-піл өзі білмейтін нәрселерді үйренгім келеді дейді. Сендердің қалай оқитындарыңды көріп, менде сендер секілді ақылды болғым келеді дейді.
Жақсы піл сен даярлық тобының балаларының қасына отыра қой.
-балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-күз айларын атайықшы?
-күзде ағаштың жапырағының түсі қандай болады?
-балалар табиғат нешеге бөлінеді?
-тірі табиғатқа нелер жатады?
Жарайсыңдар
Біздер бүгін қай өсімдік қайда өсетіні туралы әңгімелейтін боламыз.
Өсімдіктердің түрлері өте көп. Адам өз қолымен дәнін сеуіп отырғызатын өсімдіктер және де өздігінен өсе беретін өсімдіктер болады.
Тоғандардығ көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын сарғалдақ. Оларды су өсімдіктері деп атайды.
Ылғал сүйгіш өсімдік бұрыш. Ол қатаелі ісіктердің шелдің алдын алады.
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер: күнбағыс Қазақстаннығ барлық жерлерінде тіршілік етеді. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік. Күнбағыс дәнінен май сығып алынады.
Сергіту сәті
Күз желі ызғарлы
Гүлдері солдырды
Жапырағын түсіріп
Ағаштарды тоңдырды
Жұмбақ жасыру
Күннің көзін сүйемін
Күнге басымды иемін
Күннің көзі болмаса
Бұғып қана өсермін күнбағыс
Өсірер тың далада
Көшірер қамбаға
Айналар ұңғада
Айналар нанға да бидай
Әр түрлі тамырлардың суреттерін салу
Оқулық дәптермен жұмыс
Гүл өсіру үшін бала не істеді?
Егер ол гүлді қорғамаса не болар еді?
Гүл өсірем аулада
Шелекпен су тасимын
Гүл күткенді біледі
Бойын сылап күледі
Жұпар иісін шашады
Балаларға жұлдырмай
Қой, ешкіге жегізбей
Күнде қарап тұрамын
Анашым үйге келгенде
Гүл сыйлаймын күнде мен.
Жақсы қатысқан балаларды мақтау
Жоқ
Білмейміз
Салематсызба!
Күз
Қыркүйек, қазан, қараша
Сары
Екіге
Өсімдіктер, жануарлар, құстар т.б
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: өсімдіктер табиғаттың маңызды бір бөлігі екені түсінуі
Баланың меңгеру: өсімдіктердің пайдасы мен маңыздылығын меңгере алуы
Баланың жасай алуы: өсімдіктердің тамырының суреттерін сала алуы
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы: коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
Балалардың сөз, дыбыс туралы ойларын қалыптастыру.
Коммуникативтік құзіреттілік:
Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тіл дамыту.
Проблема шешу құзіреттілігі:
Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Мен сендерге допты лақтырамында бір дыбысты айтамын сендер сол дыбыстан басталатын сөз айтасыңдар. Мыс. С-сағат, т- тарақ, а- аю т.б
Балалар әрбір тіршілік иесінің өздерінің тұратын жері, мекені болады. Мыс: адамдар үйлерінде, малдар қорада, құстар ұясында өмір сүреді екен.
Ал дыбыстар қайда өмір сүреді? Мен қазір сендерге сол туралы ертегі айтып беремін.
Әлде қандай патшалықта емес, мемлекетте емес, тура өзіміздің ауызымызда өмір сүріпті. Олардың үйі осы ауыз болыпты. Үйдің төбесі таңдай, еден дегеніміз төменгі таңдай, үйдің қабырғасы екі жағы болыпты. Ал үйдің есігі ерін, оның ішінде есік бекем болу үшін қойылған сүйек шабақтар бар екен, ол-тістер . бір күні осы үйге, яғни ауызға жылан кіріп орнығып алады, сөйтіп ол зұлымдық істерін істей бастайды. Көңіл күйі жақсы болғанда ол дыбыстарды емін-еркін өткізіп жібереді. Мыс: А,ое,и,ы,у. Бұл дыбыстар үстіне қызыл көйлек киіп емін еркін өтіп шығып жатады. Ал кейбір дыбыстардың жолына сұр жылан түрлі кедергілер жасап шығуына бөгет болады, не есікті жауып қояды м-м-м-н-н-т-т дыбысы шығар кезде тіпті таңдайға жабысып қалады.
Сөйтіп сұр жылан дыбыстарды ысылдауға, шырылдауға, қырылдауға мәжбүр етеді. Сұр жылан дыбыстарды құйрығымен ұрады. Р-р-р бұл дыбыстар ауыздан емін еркін шыға алмайды, сондықтан олар көк көйлек киеді. Сонымен дыбыстар екіге бөлініп дауысты, дауыссыз болады.
Оларды жекелей ешкім түсінбейді, сондықтан олар бәрі бірігіп буын құрайды. Жалғыз сөз сөздің мәні болмайды сонымен бәрі ақылдасып
Міне содан бері балалар, дыбыстардың адамға пайдасы тиіп әлі күнге дейін тіл құралы болып келе жатыр екен.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Сергіту сәті:
1.Тапсырма: үйлестірмелі карточкалар беру онда сөздер жазылған әр дыбыстардың астына дауысты, дауыссыз екенін білдіру үшін қызыл, көк түсті карандашпен бояйды.
Жақсы балалар жарайсыңдар!
Ойын: «бір сөзбен ата»
Балаларға үй жануарлары , құстар, киімдер, жемістер, көкөністер үй құстарының суреттері көрсетіледі. Бір сөзбен балалар атайды.
2.Тапсырма: Сөздер беру балалар сол сөзден сөйлем, әңгіме құрастырады. Мыс: мектеп, оқушы, сағат, доп, гүл т.б
Балалар енді екі топқа бөлініп 1-ші топ дауысты дыбыстарды ал 2-ші топ дауыссыз дыбыстарды мүсіндейсіңдер ермексазбен.
Жақсы жарайсыңдар балалар!
-Сендер дыбыстар қайда өмір сүретінін білдіңдер ме?
-Дыбыстар не себепті екіге бөлінеді екен?
Әріптерді, дыбыстарды бір -біріне қоссақ буын одан соң сөз, сөйлем пайда болған екен.
Жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау
Ия ұнады
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық
Оқушы дала бала
Тал, бал тұр, тар шар, қар, шаш, нан, ның, тың сан, тон, тұр, қас т.б
үй жануарлары , құстар, киімдер, жемістер, көкөністер үй құстары
мен мектепті жақсы көремін. Мектеп менің екінші үйім. Мен мектептен білім аламын т.б
ия ол біздің ауызымызда өмір сүреді екен.
Жылан оларға кедергі жасаған соң.
емін-еркін шыққан дыбыстар дауысты, емін-еркін шыққан дыбыстар дауыссыз болып екіге бөлінеді.
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: Сөз, дыбыс сөйлем, буын туралы ойлары қалыптасып. Сөйлем құрастырып оны талдай білуі
Баланың меңгеруі: сөздерді жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсетуі.
Баланың жасай алуы: Топпен жұмыс істей алуы
Бекітемін. Әдістеме бірлестігінің жетекшісі:
Білім беру саласы: коммуникация
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі
Күні: 07.11.2016ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
Балаларды Ғ дыбысы дауыссыз дыбыс екенін түсіндіріп, жазылу таңбасымен таныстыру
Коммуникативтік құзіреттілік:
Ғ дыбысына байланысты сөздер айту арқылы, балалардың ойлау қабілеттерін арттыру
5.Б.қ. Оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды белге қойып иілу, келесі қолымен ауыстыру. 3-4рет
6. б.қ қолды алға ұстап, отырып, тұру
7. бір орында жүру, жүгіру, секіру
Балалар шеңбер бойымен жүру , маршпен жүру , терең тыныс алып шығару.
Қатарға тұру,
Қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен жүру, жүгіру.
Балалар белгіленген жерге тұрып, екі аяқпен алға жылжи секіру, кезек-кезек.
