған әдебиетші жоқтың қасы. Ал, мақал-мәтелдердің табиғатын арнайы сөз етіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындауға атсалысқан әдебиетші ғалымдардың қатарында М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Адамбаев, М.Әлімбаев, Н.Төреқұлов, Т.Кәкішев, З.Қабдолов, М.Базарбаев, С.Қасқабасов, С.Нұрышев, Б.Ақмұқанова, т.б. атауға болады(3).

Бұл зерттеулерде, әсіресе қазақ мақал-мәтелдеріне байланысты ізденістерде, паремиология пәнінің теориялық та практикалық мәселелері аз сөз болып жүрген жоқ.. Мақал-мәтелдердің әдеби табиғаты мен тілдік ерекшеліктеріне арналған нақтылы зерттеулерде, көбінесе, олардың жалпы құрамдық, мағыналық даму мен заңдылықтары мен іштей жіктелу принциптері, қолданыс тәсілдері мен стильдік мәндері , шығу төркіні мен тілара ауыс-түйістігі, көркемдік, поэтикалық табиғаты мен қара сөз, өлең сөз үлгілері, ауыспалы, идиомалық мағыналары мен олардың эмоционалды-экспрессивтік реңктері т.б. қарастырылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Г.Л. Пермяков. «Пословицы и поговорки народов Востока» М. «Лабиринт», 1978ж.

  2. М.Ибраева «Паремия туралы түсінік» Қазақ әдебиеті 2005ж. №4

  3. Әбдуәли Қайдар «Халық даналығы» Алматы 2004 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"МА?АЛ-М?ТЕЛДЕР" туралы

Автор: Абдраимова Шолпан Омирбековна

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181495


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства