kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??растыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Таным саласы

??растыру саба?ы

Та?ырыбы:?уырша??а арнал?ан орынды?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??растыру»



Білім беру саласы:

Таным 14.01.16

Бөлімі:

Құрастыру

Тақырыбы:

«Қуыршаққа үстел мен орындық» (кіші материалдармен жұмыс)

Мақсаты:

Көрсету үлгісі бойынша қуыршаққа кіші құрылыс материалдарынан үстел орындық жасай білу біліктерін арттыру.

Міндеттері:

Қол икімдерін дамыту.

Тазалыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Текшелер жиынтығы, ойыншық жиһаздары, қуыршақ, үлгі, жиһаздар суреті, асханада үстел мен орындықтар,



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы




Балалар, мен сендерге бір құпямды айтқым келеді, бүгін бізге бір қонақ келу керек болған бірақ, ол кешігіп жатыр, сондықтан, біз кім келетінін жұмбақты шешіп көрелікші.

Жұмбак жасыру:

«Біздің үйде бір қыз бар, 
Көзі бар, көрмейді,
Аузы бар, жемейді,
Қолы бар, ұстамайды,
Аяғы бар, жүрмейді.»
Дұрыс, міне біздің кішкентай досымыз келіп қалды, амандасады,

-Қуыршақ қалың қалай?

-Қуыршақ, өзіңнің үйің туралы айтып берші?

«Менің үйім өте әдемі, кең. Менің үйімде не барын мен суретпен көрсетсем, ал сендер не бар екенін айтыңдар. (Қуыршақ суретерді жиһаздар мен көрсетеді, мен де асханада үстел мен орындықтар жоқ)

-Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

Балалар, қуыршақта қандай жиһаз жоқ?

-Біз қуыршаққа жасап берейіміз бе?

Ендеше, балалар екі орталыққа бөлінейік: (Тәрбиеші қоңырауын соғады), І топ шығармашылық орталығына барып –қонаққа ермексаздан сыйлық жасайды, ІІ топ құрастыру орталағында- үстел мен орындықтар жасайды

Балалар ойланып жауап береді





Қуыршақ





Балалар қуыршақтан қалын сұрайды.



Балалар жиһаздарды атайды



-асханада үстел мен орындықтар жоқ

Иә, деп көмектесуге келіседі



Балалар өз еркімен бөлініп оқу іс-әрекетіне кіріседі.










Ұйымдастыру

іс-әрекеті





























Сергіту сәті

-Ал, біздің қуыршақ ең әдемі үстел мен орындықты тауып алады, сосын асханада қонақтарына тамақ береді

Үлгіні талдау:

-Үстел мен орындықта

Ортақ не бар, ал ол қалай жасалған?

Жұмыс барысы:

- Үстелге неше текше керек?

-Үстелге неше тақтайша қажет?

-Үстелдің көлемі қандай?

-Үстелдің үстіне қандай пішінге ұқсайды?

-Орындыққа неше текше керек?

-Арқалары қандай зат бөлшектерінен істелінген?

Дербес жұмыс:

Содан кейін, өздеріңе ұнаған ойыншықты таңдап алып, оны жасаған үстел мен орындықтар жасайды

«Ара»

Кесті-кесті ара,

зуылдап, ұқсап араға,

бөлініп кетіп бір бөлік,

домалап кетті далаға ,

қалай бөлінді ортадан

қәне баста қайтадан

Балалардың жұмысын талдау:

(Жұмыс барысында тәрбиеші балалар ұқыпты жасағанын, бөлшектерді бір-біріне дұрыс біріктіруін қадағалайды)

Балалар, сендердің үйлерінде жиһаз бар ма?

Дидактикалык ойын: «Жиһазды ата?»


Балалар ойланып жауап береді.









Аяқтарымен, үстел беті,

Аяқтары, арқалары



көп

біреу



шаршы, немесе төртбұрыш.

Біреу

Бір кірпіштен



Балалар, көп құрылыс материалдар арасынан үстел, орындық жасауға керекті бөлшектерін таңдап алып, құрастыруға кіріседі.



Балалар қайталайды.







Балалар үстел, орындық құрастыру үлгілеріне қарап рет-ретімен айтып береді.








Рефлексивті-түзетуші

Қандай үстел, орындық құрастырдық?

Қандай құрылыс материалдарды пайдаландық?


Балалар, ойыншықтарын үстел басына отырғызып, қызықтап шай береді, істеген тағамдарын сыйлайды



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Үлгі бойынша қуыршаққа кіші құрылыс материалдарынан үстел орындық жасай білу керек.

Нені игереді:

Құрылыс материалдарының бөлшектері мен арнайы атауларын игереді.

Нені біледі:

Көрсету бойынша қуыршаққа үстел орындық жасай біледі.

















Білім беру саласы:

Қатынас 6.01.16

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

«Диасқа арналған диван».

Мақсаты:

Үй-ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін сөзбен дұрыс атап айтуға (дөңгелек үстел, түсі қызыл, төрт аяғы бар; ) сөз қорларын молайту.

Міндеті:

Үй-ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін сөзбен дұрыс атап айтуға (дөңгелек үстел, түсі қызыл, төрт аяғы бар; ) сөздік қорларын молайту. Заттың санын (бір, көп) және сынын (үлкен, кіші, биік, аласа, қасында, жоғарыда) т.б білдіретін сөздерді меңгерту.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Диас қуыршағы. Отбасы суреті. Жиһаздар дүкені макеті, жиһаздар.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы




Балалар мен балабақшаға келе жатып Диасты кездестірдім. Диас апасымен демалыс күні жиһаз дүкеніне баруға келісіпті.

-Білесіңдер ме, жиһаз дүкенінде не болады?

Ал қонаққа Диасқа барасыңдар ма?

Ендеше екі топқа бөлініп: І- топ шығармашылық орталығында «Диван» мен «кресло» жапсырады, ал ІІ- топ Диасқа қонаққа барады

Балалар шеңбер бойы тұрады.




Иә, білеміз, онда жиһаздар сатылады.

Балалар қонаққа баруға келіседі









Ұйымдастыру іс-әрекеті























































Сергіту сәті




































Сурет бойынша әңгіме «Жиһаз дүкені»

«Диас дүкенде әдемі керует, үлкен үстел, орындық және шкаф, жұмсақ диван мен кресло, бір сары түсті диван, ең үлкен екенін көрді. Диванның аяқтары, арқасымен, шынтақ таянғышысы бар екен ол Диасқа жасыл диван ұнады, ол ең кішірегі болды. Ол диванда аяқтары, арқасымен, шынтық таянғышы да бар екен.

Дидактикалық ойын: «Жанұясына айтып бер»

Диас апасымен үйге келіп, жиһаз дүкені туралы анасына айтқысы келді

Диас бірақ, ұмытып қалыпты қәне айтып беруге көмектесейік:

-Дүкенде не сатылды?

-Керует қандай болды?

-Үстел қандай болды?

-Шкафқа не салып қоямыз?

- Диван қандай түсті болды?

-Диванда не бар?

-Кішірек диван қандай түсті?

-Диасқа қандай диван ұнады?

-Айтып беріңдерші жасыл диванда не бар?

Ал енді әкесі жұмыстан келді, әкешіме, жиһаз дүкенінде не көргенін айтып берейікші?

«Анасы мен әкесі сөйлесіп болып, жасыл диванды сатып әперуге келісті.

Диас өте қуанышты болып, әкесімен шешесіннің беттерінен сүйіп алды»

Дидактикалық ойын «Не жасырылғанын тап».

.

Дыбыстық жаттығу:

Ан-ан-ан мынау үлкен диван

Дидактикалық ойын «Көп-біреу»

Тәрбиеші ғажайып дүрбімен қарап тұрғандай болады:

  • Мысалы: «Мен бір орындық көрдім, ал балалар көп...

  • Билингвальдік жұмыс

Жиһаздар сөздерін ағылшын тілінде айтып көрейік:

диван, орындық, үстел, керует

Дидактикалық ойын «Диастың бөлмесі»

Мақсаты: Балалар, орындық, шкаф, үстел, диван, т.с. жиһаздардың бөліктерін атауды ұсынды.

Тәрбиеші: -Балалар, біз бүгін Диасқа қонаққа келдік.

-Диас бізге өз бөлмесін көрсетеді.

Балалар Диастың бөлмесінде не бар?

Орындықта не бар?

Үстел ...

- Қандай пішінге ұқсайды?

Шкаф ...

Диван ...

Тәрбиеші балаларға: «арқа, қол, аяқ тек жиһаздарда ғана емес, сонымен бірге адамдарда, саңырауқұлақтарда, кострульдерде болады деп түсіндіреді.»

- Тәрбиеші жиһаздар суреттерін көрсетіп,оларды бір сөзбен қалай атаймыз?



Балалар суреттерге қарап дүкеніндегі көп әр түрлі жиһаздар атауларын; үстел, орындық, керует, шкаф, диван, кресло жиһаздарын атайды.











Балалар сол сұрақтарға жауап береді

















Балалар есте сақтайды, көздерін жұмады, ашады, жасырылған жиһазды айтады





Балалар тілдерін дамытып, сөздерді қайталайды



Балалар суреттерге қарап, есте сақтайды,

жасырылған









-Көп орындықтар


Балалар қайталайды, есте сақтайды, ағылшын тілінде айтады




Балалар жиһаздардың бөліктерін атайды



Балалар мұқият қарап, айтады:

- Орындықтың отыратын орны, арқалығы, төрт аяғы бар.

- Үстелдің үсті, төрт аяғы бар.

- Шкафтың есігі, тұтқасы, аяғы, сөрелері бар.

-Диастың диванның отыратын орны, арқалығы бар, шынтық таяқнышы бар.





«жиһаздар» деп айтады







Рефлексивті-түзетуші

«Біз не білдік?». Кубизм әдісімен жиһаздарды салыстыра отыра сабақты талдап қортындылап беріледі.

Балалар шеңбер бойы тұрып кубикті бір –біріне беріп кез келген суретке мәлімет береді.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Үй-ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін сөзбен дұрыс атап айтуға (дөңгелек үстел, түсі қызыл, төрт аяғы бар; ) білулері керек.

Нені игереді:

Жаңа мағналы сөздердің мағнасын игереді.




Білім беру саласы:

Қатынас

Күні:

14.01.16

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Л.Н.Толстой «Үш аю» ертегі»

Мақсаты:

Ертегіні оқып, мазмұнын балаларға кейіпкердің іс - әрекетіне қарай әсерлі көңіл- күйін білдіре отырып айта білуге үйрету. Балалардың сөздік қорларын дамыту .

Міндеттері:

Ертегіні оқып, дұрыс түсінуге дағдыландыру

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Есік қағып, Ертегіші апай кіреді, амандасады, өзімен таныстырады.

Көп етегі білгесін мені ертегіш апай деп атайды. Мен балаларға ертегілерді оқығанды өте жақсы көрем.

Балалар ал сендер ертегілерді жақсы көресіндер ме?

Ендеше, сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келеме?

Олай болса, екі топқа бөлінейік: І топ-шығармашылық орталығына барып, ермексаздан қонаққа сыйлық жасайды, ал ІІ топ - Ертегіші апайдың ертегісін тындайды

Балалар театр орталығында жарты шеңбер болып отырады, мұқят тындайды

Балалар назарын Ертегіші апайға аударады

амандасады

-ия, ертегілерді жақсы көреміз

- балалар саяхатқа баруға келіседі.





Балалар екі топқа бөлінеді













































Ұйымдастыру іс-әрекеті



































Сергіту сәті










Ертегі оқылады

Балаларға қуыршақ театр арқылы ертегіні оқып береді

Л.Н.Толстой -Автордың портретін көрсете отыра ол кісі жайлы ақпарат беріледі.

-Әңгімелеу барысы:

Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі қалай аталады? Қандай ертегі оқыдық?

-Ең үлкен аюдың аты қалай?

(Сандықтан алып шығып, көрсетеді)

-Ал анасының аты қалай?

(Орташа аюды көрсетеді)

-Ал мынау не?

-Мынау ненің үйі?

-Мында нелер тұрады?

-Орманға жалғыз баруға болама?

Дұрыс, сендер өте ақылдысындар!

Дыбыстық жаттығу

-Михайло Потапыч қалай ақырады?

- Анастасия Петровна қалай ақырады?

-ал, кішкентай қонжық қалай дауысын шығарады?

-Ор-ор-ор- орындықта отыр аю

Дидактикалық ойын «Сипаттап бер».

Менде сиқырлы сандық бар, онда біздің ертегідегі кейіпкерлердің заттары тұрады

Мақсаты: Мнемокесте бойынша заттарды тән сипаттама жасауларын өтінеді.