Балалар доптармен ойнайды
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: қатарға, сапқа тұруды
Баланың меңгеру: жаттығулар ережесін меңгеруі
Баланың жасай алуы: екі аяқпен алға жылжып белгіленген орынға секіру
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы:
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: драма
Тақырыбы: Айсұлудың туған күні
Күні: 10.11.16ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
Балаларға туған күн туралы түсіндіру
Коммуникативтік құзіреттілік:
Әр адамның туылған күні болатыны, ол жыл сайын 1 жас қосқан сайын үлкейіп, есейетінін ұғындыру
Проблема шешу құзіреттілігі:
Туған күнде жылы тілектер мен лебіздер айта білуге тәрбиелеу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өтілу әдісі:
Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Оқыту құралдары:
Айсұлу деген қыздың суреті, оқулық
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялау
Балалар бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Балалар сендердің туған күндерің жылдың қай мезгілінде болады?
Жылымен айын күнін білесіңдерме?
Жақсы
Бүгін мына суреттегі Айсұлу деген қыздың туған күні екен. Оған не айтамыз?
Ия. Айсұлу туған күніңмен! Денің сау болып, әдемі, ақылды қыз болып өсе бер! Достарыңмен тату бол, ата-анаңның айтқанын тыңда деген сияқты жылы тілектерді айтуларың керек.
Балалар тілектер айтады
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық
Суретпен жұмыс
Балалар сурет бойынша әңгімелейді
Суретте көріп тұрған заттарын атайды
Қане балалар Айсұлудың туған күніне арнап жақсы ән мен тақпақтарымызды айтып берейікші!
Балалар ән мен тақпақтарын айтады
Балалар сендер туған күнде қандай сыйлықтар алғыларың келеді?
Жақсы сендер ойыншықтар алғанды жақсы көреді екенсіңдер.
Ендеше ойыншық туралы тақпақ жаттайықшы
Ойыншықтарым көп менің
Бәрін жақсы көремін
Кешке дейін жалықпай
Олармен ойнап жүремін
Ж.Қалжанова
Топтан бір қызды шығарып туған күні деп жылы тілектер айтып сахналау
Сурет салу ұнайтын сыйлықтарының
Жақсы қатысқан балаларды мақтау
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: әр бір адамның туған күндері болатындығын
Баланың меңгеру: туған күнде жақсы тілектермен лебіздер айтылатынын
Баланың жасай алуы: сыйлықтардың суретін салып, туған күнді өз араларында сахналай алуы
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы: таным
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 4 саны және цифры. 4 санының жасалуы
Күні: 10.11.16ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
4 саны мен және 4 цифрының жазылуымен, 4 санының құрамымен таныстыру
Коммуникативтік құзіреттілік:
Балалардың ой өрісін ойлау қабілеттерін тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру
Проблема шешу құзіреттілігі:
Балаларды алғырлыққа, тапқырлыққа және дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өтілу әдісі:
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік
Оқыту құралдары:
Сандар, суреттер, жылдың төрт мезгілінің суреттері
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялау
Ұйымдастыру бөлімі
Балалар біз қай санды өткен оқу іс-әрекетінде өттік?
5.Б.қ. Оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды белге қойып иілу, келесі қолымен ауыстыру. 3-4рет
6. б.қ қолды алға ұстап, отырып, тұру
7. бір орында жүру, жүгіру, секіру
Балалар шеңбер бойымен жүру , маршпен жүру , терең тыныс алып шығару.
Қатарға тұру,
Қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен жүру, жүгіру.
тізбектеліп және тізерлеп тұрып, допты бір-біріне қос қолымен басынан асыра лақтыру
Балалар белгіленген жерге тұрып, екі аяқпен алға жылжи секіру, кезек-кезек.
