ІІІ. Жаңа сабақ: Легоқұрастырғыш бөлшектерінен ойыншықтар құрастыру.
Тақырыппен таныстыру.
Мағынаны тану.
Балалар бүгін легоқұрастырғыш бөлшектерінен ойыншықтар құрастырамыз.
Лего-өзімен бірге алуан-түрлі нәрселерді құрастыру мен модельдеу үшін арналғане, бөлшектері жиынтығы ой қабылеттілікті дамытатын ойыншықтар топтамасы. Негізгі бөлшегі кірпішік болып келеді.Бұл бөлшек басқа кірпішіктермен,тиектермен біріктіріліп жалғанады.Лего бөлшектері формасының өзгеруіне қарамастан бір-бірімен жалғана алады.Мысалы 1959 жылы шыққан бөлшектер қазіргі бөлшектермен жалғана алады.(Бөлшектер суретін көрсету ).
Суреттер бойынша әңгімелеу
Балалар тақтадағы суретке назар аударайық
Не көріп тұрмыз? (Машина )
-Бұл суретте жеңіл ойыншық машинаның бөлшектерін көріп тұрмыз.
-Егер біз сол бөлектерді суретке қарап отырып құрастырсақ не шығады?
-Машина жасап құрастыруға болады.
-Міне балалар әр түрлі «лего» бөлшектерінен машина түрлерін, ұшақ.пойыз
үй жиҺаздарын құрастыруға болады.
-Ендеше балалар қазір біз лего бөлшектерінен ойыншықтар құрастырып
үйренейік.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.
Оң аяқ,сол аяқ,
Отыру оңай-ақ
Топпен жұмыс:
«Лего» бөлшектерінен өз ойымыздан ойыншықтар құрастырамыз.
І-топ Пойыз
ІІ-топ Машина
ІІІ-топ Ұшақ
Ендеше іске кірісің
Кітаппен жұмыс: Құрастырмас бұрын суретке қараңдар.
Пойыз неше негізгі бөліктен тұратынын анықтап алайық.
Машина көлік түрі ;тас жол арқылы жүреді. Бұл көліктің түрі көп, доңғалақтарының орналасуына назар аударың.
Ұшақ ауада жүреді,ұшақты командир мен бортинженер басқарады, ұшақтың қанаттарының бекітілуін анықта .
«Ойыншықтар сайысы » ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойын; қиялын және шығармашылық қабылетін дамытады. Жүрекшелерде бір-бір сөзден жазылған.
Мысалы: машина ,ұшақ,самокат,велосипед,тікұшақ,ойыншық, т.б
Әрбір топтан екі оқушы шығып,жүрекшелерді алып сонда жазылған сөздерге сөйлем құрайды.
Оқушылардың жұмыстарын қадағалап көмек беремін.
ІV.Сабақты бекіту:
Ой қорыту:
Сұрақтар қою арқылы пікірлесу .
Ал енді балалар біз «лего» бөлшектерінен не құрастырдық?
І-топ: Пойыз
ІІ-топ: Машина
ІІІ-топ: Ұшақ
Сұрақ:
І-топтың сұрағы:
Пойызға отырып көрдің бе? Оның қызыметі жайлы айтып бер.
ІІ-топтың сұрағы:
Машиналардың түрлерін ата.Қандай көлік түрі?
ІІІ-топтың сұрағы:
Ұшақты кімдер басқарады? Ұшақтар туралы білесің бе?
Балалар осы жұмысты орындағанда қиындық болдыма?
V.Сабаты қорытындылау:
Оқушылар бүгінгі сабақта біз не үйрендік,не білдік не білгіміз келеді?