-Үш аюдың өз ыдыстары, жиһаздары бар.

Асхана бөлмесінде, орындықтар бірдей болды ма?

- үлкен орындығы ненікі?

-кішкентай орындық ненікі?

-Орташа ше?

-Михайло Потапыч қандай керуеті?

-Анастасия Петровнаның төсегі ше?

-Қызға ненің төсегі ұнады?

Қожықтың шыны аяғы қандай?

-Әке аю қандай?

-Қонжық қандай?

-Үлкен бе, әлде кіші ме?



- Ал аю қалай жүреді?

-Ендеше бәріміз аюдың қорбаңдаған жүрісін салайық.

«Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Себетке салайық »

Балалар аю туралы кім тақпақ біледі?

«Аюмын мен аюмын,

Орманда мен тұрамын

Балды жақсы көремін,

Қар астында ұйықтамын.»

«Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты масқара».

Балалар ертегіні тыңдап, қуыршақ театрдағы кейіпкерлерге қарап қызықтайды





Балалар сұрақтарға толық жауап береді

Ия, ұнады







кішкентай қонжық

-Аюдың

-Аюлар, аналары қоңжықтын, қонжық.

-жоқ, болмайды





У-У-У( хормен қатты дауыспен айтады)

У-у-у- у (қыздар хормен аялап,нәзік дауыстарымен айтады)

у-у-у-( ақырын дауыс шығарып)











Балалар, тірек сызбаға қарап заттардың көлемін, түсін сипаттайды, сұрақтарға жауап береді.







Әке аюдың керуеті үлкен болды

Ана аюдың төсегі орташа болды

Кішкентай қонжықтың төсегі

Қонжықтың шыны аяғы кішкентай, көк.

Қолдарына алған сызба бойынша аңдарды сипаттайды.

(салыстыру: үлкен аю әкесі- кіші аю баласы, орташа -анасы).

-Қорбаңдап.

-аюдың жүрісін салады

-Тәрбиешімен бірге қимылдарды,сөздерді айтып қайталайды.







Балалар тірек сызбаға қарап, тақпақ сөздерін қайталайды.




































































Рефлексивті-түзетуші

Дидактикалық ойын.

«Шатаспақ»

Ертегіші апай, балаларды мадақтап, оларға сыйлық кішкентай кітаптар ұсынады

Балалар шатасқан әр түрлі қуыршақ театрдардың арасынан «Үш аю» ертегінің кейіпкерлерін, заттарын таңдайды, естеріне түсіреді.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Ертегілер үзінділерін әнгімелей білуі керек.

Нені игереді:

Заттарды сипаттай отырып салыстыруға қатысты ұғымдарды игереді.



























Білім беру саласы:

Шығармашылық 5.01.16

Бөлімі:

Жапсыру

Тақырыбы:

«Теледидардан не көрдік?»

Мақсаты:

алған білімдеріне суйеніп,берілген үлгіге қарап жапсыру

Міндеттері

- ретімен жапсыруға үйрету;

- қол маторикасын дамыту

- ұқыптылыққа тәрбиелеу.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-



Мотивациялық-қозғаушылық









Ұйымдастыру-іздестіру













































Рефлексивті-түзетушілік



Психологиялық дайындық:

Менде көз бар,сенде көз бар

Менде құлақ бар,сенде құлақ

Менде шәш бар,сенде шәш бар

Мен қылдымын,сенде ақылдысын.

Емес әдісі арқылы жұмбақ жасыру:

Көлемі дөңгелек емес,төрт бұрыш

Сумен емес,тоқпен жұмыс істейді

Тәрбиеші теледидарды қосып Астана қаласының көрнекі жерлерін көсетеді.Балаларға бәйтеректі жапсыруға ұсынады:









Үлгі бойынша ретімен жапсыру:

1,2.



Сергіту сәті:

Теледидарды қосамын тоққа мен

Басқару тетігін басамын

Сүйікті арнама қоямын

Алақай қандай ғажап зат.

Сабақты жалғастыру. 3.

«Дұрыс құрастыр»

Балалар бүгін нені жабыстырдық?

Реттілігін ата?



Балалар жұп-жұппен тұрып сөздерді қайталап,іс –әрекет жасайды.



