Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау. Ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту,мектепте білім алуға қызықтыру,өнерлі болуға тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар,аяулы да,ардақты ата-аналар, балалар «Қош бол,даярлық» атты қорытынды сабағымызды бастайық. Бүгін елдігіміз ескеріліп,егеменді ел болған тәуелсіз шақта балалар бақытты. Кеше ғана алаңсыз ойын ойнап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер! Шәкірттер атаның баласы ғана емес, халықтың, ел жұрттың баласы болсын.
Қазір алдарыңызда отырған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ортаға салады. Біліміміз артып, сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.
-Балалар, осы кезге дейін қандай пәндер өттік?
Сауат ашу және жазу, математика, көркем әдебиет, тіл дамыту, қоршаған ортамен танысу, өзін – өзі тану, құрастыру, жапсыру, салауаттану,орыс тілі.
-Ендеше әр топтан оқушы шығып, қалаған пәнін таңдасын, соны қайталайық.
Сауат ашу және жазу
Сергіту сәті
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Қандай қандай болып,атаңдар? Қандай түспен белгіленеді?
4. 3-4 әріптің тақпағын еске түсірелік.
5.Сөздерді буынға бөл. Ба-ла,О-йын-шық,сөм-ке,ба-ла-лар т.б.
Мұғалім: Оқушылардың сіздерге айтары көп, дегенмен уақыт тапшы. Ендеше оқушылардың өлең шумақтарына кезек берсек.
Бибінұр:
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін
Рамазан:
Өз үлгіңді ұстаймын,
Айтқаныңнан шықпаймын
Мен балапан құстаймын,
Баулыдың сен мұғалім
Аялат:
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен
Ол тәрбиеші апайымыз
Баян:
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Мектепалды тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз
Рахим:
Қуанышты көңілді
Нағыз жақсы мереке
Дайындық топ түлектерін
Шығарып салмақ мектепке
Ерсін:
Біз балауса баламыз,
Жетілді ой санамыз
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз
Еркеназ;
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығармыз
Қуантып ата-ананы,
Таза сәби жүрекпен,
Ерасыл:
Біріншіге енді барамыз,
Оқимыз,сауық құрамыз
Қашық та болмас арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз
Нұрбибі:
Есте сізді сақтаймыз,
Еңбегіңді ақтаймыз
Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған
Апай,сізге мың алғыс!
Нұржігіт:
Биыл алты жастамын,
Қолға әліппе аламын
Әріп тани бастадым
Жаза да мен аламын
Нұрәли:
Әріптерді дұрыстап,
Түгел танып алғанмын
Қыркүйекте гүл ұстап,
Мен мектепке барамын
Нұржан:
Оқушы деген атаққа,
Жету үшін күш салдық
Бір жыл бойы партада,
Тәрбиеленуші атандық
Айым:
Есептеуді үйрендік,
Әріппенде таныстық
Біздерге мұны үйреткен,
Мектепалды даярлық
Хамза:Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз
Мектеп бізді шақырды
Қош бол, енді даярлық
Ғинаят:Нағыз білім ырыс бақ, Мақсат: Тәрбие берген ұямыз,
Дүниені тұр ұстап Тәртіпті бала боламыз
Енді біздер сабаққа, Қоштасып даярлық топпенен
Кірісеміз дұрыстап Біріншіге барамыз
Жансен:
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім
Мектепке барам мен енді
Даярлық топ қош енді
Толғанай:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз
Ернар:
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз
Өнер білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз
Мерей:
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім
Ата - анамыз қуансын
Аяулым:Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Даярлықпен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл қызын,
Анамызды ерекше,
Қуантамыз біз бүгін
Талай қызық күн өткіздік,
Бірақ орны ерекше,
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше
Мұғалім: Бүгін елдігіміз ескеріліп,егеменді ел болған тәуелсіз шақта балалар бақытты. Кеше ғана алаңсыз ойын ойнап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер! Шәкірттер атаның баласы ғана емес, халықтың, ел жұрттың баласы болсын. Құрметті ата-аналар, балаларыңыз бүгін сіздерге бір жыл бойы даярлық сыныпта оқып, тоқығандарын ортаға салды. Ата- анамен байланыс дәптерінен де біліп жүрген боларсыздар. Дегенменде айтарымыз әлі көп, уақыт жетпес. Сіздерге алғысымыз шексіз, балаларға ақ жол тілейміз.