Балалар доптармен ойнайды
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: тізбектеліп , тізерлеп тұрып допты басынан асыра лақтыруды
Баланың меңгеру: әр түрлі қимыл жаттығуы денсаулыққа пайдалы екенін
Баланың жасай алуы: доптар мен қимыл жаттығуларын орындай алуы
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы: шығармашылық
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: аппликация
Тақырыбы: Құмырадағы гүл
Күні: 11.11.16ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
Бтуалаларға құмырадағы гүл туралы түсіндіру
Коммуникативтік құзіреттілік:
Гүлдің әдемілігін әр түрлі түстері үйді, мектепті тағы басқа мекемені безендіріп тұратынын
Проблема шешу құзіреттілігі:
Балаларды таза, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өтілу әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыстары
Оқыту құралдары:
Түрлі түсті қағаз, қайшы , желім, альбом
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялау
Ұйымдастыру бөлімі
Достарымның барлығын
Сыйлап жақсы көремін
Алақаным арқылы
Жылуымды беремін
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Аптаның бүгін қай күні?
Гүлді кім жақсы көреді?
Гүл бізге не үшін қажет?
Ия гүл бізге таза ауа береді, лас шаңның барлығын өз бойына жинап алады және де әдемі болып тұру үшін қажет екен.
Гүл туралы кеңінен балаларға түсіндіру
Сергіту сәті
Гүлдің суретін түрлі түсті қағаздар арқылы қиып жапсыру
Балалардың өз бетінше жұмыстары
Балаларға үйрету, көрсету, түсіндіру
Жақсы жұмыс жасаған балаларды мақтау
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: гүлдің пайдасы туралы білуі
Баланың меңгеру: гүлді түрлі түсті қағазбен безендіріп қия білуі
Баланың жасай алуы: гүлді жапсыра алуы
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы: денсаулық
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Буындарға бөлу. Күшікпен мысық ертегісі
Күні: 14.11.16ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
Сөздердің бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру
Коммуникативтік құзіреттілік:
Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру
Проблема шешу құзіреттілігі:
Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өтілу әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Оқыту құралдары:
Буындар,
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялау
Достық шеңбері
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Тату-тәтті дос болып
Достық шебін құрамыз
Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?
Олар қалай аталады, қандай түспен белгіленеді?
Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі -Сара
Енді Сара сөзі неше буыннан тұрады екен ойланып көрейік.
Бірінші буынын кім айтады? Са
Екінші буыны ра
Дұрыс екі буыннан тұрады екен.
Себебі екі дауысты дыбыс бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады.
Ойын «Буындардан сөз құра»
Балалар мынау ненің суреті?
Мен сендерге бәрінші буынды айтам сендер жалғасын табуларың керек.
Ба-лық, ба-қа, та-уық, са-бын, са-ғат т.б
Қол жаттықтыру жұмысы
Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгімен белгілету.мыс: «Сара» сөзі текшемен былыай жазылыды. Көк, қызыл көк, қызыл
Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік
Бұл қрнек неше торкөзден құралған?
Ертегі
Балалар суретте не көріп тұрсыңдар? Ия бұл ит адамның досы, оны жәбірлеп ұруға болмайды.
Иттің баласын күшік деп атаймыз. Ол не жегенді ұнатады? Итті немесе мысықты тамақтандырып болғасын қолымызды міндетті түрде жууымыз керек әйтпесе түрлі ауруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.
Ит орысша собака ағылшынша dog
Ал мынау ненің суреті? Ия мысық ол үй жануары, тышқан аулайды адамдарға осылай көмектеседі екен. Мысық орысша кошка, ағылшыншы cat.
Балалар мен бір дыбыс естіп тұрған сияқтымын бұл ненің дыбысы?
Жақсы мен сендерге күшікпен мысық ертегісін әңгімелеп беремін
Ертегіні әңгімелеп сұрақтар арқылы не түсінгендерін сұрау
Әнімізбен тамамдайық
Ала мысық паңданады мяу мяу
Әлденеге қамданады мяу мяу
Ала мысық айлалы
Жан-жағына қарады мяу мяу
Айналаны қорағыштап ав ав
Қос құлағы салбырап
Достық жайлы ән шырқайды ав ав, мяу, мяу
Жақсы қатысқан балаларды мақтау
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: буындарға бөлуді, үй жануарлары күшікпен мысық туралы
Баланың меңгеру: берілген тапсырманы орындай алуды
Баланың жасай алуы: ойын арқылы жануарлардың қимылын, дыбысын сала алуды
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы: денсаулық
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: жаратылыстану
Тақырыбы: Бөлме өсімдігі деген не?