Жұмбақтың жауабын айтады:

- Теледидар



Астана қаласында бәйтерек орналасқан







1.










2.











Сөздерді қайталап іс-әрекеттер жасау

3.







теледидар бөлшектерін құрастырады

Көрме ұйымдастырып, не жабыстырғандарын айтады.

  • Бәйтеректі










Нені білу керек:

Теледидардын қолдану реттілігін

Нені игереді:

Таңғажайып заттар атайды .Бәйтеректі ретімен жапсыруды

Нені біледі:

Үлгіге қарап ретімен дұрыс жапсыру





Білім беру саласы:

Қатынас 13.01.16

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

«Қуыршаққа шәй берейік»

Мақсаты:

Бөлмедегі заттарды сипаттау кезінде үйренген сөздерді қолдану, сөздік қорларын молайту.

Міндеті:

Сөздік қорларын молайтуға тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы








Балалардың назарын қуыршақ Дильназға аудару. Балалар, бүгін мен қуыршақтарды қонаққа шақырдым, маған шай беруге көмектесесіңдер ме?

Ендеше, екі топқа бөлініп:І топ - шығармашылық орталығында, кесені жапсырып әшекелесін

ІІ топ – мазмұнды орталығына барып, қуыршақтарға шәй берсін

Балалар назарын қуыршақ Дильназға аударады, көмектесуге келіседі







Балалар екі топқа бөледі




Ұйымдастыру іс-әрекеті



































Сергіту сәті








































Дидактикалық ойын «Қуыршаққа шәй берейік»

Қуыршақ үстел мен үш орындық қояды.

Балалар, шай беруге қандай ыдыстар керек екен?

Қуыршақ Дильназ кезек-кезек ыдыстарды көрсетеді:

-Қуыршақтар неден шай ішеді?

-Шынаяқты қайда қояды?

-Тосапты қайда кұйамыз?

-Қуыршақтар тосапты немен жейді?

Бізге үш қуыршақ келді, ендеше неше қасық, кесе, тосапқа құмыра қоямыз?

- Қанша шайнек керек?

- Қанша кесе керек?

- Қанша шайға арналған қасық керек?

-Шыныаяқ нешеу керек?

Дидактикалық ойын «Тосап қандай ұнайды »

Қәне қуыршақтарды дастарханға шақырайық:

Қуыршақтар, дастарханға төрге шығығыздар мархабат отырыңыз.

Суреттерді немесе муляж таратады да айтқызады

-Амина тәтті тосап құлпынайдың

ұнатады

-Дильназ тосап таңқұрайдан ұнатады.

-Аружан тосап алмадан жақсы көреді.

-Аружан жейғой тосап алмадан.

-Балалар, ал сендер тосап қандай ұнатасыңдар?

Дидактикалық ойын «Кесеге қасығын апар»

Балалар, үлкен табақшаға шайға арналған ыдыстарды салындар.

Ал енді қасықтарды бөлек, содан сон кеселерді

«Сәлем мен шайнекпін,

Өзім үлкен, жуанмын.

Міне менің қолым,

Міне менің мұрным.

Шай қайнады Пф-пф-пф

Енді оны құямын»

Тіл ұстарту жаттығу

Іс-іс-іс - піс, қазаным піс

Ыс-ыс-ыс- ыдыстарды жуыс

«Шеше, неше, кесе сынды кеше.»

  • Дидактикалық ойын «Көпше- жекеше»

  • «Мен бір кесе көрдім, ал балар көп...

  • Мен бір таба көрдім, ал балалар көп...»

«Су қиылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды»












Балалар үстел мен үш орындық қойуға көмектеседі,шайнек, кесе, шынаяқ, қантсауыт, май сауыт деп атауларын атайды.



Тосапты құмыраға кұйамыз

Шай қасығымен


Балалар санайды: бір, екі, үш деп: үш қасық, үш кесе, үш тосапқа құмыра қоямыз

Бір шайнек

Кесе үшеу керек






Балалар қуыршақтармен танысып бір-бірден шақырады дастархан басына, және хормен



айтады

мысалы: «Амина жейғой тосап құлпынайдан»

«Дильназ таңқұрайдың тосабын жей ғой, міне саған қасық»



-Мнемотехника арқылы

пысықтайды.


-Балалар үлкен табақшаға шайға арналған ыдыстарды салады, бірінші кеселерін, соған қасықтарын түстеріне сай

-бір қолымен шүмегін, келесі қолын беліне қояды

-беліндегі қолын көтеріп,қайта беліне қояды

-қолымен шүмегін келтіріп көрсетеді

-секіреді,дыбыстайды

-шүмегіне қарай бір жағына қисаяды













- Кеселер

-Табалар






















Рефлексивті-түзетуші

Бүгін біз не туралы әңгімелестік?

Бізге кім келді?

Дильназ қуыршақ ризашылығын білдіреді

Балалар тірек сұлба арқылы рет ретімен

айтып береді





Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Ыдыс-аяқ түрлерін дұрыс атауларын, олардың не үшін қажеттігін білулері керек.

Нені игереді:

Бөлмедегі заттарды сипаттап меңгерген, үйренген сөздерді дұрыс қолдануды игереді.

Нені біледі:

Сөздерді көпше түрінде айтуға біледі.




















Білім беру саласы:

Шығармашылық 8.01.16

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

Тұмарша

Мақсаты:

Тұмарша жайлы мәлімет беру.

Міндеттері:

саусақпен тұмаршаны үшбұрыш пішін арқылы салуға уйрету.

-қол маторикаларын дамыту,қиялдарын дамыту.

-еңбекке баулу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

сүлгі, акварель, су құйғыш,,қарындаш,

Үлгі: Тұмарша.



Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

+

-



Мотивациялық қызығушылық



Д/о: «Өз орнын тап»

Мақсаты?Тиісті әшекейге пішін қою.




Пішіндерді қызыға өз орындарына қояды.














Ұйымдастыру іздестіру
















Суретпен жұмысты ұйымдастыру



Тұмаршаны салу технологиясы.



1)Жіңішке жолақша салғызу




2)Үшбұрыш суретін бастырту

3)Үшбұрышты бояту


4)Нүктелер салдырту


Сергіту сәті:



Өлең ырғағымен жүру, тез ойнаған кезде,тез жүру,тоқтаған кезде өз орындарын табу.


Суреттерді ортаға салу

-Сурет салу жолын қарап бақылайды.



Қылқаламмен жіңішке жолақша салады.



Ұшбұрыш пішінді басып салады.



Ұшбұрышты,яғни тұмаршаны бояу.



Шеттерін нүктелермен әшекейлеу.



Тәрбиешімен бірге орындайды.




Өз жұмыстарына риза болады.





Рефлексивті түзетушілік


-Балалар біз нені салдық?



-Қалай?





Балаларды мақтау.



-тұмаршаны.



-қарындашпен пішін арқылы.




Балалар қуанады



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Пішіндер жайлы.

Нені игереді:

Пішін арқылы тұмаршаны салу.

Нені біледі:

Тұмарша туралы біледі






















Білім беру саласы:

Шығармашылық 15.01.16

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

Салют оттары

Мақсаты:

Түрлі-түсті бояулар пайдалана отырып,салюттың оттарын салуға баулу..

Міндеттері:

Қылқаламмен сызықшалар арқылы салют оттарын салуға баулу.-ойларын,қиялдарын дамыту ұқыптылыққа тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

қағаз беті,гуашь, су,қылқалам:

Үлгі: Салют оттары



Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

+

-



Мотивациялық қызығушылық






-Балалар біз қандай түстерді білеміз?


-Кеше мені осы түстер оятты.

-Осы түстермен (оларды біріктіру арқылы) сурет салғыларын келе ме?





-қызыл, жасыл, көк, сары,тоқсары.


Ойланып қалады.




Арине.

















Ұйымдастыру іздестіру














Салт оттарын салу технологиясы.


1) Үлгіге қарау арқылы ауада сызықшаларды салғызу


2) Сызықтар салғызу



3)Сызықтармен толықтырту

Қарындашпен қолға жаттығулар жасау.

Мақсаты:қол маторикаларын дамыту.


Салған суреттерін қарау.Қажет болса,көмек беру.





Балалар саусақ ұшымен қылқаламды ұстап тұрып салады.


Сызықшаларды түрлі-түсті бояулармен салады.


Арасына сызықшаларды қосып отырып,суретті толықтырады.

Үлгіге суйеніп бейнелеу.




Рефлексивті түзетушілік


Көрме ұйымдастыру

Балалардың жұмыстарын қарау.