Күні: 14.11.16ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
Балаларға бөлме өсімдігі туралы түсіндіру.
Коммуникативтік құзіреттілік:
Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды баптап, күту
ережелерімен таныстыру
Проблема шешу құзіреттілігі:
Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өтілу әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, таңқалдыру қонаққа торғайдың келуі
Оқыту құралдары:
Суреттер гүлдердің, гүл отырғызуға қажетті құралдар
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялау
Шаттық шеңбері
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Арайлап атқан күнге
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар.
Адамдардың бәрі қызығады
Су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?
Жарайсыңдар
Ендеше біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз.
Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады.
Балаларға гүлдердің суреттерін көрсету. Міне, мынау раушан гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады. Ал мынау алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келеді, бірақ тікендері қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егер жүгіріп бара жатып жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен. Міне өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры-сабағы-жапырағы-гүлі. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің тобымызда бар ма?
Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр?
Сол кезде торғай ұшып келеді. Салематсыздар ма балалар! Үйіме ұшып бара жатып, сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Менде үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.
Сен мұңайма балалар қалай өсіріп күтуге болатынын айтады.
Тақпақ айту
Қызыл-жасыл гүл егіп
Баптап, күттік, түрлеттік
Қалмаса деп суарып
Апта сайын суардық
Енді торғайға өсінді отырғызу жолын көрсетейік. Балалар, жақсы көріну үшін қасыма, үстелге жақынырақ тұрыңдар.
Практикалық әрекет: гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып ішіне құнарлы топырақ саламыз, жақсы өсу үшін. Содан соң топырақ ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді осы гүлімізді табиғат бұрышына қояйық.
Балалар енді осы гүлімізге су құйып тұруымыз керек.
Егер біз тамақ ішпесек не болады?
Дұрыс сол сияқты өсімдіктер адам сияқты тамақ ішпесе, ауырып қалады. Су құйып, күтіп, баптап тұруымыз керек.
Сергіту сәтітербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп кішкентай ағаштар
Үп үлкен болып өседі
Дидактикалық ойын:Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктері ажырат
Мақсаты: Бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсетінін анықтау
Сурет салу. Балалар өздеріне ұнайтын бөлме өсімдігінің суретін салады
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызшалар беру
Гүл
Ауырып қаламыз
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: бөлме өсімдіктерінің маңыздылығын
Баланың меңгеру: бөлме өсімдігінің ішінде дәрілік өсімдікте кездесетінін
Баланың жасай алуы: бөлме өсімдігін қалай отырғызу керектігін, суретін сала алуы
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы: коммуникация
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Л дыбысы және әрпі
Күні: 15.11.16ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Суретті үлгі бойынша лақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Лллақ сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
Л дыбысы.
Л дыбысын бірнеше рет қайталап айтқызу арқылы қандай дыбыс екенін сұрау, немен белгілейтінін анықтау.
Л дыбысы дауыссыз дыбыс,көк түсті текшемен белгілейміз.
Лааақ сөзінің ортасында қандай дыбыс естіледі?
Дидактикалық ойын. “Кім тапқыр”ойыны
Мақсаты:
Суретті үлгі бойынша алманың суретін көрсету.
- Мынау не?
- Алма.
Алма сөзі неше буыннан тұрады?
Ал-ма сөзі екі буыннан тұрады.
Осы сөзде л дыбысы барма, сөздің қай жерінде тұр?
Л дыбысы бар сөздің ортасында тұр.
Кеспе әліппеден л дыбысының әріп таңбасын көрсету, бас және кіші әріптермен таныстыру.
Қол жаттықтыру жұмыс: ауада сауусақтармен л дыбысын,таяқшалармен ла буынын жаздыру.
Дәптермен жұмыс Балалар дәптердегі Л әріпін үзік сызықтар арқылы бір-біріне қосып жазады
Буындарды оқу кітаптағы
сұрақ жауап арқылы балалардың білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: л дыбысының дауыссыз дыбыс екенін
Баланың меңгеру: өткен әріптермен л әріпін қосып оқи алуды меңгеруі
Баланың жасай алуы: л әріпін жаза алуы
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы: таным
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: дене ҚМҰҚ
Тақырыбы: 1,2,3,4,5 сандарының құрамы
Күні: 15.11.16ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
Балаларға 1 ден беске дейінгі сандарды тура кері санай білуге үйрету
Коммуникативтік құзіреттілік:
Баларды шапшаңдыққа тез ойланы жауабын айта білуге үйрету
Проблема шешу құзіреттілігі:
Есептерді шығарып, берілген тапсырмаларды орындай білуге дағдыландыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өтілу әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Оқыту құралдары:
1 ден 5ке дейінгі цифрлар, математика дәптрі, суреттер
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялау
Сәлем- сөздің анасы.
Сәлем -сөздің данасы.
Орнымыздан тұрайық
Сәлемдесіп алайық.
-балалар ,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталап,тура және кері санауды қайталаймыз.Есік қағылады.
Ғажайып сәт.
Қазақ киімін киген ,иығында қоржыны бар тазша бала келеді. Сәлеметсіздер ме балалар! Менің атым Аяжан.Біз Тазша бала екеуміз ертегілер елінен келдік.Тазша бала екеуміз математика оқу іс-әрекетіне қатысқымыз келеді.Біз сандарды тура және кері санауды үйренгіміз келеді. Бізге көмектесесіңдер ме?
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1.
Суретте толық боялмаған көрініс берілген.
-Заттың қайсысы және нешеуі боялмағанын санаймыз.
-Сандар қандай цифрмен белгіленген?
1 күн,2 түйе, 3 тау, 4 гүл, 5құс.
-Құс түйеден көп, тау гүлден кем, т.б....
№2.
Әр топтағы артық затты сыз.
-Суретте заттың қайсысы бірден?
-Екіден?
-Үштен?
-Бұл заттарды қандай топтарға бөлуге болады?
Дәптермен жұмыс
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды
Балаларға көмектесу, үйрету
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: 1-ден 5-ке дейін тура кері санауды
Баланың меңгеру: есептерді құрастырып шығаруды
Баланың жасай алуы: тапсырмаларды орындай алуы
Бекітемін. Оқу ісінің меңгерушісі:
Білім беру саласы: денсаулық
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Бөлімі: қауіпсіз мінез құлық негіздері
Тақырыбы: Мен және мені қоршаған орта
Күні: 15.11.16ж
Құзіреттілікке жеткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік:
Балаларға қоршаған орта туралы түсінік беру
Коммуникативтік құзіреттілік:
Балардың ақыл ойын дамыта отырып, табиғатқа деген қызығушылық сезімдерін ояту
Проблема шешу құзіреттілігі:
Қоршаған ортаға қамқор болып оны аялай білуге тәрбиелеу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өтілу әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Оқыту құралдары:
Табиғат, қоршаған орта суреттері
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялау
Біздер тату баламыз
Гүл-гүл жайнап жанамыз
Жаттығулар жасайық
Жақсы серігіп қаламыз
Балалар қоршаған орта дегенді қалай түсінесіңдер?
Қоршаған орта дегеніміз бізді қоршап тұрған әлем. Айналадағы тау, тас, топырақ, су, ағаш т.б бұлардың барлығы табиғат бізді қоршап тұрған.
Балаларға қоршаған орта табиғат, жануарлар мен құстар, адамдар да бір бөлігі екенін кеңінен түсіндіру.
Суретпен жұмыс
Балаларға тапсырмаларды көрсетіп, орындауға үйрету
көмектесу.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелеу
Сурет салу
Балалар өздеріне ұнаған дәптердегі бір суретті салу
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: қоршаған орта туралы білуі
Баланың меңгеру: қоршаған ортаны аялап, қорғау керектігін
Баланың жасай алуы:тапсырмаларды дұрыс орындай білуді