-Біз нені бейнеледік?

-Біз қандай түстерді пайдаландық?

Жасағнан жұмыстарын көрмеге апару



Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Сызықшалар арқылы бейнелеу.


Нені игереді:

Қылқаламмен салют оттарын бейнелеуге баулу.

Нені біледі:

Түстер, салют жайлы.

Білім беру саласы:

Әлеуметтік 12.01.16

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Қолғап » Ә. Дүйсекеев

Мақсаты:

Табиғатта өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріп, таянақтылыққа тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қолғап пен әже суреті. Тақпақтың тірек сызбасы.


кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық-қозғаушылық

Ойын: «Кім көп біледі?»

Шарты: Шеңберге тұрған балалар, бір біріне допты беру арқылы қыс мезгіліне байланысты сөздер айту.




Миға шабуыл:

- Қыс мезгілі қандай болады?

-Қыста қалай киінеміз?

-Қонаққа Дулат есімді бал келеді. Ол өзінің қолғабын жоғалтып алғанын айтады. Тәрбиеші оны жұбатады.Балалармен бірге отырып, жылынып, тақпақ тыңдауға шақырады

Шеңберде тұрып,бір-біріне допты беру арқылы мынадай сөздерді айтады:қар, суық, боран ,аяз, жел,мұз т.б.


-Қыс мезгілі суық,аязды, боранды болады.

Қыста қалың, жылы киінеміз.

Дулаттың қолғабы жоғалғанын біліп,жанашырлық танытады.

Дулатты тақпақ тыңдауға шақырады.



Ұйымдастыру-іздестіру



Өлеңмен жұмыс:

«Қолғап» тақпағын оқып беру.

Сұрақ-жауап:

-Өлең не туралы?

-Қолғап қайдан келеді?

-Ол не үшін керек?



-Тақпақтың мазмұны бойынша сызылған тірек сызба арқылы әңгімелесу.




Дидактикалық ойын:

«Сыңарын тап»

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін арттыру

Шарты: Көп қолғап ішінен ерекшелігіне сәйкес өз қолғабын таптыр


Тақпақты мұқият тыңдайды.

Балалардың жауабы:

-Өлең қолғап туралы.

-Қолғапты аналар , әжелер тоқиды, тігеді.

Қолғап біздің қолымызды тоңдырмау үшін керек.


Тірек сызба бойынша, 1-2 бала тақтаға шығып ,не түсінгенін айтып береді.



Қолғаптардың ішінен ерекшеліге сәйкес өз қолғабын тауып алу





Рефлексивті-түзетушілік


Д/о:Қай кезде киеміз? Арқылы қорытындылау

Мақсаты: әртүрлі мезгілде киетін киімдердің суреттерін көрсету арқылы, киімді атап, оны қай мезгілде киетінін айтқызу.

Киімдердің суретіне қарап,пальтоны қыста киеміз.Ал,туфлиді күзде және көктемде киеміз –деп жауап береді.




Күтетін нәтиже:


Нені білу керек:

өз затына ие болуды, тиянақты болуды үйренеді.

Нені игереді:

Үлкендердің еңбегін қадірлей білуді игереді.

Нені біледі:

өз затын жинақтап,түгендеп қоюды біледі.






















Білім беру саласы:

Әлеуметтік 11.01.16

Бөлімі:

Экология негіздері

Тақырыбы:

Біздің көмекшілеріміз

Мақсаты:

Бала бойына отбасына деген мейрімділік пен адамгершіліке қасиеттерін сіңіру,отбасы мүшелерін атап,олардың алатын орнын айтып беру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Әр-түрлі суреттер



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Баланың іс-әрекеттері


+

-

Мотивациалық-қозғаушы


Тотықұс бізді қонаққа шақырады

Сен қайда тұрасың? Мен торшада тұрамын.

БізТотықұстың торшасына сыйамыз ба?

Менде таяқша бар сонда отырамын.

Енді не істедім? Ендеше мен сендерге келейін

Ал қонақты тосып алу үшін біз екі топқа бөлінейік: І топ –шығармашылық орталығында барып, ермексаздан тотықұсқа сыйлық мүсіндейді, ал ІІ топ- табиғат бұрышында, тотықұсты біздің бөлмемен таныстырады.

Балалар байқауға қатысуға келіседі.

Жоқ біз сыймаймыз, сенде орыратын жерде жоқ

Жоқ тотықұс біз таяқшада отыра алмаймыз.

Жақсы, Тақылдақ, сен бізге қонаққа кел

Балалар екі топқа бөлінеді.




Ұйымдастыру- іздестіру

















































Сергіту сәті

Дидакткалық ойын: «Жиһазды ата»

Тотықұс келе сала сендер таяқшаға отырмасаңдар, онда қайда отырасыңдар?

-Балалар, біз қонақты қайда отырғызамыз?

-Қандай керемет, теледидарды былай қарауға ыңғайлы.

-Ал мен тамақ ішкім келсе ше?

-Ал сурет салғым келсе, кітап оқуғым келсе ше?

-Ал мынау төртбұрышты не?

-Ол не үшін керек?

Балалар тотықұсты үстелге шақырады, біз саған шай берейік.

Шай ыстық, абайлап іш.

-Айтыңдаршы, сендердің жиһаздарын неден жасалған?

Балалар сендердің бөлмелерін маған ұнады, жиһаз сендерде өте көп, маған тағы атап беріңдерші?

-Мен шаршадым, мен үстелде ұйықтайыншы,

біріз демалайық.

«Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді,

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық,

Бір, екі,үш,бір,екі,үш.»

Дидакткалық ойын: «Не жоқ?»

Дидакткалық ойын: «Ол неден жасалған»

Сөздік жұмыс: диван, керует, үстел, орындық

өздерінің түсінгендері бойынша айтады.

Ол үшін бізде жиһаздар бар

Орындыққа, диванға, креслоға





Үстел керек, оғанда үстел бар



шкаф

біз оған киімдерді ілеміз









Ағаштан жасалды



Балалар жиһаздарды атайды





Тотықұст үстелде тамақ ішеді, жүр ұйықтайтын бөлмеге керуетке жат демал, балалар оған жастық әкеледі, көрпе мен жабады









Балалар сөздерін қайталап, қимылдарын жасайды













Балалар есте сақтап, жасырылған затты атайды

Жиһаздар - ағаштан, шыныдан, темірден жасалғанын менгереді.

Балалар ағылшын тілінде айтады























Рефлексивті-түзетуші

Тотықұс балаларға ризашылығын білдіріп торына қайта оралады. «Бес жол» арқылы жиһаздар туралы ұғымын бекіту.

«Бес жол» арқылы «не, қандай....» жиһаздар туралы айтып береді.



Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

Жиһаздардың атауын атай отыра оларды ажырата білу керек

Нені игереді:

Жиһаздпрдың қандай материалдардан жасалғанын игереді.

Нені біледі:

Жиһаздарды сипаттап айта білуге және ажырата білуді үйренді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
??растыру

Автор: Токтаганова Айша Серикбаевна

Дата: 24.05.2016

Номер свидетельства: 330070

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Открытый урок по теме "?й ??растыру""
    ["seo_title"] => string(38) "otkrytyi-urok-po-tiemie-ui-k-u-rastyru"
    ["file_id"] => string(6) "318320"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460554648"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Г?л композициясын ??растыру "
    ["seo_title"] => string(31) "gul-kompozitsiiasyn-k-u-rastyru"
    ["file_id"] => string(6) "179016"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424935879"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Лего??растыр?ыш б?лшектер ойыншы?тар ??растыру "
    ["seo_title"] => string(59) "lieghok-u-rastyrg-ysh-bolshiektier-oiynshyk-tar-k-u-rastyru"
    ["file_id"] => string(6) "184731"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426087739"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "??растыру "Пішіндер""
    ["seo_title"] => string(19) "kurastyrupishindier"
    ["file_id"] => string(6) "334402"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465881185"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(220) "Cамокаттан велосипедке дейінгі ма?л?маттар. «Лего » ??растыр?ыш б?лшектерінен ойыншы?тар ??растыру. Сен велосипедшісі? ЖЖЕ "
    ["seo_title"] => string(145) "camokattan-vielosipiedkie-dieiinghi-mag-lu-mattar-liegho-k-u-rastyrg-ysh-bolshiektierinien-oiynshyk-tar-k-u-rastyru-sien-vielosipiedshisin-zhzhie"
    ["file_id"] => string(6) "199689"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428610948"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства